Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутримышечного и подкожного введения
Дозасы
15 мг/мл
Саудалық атауы
Медиаторн
Әсер етуші зат
Ипидакрин
Мақсаты
Шеткері жүйке жүйесі аурулары (неврит, полиневрит, полиневропатия, полирадикулоневропатия, миастения және әртүрлі этиологиядағы миастениялық синдром)
Өндіруші
Галичфарм
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің (1 ампула) құрамында
белсенді зат - ипидакрин гидрохлориді моногидраты, 15,0 мг ипидакрин гидрохлоридіне шаққанда.
қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
Кешенді ем құрамында
• шеткері жүйке жүйесі аурулары (неврит, полиневрит, полиневропатия, полирадикулоневропатия, миастения және әртүрлі этиологиядағы миастениялық синдром)
• орталық жүйке жүйесі аурулары: бульбарлық салдану және парездер
• қимыл-қозғалысының бұзылуымен бірге жүретін орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануларындағы қалпына келтіру кезеңі
ATХ коды N06DA05
Әсер ету механизмі
Ипидакрин холинэстеразаның қайтымды тежегіші болып табылады. Препарат жарғақшаның калий өзекшелерін бөгеуі салдарынан жүйке-бұлшықет синапста және ОЖЖ импульс жүруін дереу стимуляциялайды.
Фармакодинамикалық әсерлер
Ипидакрин тегіс бұлшықеттерге ацетилхолинге ғана емес, сонымен қатар адреналинге, серотонинге, гистаминге және окситоцинге әсерін күшейтеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Ипидакрин келесі фармакологиялық әсерлерге ие:
• жүйке-бұлшықет берілісін қалпына келтіреді және стимуляциялайды;
• әртүрлі факторлардан (жарақат, қабыну, жергілікті анестетиктердің, кейбір антибиотиктердің, калий хлоридінің және т.б. әсері) болған блокададан кейін шеткері жүйке жүйесінде импульстар жүруін қалпына келтіреді;
• калий хлоридін қоспағанда, барлық агонистердің әсерімен тегіс бұлшықетті органдардың жиырылуын күшейтеді;
• біріктірілімде ОЖЖ жеке-дара тыныштандыратын әсері білінумен орташа және спецификалық стимуляциялайды;
• есте сақтауды жақсартады.
Балалар
Балаларда препаратты қолдану қауіпсіздігіне қатысты клиникалық зерттеулердің жеткілікті саны жоқ.
Дозалау режимі
Шеткері жүйке жүйесі аурулары:
- генезі әртүрлі моно - және полиневропатия: бұлшықет ішіне немесе тері астына күніне 1-2 рет инъекцияға арналған 5 - 15 мг/мл ерітінді, емдеу курсы – 10-15 күн (ауыр жағдайларда – 30 күнге дейін). Әрі қарай емдеу препараттың таблетка түрінде жалғасады.
- миастения және миастениялық синдром: бұлшықет ішіне немесе тері астына күніне 1-3 рет инъекцияға арналған 5-15 мг/мл ерітінді, әрі қарай препараттың таблетка түріне ауысады. Емдеудің жалпы курсы 1-2 айды құрайды. Қажет болса, емдеуді курстар арасында 1-2 ай үзіліспен бірнеше рет қайталауға болады.
Орталық жүйке жүйесінің аурулары:
- бульбарлық салданулар мен парездер: бұлшықет ішіне немесе тері астына күніне 1-2 рет инъекцияға арналған 5-15 мг/мл ерітінді, емдеу курсы 10-15 күнді құрайды. Әрі қарай, мүмкін болса, олар препараттың таблетка түріне ауысады.
- орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануларындағы қалпына келтіру кезеңі: бұлшықет ішіне күніне 1-2 рет инъекцияға арналған 5 - 15 мг/мл ерітінді 15 күнге дейін. Әрі қарай, мүмкін болса, олар препараттың таблетка түріне ауысады.
Енгізу әдісі мен жолы
Инъекцияға арналған ерітінді бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізіледі.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің дозалары мен ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты жеке анықталады.
- ипидакринге жоғары сезімталдық
- эпилепсия
- гиперкинезбен экстрапирамидалық бұзылулар
- стенокардия
- айқын брадикардия
- бронх демікпесі
- вестибулярлық бұзылыстарға бейімділік
- ішек пен несеп шығару жолдарының механикалық бітелуі
- асқыну сатысындағы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (балалардағы дәрілік заттардың қауіпсіздігін зерттеу бойынша барабар зерттеулер жүргізілмеген)
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Жиі
• гиперсаливация, жүрек айнуы
• жүректің соғуы, брадикардия
• қатты терлеу
Жиі емес
• жоғары дозаларды қолданғаннан кейін бронх секрециясының жоғарылауы - бас айналуы, бас ауыруы, әлсіздік, ұйқышылдық, бұлшықет құрысулары, терінің аллергиялық реакциялары (қышыну, бөртпе), құсу
Сирек
• эпигастрийдегі ауырсыну, іштің өтуі
Белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде анықтау мүмкін емес)
• бронх түйілуі
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (соның ішінде аллергиялық дерматит, анафилаксиялық шок, демікпе, уытты эпидермальді некролиз, эритема, есекжем, ысқырық дем алу, көмейдің ісінуі, инъекция орнындағы бөртпе).
Сілекейдің ағуын және брадикардияны м-холиноблокаторлармен азайтуға болады (атропин және т.б.).
Бұл жағдайларда дозаны азайтыңыз немесе препаратты қабылдауды қысқа мерзімге (1-2 күнге) тоқтатыңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ауыр артық дозаланғанда келесі симптомдар бар «холинергиялық дағдарыс» дамуы мүмкін: бронх түйілуі, көзден жас ағуы, қатты терлеу, қарашықтардың тарылуы, нистагм, кенеттен дәретке отыру және несеп шығару, құсу, брадикардия, жүрек блокадасы, аритмия, гипотензия, мазасыздық, үрей, қозу, қорқыныш сезімі, атаксия, түсініксіз сөйлеу, ұйқышылдық, әлсіздік, конвульсиялар және кома. Симптомдар әлсіз айқындалған болуы мүмкін.
Емдеу: симптоматикалық ем, м-холиноблокаторлар қолданылады: атропин, тригексифенидил, метацин және т. б.
Айрықша сақтық шаралары қажет емес.
Арнайы ескертулер
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында, тиреотоксикозда, жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларында, сондай-ақ тыныс алу жолдарының ауруларында бар немесе тыныс алу жолдарының жедел ауруларында пациенттерге сақтықпен тағайындаңыз.
Педиатрияда қолдану
Осы дәрілік затты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі осы уақытқа дейін дәлелденбеген.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Медиаторн тыныштандыратын әсер беруі мүмкін, сондықтан орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер, мысалы ұйқышылдық бақыланатын адамдарға көлік құралдарын басқарудан аулақ болу керек.
Жүктілік. Препарат жатырдың тонусын күшейтеді және мерзімінен бұрын босануды тудыруы мүмкін, сондықтан жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу. Бұл дәрілік затты бала емізетін аналарға қолдануға болмайды.
Медиаторн орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін дәрілермен біріктірілімде тыныштандыратын әсерін күшейтеді. Басқа холинэстераза тежегіштерімен және м-холиномиметикалық дәрілермен бірге қолданылғанда әсері және жағымсыз әсерлері күшейеді. Егер Медиаторн препараты холинергиялық дәрілермен бір мезгілде қолданылса миастениясы бар науқастарда «холинергиялық» криз даму қаупі жоғарылайды. Егер β-адреноблокаторлар Медиаторн препаратымен ем басталғанға дейін қолданылса брадикардия даму қаупі жоғарылайды.
Церебролизин препараттың тиімділігін арттырады.
Медиаторн жергілікті анестетиктердің, антибиотиктердің әсерін әлсіретеді.
Алкоголь препараттың жағымсыз әсерлерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.