Мелоксикам-Тева жедел ауыруды басуды қажет болған пациенттерді емдеу үшін сай келмейді. Жағымсыз құбылыстарды емдеудің ең аз ұзақтығымен ең төмен тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады. Емдік әсері жеткіліксіз болған жағдайда ең жоғары ұсынылған тәуліктік дозадан асыруға немесе қосымша басқа ҚҚСП қосуға болмайды.
Егер бірнеше күннен кейін жақсарулар байқалмаса, емнің клиникалық пайдасы қайта қаралуы тиіс.
Басқа ҚҚСП жағдайындағыдай, ҚҚСП қабылдауға жағымсыз реакциялары жиі болатын бүйрек, бауыр және жүрек функциясының бұзылулары жиі болатын егде жастағы адамдарға ерекше назар аудару қажет.
Басқа ҚҚСП сияқты Мелоксикам-Тева инфекциялық аурудың жасырын симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Бұлшықет ішіне енгізілетін барлық басқа ҚҚСП сияқты, инъекция жүргізілетін жерлерде абсцесс немесе некроз пайда болуы мүмкін.
Циклооксигеназа/простагландиндер синтезін тежейтін кез келген басқа дәрілік препарат сияқты Мелоксикам-Тева қабылдау фертильдіктің бұзылуын туындатуы мүмкін және жүктілікті жоспарлайтын әйелдерге ұсынылмайды. Бала көтерумен проблемалары бар немесе бедеулікке байланысты тексеруден өтіп жүрген әйелдер Мелоксикам-Тева қабылдауды тоқтатуды ескеруі тиіс.
Құрамында натрий бар Мелоксикам-Тева
Дәрілік препараттың құрамында бір дозаға 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни жалпы «натрийсіз» болады.
Арнайы сақтандырулар
Жағымсыз құбылыстардың көріністерін емдеудің ең аз ұзақтығымен Мелоксикам Тева ең төмен тиімді дозасын қолдану арқылы азайтуға болады.
Емдік әсері жеткіліксіз болған жағдайда, ұсынылған ең жоғары тәуліктік дозадан асыруға немесе қосымша басқа ҚҚСП қосуға болмайды, өйткені препараттың уыттылығын арттыруы мүмкін. Циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, ҚҚСП-мен мелоксикамды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Мелоксикам-Тева жедел ауыруды басуды қажет ететін пациенттерді емдеу үшін сай келмейді.
Егер Мелоксикам-Тева препаратын бірнеше күн қолданғаннан кейін жақсару байқалмаса, емдеудің пайдасын дәрігер қайта қарауы тиіс.
Мелоксикам-Теваны эзофагиттің, гастриттің және/немесе асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасы өршуі толық болмаған жағдайда қолдануға болады. Бұрын осындай аурулары бар пациенттерге назар аудару керек.
Мелоксикам-Теваны қабылдамас бұрын өзіңіздің дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз, егер Сізде:
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
ҚҚСП қолдану кезінде анамнезінде күрделі асқазан-ішек ауруы болғанда немесе алдын алу симптомдарынсыз немесе симптомдарымен кез келген емдеу кезеңінде туындайтын асқазан-ішектен қан кету, ойықжараның өршуі немесе өліммен аяқталған тесілу жағдайлары туралы хабарланған.
Анамнезінде ойықжаралар болған, әсіресе қан кету немесе тесілу түріндегі асқынулары бар пациенттерде және егде жастағы пациенттерде ҚҚСП жоғары дозаларын қабылдаған кезде асқазан-ішектен қан кету, ойықжараның пайда болуы немесе тесілу қаупі жоғары болады. Мұндай пациенттерде емдеу курсын ең аз дозадан бастау қажет. Осы пациенттер үшін, сондай-ақ төмен дозада аспиринді немесе асқазан-ішек қаупін арттыруы мүмкін басқа да препараттарды бір мезгілде қолдануды қажет ететін пациенттер үшін қорғаныс әсері бар дәрілік заттармен біріктірілген емді (мысалы, мизопростол немесе протонды сорғы тежегіштері) қарастыру қажет.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар пациенттер, әсіресе егде жастағы пациенттерде, Мелоксикам-Тевамен емдеудің алғашқы күнінен бастап асқазанның барлық ерекше симптомдары туралы (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) хабарлау керек.
Радикальді емдеу немесе гериатрия ретінде гепарин сияқты ойық жара немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін препараттарды (варфарин сияқты) антикоагулянттарды немесе қабынуға қарсы дозада ацетилсалицил қышқылын қоса (≥ 1г бір реттік доза немесе ≥ 3г күндізгі доза) қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдайтын пациенттерге сақ болу қажет.
Мелоксикам-Тева қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойықжара туындаған кезде емдеуді тоқтату қажет.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойықжаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге ҚҚСП сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл жағдайлар асқынуы мүмкін.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйелер тарапынан бұзылулар
Гипертониясы және/немесе анамнезінде қанайналымның жеңіл және/немесе орташа дәрежедегі іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін тиісті мониторинг пен ұсынымдар талап етіледі, өйткені ҚҚСП қабылдау аясында сұйықтықтың іркілуі және ісінудің дамуы орын алды.
Мелоксикам-Теваны қабылдауды бастағанда қауіп тобындағы пациенттерде артериялық қысымға клиникалық бақылау жүргізу ұсынылады.
Кейбір ҚҚСП қолдану, Мелоксикам-Теваны қоса (әсіресе үлкен дозада және ұзақ қолданғанда) артериялық тромбоздардың (миокард инфарктісі және инсультті қоса) туындау қаупімен қатар жүруі мүмкін деп болжайды. Мелоксикам-Тева қабылдаудан бұл қауіпті жоққа шығару үшін деректер жеткіліксіз.
Мелоксикам-Тева бақыланбайтын гипертониясы, жүрек функциясының іркілістік жеткіліксіздігі, жүректің анықталған ишемиялық ауруы және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге тек мұқият тексерілгеннен және қауіптерді бағалағаннан кейін ғана Мелоксикам-Тева тағайындалады. Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары (мысалы, гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті және темекі шегу) бар пациенттер үшін ұзақ емдеу алдында мұқият тексеру жүргізу қажет.
Тері реакциялары
Мелоксикам-Теваны қабылдау кезінде терінің өмірге қауіп төндіретін реакциялары (Стивенс - Джонсон синдромы (СДС) және уыттық эпидермалық некролиз (УЭН) туралы хабарланған. СДС симптомдары немесе белгілері немесе УЭН туындаған кезде (мысалы, терінің үдемелі бөртпесі, жиі күлдіреуіктердің пайда болуымен немесе шырышты қабықтың зақымдануымен байқалатын) емдеуші дәрігерге хабарлау, Мелоксикам-Тевамен емдеуді тоқтату керек. Мұндай белгілердің емдеудің алғашқы күндерінде пайда болуы мүмкін.
Егер пациентте Мелоксикам-Тева қабылдау аясында СДС немесе УЭН белгілері туындаса, онда препаратты қайта қабылдауға болмайды.
Егер сізде мелоксикамды немесе басқа оксикамдарды (мысалы, пироксикам) қабылдағаннан кейін тұрақты дәрілік бөртпе пайда болса (дөңгелек немесе сопақша терінің қызаруы және ісінуі, олар әдетте бір аймақта(арда) қайталанады, бөртпелер, есекжем және қышу).
Бауыр және бүйрек функциясының көрсеткіштері
Көптеген ҚҚСП сияқты қандағы трансаминаза, билирубин деңгейінің немесе бауыр функциясының басқа да параметрлерінің кезеңдік жоғарылауы, сондай-ақ қандағы креатинин мен мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы және басқа да зертханалық ауытқулар туралы хабарланған. Қан талдауында бұл ауытқулардың көпшілігі қысқа мерзімді және елеусіз болды. Егер осы ауытқулардың бірін дәрігер маңызды деп есептесе, онда Мелоксикам-Теваны қабылдауды тоқтату керек.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
ҚҚСП бүйректегі шумақтық сүзуді азайту арқылы бүйректің функциялық жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыс препарат дозасына байланысты. Емнің басында немесе дозаны арттырғаннан кейін қауіп тобындағы пациенттерде диурез бен бүйрек функциясына мұқият бақылау жүргізу керек:
• Егде адамдар
• АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II антагонистерімен, сартандармен, диуретиктермен бірге қабылдағанда («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қара)
• Гиповолемия (сусыздану) себебіне қарамастан
• Жүрек функциясының іркілісті жеткіліксіздігі
• Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
• Нефроздық синдром
• Жегілік нефропатия
• Бауырдың ауыр дисфункциясы (қандағы альбумин <25 г/л немесе ≥10 Чайлд-Пью шкаласы бойынша)
Сирек жағдайларда ҚҚСП интерстициальді нефрит, гломерулонефрит, бүйрек емізікшелерінің некрозын немесе нефроздық синдромды туындатуы мүмкін.
Бүйрек функциясының терминальді сатыдағы жеткіліксіздігі бар және гемодиализдегі пациенттерде Мелоксикам-Тева дозасы 7,5 мг аспауы тиіс. Бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттер үшін дозаны төмендету талап етілмейді (яғни креатинин клиренсі 25 мл/мин жоғары пациенттер).
Организмде натрий, калий және су іркілісі
ҚҚСП қабылдаған уақытта организмде натрий, калий және судың іркілуі, сондай-ақ диуретиктер әсерінің төмендеуі мүмкін, гипотензиялық дәрілердің қабылдаудың әсері де төмендеуі мүмкін. Демек, қауіп тобындағы пациенттер үшін дәрігер тарапынан бақылау қажет.
Гиперкалиемия
Гиперкалиемия қант диабеті бар пациенттерде немесе қандағы калий деңгейінің жоғарылауын туындататын дәрілерді бір мезгілде қолданғанда жиірек туындайды. Мұндай жағдайларда калий деңгейінің көрсеткіштеріне бақылау жүргізіледі.
Пеметрекседпен үйлесуі
Пеметрексед қабылдайтын бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде Мелоксикам-Тева қабылдауды пеметрексед енгізгенге дейін кемінде 5 күн бұрын және енгізгеннен кейін 2 күннен соң тоқтату керек.
Педиатрияда қолдану
Мелоксикам-Тева 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мелоксикам-Тева көлік құралын немесе машина жабдығын басқару мүмкіндігіне әсер етуі екіталай. Дегенмен, көру қабілетінің бұзылуы немесе ұйқышылдық, вертиго немесе басқа да ОЖЖ бұзылуы кезінде көлік құралын жүргізуден және басқарудан бас тарту ұсынылады.