Мелоксикам-Тева өршулерін симптоматикалық емдеу қажет болатын пациенттерді емдеуге сай келеді. Жағымсыз құбылыстарды ең қысқа емдеу ұзақтығымен ең төмен тиімді дозаны қолдану арқылы барынша азайтуға болады. Әсіресе, остеоартроз бар пациенттерде пациенттегі симптомдар айқындылығын азайту қажеттілігін және оның емдеуге жауабын мезгіл-мезгіл бағалау керек. Емдік әсері жеткіліксіз болған жағдайда ең жоғары ұсынылған тәуліктік дозадан асыруға немесе қосымша ҚҚСП қосуға болмайды.
Егер бірнеше күн өткен соң жақсарулар байқалмаса, емдеудің клиникалық пайдасы қайта қаралуы тиіс.
Мелоксикам-Тевамен емдеудің алдында эзофагит, гастрит және/немесе асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының өршу белгілерінің жоқ екеніне көз жеткізу қажет. Осы аурулардың өршу мүмкіндігімен Мелоксикам-Тевамен ем қабылдап жүрген пациенттерге көңіл бөлу қажет.
Басқа ҚҚСП жағдайындағы сияқты, ҚҚСП қабылдауға жағымсыз реакциялары жиірек болатын бүйрек, бауыр және жүрек функциясының бұзылулары жиі егде жастағы тұлғаларға ерекше назар аудару қажет.
Басқа барлық ҚҚСП сияқты, Мелоксикам-Тева инфекциялық ауру симптомдарын жасыруы мүмкін.
Мелоксикам-Тева қабылдау, циклооксигеназа/простагландиндер синтезін тежейтін кез келген басқа дәрілік препарат сияқты, фертильділіктің бұзылуын туындатуы мүмкін және жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге ұсынылмайды. Бедеулік себебімен тексеруден өтетін әйелдерде Мелоксикам-Тева қабылдауды тоқтату ескерілуі тиіс.
Натрий
Дәрілік препараттың бір дозасында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар. Тұзсыз диетадағы адамдарға (натрийді қоспағанда) сақтықпен тағайындау керек.
Мелоксикам-Тева таблеткаларында лактоза моногидраты бар. Осыған байланысты, тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды. Қант диабетімен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындау керек.
Арнайы сақтандырулар
Жағымсыз құбылыстар көріністерін ең қысқа емдеу ұзақтығымен Мелоксикам-Теваның ең төмен тиімді дозасын қолданып, азайтуға болады.
Емдік әсері жеткіліксіз болған жағдайда ұсынылған ең жоғары тәуліктік дозадан асыруға немесе қосымша ҚҚСП қосуға болмайды, өйткені бұл препарат уыттылығын арттыруы мүмкін. Циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, ҚҚСП-мен Мелоксикам-Теваны бір мезгілде қолданбау керек.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу
ҚҚСП қолдану кезінде анамнезінде күрделі асқазан-ішек ауруы болғанда немесе сақтандыру симптомдарынсыз немесе симптомдарымен кез келген емдеу кезеңінде туындайтын асқазан-ішектен қан кету, өліммен аяқталған ойық жаралардың өршу немесе тесілу жағдайлары хабарланды.
Анамнезінде ойық жаралар болған, әсіресе, қан кету немесе тесілу түріндегі асқынулары бар пациенттерде және егде жастағы пациенттерде ҚҚСП жоғары дозаларын қабылдағанда асқазан-ішектен қан кету, ойық жараның түзілу немесе тесілу қаупі артады. Осындай пациенттерде емдеу курсын ең төмен дозадан бастау қажет. Аталған пациенттер үшін, сондай-ақ төмен дозада аспиринді немесе асқазан-ішек қаупін арттыруы мүмкін басқа препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болатын пациенттер үшін тотығу тежегіштерімен біріктірілген емді (мысалы, мизопростол немесе протонды сорғы тежегіштері) қарастыру қажет.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар пациенттер, әсіресе, егде жастағы адамдар емдеудің алғашқы күнінен бастап асқазанның барлық әдеттен тыс симптомдары (әсіресе, асқазан-ішектен қан кетулер) туралы хабарлауы тиіс.
Гепарин, варфарин сияқты антикоагулянттар тәрізді ойық жараның түзілу немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін препараттарды немесе қабынуға қарсы дозадағы (≥ 500 г бір реттік доза немесе ≥ 3г тәуліктік доза) ацетилсалицил қышқылын қоса, қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерді қабылдап жүрген пациенттерге сақтық таныту қажет.
Мелоксикам-Теваны қабылдап жүрген пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара туындағанда емдеуді тоқтату қажет.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге ҚҚСП сақтықпен тағайындалу керек, өйткені осы жай-күйлер өршуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйелер тарапынан бұзылулар
Гипертония және/немесе анамнезінде жеңіл және/немесе орташа дәрежедегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін тиісті мониторинг талап етіледі, өйткені ҚҚСП қабылдау аясында сұйықтық іркілуі және ісіну дамыған жағдайлар орын алды.
Мелоксикам-Теваны қабылдаудың басында қауіп тобының пациенттерінде артериялық қысымға бақылау жүргізу ұсынылады.
Кейбір ҚҚСП қолдану, мелоксикамды қоса (әсіресе, көп дозаларда және ұзақ уақыт қолданғанда), артериялық тромбоздардың (миокард инфарктісін және инсультті қоса) туындау қаупімен қатар жүруі мүмкін. Мелоксикам-Тева қабылдаудан болатын осы қауіпті жоққа шығару үшін деректер жеткіліксіз.
Мелоксикам-Тева бақыланбайтын гипертониясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің анықталған ишемиялық ауруы және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге тек мұқият тексеруден және қауіптерді бағалаудан кейін ғана тағайындалады. Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары (мысалы, гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті және шылым шегу) бар пациенттерді ұзақ уақыт емдеу алдында мұқият тексеруден өткізу де қажет.
Тері реакциялары
Мелоксикам-Теваны қабылдау кезінде терінің өмірге қатер төндіретін реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН) хабарланды. СДС немесе УЭН симптомдары немесе белгілері (мысалы, терінің үдемелі бөртпесі, жиі күлдіреуіктер түзілуімен немесе шырышты қабық зақымдануымен) туындағанда емдеуші дәрігерге мәлімдеу, Мелоксикам-Тевамен емдеуді тоқтату қажет. Осындай белгілер емдеудің алғашқы күндерінде пайда болуы мүмкін.
Егер пациентте Мелоксикам-Тева қабылдау аясында СДС немесе УЭН белгілері пайда болса, препаратты қайта қабылдауға тыйым салынған.
Мелоксикам-Теваны қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз:
Егер сізде мелоксикамды немесе басқа оксикамдарды (мысалы, пироксикам) қабылдағаннан кейін тұрақты дәрілік бөртпе пайда болса (дөңгелек немесе сопақша терінің қызаруы және ісінуі, олар әдетте бір аймақта(арда) қайталанады), күлдіреуіктер, есекжем және қышыну).
Бауыр және бүйрек функциясының параметрлері
Көптеген ҚҚСП сияқты, қандағы трансаминаза, билирубин деңгейінің немесе бауыр функциясының басқа параметрлерінің мезгіл-мезгіл жоғарылауы, сондай-ақ қандағы креатинин мен мочевина деңгейінің жоғарылауы және басқа зертханалық ауытқулар туралы хабарланды. Қан талдауларында аталған ауытқулардың көп бөлігі қысқа мерзімді және елеусіз болды. Егер осы ауытқулардың бірін дәрігер маңызды деп бағалаған жағдайда, Мелоксикам-Теваны қабылдау тоқтатылу керек.
Бүйректің функционалдық жеткіліксіздігі
ҚҚСП бүйректегі шумақтық сүзілуді төмендету есебінен бүйректің функционалдық жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыс препарат дозасына байланысты. Емдеудің басында немесе дозаны арттырудан кейін қауіп тобындағы пациенттерде диурез және бүйрек функциясына мұқият қадағалау жүргізген жөн:
• Егде жастағы адамдар
• АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II антагонистерімен, сартандармен, диуретиктермен қатарлас ем.
• Гиповолемия (себебіне байланыссыз)
• Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі
• Бүйрек жеткіліксіздігі
• Нефроздық синдром
• Жүйелі қызыл жегі кезіндегі нефропатия
• Бауырдың ауыр дисфункциясы (сарысулық альбумин < 25 г/л немесе Чайлд-Пью шкаласы бойынша ≥ 10 )
Сирек жағдайларда ҚҚСП интерстициальді нефрит, гломерулонефрит, бүйрек бүртіктерінің некрозын немесе нефроздық синдром тудыруы мүмкін.
Гемодиализде жүрген бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттерде Мелоксикам-Тева дозасы 7,5 мг-ден аспауы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесіндегі пациенттер (яғни, креатинин клиренсі 25 мл/минуттан жоғары пациенттер) үшін дозаны төмендету қажет емес.
Организмде натрий, калий және су іркілісі
ҚҚСП қабылдау кезінде организмде натрий, калий және су іркілісінің туындауы, сондай-ақ диуретиктерді, гипотензиялық дәрілерді қабылдаудан болатын әсері төмендеуі мүмкін. Демек, қауіп тобындағы пациенттер үшін дәрігер тарапынан қадағалау қажет.
Гиперкалиемия
Гиперкалиемия қант диабеті бар пациенттерде немесе қандағы калий деңгейінің жоғарылауын туындататын дәрілерді бір мезгілде қолданғанда жиірек туындайды. Осындай жағдайларда калий деңгейінің көрсеткіштеріне бақылау жүргізіледі.
Пеметрекседпен біріктіру
Пеметрексед қабылдайтын жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Мелоксикам-Тева қабылдауды пеметрексед енгізуге дейін, кем дегенде, 5 күн бұрын және енгізуден кейін 2 күннен соң тоқтату керек.
Педиатрияда қолдану
Мелоксикам-Тева балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мелоксикам-Теваның көлік құралын немесе машина құрылғысын басқару мүмкіндігіне ықпал ету ықтималдығы аз. Дегенмен де, көру қабілетінің бұзылуы немесе ұйқышылдық, вертиго немесе ОЖЖ басқа бұзылулары кезінде көлік құралын жүргізуден және басқарудан бас тартуға кеңес беріледі.