Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные
Дозасы
0.5 %
Саудалық атауы
Медролгин
Әсер етуші зат
Кеторолак
Мақсаты
Ересектердегі катарактарды жоюға арналған хирургиялық араласудан кейін қабынудың профилактикасы және азайту
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 5 мг кеторолак трометамолы
қосымша заттар: октоксинол 40, динатрий эдетаты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден бозғылт сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Ересектердегі катарактарды жоюға арналған хирургиялық араласудан кейін қабынудың профилактикасы және азайту.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Кеторолак трометамолы - бұл қабынуға қарсы стероидты емес дәрі (ҚҚСД), ол анальгетикалық және қабынуға қарсы әсерге иеленген. Кеторолак трометамолы простагландиндердің биосинтезі үшін қажетті фермент циклооксигеназаны тежейді. Кеторолак трометамолды көзге тамызатын дәрілер түрінде жергілікті қолданғанда көзішілік сұйықтықта простагландиндер деңгейінің төмендеуі байқалады.
Кеторолак трометамолды жүйелі қолданған кезде құрысуды тудырмайды. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері кеторолактың көзге тамызатын дәрілер түрінде қолданған кезде трометамолдың көзішілік қысымға елеулі әсер етпейтінін көрсетеді.
Дозалау режимі
Күніне 3 рет 1 тамшыдан көзге тамызу керек. Инстилляциялар хирургиялық араласудан 24 сағат бұрын басталады және одан кейін 3-4 апта бойы жалғасады.
Балалар
Препаратты балаларда қолдану туралы тиісті деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Офтальмологияда жергілікті қолдану үшін.
1 тамшы ерітіндіні зардап шеккен көздің конъюнктивалық қабығына тамызып, төменгі қабақты сәл тартып, көзді жоғары қарай бағыттайды.
Жергілікті қолдануға арналған басқа офтальмологиялық препараттармен біріктіріп Медролгинді пайдалану қажет болған жағдайда инстилляциялар арасындағы аралық кемінде 5 минутты құрауы тиіс. Көз жақпамайларын ең соңынан қолдану керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.
Ацетилсалицил қышқылына (АСҚ) және басқа да стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерге (ҚҚСД) аса жоғары сезімталдықтың айқаспалы реакцияларының пайда болуының әлеуетті қаупі бар; көрсетілген дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары анамнезінде байқалған пациенттерде Медролгинді қолдануға болмайды.
өте жиі
– көздің тітіркенуі (ашыту сезімін қоса алғанда), көздің ауыруы (шаншу сезімін қоса алғанда)
жиі
– жергілікті аллергиялық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары
– бас ауыруы
– беткейлік (нүктелі) кератит, көздің және/немесе қабақтың ісінуі, көздің қышуы, конъюнктиваның гиперемиясы, көздің инфекциясы, көздің қабынуы, ирит, мөлдір қабықтағы преципитаттар, көздің торқабығына қан құйылу, кистоздық макулярлы ісіну, көздің жарақаты, көзішілік қысымның жоғарылауы, көру айқындығының бұзылуы/көру айқындылығының төмендеуі
сирек
– мөлдір қабықтың ойық жарасы, мөлдір қабықтың инфильтраттары, көздің құрғауы, жас ағу
белгісіз
– мөлдір қабықтың зақымдануы (мысалы, жұқару, эрозия, эпителийдің зақымдануы және перфорация)*, ойық жаралы кератит, көздің ісінуі, көздің гиперемиясы, беттің ісінуі, беттің ісінушілігі
– бронх түйілуінің немесе бронх демікпесінің өршуі#.
* Маркетингтен кейінгі кезеңде жұқаруды, эрозияны, эпителийдің зақымдануын және мөлдір қабықтың перфорациясын қоса алғанда, мөлдір қабықтың зақымдану жағдайлары туралы хабарланды, олар көбінесе жергілікті қолдану үшін ГКС ем қабылдаған және/немесе алдын ала болжайтын факторлары бар пациенттерде байқалды.
# Маркетингтен кейінгі кезеңде АСК/ҚҚСД-ға белгілі аса жоғары сезімталдығы бар немесе анамнезінде бронх демікпесі бар пациенттерде бронх түйілуінің дамуы немесе бронх демікпесінің өршуі жағдайлары туралы хабарланды, олар көзге тамызатын дәрілер түрінде кеторолак трометамолды қолданумен байланысты болуы мүмкін.
Кеторолак трометамолды офтальмологияда жергілікті қолдану үшін ұсынылған дозаларда көзге тамызатын дәрілер түрінде пайдаланған кезде кеторолак трометамолын қоса, ҚҚСД жүйелі пайдаланған кезінде тән болатын жағымсыз реакциялар байқалған жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар жоқ. Ұсынымдарға сәйкес жергілікті қолданғанда препараттың артық дозалануы пайда болуы екіталай.
Препаратты ішке кездейсоқ қабылдаған кезде сұйылту әсеріне жету үшін жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу керек.
Көзге тамызатын дәрінің микроорганизмдермен контаминациялануының және жарақаттанудың алдын алу мақсатында тамшылатқыш ұшының көзге немесе көзді қоршаған тіндерге тиюінен аулақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Қан кетудің дамуына белгілі бейімділігі бар пациенттерде немесе қан кету уақытын ұлғайтуы мүмкін басқа дәрілік заттармен ем алатын пациенттерде Медролгинді қолданғанда сақ болу ұсынылады.
Басқа ҚҚСД сияқты, Медролгин инфекциялық аурулардың белгілерін бүркемелеуі мүмкін.
Барлық ҚҚСД жараларды емдеу процесін баяулатуы мүмкін. Жергілікті қолдану үшін ҚҚСД және глюкокортикостероидтарды (ГКС) бір мезгілде пайдаланған кезде жараларды емдеу процесінің бұзылу қаупі артады. Жергілікті қолдану үшін ГКС-мен біріктіріп медролгинді пайдаланған кезде мөлдір қабық эпителийінің зақымдануының туындауына бейімділігі бар пациенттерде сақ болу керек.
Жергілікті қолдану үшін ҚҚСД пайдалану кератиттің дамуымен қатар жүруі мүмкін. Жергілікті қолдану үшін ҚҚСД ұзақ пайдаланған кейбір пациенттерде мөлдір қабықтың эпителийіне зақым келуі, сондай-ақ көру қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін мөлдір қабықтың жұқаруы, эрозиясы, ойық жарасы немесе перфорациясы пайда болуы мүмкін. Мөлдір қабық эпителийінің зақымдану белгілері пайда болған кезде пациенттер препаратты қолдануды дереу тоқтатып, мөлдір қабықтың жай-күйін мұқият бақылауы керек.
Жергілікті қолдануға арналған ҚҚСД күрделі офтальмологиялық хирургиялық араласулардан кейін, мөлдір қабықтың денервациясымен, мөлдір қабық эпителийінің ақауларымен, қант диабетімен, көз бетінің ауруларымен (мысалы, құрғақ көз синдромы), ревматоидты артритпен немесе қысқа уақыт ішінде қайталанған офтальмологиялық операциялардан кейін пациенттерде сақтықпен пайдалану керек, өйткені бұл ретте мөлдір қабық тарапынан жағымсыз реакциялардың туындау қаупі артуы мүмкін, ол көру қабілетінің жоғалуына себеп болуы мүмкін.
Маркетингтен кейінгі кезеңде алынған деректер хирургиялық араласудан 24 сағат бұрын немесе операциядан кейін 14 күннен астам уақыт өткеннен кейін жергілікті қолдануға арналған ҚҚСД пайдалану кезінде мөлдір қабық тарапынан жағымсыз реакциялардың туындау қаупі, сондай-ақ олардың ауырлық дәрежесі жоғарылауы мүмкін екендігін куәландырады.
Сондай-ақ, АСҚ/ҚҚСД-ға белгілі аса жоғары сезімталдығы бар немесе анамнезінде бронх демікпесі бар пациенттерде бронх түйілуінің дамуы немесе бронх демікпесінің өршуі жағдайлары туралы хабарланды, олар көзге тамызатын дәрілер түрінде кеторолак трометамолды қолданумен байланысты болуы мүмкін. Мұндай пациенттерде Медролгинді сақтықпен қолдану ұсынылады.
Жағымсыз реакциялардың туындау қаупі симптомдарды бақылау үшін қажетті қысқа уақыт кезеңі ішінде препаратты ең аз тиімді дозада пайдалану кезінде барынша азайтылуы мүмкін.
Қосымша заттар
Медролгин құрамында бензалконий хлоридінің консерванты бар (1 мл тамшының құрамында 0,1 мг бензалконий хлориді бар), ол көздің тітіркенуін, «құрғақ көз» синдромының дамуын немесе көзжасы үлбірі мен мөлдір қабықтың бұзылуын тудыруы мүмкін.
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзалармен сіңіп, жанаспалы линзалардың түсін өзгерте алады. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды шешіп алу керек және инстилляциядан кейін оларды киер алдында кемінде 15 минут күту керек.
«Құрғақ көз» синдромы бар және мөлдір қабықтың зақымдануы мүмкін пациенттерде Медролгин сақтықпен қолданылуы керек.
Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу керек.
Препаратты қолданғаннан кейін ерекше түйсіктер, шаншу сезімі немесе көздің ауыруы пайда болған кезде пациент дәрігермен кеңесу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көзге тамызатын дәрілерді инстилляциялау кезінде көру айқындығының уақытша бұзылуы пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда пациенттер көру айқындылығы толық қалпына келгенше автокөлік жүргізбеуі немесе механизмдерді басқармауы тиіс.
Жүктілік
Кеторолак трометамолды жүктілік кезінде әйелдерде көзге тамызатын дәрілер түрінде қолдану туралы тиісті деректер жоқ.
Сирек жағдайларда, ҚҚСД-ны 20 аптада немесе жүктіліктің кейінгі кезеңінде қолдану ұрықта бүйрек тарапынан елеулі бұзылуларға, сондай-ақ олигоамнионның дамуына әкелуі мүмкін. ҚҚСД қолданудан жүктіліктің 20 аптасында немесе одан кейінгі мерзімінде бас тарту ұсынылады.
Егер ҚҚСД қолдану жүктіліктің 20 және 30 апталары аралығындағы мерзімде қажет болып табылса, онда емді ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз дозаларда жүргізген жөн. ҚҚСД қолдану аясында 48 сағаттан астам уақыт ішінде қағанақ суына ультрадыбыстық зерттеу жүргізу керек.
Көзге тамызатын дәрілер түрінде пайдаланған кезде кеторолак трометамолдың елеусіз жүйелік әсері күтілетініне қарамастан, жүктілік кезінде әйелдерде Медролгин қолдану ұсынылмайды.
Лактация
Медролгинді бала емізу кезеңінде әйелдерде қолдануға болмайды. Кеторолак трометамолды жүйелі қолданған кезде адамның емшек сүтімен бөлінеді.
Фертильділік
Кеторолак трометамолдың адамның фертильділігіне әсер етуі туралы тиісті деректер жоқ.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ.
Антибиотиктер, седативті дәрілер, β-блокаторлар, карбоангидраза тежегіштері, жергілікті анестетиктер және миотиктер, мидриатиктер немесе циклоплегиктер тобының дәрілік заттары сияқты жүйелі және жергілікті қолдануға арналған препараттармен бірге көзге тамызатын дәрілер түрінде кеторолак трометамолды қолдану қауіпсіз болып табылады.
Кеторолак трометамол жараларды емдеу процесін, сондай-ақ жергілікті қолдануға арналған ГКС-ны баяулатуы мүмкін. Жергілікті қолдану үшін ҚҚСД және ГКС бір мезгілде пайдаланған кезде жараларды емдеу процесінің бұзылу қаупі артуы мүмкін.
Медролгинді жергілікті қолдануға арналған басқа офтальмологиялық препараттармен бірге пайдалану қажет болған жағдайда инстилляциялар арасындағы аралық кемінде 5 минутты құрауы тиіс. Көз жақпамайларын ең соңынан қолдану керек.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 28 күн ішінде.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.