Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем для наружного применения
Дозасы
0.1 %
Саудалық атауы
МЕЗО AGIO®
Әсер етуші зат
Мометазон фуроаты
Мақсаты
Псориаз (кеңінен таралған псориаздан басқа) және атопиялық дерматит кезіндегі қабыну құбылыстарында және қышынуда
Өндіруші
Аджио Фармацевтикалз Лтд
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г кремнің құрамында:
белсенді зат - мометазон фуроаты 1.000 мг,
қосымша заттар: метилгидроксибензоат, пропилгидроксибензоат, натрий дигидрофосфат дигидраты, цетомакрогол 1000, цетостеарил спирті, ақ жұмсақ парафин, жеңіл сұйық парафин, пропиленгликоль, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі біртекті крем.
- псориаз (кеңінен таралған псориаздан басқа) және атопиялық дерматит кезіндегі қабыну құбылыстарында және қышынуда
- кортикостероидты ем қолдануды қажет ететін тері дерматоздарындағы қабыну симптомдары және қышыну
- этиологиясы аллергиялық жанаспалы дерматит
Әсер ету механизмі
Мометазон фуроаты – қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және антиэкссудативті әсері бар синтетикалық глюкокортикостероид (ГКС) болып табылады. ГКС А2 фосфолипазасын тежейтін және липокортиндердің жалпы атауымен белгілі ақуыздардың шығарылуын индукциялайды, олар простагландиндер мен лейкотриендер сияқты қабыну медиаторларының биосинтезін олардың жалпы ізашарының, арахидон қышқылының шығарылуын тежейді.
Дозалау режимі
МЕЗО AGIO® Кремін терінің зақымданған аумағына күніне бір рет жұқалап жағады. Балаларда немесе бет аймағында жергілікті кортикостероидтарды пайдалануды тиімді емдеу режиміне қол жеткізу үшін қажетті мейлінше аз мөлшерге дейін шектеген жөн.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Емдеу курсы аурудың ауырлығына байланысты және оны емдеуші дәрігер анықтайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгініңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- розацея, безеу, периоральді дерматит
- тері атрофиясы
- зақымданған тері (жарақаттар, ойық жаралар)
- терінің бактериялық, вирустық (герпес вирусы, желшешек) немесе зеңдік инфекциясы
- туберкулез, мерез
- гениталий қышынуы, баздану
- вакцинадан кейінгі реакциялар
- 2 жасқа дейінгі балалар
Өте сирек
- фолликулит
- күйдіру және қышыну түріндегі жергілікті реакциялар
Белгісіз
- бактериялық инфекциялар, фурункулез
- парестезия
- жанаспалы дерматит, тері гипопигментациясы, гипертрихоз, тері стриялары, безеу тәрізді бөртпе, тері атрофиясы
- препаратты қолданған жердің ауыруы және жергілікті реакциялар
Топикалық дерматологиялық кортикостероидтарды қолдану салдарынан төмендегідей жергілікті жағымсыз реакциялардың туындауы туралы деректер болған:
- терінің құрғауы және тітіркенуі
- дерматит, периоральді дерматит
- тері мацерациясы
- баздану және телеангиоэктазиялар
ГКС-тың сыртқа қолданылатын түрлерін ұзақ уақыт бойы қолданғанда және/немесе терінің үлкен аумақтарына жаққанда немесе окклюзиялы таңғыштарды пайдаланғанда, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі мен Иценко-Кушинг синдромын қоса, жүйелі әсер ететін ГКС-ға тән жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс немесе ұзақ уақыт қолдану гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуін туындатуы мүмкін, бұл бүйрекүсті безі функциясының салдарлы жеткіліксіздігінің пайда болуына себеп болады.
Емі: симптоматикалық. Гиперкортицизмнің жедел симптомдары әдетте қайтымды. Қажет болған жағдайда, электролиттік теңгерімнің бұзылуын түзету көрсетілген. Созылмалы уытты әсер ету жағдайында глюкокортикостероидтарды біртіндеп тоқтату ұсынылады.
Препарат тек сыртқа қолдануға арналған.
Егер препаратты қолдану кезінде тітіркену немесе жоғары сезімталдық байқалса, емдеуді тоқтатып, науқасқа басқа емді таңдау керек.
Дерматологиялық инфекция бар болған жағдайда, тиісті зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы ем тағайындау керек.
Ұзақ уақыт бойы терінің үлкен аумақтарына жаққан кезде, әсіресе окклюзиялы таңғыштарды қолданғанда ГКС жүйелі әсерінің дамуы ықтимал. Осыны ескере отырып, науқастар гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесінің функциясын тежеу белгілеріне және Иценко-Кушинг синдромының дамуына қатысты бақылауда болуы тиіс.
ГКС кейбір тері ауруларының көріністерін өзгерте алатынын ескерген жөн, бұл диагнозды анықтауды қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, ГКС-ты қолдану жараның жазылу кідірісіне себеп болуы мүмкін.
ГКС-пен ұзақ уақыт емдеуді күрт тоқтатқанда күшті қызаратын әрі күйдіріп ашитын дерматит түрінде білінетін рикошет синдромының дамуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан ұзақ емдеу курсынан кейін препарат тоқтатуды біртіндеп, мысалы, оны толық тоқтатар алдында интермиттирлеуші емдеу схемасына ауыса отырып, жүргізу керек.
Пропиленгликоль
Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль теріні тітіркендіруі мүмкін.
Метилгидроксибензоат
Метилгидроксибензоатты (сонымен қатар метилпарагидроксибензоат, нипагин, метил 4-гидроксибензоат ретінде белгілі) жергілікті қолдану аллергиялық реакциялардың баяу түрін тудыруы мүмкін. Препараттың құрамында 2.000 мг бар.
Пропилгидроксибензоат
Пропилгидроксибензоатты (сонымен қатар пропил парагидроксибензоат ретінде белгілі) жергілікті қолдану аллергиялық реакциялардың баяу түрін тудыруы мүмкін. Препараттың құрамында 0.200 мг бар.
Цетостеарил спирті
Жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (жанаспалы дерматит) препараттың құрамында 72.000 мг.
Педиатрияда қолдану
Мометазонды балаларда 6 аптадан асатын уақыт бойы қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректердің болмауына байланысты 2 жасқа дейінгі балаларға МЕЗО AGIO® Крем препаратын тағайындау ұсынылмайды.
Балаларда тері беткейі ауданының дене салмағымен арақатынасы ересектерге қарағанда үлкен болуына байланысты, балаларда гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті жүйесі функциясының бәсеңдеу және жергілікті әсер ететін кез келген ГКС қолданғанда Иценко-Кушинг синдромының даму қаупі жоғары болады. Балаларды ГКС-пен ұзақ уақыт емдеу олардың бой өсуі мен дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін. Балаларда жергілікті кортикостероидтарды пайдалану препараттың ең аз тиімді мөлшерімен және қолданудың мейлінше аз кезеңімен шектелуі тиіс.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
МЕЗО AGIO® Кремін жүктілік пен лактация кезінде қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген.
Глюкокортикостероидтар плацентарлы бөгет арқылы өтеді. Шарананың дамуына теріс әсер ету қатеріне байланысты жүктілік кезінде ұзақ мерзімді емдеуден және үлкен дозаларды қолданудан аулақ болған жөн.
Лактация
Глюкокортикостероидтар емшек сүтімен бөлінеді. ГКС-ты үлкен дозаларда және/немесе ұзақ уақыт бойы қолдану көзделген жағдайда, бала емізуді тоқтату керек.
Фертильділігі
Деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препараттың автомобильді немесе қозғалмалы механизмдерді басқару қабілетіне әсері байқалмаған.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.