Препараттың тағайындалғаннан көбірек дозасын тамызған немесе құтының ішіндегі затты ішке қабылдап қойған жағдайда, басқа әсерлермен қатар, бас айналу, тыныс алудың қиындауы немесе жүрек қағуының баяулауы пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігерге дереу қаралу керек.
• Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Бір дозаны өткізіп алған жағдайда препаратты мүмкіндігінше тезірек тамызу керек. Алайда егер келесі дозаны тамызу уақыты жақындаса, өткізіп алған дозаны тамызбаған жөн, жүйелі емдеудің өз режиміне оралу керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі еселенген доза тамызбаңыз.
Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Көзге тамызуға арналған басқа препараттар тәрізді тимолол қанда абсорбцияланады. Бұл пероральді бета-адреноблокатор препараттарын қолданған кезде байқалғандарға ұқсас жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін. Офтальмологиялық қолданудан кейін жағымсыз әсерлердің жиілігі, препаратты ішке немесе инъекция түрінде қабылдаудан кейінгіге қарағанда, көбірек төмен. Төменде берілген жағымсыз әсерлер көзді емдеу үшін қолданылатын бета-адреноблокатор препараттарының тобы үшін байқалған реакцияларды қамтиды.
Тері астының ісінуін (ол бет немесе аяқ сияқты жерлерде байқалуы мүмкін және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қиындатады, бұл жұтынудың немесе дем алудың қиындауына әкелуі мүмкін), есекжемді немесе қышитын бөртпені, жергілікті немесе жайылған бөртпені, қышынуды, кенеттен өмірге қауіп төндіретін күрделі аллергиялық реакцияларды қамтитын жайылған аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда Мардозия препаратын қолдануды тоқтату және дәрігерге дереу көріну керек.
Клиникалық зерттеулер кезінде және құрамында дорзоламид/тимолол бар көзге тамызатын дәрілерді немесе осы компоненттердің бірін тіркеуден кейінгі бақылаулардан соң келесі жағымсыз әсерлер байқалды.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтауға келесі терминология пайдаланылады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).
Өте жиі
- көзде ашыту және шаншу сезімі
- дәм сезудің өзгеруі
Жиі
- бас ауыру
- көздің және көз айналасының қызаруы, көзден жас ағу немесе көздің қышуы, мөлдір қабықтың эрозиясы, көздің немесе көз айналасының ісінуі және/немесе тітіркенуі, көздегі бөгде денені сезіну, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, көздің ауруы, көздің құрғауы, көрудің бұлыңғырлануы
- синусит
- жүректің айнуы
- әлсіздік және қажығыштық
Жиі емес
- депрессия
- бас айналу, естен тану
- көздің нұрлы қабығының қабынуы, көру бұзылыстары, рефракцияның өзгеруін қоса (кейбір жағдайларда көз қарашығының шамадан тыс тарылуын емдеу үшін препарат қабылдауды тоқтатуға байланысты)
- жүректің баяу қағуы
- тыныс алудың қиындауы (ентігу)
- ас қорытудың бұзылысы және бүйректе тастардың болуы (олар арқаның төменгі жағында және/немесе бүйірде, шапта немесе іште қинайтын толғақ тәрізді ауырудың кенеттен болатын ұстамасы түрінде көрініс береді)
Сирек
- жүйелік қызыл жегі (иммундық ауру, ол ішкі ағзалардың қабынуын туындатуы мүмкін), қолда және аяқтардың табандарында шаншу немесе ұю сезімі
- ұйықтау қиындықтары, түнде шым-шытырық түстер көру, жадының жоғалуы
- миастения гравис белгілері мен симптомдарының күшеюі, сексуальді құштарлықтың төмендеуі, инсульт, парестезия (терідегі сезімталдықтың бұзылуы – ашыту, шаншу, қышу)
- уақытша алысты көрмеу, ол емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтуы мүмкін, фильтрациялық хирургиядан кейін көздің торқабығы астындағы қантамырлар қабатының ажырауы, бұл көру қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін, қабақтың түсіп кетуі, көзге заттардың қосарланып көрінуі, қабақта қыртыстың түзілуі, мөлдір қабықтың ісінуі (көру қабілетінің бұзылуы симптомдарымен), көз қысымының төмендеуі
- құлақтың шуылдауы
- жүректің жиырылу ырғағының және жиілігінің өзгеруі, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі (ентігумен және сұйықтықтың жиналып қалуына байланысты табан мен аяқтың ісінуімен қоса жүретін жүрек ауруы), ісіну, церебральді ишемия, кеуденің ауыруы, жүрек қағуының жиілеуі, жүрек ұстамасы, Рейно феномені, қолдың және аяқ табандарының ісінуі және салқын тартуы, және қол мен аяқты қанмен қамтамасыз етудің нашарлауы, құрысулар және/немесе жүрген кезде аяқтың ауыруы (ақсаңдау)
- тыныстың тарылуы, ауаның жетіспеуін сезіну, тұмау немесе мұрынның бітелуі, мұрыннан қан кету, тыныс алу жолдары өткізгіштігінің бұзылуынан тыныстың тарылуы, жөтел
- тамақтың тітіркенуі, ауыз ішінің құрғауы, диарея
- жанаспалы дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, шаштың түсуі, күміс тәрізді-ақ түзілімдері бар тері бөртпесі (псориаз тәріздес бөртпе)
- Пейрони ауруы
- аллергиялық типті, мысалы, бөртпе, есекжем, қышыну сияқты реакциялар, сирек жағдайларда еріннің, көздің және ауыздың ісінуі, ысылдап дем алу немесе күрделі тері реакциялары
Жиілігі белгісіз
- қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі (гипогликемия)
- елестеулер
- жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының бұзылуы, іштің ауыруы, құсу
- бұлшықеттің дене жаттығуларымен байланысты емес ауыруы
- сексуальді функцияның бұзылыстары.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.