Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық дәлелдер кейбір ҚҚСП (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ мерзімді емдеуде) қолдану артериялық тромбоздың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің аздап жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді.
ҚҚСП қабылдаумен байланысты ісінудің, артериялық гипертензияның, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы туралы хабарланды. Ең жиі кездесетін жағымсыз реакциялар бұл асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар. Асқазан ойық жарасының асқынуы дамуы мүмкін: перфорация немесе асқазан-ішектен қан кету, кейде өліммен аяқталады, әсіресе егде жастағы адамдарда. Жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, іш қату, диспепсия, іштің ауыруы, мелена, қан аралас құсу, ойық жаралы стоматит, ойық жаралы колиттің өршуі және Крон ауруы, сирек – гастрит туралы хабарланды.
Жағымсыз реакциялар ағзалар жүйелерінің кластары және біліну жиілігі бойынша санамаланған: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Кездесу жиілігінің әрбір тобында жағымсыз құбылыстар олардың ауырлық дәрежесін төмендету тәртібімен ұсынылған.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар:
жиі емес: анемия; сирек: қан формуласының өзгеруі (лейкоциттер формуласының өзгеруін қоса), лейкопения, тромбоцитопения.
өте сирек: агранулоцитоз.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:
жиі емес: аллергиялық реакциялар;
жиілігі белгісіз: анафилаксиялық шок, анафилактоидты / анафилаксиялық реакциялар.
Психикалық бұзылулар:
сирек: көңіл-күйдің өзгеруі, түнде қорқынышты түс көру;
жиілігі белгісіз: сананың шатасуы, бағдардан адасу.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:
жиі: бас ауыруы;
жиі емес: бас айналуы, ұйқышылдық.
Көру ағзасы тарапынан бұзылулар:
сирек: көрудің бұзылуы, бұлыңғыр көру, конъюнктивит.
Есту ағзасы және лабиринт тарапынан бұзылулар:
жиі емес: бас айналуы;
сирек: құлақтың шыңылдауы.
Жүрек тарапынан бұзылулар:
сирек: жүрек қағуы. ҚҚСП қабылдаумен байланысты жүрек жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды.
Қантамырлар тарапынан бұзылулар:
жиі емес: АҚ жоғарылауы, “ысыну” сезімі.
Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар:
сирек: бронх демікпесі (ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСП аллергиясы бар пациенттерде).
Асқазан-ішек бұзылыстары:
өте жиі: іштің ауыруы, диспепсия, диарея, жүрек айнуы, құсу;
жиі емес: жасырын немесе айқын асқазан-ішектен қан кету, гастрит, стоматит, іш қату, іш кебуі, кекіру;
сирек: гастродуоденальді ойық жаралар, колит, эзофагит;
өте сирек: АІЖ перфорациясы. Асқазан-ішектен қан кету, перфорация, асқазан ойық жарасы, әсіресе егде жастағы пациенттерде ауыр болуы мүмкін және өлімге әкелуі мүмкін;
жиілігі белгісіз: панкреатит.
Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар:
жиі емес: бауыр функциясының көрсеткіштеріндегі транзиторлы өзгерістер (мысалы, трансаминазалар немесе билирубин белсенділігінің жоғарылауы);
өте сирек: гепатит.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар:
жиі емес: ангионевроздық ісіну, қышыну, тері бөртпесі;
сирек: уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, есекжем;
өте сирек: буллезді дерматит, көп формалы эритема;
жиілігі белгісіз: фотосенсибилизация, орныққан дәрілік бөртпе ретінде белгілі тән тері аллергиялық реакциясы, ол әдетте препаратқа қайта әсер еткенде бір жерде (жерлерде) қайталанады және терінің қызаруы мен ісінуінің дөңгелек немесе сопақша аймақтары, күлдіреуіктің пайда болуы (есекжем), қышыну сияқты көрінуі мүмкін.
Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан бұзылулар:
жиі емес: калий мен судың іркілуі, гиперкалиемия, бүйрек функциясы көрсеткіштерінің өзгеруі (қан сарысуындағы креатинин және/немесе мочевина деңгейінің жоғарылауы);
өте сирек: жедел бүйрек жеткіліксіздігі, әсіресе қауіп факторлары бар пациенттерде.
Ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан бұзылулар:
жиілігі белгісіз: әйелдердегі бедеулік, овуляцияның кідіруі.
Жалпы бұзылыстар мен енгізу орнындағы реакциялар:
жиі: енгізу орнында ауырсыну және ісіну;
жиі емес: ісіну, соның ішінде аяқтың ісінуі.
Сүйек кемігін бәсеңдететін дәрілік препараттармен (мысалы, метотрексат) бірге қолдану цитопенияны тудыруы мүмкін.
Басқа ҚҚСП сияқты, интерстициальді нефрит, гломерулонефрит, бүйрек медулярлық некрозы, нефроздық синдром пайда болуы мүмкін.
Жеке ауыр және/немесе жиі жағымсыз реакциялар туралы ақпарат
Мелоксикаммен және ықтимал миелоуыттылығы бар басқа препараттармен ем алған пациенттерде агранулоцитоздың өте сирек жағдайлары туралы хабарланды (Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі бөл. қараңыз).
Препаратты қолдану кезінде осы уақытқа дейін байқалмаған, бірақ тұтастай алғанда сол кластағы басқа қосылыстарды қабылдауға байланысты туындайтын жағымсыз реакциялар
Бүйректің органикалық зақымдануы, нәтижесінде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы мүмкін: интерстициальді нефрит, жедел өзекшелік некроз, нефроздық синдром және бүйрек бүртігі некрозының өте сирек жағдайлары байқалды (Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары бөл. қараңыз).
Барлық жағымсыз реакциялардың, соның ішінде нұсқаулықта көрсетілмегендердің, пайда болуы туралы емдеуші дәрігерге хабарлау қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz