Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Саудалық атауы
Мезим® форте
Әсер етуші зат
Мультиферменты (липаза, протеаза и т.д.)
Мақсаты
Ас қорыту бұзылулармен бірге жүретін ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігі кезінде емдеу үшін
Өндіруші
Берлин-Хеми АГ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат: 93,33 мг (93,33-107,69 мг) панкреатин:
липазаның ең төмен белсенділігімен 3 500 ӘБ ЕФ
амилазаның ең төмен белсенділігімен 4 200 ӘБ ЕФ
протеазаның ең төмен белсенділігімен 250 ӘБ ЕФ
қосымша заттар: таблетка ядросы: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмал гликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты;
қабықтың құрамы: құрғақ затқа шаққанда полиакрилат дисперсиясы 30 %, тальк, гипромеллоза, азорубин лагы (Е 122), симетикон эмульсиясы, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 6000.
Сыртқы түрінің, иісінің және дәмінің сипаттамасы
Цилиндр пішінді, жазық параллельді бетімен, ойығы бар, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- ас қорыту бұзылулармен бірге жүретін ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігі кезінде емдеу үшін.
Панкреатин ұнтағы сүтқоректілердің ұйқы бездерінен жасалады - әдетте шошқалардың - онда экскреторлық ферменттерден басқа (липаза, альфа-амилаза, трипсин және химотрипсин) басқа ферменттер бар.
Сонымен қатар, ұйқы безі ұнтағының құрамына ферментативті белсенділігі жоқ басқа да ілеспе заттар кіреді.
Ұйқы безінен ұнтақ асқазан-ішек жолында сіңбейді. Оның көп бөлігі ас қорыту шырындарымен немесе бактериялармен ыдырауға немесе денатурацияға ұшырайды және нәжіспен шығарылады. Ас қорыту белсенділігі ферменттердің белсенділігімен, сондай-ақ дәрілік түрімен анықталады.
Липазаның ферментативті белсенділігі, сонымен қатар трипсиннің мөлшері шешуші фактор болып табылады, ал амилолоздық белсенділік муковисцидозда емдеу кезінде ғана маңызды, өйткені созылмалы панкреатитте де полисахаридтердің ыдырауы өзгеріссіз қалады.
Ұйқы безінің липазасы май қышқылдарын триацилглицерид молекулаларынан 1 және 3 позицияларда ажыратады. Бұл процесте түзілетін үш май қышқылы және 2-моноглицеридтер өт қышқылдарының қатысуымен аш ішектің жоғарғы бөлігінен тез сіңеді. Жануарлардың ұйқы безінің липазасы адам липазасы сияқты қышқылдардың әсеріне тұрақсыз, яғни оның липолоздық әсері рН 4-тен төмен болған кезде қайтымсыз белсенді болмайды.
Трипсин трипсиногеннен аутокаталитикалық реакцияда немесе жіңішке ішектің энтерокиназасының әсерінен түзіледі, содан кейін басқа протеолитикалық ферменттерді белсендіреді. Эндопептидаза ретінде трипсин лизин мен аргинин қатысатын пептидтік байланыстарды ыдыратады, осылайша басқа ферменттермен бірге аминқышқылдары мен шағын пептидтерге протеолизді қамтамасыз етеді. Соңғы зерттеулерге сәйкес, теріс кері байланыс механизмі бойынша трипсин аш ішектің жоғарғы бөлігінде белсендірілгеннен кейін өзі ынталандыратын ұйқы безінің секрециясын тежейді.
Кейбір жұмыстарда сипатталған панкреатин препараттарының анальгетикалық әсері дәл осы әсермен түсіндіріледі.
Эндоамилаза сияқты, альфа-амилаза құрамында глюкоза бар полисахаридтерді өте тез ыдыратады, сондықтан оның белсенділігі әдетте жеткілікті жоғары болып қалады, тіпті ауру аясында ұйқы безінің секреторлық белсенділігі айтарлықтай төмендейді.
Дозалау режимі
Бір тамақ қабылдауға ұсынылатын доза: тамақ қабылдаудың басында 1-2 таблетка.
Мезим® форте дозасы ас қорытылуының бұзылу дәрежесіне байланысты анықталады. Қолайлы доза әдетте жеке таңдалады.
Тағамның сипатына байланысты, сондай-ақ тамақтану кезінде ас қорытудың бар немесе күтілетін бұзылыстарының ауырлығын ескере отырып, препараттың 2-4 таблеткасы қосымша қабылданады.
Қажет болса, препараттың дозасы көрсетілгеннен едәуір асып кетуі мүмкін. Дозаны жоғарылату тек дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылуы және симптомдардың қарқындылығын төмендетуге бағытталуы керек (мысалы, стеаторея, асқазандағы ауырсыну).
Егер дозаны одан әрі арттыру қажет болса, құрамында белсенді зат, атап айтқанда панкреатин көп болатын басқа дәрілік формалар бар.
Енгізу әдісі мен жолы
Мезим® форте үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын шайнамай және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп тұтастай жұту керек.
Қолдану ұзақтығы
Мезим фортені қолдану ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және оны емдеуші дәрігер белгілейді.
- белсенді затқа, шошқа етіне (шошқа етіне аллергия), азорубин лагына (Е122) немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің өршу фазасындағы жедел ұстамалар. Алайда, диетаны кеңейту кезінде аурудың басылып келе жатқан фазасында - егер ас қорыту бұзылыстарының қалдықтық немесе сақталып қалған белгілері болса - препаратты мезгіл-мезгіл қабылдаған жөн.
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Өте сирек
-дереу типтегі аллергиялық реакциялар (мысалы, тері бөртпесі, есекжем, түшкіру, жас ағу және бронх түйілуі, диспноэ)
• диарея, абдоминальді жайсыздық, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу
-панктреатин ферменттері жоғары препараттарды қабылдаған муковисцидозы бар пациенттерде ішектің илеоцекальді бөлігінде және өрлемелі тоқ ішекте тарылуының пайда болуы сипатталған (фиброзданатын колонопатия).
Белгісіз
- Азорубин (E 122) аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін
- муковисцидозы бар пациенттерде – әсіресе панктреатин ферменттері жоғары препараттарды қабылдаған кезде - несеп қышқылының несеппен шығарылуының жоғарылауы мүмкін. Осыған байланысты, бұл пациенттерде несеп қышқылы тастарының түзілуін болдырмау үшін несептегі несеп қышқылының шығарылуын бақылау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану және уыттану симптомдары осы уақытқа дейін белгісіз және Мезим форте препаратының құрамын ескере отырып екіталай.
Мезим® форте препаратының құрамында ауыз қуысында босап шыққан кезде - мысалы, шайнағанда, шырышты қабықтың зақымдануына (ойық жаралануына) әкелетін белсенді ферменттер бар. Сондықтан, қабылдау кезінде Мезим® форте препаратын тұтастай жұтып қою керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мезим® форте препараты көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді немесе аздап әсер етеді.
Жүкті әйелдерді емдеуде Мезим® форте препаратын қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Жүктілікке, эмбрионның/ұрықтың дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға қатысты жануарларға жүргізілген эксперименттерде алынған деректер жеткіліксіз мөлшерде болады. Сондықтан адам үшін ықтимал қауіп белгісіз болып қалады. Сондықтан, егер Мезим® форте препаратын қабылдауда абсолютті қажеттілік болмаса, оны жүктілік және лактация кезінде қабылдауға болмайды.
Фолий қышқылы
Құрамында ұйқы безінен алынған ұнтақ бар дайын дәрілік заттарды қабылдағанда, фолий қышқылының сіңірілуі төмендеуі мүмкін, сондықтан фолий қышқылын қосымша қабылдау қажет болуы мүмкін.
Акарбоза, меглитол
Акарбоза және миглитол сияқты пероральді диабетке қарсы препараттардың әсері Мезим® форте препаратын қатар қабылдаған кезде төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Жарықтың әсерінен қорғалған жағдайда бүктемелі қорапшада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.