Жағымсыз реакцияларды симптомдарына бақылау жүргізу үшін қажетті ең аз тиімді дозасын аса қысқа мерзім ішінде қолдана отырып азайтуға болады.
Емдік әсері жеткіліксіз болған жағдайда ұсынылған ең жоғарғы тәуліктік дозасын арттырмау керек, сондай-ақ қосымша ем ретінде ҚҚСП пайдалануға болмайды, өйткені біріктірілімнің емдік артықшылықтары расталмағанда бұл уыттылығының артуына соқтыруы мүмкін. Мелоксикам мен басқа ҚҚСП, соның ішінде циклооксигеназа-2 іріктелген тежегіштерін бірге қолданудан аулақ болу керек.
Мелоксикам жедел ауыру симптомдарын бәсеңдетуді қажет ететін пациенттерді емдеу үшін қолайлы препарат емес.
Егер бірнеше күн ішінде жақсару байқалмаса, емнің клиникалық пайдасын қайтадан бағалау керек.
Мелоксикаммен емдеуді бастағанға дейін пациенттің толық сауыққандығына көз жеткізу үшін, анамнездегі эзофагиттің, гастриттің және/немесе пептидтік ойық жараның кез келген жағдайларын мұқият зерттеу керек. Анамнезінде осыған ұқсас аурулары бар, қайталану мүмкіндігіне қатысты мелоксикамды қабылдап жүрген пациенттің жай-күйін жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Асқазан-ішек бұзылулары
Анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан күрделі құбылыстар болған немесе онсыз жағдайларда емдеудегі кез келген уақытта барлық ҚҚСП қабылдаған кездегі асқазан-ішектің өлімге соқтыруы мүмкін қан кетуі, ойық жаралануы немесе перфорациясы ескертпе симптомдармен немесе оларсыз туындағаны анықталған.
Анамнезінде ойық жара ауруы бар пациенттерде, әсіресе, ол қан кетумен немесе тесілумен асқынғанда және егде жастағы пациенттерде асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралануы немесе перфорациясы қаупі ҚҚСП дозаларына тікелей пропорционалды артады. Ондай пациенттер емделуді мүмкіндігінше ең аз дозасынан бастауы тиіс. Аталған пациенттерге, сондай-ақ, төмен дозалардағы аспиринді немесе асқазан-ішек жолы тарапынан құбылыстардың туындау қаупін арттыратын басқа препараттарды қабылдауды қажет ететін пациенттерге қорғағыштық әсері бар препараттармен (мысалы, мизопростолды немесе протондық помпа тежегіштерін) біріктірілген емді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек.
Анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан уытты құбылыстар болған пациенттер, бірінші кезекте егде жастағы адамдар, әдеттен тыс кез келген, әсіресе, емдеудің бастапқы сатыларындағы абдоминальді симптомдар (ең алдымен, асқазан-ішектен қан кету белгілері туралы) туралы хабарлауы тиіс.
Ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыруға қабілетті қатарлас препараттарды, мысалы, гепаринді емдік дәрі ретінде, немесе егде жастағы пациенттерде жалпы тағайындаулар қатарында, антикоагулянттарды, мысалы, варфарин, қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарды немесе ацетилсалицил қышқылын ≥ 500 мг дозаларда бір рет немесе жалпы тәуліктік ≥ 3 г дозасында қабылдап жүрген пациенттерге, мелоксикаммен біріктіру ұсынылмайды.
Мелоксикамды қабылдап жүрген пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара түзілуі туындаған жағдайда, емдеуді тоқтату қажет.
Анамнезінде асқазан-ішек жолының аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге, аталған аурулардың өршуі мүмкіндігіне байланысты, ҚҚСП сақтықпен қолдану қажет.
Жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлық әсерлер
Анамнезінде гипертензиясы және/немесе жүректің ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттерге тиісінше мониторинг және медициналық кеңестер қажет, өйткені ҚҚСП емі кезінде сұйықтық іркілуі мен ісінулер байқалған.
Қауіп аймағындағы пациенттерге, бастапқы деңгейде және әсіресе, мелоксикаммен емдеудің бастапқы сатысындағы артериялық қысымның клиникалық бақылауы ұсынылады.
Кейбір ҚҚСП, соның ішінде мелоксикамды (әсіресе, ұзақ мерзімді ем кезінде жоғары дозаларында) қолдану артериялық тромбоз құбылыстарының (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульттің) туындау қаупінің аздап жоғарылауымен астасуы мүмкін. Мелоксикам үшін мұндай қауіпті жоққа шығаруға мүмкіндік беретін деректер жеткіліксіз.
Бақыланбайтын гипертензиясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, жүректің диагнозы анықталған ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың ауруы
және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге мелоксикаммен емдеуді тек, оның талапқа сай болатындығын мұқият бағалағаннан кейін ғана жүргізуге болады. Ондай бағалауды жүрек-қантамыр ауруы дамуының қауіп факторлары (мысалы, гипертензиясы, гиперлипидемиясы, қант диабеті, шылым шегу) бар пациенттерде ұзақ мерзімді емдеу басталғанға дейін де жүргізу керек.
Тері реакциялары
Мелоксикамды қабылдағанда терінің өмірге қауіп төндіретін реакциялары, мысалы Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), сондай-ақ, уытты эпидермалық некролиз (УЭН) байқалды. Пациенттерге белгілері мен симптомдарын хабарлау, сондай-ақ, тері реакцияларының пайда болуын мұқият қадағалау қажет. СДС немесе УЭН туындауының анағұрлым жоғары қаупі емдеудің алғашқы апталары ішінде орын алады. СДС немесе УЭН симптомдары немесе белгілері (мысалы, терінің үдемелі бөртпесі, көбінесе күлбіреуіктермен және шырышты қабықтардың зақымдануымен) болған жағдайда, мелоксикаммен емдеуді тоқтату қажет. СДС немесе УЭН емдеудегі үздік нәтижелерге диагнозын ерте анықтаған және кез келген күмәнді препаратты қабылдауды дереу тоқтатқан жағдайда қол жеткізуге болады. Емнің ерте тоқтатылуы өте жақсы болжаммен астасады. Егер пациентте мелоксикамды қабылдаудың нәтижесінде СДС немесе УЭН дамыса, пациенттердің аталған санатында мелоксикаммен емдеуді қайта бастамау керек.
Мелоксикамды қолданған кезде тіркелген дәрілік бөртпе (ТДБ) жағдайлары туралы хабарланды. Анамнезінде мелоксикаммен байланысты ТДБ бар пациенттерге мелоксикам қайта тағайындалмауы керек. Басқа оксикамдармен айқаспалы реактивтілік болуы мүмкін.
Бауыр және бүйрек функциясының көрсеткіштері
ҚҚСП көпшілігін қабылдағандағы сияқты, сарысудағы трансаминаза деңгейлерінің мезгіл-мезгіл жоғарылауы, сарысудағы билирубиннің немесе бауыр функциясының басқа көрсеткіштерінің, сондай-ақ, сарысудағы креатинин мен мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы және зертханалық көрсеткіштердің басқа ауытқулары білінді. Бұл жағдайлардың көпшілігі жеңіл дәрежелі өтпелі ауытқулар болды. Егер ондай ауытқулардың қандай-да біреуі елеулі немесе тұрақты болып шықса, мелоксикамды қабылдауды тоқтату және тиісінше тексерулер тағайындау керек.
Бүйректің функциялық жеткіліксіздігі
ҚҚСП, бүйрек простагландиндерінің тамырды кеңейтетін әсерін тежей отырып, шумақтық сүзіліс жылдамдығын төмендетумен бүйректің функционалдық жеткіліксіздігін туғызуы мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыс дозаға тәуелді болып табылады. Келесі қауіп факторлары бар пациенттерде емнің басында немесе дозасын арттырғаннан кейін бүйрек функциясын, соның ішінде диурезді мұқият қадағалау ұсынылады:
• егде жастағы пациенттер
• қатарлас ем, мысалы, АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин-II антагонистерімен, сартандармен, диуретиктермен
• гиповолемия (себебіне байланыссыз)
• жүректің іркілісті жеткіліксіздігі
• бүйрек жеткіліксіздігі
• нефроздық синдром
• жегілік нефропатия
• бауыр функциясының ауыр бұзылуы (сарысулық альбумин < 25 г/л немесе Чайлд— Пью шкаласы бойынша бағалау ≥ 10).
Сирек жағдайларда ҚҚСП интерстициальді нефритті, гломерулонефритті, бүйректің негізгі затының некрозын немесе нефроздық синдромды туғызуы мүмкін.
Бүйректің терминалдық жеткіліксіздігі бар, гемодиализ жүргізілетін пациенттерде мелоксикамның дозасы 7,5 мг аспауы тиіс. Бүйректің жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде (яғни, креатинин клиренсі 25 мл/минуттан артық пациенттерде) дозасын төмендету қажет емес.
Натрий, калий және судың іркілуі
ҚҚСП қабылдағанда натрийдің, калийдің индукциясы және судың іркілуі, сондай-ақ, диуретиктердің натрийуретиктік әсеріне ықпалы орын алуы мүмкін. Бұдан өзге, гипертензияға қарсы препараттардың гипертензияға қарсы әсері төмендеуі болуы мүмкін. Осының нәтижесінде, бейімділігі бар пациенттерде, ісіну, жүрек жеткіліксіздігі немесе гипертензия дамуы немесе өршуі мүмкін. Сондықтан қауіп аймағындағы пациенттерге клиникалық бақылау жүргізілуі тиіс.
Гиперкалиемия
Гиперкалиемияның дамуына қант диабеті немесе қандағы калийді арттыратын қатарлас ем ықпал етуі мүмкін. Бұл жағдайларда калий деңгейін жүйелі түрде қадағалап отыру керек.
Пеметрекседпен бірге қолдану
Бүйректің ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жеткіліксіздігі бар пациенттер мелоксикамды қабылдауды пеметрексед енгізілгенге дейін кемінде 5 күн бұрын тоқтата тұруы, пеметрексед енгізілетін күні және енгізілгеннен кейін кемінде 2 күн бойы мелоксикамды қабылдамауы қажет.
Басқа да ескертулер мен сақтық шаралары
Жағымсыз реакцияларды көбінесе егде жастағы пациенттер, денсаулығы әлсіз адамдар немесе әлсіреген пациенттер нашар көтереді, мұндай жағдайда оларға мұқият бақылау жүргізу қажет. Басқа ҚҚСП-мен жағдайдағы сияқты, егде жастағы, бүйрек, бауыр және жүрек функциясының бұзылуы жиі байқалатын пациенттерге қатысты ерекше сақтық таныту қажет. Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП қабылдағанда жағымсыз реакциялардың, әсіресе, асқазан-ішектен өлімге соқтыруы мүмкін қан кетудің және ойық жараның перфорациясының туындау жиілігінің жоғарырақ болғаны байқалады.
Кез келген басқа ҚҚСП сияқты, мелоксикам бұрыннан бар инфекциялық аурудың симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Бұлшықет ішіне енгізілетін басқа ҚҚСП қабылдағандағы сияқты инъекция орнында абсцесс пайда болуы және некроз дамуы мүмкін.
Мелоксикамды қабылдау пациент әйелдердің ұрпақ өрбітуге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін және бала көтеруге ұмтылып жүрген әйелдерге ұсынылмайды. Бала көтеруде қиындықтарды бастан өткеріп жүрген немесе бедеулікке қатысты тексеруден өтіп жүрген әйелдер мелоксикамды тоқтату мүмкіндігін қарастыруы керек.
Арнайы сақтандырулар
Бұл препараттың құрамында 1 ампуладағы натрий 1 ммольден (23 мг) аз, яғни натрий жоқ дерлік.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалына арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, фармакодинамикалық бейінінің және байқалған жағымыз дәрілік реакцияларының негізінде, мелоксикамды, іс жүзінде, аталған қабілетке әсер етпейді немесе болар-болмас әсер береді деген тұжырым жасауға болады. Дегенмен, көру бұзылулары, соның ішінде, анық көрмеу, бас айналуы, ұйқышылдық, вертиго немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа бұзылыстар туындаған жағдайда, көлік құралдарын басқарудан және механизмдермен жұмыс істеуден бас тартқан дұрыс.
Үйлесімсіздік
Үйлесімділікті зерттеу болмаған жағдайда, бұл препаратты басқа препараттармен араластыруға болмайды.