Жағымсыз әсерлерді симптомдарын бақылау үшін қажетті емдеудің барынша қысқа кезеңі ішінде ең төмен тиімді дозаны пайдалана отырып, барынша азайтуға болады.
Кез келген ауырсынуды басатын дәрілерді ұзақ уақыт қолданғанда бас ауыруы пайда болуы мүмкін, оны дәрілік заттың жоғары дозаларымен басу мүмкін емес.
Алкогольді бір мезгілде қолданған кезде белсенді заттармен байланысты, әсіресе асқазан-ішек жолына немесе орталық жүйке жүйесіне қатысты жағымсыз әсерлер ҚҚСП қолданғанда күшеюі мүмкін.
Ықтимал аддитивті әсерге байланысты циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, флурбипрофенді ҚҚСП бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП-ға жағымсыз реакциялардың, әсіресе, өлімге әкелуі мүмкін асқазан-ішек қан кетулерінің және тесілулердің жиілігі жоғары.
Асқазан-ішектен қан кету, ойық жараның түзілуі және тесілуі:
Флурбипрофенді анамнезінде (ойық жаралы колит, Крон ауруы) асқазан-ішек аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл жағдайлар ушығуы мүмкін.
Емдеу кезінде кез келген уақытта барлық ҚҚСП қолдану кезінде асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жаралар немесе тесілулер туралы хабарланды. Бұл қолайсыз оқиғалар өлімге әкелуі ықтимал және сақтандыру симптомдарымен немесе оларсыз немесе анамнездегі асқазан-ішектің бұрыннан бар күрделі бұзылулары пайда болуы мүмкін.
Анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде флурбипрофен дозасы ұлғайған кезде, әсіресе, егер ол қан кетумен және тесілумен асқынса, сондай-ақ егде жастағы адамдарда асқазан-ішектен қан кету, ойық жара немесе тесілу қаупі жоғарылауы мүмкін. Бұл пациенттерге емдеуді препараттың ең төмен дозасынан бастау керек.
Ацетилсалицил қышқылын/аспиринді төмен дозада немесе АІЖ зақымдану қаупін арттыратын басқа препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттер сияқты қорғаныс препараттарын (мысалы, мизопростол немесе протонды помпа тежегіштері) бір мезгілде тағайындауды қарастырған жөн.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар пациенттер, әсіресе егде жастағы адамдар, кез-келген ерекше абдоминальды симптомдар (әсіресе асқазан-ішектен қан кету туралы) туралы, әсіресе емдеудің бастапқы кезеңдерінде хабарлауға тиіс.
Пероральді кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе аспирин сияқты тромбоциттерге қарсы дәрілер секілді ойық жара немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін дәрілерді қатар қабылдап жүрген пациенттерде сақ болу керек.
Флурбипрофен қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жаралану пайда болған кезде емдеуді тоқтату керек.
Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар
Флурбипрофенді бронх демікпесінен зардап шегетін пациенттерге, сондай-ақ ибупрофеннің бронх түйілуін туындатуы мүмкін екендігі туралы хабарланғандықтан, осы ауру бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Жүрек, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
ҚҚСП қабылдау простагландиндердің түзілуінің дозаға тәуелді төмендеуін туындатуы және бүйрек жеткіліксіздігін қоздыруы мүмкін.
Бұл реакцияның даму қаупіне бүйрек функциясы бұзылған, жүрек жеткіліксіздігі, бауырдың дисфункциясы, диуретиктерді қабылдайтын пациенттер мен егде жастағы адамдар ұшырайды. Бұл пациенттерде бүйрек функциясын бақылау керек.
Флурбипрофенді жүрек жеткіліксіздігі немесе артериялық гипертензиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені флурбипрофенді қабылдауға байланысты ісіну туралы хабарланған.
Пероральді кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер немесе ацетилсалицил қышқылы сияқты тромбоциттердің антиагреганттары сияқты ойық жаралардың түзілу немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін қатарлас дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерге сақ болу керек.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық әсерлер
Анамнезінде артериялық гипертензиясы жеңілден орташа дәрежеге дейін және/немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде мұқият мониторинг жүргізу қажет, себебі сұйықтықтың іркілуі және ҚҚСП емдеумен байланысты ісіну туралы хабарланды.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану, әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ емдеу кезінде миокард инфарктісі немесе инсульт сияқты артериялық тромбоздық құбылыстар қаупінің орташа жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Флурбипрофен үшін осындай қауіпті болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық ауруы белгіленген жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуші дәрігердің мұқият тексеруінен кейін ғана флурбипрофенмен емдеу керек. Осындай әрекеттерді жүрек-қантамырлар ауруларының қауіп факторлары (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі шегу) бар пациенттерде ұзақ емдеуді бастар алдында жасаған жөн.
Тері реакциясы
Өте сирек, ҚҚСП қолдануға байланысты терінің күрделі реакциялары туралы хабарланды, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролизді қоса алғанда, олардың кейбіреулері өліммен аяқталған. Шамасы, мұндай реакциялардың даму қаупі емдеудің бастапқы кезеңінде едәуір жоғары болып табылады, өйткені көп жағдайда тері реакциялары емдеудің бірінші айында дамиды.
Флурбипрофенді қабылдауды тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері алғаш пайда болған кезде тоқтату керек.
Бүйрек тарапынан бұзылулар
Организмнің сусыздануы бар пациенттерге ҚҚСП қолдану басталған кезде сақ болу керек.
Қан тарапынан бұзылулар
Флурбипрофен, басқа ҚҚСП сияқты, тромбоциттердің агрегациясын тежеуі және қан кету уақытын ұзартуы мүмкін. Флурбипрофенді қалыптан тыс қан кетудің потенциалды мүмкіндігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тінінің аралас ауруы
Асептикалық менингит қаупі (әсіресе жүйелі қызыл жегі және желке бұлшықетінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе бағдардан адасу симптомдарымен дәнекер тінінің аралас ауруы сияқты аутоиммунды аурулары бар пациенттерде) жоғарылауы мүмкін.
Инфекциялар
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) қызба және ауыру сияқты инфекция белгілерін жасыруы мүмкін. Бұл инфекцияны тиісті емдеуді кешіктіруі мүмкін, бұл асқыну қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Егер сіз бұл дәріні инфекция кезінде қабылдасаңыз және инфекция симптомдары сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балалардағы МАПРОФЕН® қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Натрий
МАПРОФЕН® препаратының құрамында 1 ммольден кем натрий бар, яғни натрийден бос болып саналады.
Лактоза
МАПРОФЕН® препаратының құрамында лактоза бар, осыған байланысты тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) – лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза – галактозаның мальабсорбциясы бар адамдарға қарсы көрсетілімді.
Жүктілік
Простагландин синтезін басу жүктілікке және/немесе эмбрион/шарананың дамуына теріс әсер етуі мүмкін.
Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері жүктіліктің ерте кезеңінде простагландин синтезінің тежегішін қолданғаннан кейін түсік тастау, жүрек ақаулары және гастрошизис қаупінің жоғарылағанын көрсетеді. Жүрек-қантамыр мальформациясының абсолютті қаупі 1% кемнен шамамен 1,5% дейін өсті. Доза мен ем ұзақтығының жоғарылауымен қауіп артады деп саналады. Жануарларда простагландин синтезінің тежегішін енгізу имплантацияға дейінгі және кейінгі қабылданбаулардың жоғарылауына, сондай-ақ эмбрион мен шарананың өліміне әкелетіні көрсетілген. Сонымен қатар, органогенетикалық кезеңде простагландин синтезінің тежегішімен емделген жануарларда жүрек-қантамырды қоса, дамудың әртүрлі ақауларының артуы туралы хабарланды. Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап флурбипрофенді қолдану шарананың бүйрек дисфункциясы нәтижесінде олигогидрамнионды туындатуы мүмкін. Бұл флурбипрофенді қолдануды бастағаннан кейін көп ұзамай пайда болуы мүмкін және әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болады. Сонымен қатар, екінші триместрде емдеуден кейін артериялық түтіктің тарылуы туралы хабарламалар болды, олардың көпшілігі емдеуді тоқтатқаннан кейін басылды. Флурбипрофенді жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде айқын қажеттіліксіз тағайындамаған жөн. Егер флурбипрофенді жүктілікті жоспарлаған әйел немесе жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде қабылдаса, доза мүмкіндігінше аз болуы керек, ал емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуға тиіс.
Флурбипрофенді жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап бірнеше күн қолданғаннан кейін олигогидрамнионды құрсақішілік мониторингілеу және артериялық түтіктің тарылуы туралы мәселені қарастыру керек. Егер олигогидрамнион немесе артериялық түтіктің тарылуы анықталса, флурбипрофенді қабылдауды тоқтату керек.
Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландин синтезінің барлық тежегіштері шаранаға әсер етуі мүмкін:
• жүрек-өкпе уыттылығы (артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуымен және өкпе гипертензиясымен);
• жүктіліктің соңында олигогидроамниозы бар ана мен жаңа туған нәрестеде бүйрек жеткіліксіздігіне дейін үдеуі мүмкін бүйрек функциясының бұзылуы:
• қан кету уақытының ұзару мүмкіндігі, тіпті өте төмен дозаларда да білінуі мүмкін антиагрегациялық әсер.
• жатырдың жиырылу қызметінің бәсеңдеуі, босанудың кідіруіне немесе уақытының ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін.
Демек, флурбипрофенді жүктіліктің үшінші триместрінде қолдануға болмайды.
Босану кезінде әйелдерге флурбипрофенді тағайындау ұсынылмайды. Бұл босанудың басталуының кешігуіне, босану кезеңінің ұзаруына және ана мен баланың қан кету бейімділігінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Бала емізу
Флурбипрофен емшек сүтімен шығарылады. Флурбипрофенді бала емізетін аналарға қолдану ұсынылмайды.
Зерттеулердің шектеулі саны барысында ҚҚСП емшек сүтінде өте төмен концентрацияда анықталды. Бала емізетін әйелдерге ҚҚСП тағайындау ұсынылмайды.