Жиі (≥1/100, <1/10)
• эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения
• диарея, сұйық нәжіс
• бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы
• бөртпе
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
• генитальді зеңдік инфекция
• гранулоцитопения, анемия, коагулопатия
• бас ауыруы, бас айналуы
• жүрек айнуы, құсу
• қышыну
• флебит, инъекция орнының ауыруы, қызбалық жай-күй
• қандағы креатининнің жоғарылауы
Сирек (≥1/10 000, <1/1000)
• жалған жарғақшалы колит
• энцефалопатия
• бронх түйілуі
• есекжем
• гематурия, глюкозурия
• ісіну, қалтырау
Жиілігі белгісіз
• суперинфекция
• гемолиздік анемия, агранулоцитоз
• анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакция, анафилактоидты реакция
• аса жоғары сезімталдық
• Яриш-Герксгеймер реакциясы (JHR)
• құрысулар
• вертиго
• Кунис синдромы
• панкреатит, стоматит, глоссит
• өт қабында цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілуі
• ядролық сарғаю
• Стивенс Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS - синдром)
• олигурия, бүйрек шөгінділері (қайтымды)
• Кумбс жалған оң тесті, галактоземияға жалған оң тест, глюкозаны ферментативтік емес анықтау жалған оң әдістері
Цефтриаксонмен емдеу, әсіресе бүйректің немесе жүйке жүйесінің ауыр аурулары бар егде пациенттерде сирек сананың төмендеуіне, аномалиялық қозғалыстарға, қозу мен құрысуларға әкелуі мүмкін.
Инфекция және жұқтыру
Цефтриаксонды қолданғаннан кейін диарея туралы хабарламалар Clostridium difficile-мен байланысты болуы мүмкін. Сұйықтық пен электролитті дұрыс басқару белгіленуі тиіс.
Цефтриаксон-кальций тұзының шөгуі
Сирек, ауыр, ал кейбір жағдайларда өлімге әкелетін жағымсыз реакциялар вена ішіне цефтриаксонмен және кальциймен емделген шала туған және мерзімі жетіп туған нәрестелерде (<28 күн жасында) келіп түсті. Өлгеннен кейін өкпе мен бүйректе цефтриаксон-кальций тұзының шөгуі байқалды. Нәрестелердегі жоғары шөгу қаупі олардың төмен қан көлемінің және ересектермен салыстырғанда цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңінің нәтижесі болып табылады.
Бүйректің шөгу жағдайлары, негізінен, күндізгі жоғары дозаларды (мысалы, күніне 80 мг / кг) алған немесе жалпы дозалары 10 грамнан асқан, сондай-ақ басқа да қауіп факторлары (мысалы, сұйықтықты шектеу немесе төсекте ұстау) бар 3 жастан асқан балаларда хабарланды. Иммобилизацияланған немесе сусызданған пациенттерде шөгінді түзілу қаупі артады. Бұл оқиға симптоматикалық немесе симптомсыз болуы мүмкін, бүйрек жеткіліксіздігі мен анурияға әкелуі мүмкін және цефтриаксон тоқтатылған кезде қайтымды болады.
Өт қабында цефтриаксонның кальций тұзының шөгіндісі, ең алдымен, ұсынылған стандартты дозадан асатын дозаларды қабылдаған пациенттерде байқалды. Балалардағы перспективалық зерттеулер вена ішіне енгізу кезінде шөгіндінің ауыспалы жиілігін көрсетті - кейбір зерттеулерде 30%-дан астам. Аурушаңдық баяу инфузия (20-30 минут) кезінде төмен болатын сияқты. Бұл әсер әдетте симптомсыз болып табылады, бірақ шөгінді сирек жағдайларда ауырсыну, жүрек айнуы және құсу сияқты клиникалық симптомдармен қатар жүрді. Мұндай жағдайларда симптоматикалық емдеу ұсынылады. Шөгінді, әдетте, цефтриаксонды қабылдауды тоқтатқан кезде қайтымды болады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz