Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые кишечнорастворимой оболочкой, с пролонгированным высвобождением
Дозасы
1.2 г
Саудалық атауы
Мезавант
Әсер етуші зат
Месалазин
Мақсаты
Ересектер, соның ішінде егде жастағылар (> 65 жас)
Өндіруші
Космо С.П.А.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді зат – месалазин, 1200 мг,
қосымша заттар:
ядро: натрий карбоксиметилцеллюлозасы (кармеллоза) 7MF, натрий карбоксиметилцеллюлозасы (кармеллоза) НХF, карнауб балауызы, стеарин қышқылы, коллоидты гидратацияланған кремнийдің қостотығы, натрий крахмал гликоляты (карбоксиметилкрахмал) (А типі), тальк, магний стеараты, тазартылған суа,
қабығы: тальк, метакрилат метил-метакрил қышқылының сополимері (1:1), А типі метакрилат метил-метакрил қышқылының сополимері (1:2), В типі, триэтилцитрат, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), полиэтиленгликоль 6000, этанола , этанол/тазартылған суа.
а – Өндіру барысында жойылады
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Эллипс пішінді, қызыл-қоңыр түсті, бір жағында «S476» ойылып жазылған, босап шығуы ұзартылған ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.
Ересектер, соның ішінде егде жастағылар (> 65 жас)
- жеңіл немесе орташа ойық жаралы колитпен ауыратын пациенттерде клиникалық және эндоскопиялық ремиссияны демеуге арналған индукция.
Балалар мен жасөспірімдер (салмағы 50 кг-ден асатын және 10 жастан бастап және одан асқан)
- жеңіл немесе орташа дәрежедегі белсенді ойық жаралы колиті бар пациенттерде клиникалық және эндоскопиялық ремиссияны индукциялау және демеу үшін.
Әсер ету механизмі
Месалазин өзімен аминосалицилатты ұсынады. Месалазиннің әсер ету механизмі соңына дейін зерттелмеген, бірақ ол жуан ішектің эпителиальді жасушаларына жергілікті қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Ішектің созылмалы қабыну аурулары бар пациенттерде циклооксигеназаның, сондай-ақ липоксигеназаның әсерінің есебінен арахидон қышқылы метаболиттерінің шырышты қабықтан өндірілуі жоғарылайды және месалазин циклооксигеназаның белсенділігін бөгеу және жуан ішектегі простагландиндер өнімін тежеу есебінен қабынуды азайтады. Месалазин в (NFkB) каппа ядролық факторын белсендіруді тежеу потенциалына ие, демек, негізгі қабынуға қарсы цитокиндерді өндіруіне де ие. Жақында, PPAR- (ядролық рецепторларының жеткіліксіздігі (пролифераторлар пероксиспен белсендірілетін рецепторлардың -түрі) ойық жара колитінің даму факторы болуы мүмкін деген болжам жасалды. PPAR- рецепторларының агонистері ойық жара колитін емдеуде тиімділігін көрсетті және месалазиннің әсер ету механизмі PPAR- рецепторларымен байланысты болуы мүмкін екенін дәлелдейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Мезавант препаратының таблеткасы көп компонентті матрица жүйесінде 1.2 г месалазині (5-аминосалицил қышқылы) бар ядроға иеленген. Ядро метакрил қышқылының сополимерінен - метилметакрилаттан (1:1) және метакрил қышқылының сополимерінен - метилметакрилаттан (1:2) тұратын қабықпен қапталған, олар шамамен 7-ге тең рН мәніне жеткенге дейін месалазиннің босатылуын тежеуге ықпал етеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Мезавант препараты жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі белсенді ойықжаралы колиті бар 623 рандомизацияланған пациенттердің қатысуымен дизайны ұқсас III фазада (SPD476- 301 және SPD476-302) екі плацебо-бақыланатын зерттеулерінің шеңберінде зерттелді. Мезавант препаратын тәулігіне 2.4 г және тәулігіне 4.8 г дозаларда тамақпен қабылдау 8 аптадан кейін ойық жаралы колиттің ремиссиясына жеткен пациенттердің санына қатысты плацебомен салыстырғанда нәтижелерде статистикалық маңызды артықшылықпен байланысты. Ремиссия ойықжаралы колит ауруының белсенділік индексіне сәйкес (UC-DAI) ректальді қан кету және нәжіс жиілігі үшін 0 баллмен UC-DAI <1 индексі және бастапқы деңгейден сигмоидоскопия үшін кем дегенде 1 баллға төмендеуімен анықталды. SPD476-302 зерттеуге салыстыру препаратын, модификацияланып босап шығатын месалазин, pH 7, тәулігіне 2.4 г дозада (0.8 г 3 қабылдауға енгізіледі) алған ішкі бақылау тобы қосылды. Бастапқы айнымалыға қатысты, ремиссия бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
Зерттеу SPD476- 301 (n=262#)
Плацебо — Мезавант, тәулігіне 2.4 г/доза, екі рет қабылдауға бөлінген — Мезавант, тәулігіне 4.8 г/доза тәулігіне бір рет
ремиссия жағдайындағы пациенттердің % — 12.9 — 34.1* — 29.2*
Зерттеу SPD476-302 (n=341#)
Плацебо — Мезавант, тәулігіне 2.4 г/доза тәулігіне бір рет — Мезавант, тәулігіне 4.8 г/доза тәулігіне бір рет — Модификацияланып босап шығатын месалазин тәулігіне 2.4 г/доза, тәулігіне бір рет
ремиссия жағдайындағы пациенттердің % — 22.1 — 40.5* — 41.2* — 32.6NS
# ITT популяциясы үшін нәтижелер негізінде;
* Плацебодан статистикалық маңызды айырмашылық (p<0.025);
NS Статистикалық маңызды емес айырмашылық (p>0.05).
Параллельді топтардағы 3-фазаның көп орталықты рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеу 5-тен 17 жасқа дейін 107 балада (қоса алғанда) ауырлық деңгейі жеңіл және орташа ойық жаралы колитпен Мезавант препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау үшін жүргізілді. Субъектілер төрт салмақ тобындағы салмаққа байланысты месалазиннің төмен немесе жоғары дозасын алды: 18 кг-ден ≤23 кг-ге дейін (n = 3), > 23 кг-ден ≤ 35 кг-ге дейін (n = 9), > 35 кг-ден ≤ 50 кг-ге дейін (n = 29) және > 50 кг-ден ≤ 90 кг-ге дейін (n = 66). Төмен доза тәулігіне 900 мг-ден тәулігіне 2400 мг-ге дейін, ал жоғары доза тәулігіне 1800 мг-ден тәулігіне 4800 мг-ге дейін болды. 1200 мг мезалазин таблеткаларының клиникалық әсері 10-нан 17 жасқа дейін дене салмағы > 50 кг-ден ≤90 кг-ге дейінгі 66 пациентте бағаланды.
Салыстырмалы жасырын емдеу фазаларының бастапқы соңғы нүктесі клиникалық жауап тұрғысынан анықталды. Клиникалық жауап ойық жаралы колит белсенділігінің ішінара индексі (UC-DAI) ≤1 ретінде анықталды, тік ішектен қан кету үшін 0 балл, нәжістің жиілігі үшін ≤1 және дәрігердің жалпы бағасы = 0.
DBA фазасында (Double Blind Acute – жедел фазада) 8 апталық емдеуден кейін субъектілердің 37,0%-ы жоғары дозалар тобындағы субъектілердің 65,4%-бен салыстырғанда төмен дозалар тобында клиникалық жауапқа қол жеткізді. Осы доза топтарындағы 8-ші аптадағы жауап жиілігі дене салмағы > 50 кг-ден ≤ 90 кг-ге дейінгі субъектілерде тиісінше 50,0% және 56,3% құрады, олар 1200 мг-ден мезалазин таблеткаларын алды. 26 апталық емдеуден кейін DBM фазасында (Double Blind Maintenance – демеу фазасында) субъектілердің 54,8%- ы жоғары дозалы топтағы 53,3% - бен салыстырғанда төмен дозалы топта клиникалық реакцияны сақтап қалды. 26-шы аптада жауап беру жиілігі 1200 мг-ден мезалазин таблеткаларын қабылдаған дене салмағы > 50 кг-ден ≤ 90 кг-ге дейінгі субъектілерде дозалардың екі тобында да 50% құрады. Зерттеудің төмен және жоғары дозалар арасындағы айырмашылықтарды бағалау мүмкіндігі болмады.
Дозалау режимі
Мезавант препараты тәулігіне бір рет, пероральді қабылданады.
Егде жастағы адамдарды қоса, ересектер (65 жастан асқан).
Ремиссияны индукциялау үшін тәулігіне бір рет 2.4 г-ден 4.8 г дейін (екіден төрт таблеткаға дейін) қабылдау керек. Месалазиннің төмен дозасын қабылдау кезінде емдік жауап алынбаған пациенттерге, тәулігіне 4.8 г ең жоғары доза ұсынылады Ең жоғары дозаны қабылдағанда (тәулігіне 4.8 г) емнің әсерін 8 аптадан кейін бағалау керек.
Ремиссияны демеу үшін тәулігіне бір рет 2.4 г (екі таблетка) қабылдау керек.
Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Мезавант препаратын қолдану бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Балалар мен жасөспірімдер (салмағы 50 кг-ден асатын және 10 жастан бастап және одан асқан)
Ремиссия индукциясы үшін (бастапқы 8 апта): 2,4-тен 4,8 г-ге дейін (екіден төрт таблеткаға дейін) күніне бір рет қабылдау керек.
Ремиссияны демеу үшін: 2,4 г (екі таблетка) күніне бір рет қабылдануы керек.
1200 мг мезалазин таблеткаларын дене салмағы 50 кг және одан аз балаларда, сондай-ақ пациенттердің осы тобында препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Мезавант препараты тәулігіне бір рет, пероральді қабылданады. Таблеткаларды сындыруға немесе шайнауға болмайды және тағаммен қабылдау ұсынылады.
Балалар
Мезавант пациенттердің осы тобында препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректердің болмауына байланысты 10 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Осы дәрілік препарат тек дәрігердің нұсқауы бойынша қолданылады.
- салицилаттарға (месалазинді қоса) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (ШСЖ <30 мл/мин/1.73 м2)
- бауыр функциясының ауыр бұзылуы
- 10 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер, сондай ақ дене салмағы 50 кг және одан аз балалар (пациенттердің аталған санатында препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты).
Жиі (≥ 1/100 -ден <1/10 дейін)
- бас ауыруы*
- гипертензия
- іштің кебуі
- іштің ауыруы*
- колит, диарея*
- диспепсия
- құсу
- метеоризм
- жүрек айнуы
- бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің ауытқуы* (мысалы, аланинаминотрансфераза (АЛТ); аспартатаминотрансфераза (АСТ), билирубин деңгейлерінде)
- қышыну, бөртпе*
- артралгия, арқаның ауыруы
- астения, шаршағыштық, қызба*
Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін)
- тромбоцитопения*
- беттің ісінуі
- бас айналуы
- ұйқышылдық
- тремор
- құлақтың ауыруы
- тахикардия
- гипотензия
- фаринголарингеальді ауыру*
- панкреатит
- тік ішек полипі
- акне
- аллопеция
- есекжем
- миалгия
Сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін)
- агранулоцитоз*
- жарық сезімталдық
- бүйрек жеткіліксіздігі*
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- апластикалық анемия*
- лейкопения*
- нейтропения*
- панцитопения*
- аса жоғары сезімталдық*
- анафилаксиялық шок
- ангионевроздық ісіну
- Стивенс-Джонсон синдромы (SJS)*
- уытты эпидермалық некролиз (TEN)*
- эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік бөртпе (DRESS синдромы)
- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы
- невропатия
- миокардит*
- перикардит*
- аса жоғары сезімталдықпен пневмонит (интерстициальді пневмонит, аллергиялық альвеолит, эозинофильді пневмонитті қоса)
- бронх түйілуі
- гепатит
- гепатоуыттылық
- өт тас ауруы
- жүйелі қызыл жегі синдромы
- жегі тәрізді синдром
- интерстициальді нефрит*
- нефроздық синдром*
- нефролитиаз*
- олигоспермия
*«Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз
Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы
Бассүйекішілік қысымның жоғарылауы.
Месалазиндерді қолдану кезінде папиллоэдемамен (мидың жалған ісігі немесе қатерсіз бассүйекішілік гипертония) интракраниальді қысымның жоғарылау жағдайлары байқалды. Егер диагноз қойылмаса, бұл жағдай көру өрісінің шектелуіне әкелуі мүмкін және көру қабілетінің тұрақты жоғалуына әкелуі мүмкін. Бұл синдром пайда болған кезде мезалазинмен емдеуді дереу тоқтату керек.
Жарыққа сезімталдық.
Неғұрлым ауыр реакциялар атопиялық дерматит және атопиялық экзема сияқты тері аурулары бар пациенттерде хабарланады.
Стивенс-Джонсон синдромы (SJS) және уытты эпидермалық некролиз (TEN).
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR), соның ішінде эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакция (DRESS), Стивенс-Джонсон синдромы (SJS) және мезалазинмен емдеуге байланысты уытты эпидермалық некролиз (TEN) туралы хабарламалар бар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Мезавант препараты аминосалицилаттарға жатады, ал салицилаттармен улану белгілері мына симптомдарды қамтиды: құлақтағы шуыл, бас айналуы, бас ауыруы, сананың шатасуы, ұйқышылдық, өкпенің ісінуі, қатты терлеу, диарея және құсу нәтижесінде болған сусыздану, гипогликемия, гипервентиляция, қанның электролитті теңгерімі және рН бұзылуы, сондай-ақ гипертермия.
Емі: жедел артық дозалануда салицилаттармен улану кезінде дәстүрлі емді қолдану пайдалы болуы мүмкін. Гипогликемия және сулы-электролитті теңгерімнің бұзылуы стандарты емді қолданумен түзетілуі керек. Бүйректің талапқа сай функциясын демеу керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Құрамында месалазин бар препараттарды қабылдайтын пациенттерде бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы туралы хабарланды. Мезавант препаратын бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерге тағайындағанда сақтық шараларын сақтау ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Нефропатияны қоса, ең аз өзгерістермен бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары туралы және жедел/интерстициальді нефрит жағдайлары туралы хабарлар құрамында месалазин және месалазиннің дәрілік ізашар түрлері бар препараттарды қабылдаумен байланысты болды. Мезавант жеңіл және орташа дәрежедегі ауырлықтағы расталған бүйрек жеткіліксіздігімен пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бүйрек функциясын бағалауды барлық пациенттерге терапия басталғанға дейін және жылына кемінде екі рет, бүйректің бастапқы функциясын ескере отырып, клиникалық бағалау негізінде жүргізу ұсынылады. Егер бүйрек функциясы нашарласа, мезалазинмен емдеуді тоқтату керек.
Месалазинді қолданған кезде нефролитиаздың дамуы туралы хабарламалар алынды, оның ішінде құрамында 100% месалазин бар тастар. Препаратты қабылдау кезінде сұйықтықты талапқа сай тұтынуды қамтамасыз ету ұсынылады.
Басқа жай-күйлер
Созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігімен, әсіресе демікпемен зардап шегетін пациенттер аса жоғары сезімталдық реакциясы дамуының қауіп тобында болады және оларға мұқият мониторинг жүргізу керек.
Месалазинмен емдегеннен кейін қан тарапынан елеулі патологиялық өзгерістер сирек байқалды. Егер пациентте белгісіз қан кету, қанталау, пурпура, анемия, қызба немесе тамақтың ауыруы пайда болса қанға зерттеу жүргізу керек. Қанның патологиялық өзгерістеріне күдік туындаған жағдайда, емді тоқтату керек.
Мезавант препаратын және басқа да құрамында месалазин бар препараттарды қабылдауда жүрек тарапынан (миокардит пен перикардит) месалазинмен индукцияланған аса жоғары сезімталдық реакциялары сирек байқалды. Бұл препаратты миокардит немесе перикардиттің дамуына бейім жағдайлардан зардап шегетін пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Егер мұндай аса жоғары сезімталдық реакциясына күдік туындаса, бұдан кейін құрамында месалазин бар препараттар тағайындалмауы керек.
Кейбір жағдайларда месалазинді қабылдау кейде ішектің қабыну ауруларының кенеттен өршуінен ажырату қиын көтере алмаудың жедел синдромымен астасты. Осы асқынудың кездесу жиілігі нақты анықталмаса да месалазин немесе сульфасалазиннің бақыланатын клиникалық зерттеулерінде көтере алмаудың жедел синдромы 3% пациенте байқалды. Оның симптомдарына құрысулар, іштің жедел ауыруы және қан аралас диарея, кейде қызбаны, бас ауыруы және бөртпе кіреді. Егер көтере алмаушылықтың жедел синдромына күдік туындаса, препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек, ал болашақта құрамында месалазин бар препараттарды тағайындауға болмайды.
Сульфасалазинге аллергиясы бар пациенттерді емдеуді сульфасалазин мен месалазин арасындағы айқаспалы сезімталдық реакциясының дамуының потенциалды қаупіне байланысты сақтықпен жүргізу керек.
Асқазан-ішек жолының жоғары бөлігіндегі органикалық немесе функционалды обструкциясы препараттың әсерінің басталуын кейінге қалдыруы мүмкін.
Терінің ауыр реакциясы:
Месалазинмен емдеу кезінде эозинофилиямен және жүйелік көріністермен дәрілік реакцияны (DRESS), Стивенс-Джонсон синдромын (SJS) және уытты эпидермальді некролизді (TEN) қоса алғанда, терінің жағымсыз реакциялары (SCARs) туралы хабарланды.
Месалазинді терінің бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе кез-келген аса жоғары сезімталдық белгілері сияқты ауыр тері реакцияларының белгілері мен симптомдары пайда болған кезде тоқтату керек.
Зертханалық тестілердің бұзылуы
Месалазинді қолдану норметанефрин мен месалазиннің негізгі метаболиті, N-ацетиламиносалицил қышқылының (N-Ac-5-ASA) хромтограммаларының ұқсастығы себебінен электрохимиялық анықтаумен сұйықтық хроматография тәсілімен несептік норметанефринін өлшеудің жалған жоғарылатылған нәтижесіне әкелуі мүмкін. Норметанефрин талдауының баламалы, селективті тәсілін қарастыру керек.
Бұл препараттың құрамында ең жоғары ұсынылған дозада (4 таблетка) 1 ммольден аз натрий бар (23 мг), яғни препаратта натрий жоқ деп саналады.
Месалазин месалазин мен ағартқыш арасындағы химиялық реакция нәтижесінде дәретхана суларындағы натрий гипохлориті негізіндегі ағартқышпен байланыста болғаннан кейін несептің қызыл-қоңыр түске боялуына әкелуі мүмкін, бұл ешқандай қауіп төндірмейді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
10 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Мезавант пациенттердің осы тобында препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректердің болмауына байланысты 10 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мезавант препаратының көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Мезавант препараты осы қабілетке әсер етпейді деп саналады.
Жүктілік
Месалазиннің жүкті әйелдерге әсері туралы талапқа сай және жақсы бақыланатын деректер жоқ.
Месалазин плацентарлық бөгет арқылы өтеді, бірақ ересектерде емдік дозада қолданғанмен салыстырғанда, шарана тініндегі заттардың концентрациясы айтарлықтай төмен. Жағымсыз нәтижелер (қан талдауларындағы бұзылуларды қоса алғанда лейкопения, тромбоцитопения және анемия сияқты) жүктілік кезінде месалазинді қолданған аналардан туған балаларда тіркелген.
Месалазинді ана үшін күтілетін пайда шарана үшін потенциалды қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдануға болады. Препараттың жоғары дозасын тағайындағанда сақтық шараларын сақтау керек.
Бала емізу
Месалазин аздаған мөлшерде емшек сүтімен, ал метаболит N-ацетил-5-аминосалицил қышқылы – жоғары концентрацияда шығарылады. Лактация кезінде месалазинді сақтықпен және егер ана үшін күтілетін пайда шарана үшін потенциалды қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдану керек. Емшектегі балаларда анда-санда туындайтын диарея жағдайлары сипатталған. Жаңа туған балаларда диарея пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Мезавант препаратының фармакокинетикасына және ең жиі қолданылатын үш бактерияға қарсы препараттың қауіпсіздігіне кез келген әсерін зерттеу мезавант препаратының амоксициллинмен, метронидазолмен немесе сульфаметоксазолмен маңызды өзара әрекеттесуін таппады.
Алайда, құрамында месалазин бар препараттармен және дәрілік заттар қатарымен дәрілік өзара әрекеттесу туралы хабарланды:
- месалазинді қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттар (ҚҚСП) мен азатиопринді қоса, белгілі нефроуытты әсерге ие препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек, өйткені олар бүйрек тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.
- месалазин тиопуринді метилтрансфераза белсенділігін тежейді. Азатиоприн немесе 6-меркаптопурин қабылдайтын пациенттерге, месалазинді бір мезгілде тағайындау миелоуыттылыққа себеп болуы және қанның патологиялық өзгерістерінің, сүйек кемігі жеткіліксіздігінің және онымен байланысты асқынулардың даму ықтималдығын арттыруы мүмкін.
- препаратты кумаринді қатардағы антикоагулянттармен, мысалы, варфаринмен қабылдау антикоагулянт белсенділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Егер препараттардың осындай біріктірілімін тағайындау керек болса, протромбиндік уақытқа мұқият бақылау жүргізу керек.
Мезавантты тағаммен қабылдау ұсынылады
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.