Жергілікті әсер беретін анестетиктерден туындаған жедел шұғыл жағдайлар, жергілікті әсер беретін анестетиктер тағайындалуы бойынша пайдаланылғанда да, тамыр ішіне байқаусызда және жылдам енгізілгенде де байқалатын, плазмадағы жоғары концентрацияларымен байланысты. Артық дозалануының симптомдары байқаусызда тамыр ішіне енгізілген немесе әдеттен тыс сіңірілуі жағдайлары, мысалы, қабынған немесе васкуляризациялануы күшті тіндер болған жағдайдағы сияқты не бірден туындауы мүмкін немесе олар кешірек, жансыздандыратын ерітіндінің тым көп мөлшерін енгізгеннен кейін нақты артық дозалануының нәтижесінде көрініс береді. Олар орталық жүйке жүйесі және/немесе қантамырлар тарапынан симптомдар түрінде көрініс беруі мүмкін. Тіркеуден кейін қадағалау барысында артық дозаланған жағдайлар тіркелмеген.
Мепивакаин түрткі болатын симптомдар:
Жүрек-қантамыр жүйесімен байланысты симптомдар (Ағзалар жүйесінің класы: жүрек аурулары, қантамырлардың аурулары, зертханалық диагностика): артериялық қысымның төмендеуі /гипотония, брадикардия, жүректің тоқтап қалуы, өткізгіштік бұзылулары (жүрек блокадасы, қарынша аритмиялары), жүрек лықсытуының төмендеуі, миокард әлсіздігі.
Орталық жүйке жүйесімен байланысты симптомдар (Ағзалар жүйесінің класы: Психикалық бұзылыстар, жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар, есту мүшесі мен тепе-теңдік тарапынан бұзылулар, асқазан ішек жолы тарапынан бұзылулар, қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар, зертханалық диагностика): үрейлену, шашыраңқы көру, қалтырау, кома, сананың шатасуы, бас айналуы, дәм сезбей қалу, құрысу ұстамалары, бұлшықеттердің құрысуы, естен тану, миоз, жүрек айнуы, тыныс алу жолының салдануы, тыныс алудың жиілеуі, мазасыздық күйі, ұйқышылдық, құлақтағы шуыл, тремор, құсу.
Келесі симптомдар ондай құбылыстың болжамына (нәтижесіне) қатысты анағұрлым қауіпті болып табылады:
Артериялық қысымның төмендеуі, жүректің тоқтап қалуы, өткізгіштік бұзылулары, қатты құрысулар, тыныстың тоқтап қалуы және ұйқышылдық/кома.
Емі
Артық дозалануының симптомдары пайда болған жағдайда, жергілікті әсер беретін анестетикті енгізуді тоқтату керек.
Жалпы негізгі шаралар:
Диагностика (тыныс алу, қанайналым, сана), өмірлік маңызы бар функцияларды (тыныс алу және қанайналым) демеу /қалпына келтіру, оттегін енгізу, венаға енгізу жолы.
Арнайы шаралар:
Гипертония Дененің жоғарғы бөлігін көтеру, қажет болған жағдайда: нифедипинді тіл астына салу
Құрысу ұстамасы: Пациентті қатарлас жарақаттардан қорғау, қажет болған жағдайда: бензодиазепиндер (мысалы, диазепам IV)
Гипотензия: Көлденең қалыпқа жатқызу, қажет болған жағдайда: вена ішіне теңдестірілген электролит ерітіндісін, вазопрессорларды (мысалы, этилефрин IV) құю.
Брадикардия: Атропин IV
Анафилаксиялық
шок: Жедел жәрдем дәрігерін шақыру керек, сол аралықта шокқа қарсы қалыпқа жатқызып, теңдестірілген мол электролит ерітіндісін құю, қажет болған жағдайда, адреналин IV, кортизон IV
Жүректің тоқтап қалуы:Дереу жүрек-өкпе реанимациясы, жедел жәрдем дәрігерін шақыру
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар Дәрілік препаратты қолданбас бұрын, дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.