Медролгин эпидуральді немесе интратекальді енгізуге арналмаған.
Медролгинді ауырсыну синдромының профилактикасы мақсатында хирургиялық араласымдарға дейін және араласымдар кезінде пайдаланбаған дұрыс.
Арнайы сақтандырулар
Кеторолак трометамол айқын ауыруды басатын әсері бар күшті ҚҚСД, оны қолдану асқазан-ішек жолынан қан кету, операциядан кейінгі қан кету және бүйрек жеткіліксіздігі сияқты ҚҚСД тобындағы препараттарға тән ауыр жағымсыз реакциялармен байланысты болуы мүмкін.
Ұсынылғаннан асатын дозаларда қолданғанда препараттың тиімділігі жоғарыламайды, бірақ бұл ауыр жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттырады.
Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері кеторолак трометамолын қолдану кейбір басқа ҚҚСД-мен салыстырғанда, әсіресе осы құжатта келтірілген көрсетілімдер бойынша емес және/немесе ұзақ уақыт кезеңі ішінде қолданғанда асқазан-ішек жолы (АІЖ) тарапынан ауыр жағымсыз реакциялардың жоғары қаупімен байланысты екенін көрсетіп отыр.
Кейбір пациенттерде ауырсынуды басатын әсер кеторолак трометамолын б/і немесе в/і енгізгеннен кейін 30 минуттан ерте емес білінуі мүмкін. Дәрілік затты ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСД-мен бірге қолдануға болмайды.
Жағымсыз реакциялардың туындау қаупі кеторолак трометамолын ауырсыну синдромын бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең аз тиімді дозада қолданғанда барынша азайтылуы мүмкін.
Асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралардың және перфорацияның түзілуі
Асқазан-ішектен қан кету туындаған, кейде өліммен аяқталатын ойық жаралар мен перфорациялар түзілген жағдайлар, осының алдында симптомдардың болуына немесе анамнезде АІЖ тарапынан ауыр аурулардың болуына қарамастан, ҚҚСД тобындағы дәрілік заттармен емдеудің түрлі сатыларында байқалды.
Рандомизацияланбаған ауруханаішілік постмаркетингтік зерттеулерде тәулігіне 90 мг астам дозада кеторолак трометамолын б/і енгізгенде, 65 жасқа дейінгі пациенттерде асқазан-ішектен ауыр қан кетулердің туындау жиілігі апиындық анальгетиктер парентеральді түрде енгізілген, дәл сондай жастағы пациенттердегі осындайдан айтарлықтай жоғары болғаны анықталды.
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСД қолданумен байланысты жағымсыз реакциялар, әсіресе, өлімге соқтыруы мүмкін асқазан-ішектік қан кетулер және перфорациялар жиілігі артады.
Анамнезінде, әсіресе қан кетумен немесе перфорациямен асқынған ойық жаралы ауруы бар пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде асқазан-ішектен қан кетудің, ойықжаралардың немесе перфорациялардың даму қаупі в/і енгізгенде кеторолак трометамолын қоса алғанда, ҚҚСД дозасын жоғарылатумен артады; асқазан-ішектен клиникалық тұрғыдан маңызды ауыр қан кетулердің даму қаупі дозаға байланысты болады. Мұндай жағдайларда емдеуді кеторолак трометамолының ең аз дозаларын қолдана отырып бастау керек. Жоғарыда көрсетілген пациенттерге, сондай-ақ АСҚ төмен дозаларда немесе АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін басқа дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерге гастропротекторлық терапияны (мысалы, мизопростолды немесе протондық сорғы тежегіштерін (ППТ)) пайдалану туралы мәселені қарастыру керек. Кез келген ҚҚСД-мен емдеу үшін асқазан-ішектен қан кетудің даму қаупі жасына байланысты болуы тән. Егде жастағы пациенттерде жасырақ пациенттермен салыстырғанда кеторолак трометамолының плазмалық клиренсі төмендейді және оның жартылай шығарылу кезеңі артады. Сондықтан егде жастағы пациенттерде препаратты енгізу арасындағы аралықты арттыру ұсынылады.
ҚҚСД-ны анамнезінде ішектің қабынбалы аурулары бар (ойық жаралы колит, Крон ауруы) пациенттерге сақтықпен пайдалану керек, өйткені олар жоғарыда көрсетілген аурулардың өршуін туындатуы мүмкін.
Анамнезінде АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялары бар пациенттер, әсіресе, Медролгинмен емдеудің басында кез келген әдеттен тыс абдоминальді симптомдар (атап айтқанда, асқазан-ішектен қан кетулер) туралы дәрігерге хабарлауы керек. Егер препаратты пайдаланғанда пациенттің асқазан-ішегінен қан кетсе немесе ойықжара пайда болса, оны қолдануды тоқтату керек.
Пероральді қолдануға арналған глюкокортикостероидтар (ГКС), серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ) немесе АСҚ сияқты қанның ұюын төмендететін дәрілік заттар сияқты ойық жаралардың пайда болу немесе қан кетулердің даму қаупін арттыруы мүмкін дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерге Медролгинді пайдаланғанда сақтық танытқан жөн.
Варфарин сияқты антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде Медролгинді қолдануға болмайды.
Кеторолак трометамолын в/і енгізгенде, басқа ҚҚСД қолданғандағыдай, АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі мен ауырлығы дозаның және емдеу ұзақтығымен артуымен жоғарылауы мүмкін. Асқазан-ішектен ауыр қан кетудің туындау қаупі дозаға тәуелді; бұл әсіресе, егде жастағы, в/і енгізгенде кеторолак трометамолының тәуліктік дозасы 60 мг-ден асатын пациенттерге тән. Анамнезінде ойық жара ауруы болған пациенттерге кеторолак трометамолын қолданғанда АІЖ тарапынан ауыр жағымсыз реакциялардың даму қаупі артады.
ҚҚСД, соның ішінде кеторолак, асқазан-ішек анастомозының қалыптаспау қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Кеторолакты асқазан-ішек жолына операциядан кейін қолданғанда мұқият медициналық бақылау және сақтықпен қолдану ұсынылады.
Медролгинді қабылдағанға дейін жақында асқазанға немесе ішекке операция жасатқан болсаңыз немесе жасағыңыз келсе, дәрігерге айтыңыз, өйткені Медролгин кейде операциядан кейін жараның жазылуын нашарлатуы мүмкін.
Гематологиялық әсерлер
Қан ұюы бұзылған пациенттерге Медролгинді қолдануға болмайды. Бір мезгілде антикоагулянттармен ем қабылдап жүрген пациенттерге Медролгинді қолданғанда қан кетудің туындау қаупі артады. Кеторолак трометамолын гепаринмен профилактикалық төмен дозаларда (әр 12 сағат сайын 2500-5000 бірлік) және декстрандармен бірге қолдану жеткілікті зерттелген жоқ, дегенмен, осындай біріктірілімдерді пайдаланған кезде қан кетудің даму қаупі артуы мүмкін. Антикоагулянттарды немесе гепаринді төмен дозаларда қабылдап жүрген пациенттерге Медролгинді қолдануға болмайды. Медролгинмен бірге бір мезгілде гемостазға әсер ететін дәрілік заттарды пайдаланатын пациенттер қатаң медициналық бақылауда болуы керек. Бақыланатын зерттеулерде операциядан кейінгі клиникалық елеулі қан кетулердің туындау жиілігі кемінде 1% - ды құрады.
Кеторолак трометамолы тромбоциттер агрегациясын тежейді және қан кету ұзақтығын арттырады. Осылайша, гемостаз жүйесінде бұзылулары жоқ пациенттерде қан кету уақытының көрсеткіштері өсті, бірақ қалыпты мәндер ауқымынан тыс болған жоқ (2-ден 11 минутқа дейін). Әсері неғұрлым ұзақ уақытқа созылатын АСҚ-дан айырмашылығы, кеторолак трометамолын қолдануды тоқтатқан жағдайда тромбоциттер функциясы 24-48 сағат ішінде қалпына келеді.
Постмаркетингтік зерттеулерде периоперациялық кезеңде (дәрілік затты в/і және б/і енгізгенде) кеторолак трометамолын қолданумен байланысты операциядан кейінгі жаралардан қан кету жағдайлары байқалған. Сондықтан гемостаз жүйесінде қан кетудің немесе бұзылулардың туындау қаупі жоғары болған кезде хирургиялық операциядан кейінгі кезеңде пациенттерге Медролгинді пайдалануға болмайды. Медролгинді гемостаз жүйесіндегі бұзылулардың, мысалы, косметикалық немесе амбулаториялық хирургиялық операцияларды, простата резекциясын немесе тонзиллэктомия жасағанда толығымен болмауы қажет болған жағдайларда сақтықпен пайдалану керек. Кеторолак трометамолын қолданғанда мұрыннан қан кету дамыған жағдайлары, гематомалардың және жаралардан қан кетудің басқа белгілері пайда болғаны туралы хабарланды. Фармакологиялық әсері ЦОГ тежейтін басқа да ҚҚСД-ға ұқсас кеторолак трометамолын пайдалану, әсіресе егде жастағы пациенттерде қан кетудің даму қаупімен байланысты.
Тері реакциялары
Өте сирек жағдайларда ҚҚСД пайдаланғанда эксфолиативтік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз, оның ішінде терінің өліммен аяқталатын ауыр реакциялары дамыды . Мұндай реакциялардың ең жоғары туындау қаупі емнің бастапқы кезеңіне тән - олар негізінен ҚҚСД емдеудің бірінші айында тіркелген. Тері бөртпесі, шырышты қабықтардың зақымдану белгілері немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларымен байланысты басқа да симптомдар алғаш пайда болғанда Медролгинді пайдалануды тоқтату керек.
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас ауруы
Жүйелі қызыл жегімен немесе дәнекер тіннің аралас ауруымен ауыратын пациенттерге кеторолак трометамолын қолданғанда асептикалық менингиттің туындау қаупі артуы мүмкін.
Жүрек-қантамыр аурулары мен шеткері ісінулер кезінде организмде натрий/сұйықтықтың іркілуі
ҚҚСД-мен емдеген кезде организмде сұйықтық іркілуі орын алатыны және ісінулер дамитыны туралы хбарламалар бар, сондықтан анамнезінде артериялық гипертензия және/немесе жүрек жеткіліксіздігі болған пациенттерде Медролгинді пайдаланғанда сақтық таныту керек.
Кеторолак трометамолын қоса, ҚҚСД қабылдап жүрген кейбір пациенттерде организмде сұйықтықтың іркілгені байқалған, және шеткері ісінулер дамыған, осыған байланысты Медролгинді жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензиясы және осы сияқты басқа аурулары бар пациенттерге сақтықпен пайдалану керек.
Жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлық әсерлер
ҚҚСД-ны қолдану организмдегі сұйықтық іркілуімен және ісінулердің дамуымен байланысты болғандықтан, Медролгинді пайдаланған кезде тиісті мониторинг жүргізу және артериялық гипертензиясы және/немесе жүректің ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерге қажетті ұсынымдар беру керек.
Клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері коксибтермен және кейбір ҚҚСД-мен (әсіресе жоғары дозаларды пайдаланғанда) емдегенде артериялық тромбоздар қаупі (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) елеусіз артуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Кеторолак трометамолын қолданғанда тромбоздық асқынулардың, мысалы, миокард инфарктісінің туындау жиілігі артпайтынына қарамастан, дәрілік зат үшін мұндай қауіпті толығымен жоққа шығаруға мүмкіндік беретін деректер жеткіліксіз.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, диагностикаланған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерге Медролгинді пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана пайдалану керек. Сондай-ақ, жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және темекі шегу) бар пациенттерде Медролгинмен емдеуді бастар алдында пайда/қауіп арақатынасын бағалау қажет.
Жүрек, бүйрек және бауыр функцияларының бұзылуы
ҚҚСД бүйрек перфузиясын демегенде қосымша рөл атқаратын простогландиндердің түзілуін төмендетеді, сондықтан оларды АҚК және/немесе бүйректік қан ағымының төмендеуін туындататын жай-күйдегі пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Мұндай пациенттерде ҚҚСД емі бүйректе простагландиндер түзілуінің дозаға тәуелді төмендеуімен және бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен қатар жүруі мүмкін. Осындай жағымсыз реакциялардың туындау қаупі қан жоғалту немесе ауыр сусыздану салдарынан АҚК төмендеген пациенттерде, бүйрек, бауыр функциялары бұзылған және жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, егде жастағы немесе диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттерде жоғары болады. Мұндай пациенттердің бүйрек функциясын бақылау қажет. ҚҚСД емін тоқтатқаннан кейін, әдетте, бүйрек функциясы ем алдындағы деңгейге дейінгі қалпына келеді. Гиповолемиямен қатар жүретін хирургиялық операциялар жасағанда сұйықтық/қан көлемі тиісінше толықтырылмаған кезде бүйрек функциясы бұзылуы мүмкін, бұл ретте Медролгинді пайдалану аясында бұл бұзылулар күшеюі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайларда пациент нормоволемия жағдайына жеткенше сұйықтық көлемін толықтыру және қан плазмасындағы мочевина мен креатинин деңгейін және диурезді мұқият бақылау қажет. Диализде жүрген пациенттердегі кеторолак трометамолының клиренсі шамамен жартысына төмендеді, ал жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі қалыпты мәндермен салыстырғанда шамамен 3 есе жоғарылады.
Бүйрекке әсері
Кеторолак трометамолын, басқа ҚҚСД сияқты, анамнезінде бүйрек функциясы бұзылған немесе бүйрек аурулары бар пациенттерге сақтықпен пайдалану керек, өйткені ол бүйрек перфузиясын демегенде қосымша рөл атқаратын простагландиндер синтезін елеулі дәрежеде тежейді. Кеторолак трометамолын және басқа да ҚҚСД-ны АҚК және/немесе бүйректік қан ағымының төмендеуін туындататын жай-күйдегі пациенттерге қолданғанда бүйрек тарапынан жағымсыз реакциялар байқалған, сондықтан осындай жағдайларда Медролгинмен емдеу кезінде сақтық танытқан жөн.
Жоғарыда аталған пациенттерге кеторолак трометамолы мен басқа ҚҚСД пайдаланғанда бүйректе простагландиндердің түзілуі дозаға тәуелді төмендеуі және бүйрек функциясының декомпенсациясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін, бұл ретте анағұрлым жоғары қауіп бүйрек, бауыр функциялары бұзылған, гиповолемиясы, жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттерге және егде жастағы пациенттерге тән. Кеторолак трометамолын немесе басқа ҚҚСД қабылдауды тоқтатқанда бүйрек функциясы ем алдындағы деңгейге дейінгі қалпына келеді.
Простагландиндер синтезін тежейтін басқа дәрілік заттарды пайдаланғандағыдай, кеторолак трометамолын, тіпті бір рет қолданғанда да, қан плазмасында мочевина, креатинин және калий деңгейлері жоғарылаған жағдайлары байқалған.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Кеторолак трометамолы мен оның метаболиттері негізінен бүйрек арқылы шығатындықтан, Медролгинді бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылулары (қан плазмасындағы креатинин концентрациясы 160 мкмоль/л-ден астам) бар пациенттерге пайдалануға болмайды. Бүйрек функциясының бұзылулары жеңілірек пациенттерде кеторолак трометамолының дозасын төмендету қажет (б/і немесе в/і тәулігіне 60 мг артық емес енгізгенде), сондай-ақ бүйректің функциялық жағдайын мұқият бақылау керек.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған және циррозы бар пациенттерде кеторолак трометамолы клиренсінің немесе жартылай шығарылу кезеңінің клиникалық елеулі өзгерістері байқалмаған.
Кеторолак трометамолымен емдегенде бауырдың функциялық сынамаларының аномалиялық нәтижелері байқалуы мүмкін, бұл бұзылулар уақытша немесе тұрақты сипатта болуы мүмкін, сондай-ақ емді жалғастырған жағдайда үдеуі мүмкін. Бақыланатын клиникалық сынақтарда пациенттердің кем дегенде 1% - да қан плазмасындағы аланинаминотрасфераза (АЛТ) немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейлерінің елеулі жоғарылағаны (қалыпты мәндерінің 3 еседен астам артуы) байқалды. Бауыр функциясының бұзылғанын көрсететін клиникалық симптомдар немесе белгілер дамыған немесе жүйелі бұзылулар туындаған жағдайда Медролгинмен емдеуді тоқтату керек.
Анафилаксиялық (анафилактоидтық) реакциялар
Кеторолак трометамолымен емдеген кезде анамнезінде АСҚ-ға, басқа да ҚҚСД немесе кеторолак трометамолын в/і енгізген кезде аса жоғары сезімталдық реакциялары, сондай-ақ анамнезінде осындай реакциялары жоқ пациенттерде анафилаксиялық (анафилактоидты) реакциялар (анафилаксиялық шокты, бронх түйілуін, ысынуды, бөртпені, артериялық гипотензияны, көмейдің ісінуін және ангионевроздық ісінуді қоса) дамуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары анамнезінде ангионевроздық ісінудің даму жағдайлары, бронх түйілуі синдромы (мысалы, бронх демікпесі), сондай-ақ мұрын полиптері байқалған пациенттерде де туындауы мүмкін. Анафилаксиялық шок сияқты анафилактоидтық реакциялар өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
Сондықтан Медролгинді анамнезінде бронх демікпесі бар пациенттерге, сондай-ақ мұрын полиптерін, ангионевроздық ісінуді және бронх түйілуін қамтитын синдром кешені (толық немесе ішінара) бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Фертильділікке әсері
Кеторолак трометамолы, ЦОГ/простагландиндер синтезінің кез келген басқа тежегіші сияқты, фертильділікке теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге Медролгинді пайдалану ұсынылмайды. Бала көтере алмай жүрген әйелдерге препаратты қолдануды тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Сұйықтық іркілуі және ісінулер
Кеторолак трометамолын қолданғанда сұйықтық іркілгені, артериялық гипертензия және ісінулер туралы хабарланды, сондықтан оны жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы, артериялық гипертензиясы немесе ұқсас жай-күйлері бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Метотрексатты бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту ұсынылады, өйткені простагландиндер синтезінің кейбір тежегіштері метотрексат клиренсінің төмендеуін туындатты, және сәйкесінше, оның уыттылығын күшейтуге қабілетті.
Дәрілік заттарды шамадан тыс пайдалану және тәуелділік
Кеторолак трометамолы тәуелділікті туындатпайды. Кеторолак трометамолымен емдеуді күрт тоқтатқаннан кейін (в/і енгізу) тоқтату симптомдары байқалмаған.
Қосымша заттар
Дәрілік препараттың құрамында этанолдың 10 к. % бар, яғни, бір (1 мл) дозасында 100 мг-ге дейін, сондықтан ол маскүнемдіктен зардап шегіп жүрген пациенттерге теріс әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, мұны жүктілік немесе лактация кезеңінде әйелдерде, балаларда және жоғары қауіп тобындағы, мысалы, бауыр аурулары бар немесе эпилепсиядан зардап шегіп жүрген пациенттерде Медролгинді қолданған кезде ескеру керек.
Медролгиннің құрамында бір ампуласында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препаратты қолданғанда көрудің бұзылуы, ұйқышылдық, бас айналуы, шаршағыштық, бас ауыруы, вертиго, ұйқысыздық немесе депрессия сияқты симптомдар дамуы мүмкін, жоғарыда көрсетілген не осыған ұқсас жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда, автокөлік жүргізуден және механизмдерді басқарудан бас тарту қажет.