Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
200 мг
Саудалық атауы
Меверин®
Әсер етуші зат
Мебеверин
Мақсаты
Ішек және өт шығару жолдарының функционалдық бұзылыстарымен байланысты ауырсынулар мен жайсыздықты симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Киевмедпрепарат
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – мебеверин гидрохлоридіне шаққанда пеллеттегі субстанцияда мебеверин гидрохлориді 200 мг;
пеллеттің құрамындағы қосымша заттар: сахароза, жүгері крахмалы, повидон, этилцеллюлоза, тальк, шеллак;
капсулалар қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (E 171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Нөмірі 1, ақ түсті, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік немесе сарғыш реңді ақ түсті сфера пішінді түйіршіктер (пеллеттер).
- ішек және өт шығару жолдарының функционалдық бұзылыстарымен байланысты ауырсынулар мен жайсыздықты симптоматикалық емдеу.
Мебеверин асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықетіне тікелей әсер ететін миотропты спазмолитик болып табылады. Ол ішектің қалыпты моторикасына әсерін тигізбестен, түйілуді басады. Нақты әсер ету механизмі белгісіз, бірақ көптеген механизмдер, иондық өзекшелер өткізгіштігінің төмендеуі, норадреналинді кері қармау блокадасы, жергілікті жансыздандыратын әсері, су сіңірілуінің өзгеруі асқазан-ішек жолында мебевериннің жергілікті әсерін туындатуы мүмкін. Осы механизмдер арқылы мебевериннің түйілуге қарсы әсері болады, ол асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықет жасушаларының тұрақты релаксациясын («гипотонию» деп аталатын) туындатпай, ішек моторикасының қалыпқа келуіне әкеледі. Жүйелі жағымсыз әсерлер, әдеттегі антихолинергиялық әсерлер оған тән емес.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қабылдау ұзақтығы шектелмейді. Симптомдардың жеңілдеуі емдеудің 2-4 аптасында басталады, ал емді 6-8 аптаға дейін ұзартқанда айқын клиникалық әсер байқалады. Ем курсының ұзақтығын таңдағанда, аурудың жеке ерекшеліктерін және пациенттің симптоматикасын ескеру қажет. Маңызды терапевтік әсерге қол жеткізу үшін дәрігер пациенттің жағдайын және үздіксіз терапия кезінде 12 ай бойы терапияның тиімділігін және интермиттерлік емдеу схемасымен 6 айды бақылауы керек. Емдеудің тиімділігін бағалау, оның ішінде пациенттің емге реакциясы және үздіксіз терапия кезінде симптомдардың жақсаруы медициналық маманмен жүзеге асырылады.
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері 2-4 апта ішінде асқазан-ішек жолдарының симптомдарының жақсарғанын және пациенттердің өмір сүру сапасын растады, содан кейін емдеу 6-8 аптаға дейін созылғанда жақсарады.
Дозалау режимі
Ересектер
200 мг-ден (1 капсула) тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке).
Енгізу әдісі мен жолы
Капсулаларды жеткілікті су мөлшерімен (кем дегенде 100 мл) ішіп ішке қабылдайды. Капсулаларды шайнамай тұтастай жұту керек.
Емдеу ұзақтығы
Қабылдау ұзақтығы шектелмейді.
Препаратты 200 мг дозада қабылдаған кезде симптомдардың жеңілдеуі емдеудің 2-4 аптасында басталады, тұрақты клиникалық әсерге жетуі үшін емдеу ұзақтығы кемінде 6-8 апта болуы керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер бір дозаны немесе одан көп дозаны қабылдауды өткізіп алған жағдайда, келесі капсуланы тағайындалуына сәйкес қабылдау керек, өткізіп алған дозаларды қосымша қабылдауға болмайды.
Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгінуді ұсынамыз
• әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
• тұқым қуалайтын фруктоза жеткіліксіздігі, сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы;
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Төменде келтірілген жағымсыз әсерлер маркетингтен кейінгі қолдану тәжірибесінен белгілі, сондықтан олардың жиілігін дәл бағалау мүмкін емес:
- аллергиялық реакциялар, негізінен тері көріністері түрінде: есекжем, ангиодистрофия, беттің ісінуі, қышынумен және қышынусыз тері бөртпесі;
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактикалық реакциялар).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: теория бойынша артық дозаланған жағдайларда орталық жүйке жүйесінің жоғары қозғыштығы байқалуы мүмкін. Мебевериннің артық дозалануы жағдайында симптомдары болмаған немесе жеңіл болған және жылдам жоғалған. Артық дозаланудың сипатталған симптомдары жүрек-қантамыр немесе жүйке жүйесі тарапынан байқалған.
Емі: спецификалық антидоты белгісіз. Симптоматикалық ем ұсынылады. Егер қабылдаудан кейінгі 1 сағат ішінде Меверин® басқа өзге де препараттар қабылданғаны белгілі болса, асқазанды шаю қолданылады. Соруға кедергі келтіретін шаралар қажет емес болып табылады.
Арнайы ескертулер
Қатысты емес.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Фармакодинамикалық және фармакокинетикалық бейіні, сондай-ақ тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі мебевериннің көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ешқандай зиянды әсерін көрсетпейді.
Жүктілік
Меверин® жүкті әйелдерге ұсынылмайды, өйткені пациенттердің осы тобында меверинді қолдану туралы мәліметтер шектеулі.
Бала емізу
Мебевериннің немесе оның метаболиттерінің емшек сүтімен бөлініп шығатыны-шықпайтыны белгісіз. Сондықтан, деректердің болмауына байланысты лактация кезеңінде әйелдерге Меверин® тағайындау ұсынылмайды.
Фертильділік
Ерлердің немесе әйелдердің фертильділігіне әсері туралы клиникалық деректер жоқ, бірақ жануарларға жүргізілген бар зерттеулер мебевериннің зиянды жағымсыз әсерлерінің жоқтығын көрсетеді.
Дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Мебеверин мен алкогольдің өзара әрекеттесуіне жануарларға зерттеулер жүргізілді, олар in vivo да, in vitro да өзара әрекеттесудің жоқтығын көрсетті.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада 25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.