Менопур бедеулікті емдеуге маманданған маманның бақылауымен ғана қолданылуы тиіс.
Емдеуді бастамас бұрын екі жұпта бедеуліктің себептерін зерттеу, сондай-ақ ықтимал қарсы көрсетілімдерінің бар-жоқтығына қатысты медициналық зерттеуді жүргізу қажет. Атап айтқанда, әйел пациенттерде гипотиреоидизмнің, адренокортикальді жеткіліксіздіктің, гиперпролактинемияның, гипофизарлық немесе гипоталамустық ісіктердің бар-жоқтығын зерттеп, осындай патологиялық жағдайларда қарастырылған тиісті емді тағайындау керек. Бедеулікті емдеуді бастамас бұрын әйелдердегі аналық бездердің функциялық жағдайын (ультрадыбыстық диагностиканы және қандағы эстрадиол деңгейін), сондай-ақ тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупі факторларының болуын (жеке немесе отбасылық бейімділік, дене салмағының индексімен (ДСИ) > 30 кг/м2) семіздікті, тромбофилия); анамнездегі жатыр түтіктерінің ауруларын бағалаған жөн.
Арнайы ескертулер
Менопур препараты айқын гонадотропты белсенділікке ие, осыған байланысты препаратты қолданған кезде әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі ЖР дамуы мүмкін. Ем бедеулікті диагностикалау және емдеу бойынша тәжірибесі бар дәрігер бақылауымен жүргізілуі керек!
Гонадотропиндерді қолдану білікті медициналық персоналдың, сондай-ақ тиісті жабдықтың болуын талап етеді. Менопур препаратын тағайындар алдында және емдеу кезінде аналық бездердің күйін бақылау керек (УДЗ және қан плазмасындағы эстрадиол концентрациясы). Препаратты емдеу мақсаттарына сәйкес келетін ең төмен тиімді дозада қолдану қажет.
Препараттың алғашқы инъекциясы дәрігердің тікелей бақылауымен жүргізілуі керек.
Менопур препаратын қолдануды бастамас бұрын, әйелдегі, оның серіктесіндегі бедеуліктің себептерін диагностикалау, сондай-ақ жүктілікке ықтимал қарсы көрсетілімдерді анықтау ұсынылады. Емді бастамас бұрын әйелдерде гипотиреоздың, бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігінің, гиперпролактинемияның, гипоталамус-гипофиз аймағының ісіктерінің бар-жоғын тексеріп, қажет болған жағдайда тиісті емді жүргізу қажет.
Әйелдерде қолдану көрсетіліміне қарамастан, фолликулалар өсуінің бақыланатын стимуляциясын жүргізу олардың гиперстимуляциясының дамуымен аналық бездердің ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Дозалау режимі мен өткізілетін терапияның мониторингісімен үйлестіріп, препаратты енгізу тәсілін сақтаған кезде жоғарыда аталған реакциялардың пайда болу қаупін азайтуға болады.
Фолликуланың дамуы тиісті тәжірибесі бар дәрігермен бағалануы тиіс.
АГС
АГС- көріністері ауырлық дәрежесіне байланысты болатын аналық бездердің асқынбаған ұлғаюынан айрықшаланатын синдром. Бұл аналық бездердің едәуір ұлғаюын, қан плазмасындағы эстрогендердің жоғары концентрациясын, сондай-ақ құрсақта, плеврада және сирек жағдайларда перикардиальді қуыста сұйықтықтың жиналуына әкелуі мүмкін тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауын қамтиды.
АГС ауыр жағдайларында келесі симптомдар болуы мүмкін: іштің ауыруы, іштің кебуі, аналық бездердің едәуір ұлғаюы, дене салмағының жоғарылауы, ентігу, олигурия және жүрек айну, құсу және диареяны қоса, асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдар. Клиникалық зерттеулер кезінде гиповолемия, гемоконцентрация, электролиттік бұзылулар, асцит, гемоперитонеум, экссудативті плеврит, гидроторакс, жедел респираторлық дистресс-синдром және тромбоэмболиялық асқынулар анықталуы мүмкін.
Овуляцияны стимуляциялау үшін аХГ енгізілмейтін болса, аналық бездердің гонадотропиндерді енгізуге шамадан тыс реакциясы сирек жағдайда АГС дамуына әкеледі. Сондықтан, аналық бездердің гиперстимуляциясы жағдайында аХГ енгізілмеуі керек және пациентке жыныстық қатынастан бас тарту немесе кемінде 4 күн контрацепцияның тосқауыл әдістерін қолдану қажеттілігі туралы ескерту керек. АГС ауыр ятрогендік асқыну бола отырып, тез үдей алады (24 сағаттан бірнеше күнге дейін), сондықтан аХГ енгізілгеннен кейін пациенттерді кем дегенде 2 апта мұқият бақылау қажет.
Менопур препаратының ұсынылған дозаларын, енгізу режимін сақтау және терапияны мұқият бақылау аналық бездердің гиперстимуляциясы мен көп ұрықты жүктілік жағдайларын азайтуы мүмкін. ҚҰТ жүргізу кезінде овуляция басталғанға дейін барлық фолликулалардың ішін аспирациялау АГС даму қаупін төмендетуі мүмкін.
Жүктіліктің дамуымен АГС ауыр және ұзаққа созылатын болуы мүмкін. Көбінесе АГС гонадотропиндермен емді тоқтатқаннан кейін дамиды және ем аяқталғаннан кейін 7-10 күннен кейін ең үлкен ауырлық дәрежесіне жетеді. Әдетте, АГС етеккір басталғаннан кейін өздігінен өтеді.
Ауыр дәрежедегі АГС дамыған кезде емдеу тоқтатылып, пациент ауруханаға жатқызылады және арнайы терапия басталады.
АГС дамуы АПКС бар пациенттерге тән.
Көп ұрықты жүктілік
Көп ұрықты жүктілік кезінде қолайсыз аналық және перинаталдық нәтижелердің жоғары қаупі байқалады.
Менотропиндерді қолданған кезде көп ұрықты жүктілік табиғи ұрықталуға қарағанда жиі дамиды. Егіздердің туылуының ең жоғары жиілігі байқалады. Көп ұрықты жүктілік қаупін азайту үшін аналық бездердің стимуляциялауға реакциясын мұқият бақылау ұсынылады.
ҚҰТ жүргізу жағдайында көп ұрықты жүктіліктің пайда болу ықтималдығы енгізілген эмбриондар санына, олардың сапасы мен пациент жасына байланысты болады.
Бедеулікке емді бастамас бұрын пациент көп ұрықты жүктіліктің ықтимал қаупі туралы хабарлы болуы керек.
Жүктіліктің асқынуы
Менопур препаратымен емделгенен кейін өздігінен түсетін түсіктер мен жүктілік басталғанда мерзімінен бұрын босану жиілігі сау әйелге қарағанда жоғары болады.
Эктопиялық жүктілік
Анамнезінде жатыр түтігі аурулары бар пациенттерде табиғи бала біту жағдайында да, бедеулікті емдеуде де эктопиялық жүктіліктің пайда болу қаупі жоғары. ЭКҰ-дан кейінгі эктопиялық жүктіліктің таралуы жалпы популяцияда 1% -дан 1,5%-ға дейінгімен салыстырғанда 2%-дан 5% - ға дейінгіні құрайды.
Ұрпақ өрбіту ағзаларының жаңа түзілімдері
Бедеулікті емдеуге арналған препараттарды бірнеше рет қабылдаған әйелдерде аналық бездердің және ұрпақ өрбіту жүйесінің басқа ағзаларының қатерсіз және қатерлі ісіктері туралы хабарламалар бар. Қазіргі уақытта гонадотропиндермен емдеу бедеулігі бар әйелдерде осы ісіктердің бастапқы қаупін арттырып-арттырмайтыны анықталмаған.
Туа біткен даму ақаулары
ҚҰТ пайдалану кезінде шарананың туа біткен даму ақауларының кең таралуы табиғи ұрықтану кезіндегіге қарағанда шамалы артық болуы мүмкін. Бұл ата-аналарының жекелеген ерекшеліктеріне (анасының жас шамасы, шәуһет сипаты және т.б.) және көпұрықты жүктілікке байланысты болуы мүмкін деп саналады
Тромбоэмболиялық асқынулар
Гонадотропиндермен емделу кезінде немесе одан кейін жеке немесе отбасылық бейімділік, семіздік (ДСИ > 30 кг/м2) немесе тромбофилия секілді тромбоэмболиялық асқынулар дамуының белгілі қауіп факторлары бар әйелдерде веноздық немесе артериялық тромбоэмболиялық асқынулар қаупі жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда оларды қолдану пайдасы мен ықтимал қаупі салыстырылуы керек. Сондай-ақ, жүктіліктің өзі де тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупін арттыратынын ескеру қажет.
Пациенттердің арнайы клиникалық топтарында қолдану
Бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде
Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.
Балалар
Менопур препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға көрсетілімдер жоқ.
Жүктілік кезінде және емізу кезеңінде қолдану
Менопур препаратын жүктілік кезінде және емізу кезеңінде қолдану қарсы көрсетілген.
Көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Менотропиндердің көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсері зерттелген жоқ. Менопур препаратының көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етуі екіталай.