Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для внутривенного введения
Дозасы
0.5 г
Саудалық атауы
Меропенем
Әсер етуші зат
Меропенем
Мақсаты
Ауыр пневмониялар (ауруханадан тыс және ауруханаішілік, оның ішінде ӨЖЖ-де (өкпені жасанды желдету) жүре пайда болған пневмониялар)
Өндіруші
Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді зат – меропенем
(сусыз меропенемге шаққанда) 0.500 г және 1.000 г,
қосымша зат: натрий карбонаты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті кристалды ұнтақ
Меропенем ересектердегі және 3 айдан асқан балалардағы мынадай инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
• ауыр пневмониялар (ауруханадан тыс және ауруханаішілік, оның ішінде ӨЖЖ-де (өкпені жасанды желдету) жүре пайда болған пневмониялар)
• муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары
• бүйрек және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
• құрсақ қуысының асқынған инфекциялары
• босану кезіндегі және босанудан кейінгі инфекциялар
• терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
• жедел бактериялық менингит
Меропенем бактериялық инфекциядан туындаған нейтропениясы және қызбасы бар пациенттерді емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Бұдан өзге, ол жоғарыда аталған инфекциялардың кез-келгенімен байланысты немесе байланысты болуы болжанатын бактериемиясы бар пациенттерді емдеу үшін қолданылады.
Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру керек.
Әсер ету механизмі
Меропенем пенициллин байланыстыратын ақуыздармен (ПБА) байланысу жолымен грамоң және грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғаларының синтезіне әсер ету арқылы бактерицидтік әсер береді.
Бактерияға қарсы басқа да бета-лактамды дәрілер жағдайындағы сияқты, меропенем концентрациясы ең төменгі тежеуіштік концентрациясынан (ЕТТК) асқан кездегі уақыт көрсеткіштері (Т>ЕТТК), тиімділігімен өзара байланыстылық дәрежесінің жоғарылығын көрсетеді. Меропенем тиісті микроорганизмдер үшін ЕТТК-дан асатын қан плазмасындағы концентрацияларда дозалау аралығының шамамен 40% - ға белсенділігін көрсетті. Мақсатты тағайындалуы клиникалық тұрғыда белгіленбеген.
Меропенемге бактериялық резистенттілік төмендегілердің нәтижесінде туындауы мүмкін:
1. грамтеріс бактериялардың сыртқы жарғақшасы өткізгіштігінің төмендеуі (пориндер өнімділігінің төмендеуіне байланысты)
2. мақсатты ПБА-мен тектестігінің төмендеуі
3. эффлюкстік сорғы компоненттері экспрессиясының жоғарылауы
4. карбапенемдерді гидролиздеуі мүмкін бета-лактамазалардың өндірілуі.
Мақсатты микроорганизмдерді ескерсек, меропенем мен хинолондар, аминогликозидтер, макролидтер және тетрациклиндер класына жататын дәрілік заттар арасындағы айқаспалы резистенттілік жоқ. Дегенмен, бактериялар, егер оның механизміне жасуша жарғақшасының өткізбеушілігі және/немесе эффлюкстік сорғының(-лардың) болуы кіретін болса, бактерияға қарсы дәрілердің бір класынан артығына резистенттілік танытуы мүмкін.
Кестеде меропенемнің клиникалық жағдайлардағы әртүрлі бактериялық патогендерге қатысты ЕТТК шектік мәндері келтірілген:
Патогендер — Сезімталдығы (мг/л) — Резистенттілігі
Enterobacteriaceae — ≤2 — >8
Pseudomonas spp. — ≤2 — >8
Acinetobacter spp. — ≤2 — >8
Streptococcus A, B, C, G топтары — 6 ескертпені қараңыз — 6 ескертпені қараңыз
Streptococcus pneumoniae1 — ≤2 — >2
Viridans group streptococci2 — ≤2 — >2
Enterococcus spp. — - — -
Staphylococcus spp. — 3 ескертпені қараңыз — 3 ескертпені қараңыз
Haemophilus influenzae1,2Moraxella catarrhalis2 — ≤2 — >2
Neisserea meningitidis2,4 — ≤0,25 — >0,25
Грамоң анаэробтар Clostridium difficile қоспағанда — ≤2 — >8
Грамтеріс анаэробтар — ≤2 — >8
Listeria monocytogenes — ≤ 0,25 — > 0,25
Спецификалық емес шектік мәндері4 — ≤2 — >8
1.Меропенемнің менингит кезіндегі Streptococcus pneumoniae және Haemophilus influenzae үшін шектік мәндері 0,25 мг/л (сезімтал) және 1 мг/л (резистентті) құрайды.
2.ЕТТК мәндері сезімталдық шегінен жоғары микроорганизмдер штаммдары сирек немесе қазіргі кезде анықталып жүрген жоқ. Мұндай изоляттың кез келгеніне қатысты идентификациялау және микробқа қарсы сезімталдығы жөніндегі талдауларды қайталап жүргізу қажет, егер нәтижесі расталса, изолят анықтамалық зертханаға жөнелтіледі. Әзірге резистенттіліктің ағымдағы шектік мәндерінен жоғары ЕТТК мәндерімен верификацияланған изоляттар үшін клиникалық жауап туралы мәліметтер бар болса, изоляттар төзімді түрлері ретінде тіркелуі тиіс.
3.Стафилококтардың меропенемге сезімталдығы, цефокситинге сезімталдығы жөніндегі деректер бойынша болжанады.
4.Шектік мәндері тек менингитке арналған.
5.Түрлерге байланысты емес бақылау нүктелері ФК/ФД деректері негізінде анықталды және ЕТТК нақты түрлері үшін таралуына тәуелді емес. Олар тек белгілі бір тоқтау нүктелері жоқ микроорганизмдерге арналған. Түрлермен байланысты емес бақылау нүктелері мынадай дозаларға негізделген: EUCAST бақылау нүктелері ауыр инфекциялар үшін күн сайын ең аз 1000 мг x 3 дозада 30 минут ішінде вена ішіне енгізілетін меропенемге жатады және И/У үзіліс нүктесін орнату кезінде күніне 2 г x 3 дозаға назар аударылды.
Дозалау режимі
Дозалануы және емнің ұзақтығы инфекцияның типіне, ауырлығына және пациенттің жай-күйіне байланысты белгіленуі тиіс.
Ересектер мен жасөспірімдерге арналған күніне үш рет 2 г дейінгі дозалары және балаларға арналған күніне үш рет 40 мг/кг дейінгі дозалары Enterobacteriaceae, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter spp-ден туындаған инфекцияларды немесе өте ауыр инфекцияларды емдеу үшін мақсатқа сай қолданылуы мүмкін.
Мынадай тәуліктік дозалары ұсынылады:
Ересектер және жасөспірімдер:
Инфекция — Әр 8 сағат сайын енгізуге арналған дозасы
Ауыр пневмониялар (ауруханадан тыс және ауруханаішілік, оның ішінде ӨЖЖ-де жүре пайда болған пневмониялар) — 500 мг немесе 1 г
Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары — 2 г
Бүйрек және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары — 500 мг немесе 1 г
Асқынған іш қуысы ішіндегі инфекциялар — 500 мг немесе 1 г
Босану кезіндегі және босанудан кейінгі инфекциялар — 500 мг немесе 1 г
Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары — 500 мг немесе 1 г
Жедел бактериялық менингит — 2 г
Фебрильді нейтропения — 1 г
Меропенемді әдетте вена ішіне 15–30 минут ішінде енгізеді.
Баламасы ретінде, 1 г дейінгі дозаларын вена ішіне болюстік инъекция түрінде 5 минут ішінде енгізуге болады. Меропенемді ересектерге 2 г дейінгі дозада вена ішіне болюстік инъекция жолымен енгізудің қауіпсіздігі жөнінде шектеулі деректер бар.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
3 айға дейінгі балалар
3 айға дейінгі балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі, сондай-ақ оңтайлы дозалау режимі анықталған жоқ. Алайда, фармакокинетикасы бойынша шектеулі деректер әр 8 сағат сайын 20 мг/кг доза оңтайлы дозалау режимі болып табылады деп болжауға мүмкіндік береді.
3 айдан 11 жасқа дейінгі, дене салмағы 50 кг-ден аз балалар:
Инфекция — Әр 8 сағат сайын енгізуге арналған дозасы
Ауыр пневмониялар (ауруханадан тыс және ауруханаішілік, оның ішінде ӨЖЖ-де жүре пайда болған пневмониялар) — 10 немесе 20 мг/кг
Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары — 40 мг/кг
Бүйрек және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары — 10 немесе 20 мг/кг
Асқынған іш қуысы ішіндегі инфекциялар — 10 немесе 20 мг/кг
Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары — 10 немесе 20 мг/кг
Жедел бактериялық менингит — 40 мг/кг
Фебрильді нейтропения — 20 мг/кг
Дене салмағы 50 кг-ден асатын балалар
Ересектер үшін ұсынылған дозаны қолдану керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар балаларда препаратты қолдану тәжірибесі жоқ.
Меропенемді әдетте вена ішіне 15–30 минут ішінде енгізеді.
Баламасы ретінде, меропенемнің 20 мг/кг дейінгі дозаларын вена ішіне болюстік инъекция түрінде 5 минут ішінде енгізуге болады. 40 мг/кг дозаны балаларға вена ішіне болюстік инъекция түрінде енгізудің қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген.
Егде жастағы пациенттер
Бүйрек функциясы қалыпты немесе креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден асатын егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз).
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Креатинин клиренсі 51 мл/мин аз ересектер мен жасөспірімдерде меропенемнің дозасы төмендегідей азайтылуы тиіс:
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Доза (500 мг, 1 г доза бірліктері негізінде) — Енгізу жиілігі
26–50 — Бір доза бірлігі — әр 12 сағат сайын
10 – 25 — 0,5 доза бірлігі — әр 12 сағат сайын
< 10 — 0,5 доза бірлігі — әр 24 сағат сайын
Меропенем гемодиализ және гемофильтрация кезінде шығарылады. Меропенемнің қажетті дозасы гемодиализ емшарасынан кейін енгізілуі тиіс.
Перитонеалдық диализ жасалатын пациенттерде меропенемді қолдану тәжірибесі жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Меропенемді әдетте 15–30 минут бойы вена ішіне енгізеді.
Сұйылту үшін инфузиялық ерітінділерді (0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі 50-ден 200 мл дейінгі мөлшерде) пайдалана отырып, вена ішіне қолдануға арналған меропенем кем дегенде 5 минут бойы вена ішіне болюстік инъекция түрінде, немесе 15–30 минут бойы вена ішіне инфузия түрінде енгізілуі мүмкін.
Дәрілік препаратты енгізер алдында қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулар
Меропенем келесі инфузиялық ерітінділермен үйлесімді: 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі.
Вена ішіне болюстік инъекцияға арналған меропенемді инъекцияға арналған стерильді сумен (әрбір 250 мг меропенемге 5 мл су) сұйылтқан жөн, мұндайда препараттың концентрациясы 50 мг/мл-ге жуықты құрайды. Алынған ерітінді мөлдір түссіз немесе ақшыл-сары сұйықтық болып табылады.
Енгізер алдында құтының зақымдалмағанын, ерітіндіде бөлшектердің
жоқтығын, препарат түсінің өзгеруін (қалыпты күйде ерітінді түссізден ақшыл-сары түске дейін болуы мүмкін) көзбен қарап тексеру керек. Аталған кемістіктер анықталса, препарат утилизациялануы тиіс.
Меропенем басқа препараттармен араластырылмауы немесе оларға қосылмауы тиіс. Меропенемді сұйылтқан кезде антисептиканың стандартты режимін сақтау керек.
Қолданар алдында сұйылтылған ерітіндіні сілкіңіз.
Барлық құтылар тек бір рет қолдануға арналған.
Вена ішіне инъекциялар және инфузиялар үшін жаңа әзірленген меропенем ерітіндісін пайдалану ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Қолдану ұзақтығын дәрігер анықтайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер препарат қолдану туралы сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
• әсер ететін затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• карбапенемдер класындағы басқа антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық
• кез келген басқа бета-лактамды антибиотиктерге (мысалы, пенициллиндерге, цефалоспориндерге) айқын аса жоғары сезімталдық (мысалы, анафилаксиялық реакциялар, терінің ауыр реакциялары)
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• 3 айлық жасқа дейінгі балалар (пациенттердің бұл тобы үшін тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған).
Жиі
• тромбоцитемия
• бас ауыруы
• іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея
• «бауыр» трансаминазалары, сілтілік фосфатазалар, лактатдегидрогеназа белсенділігінің жоғарылауы
• тері бөртпелері, қышыну
• енгізу орнындағы ауыру және қабыну
Жиі емес
• ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы, қынаптық кандидоз
• тромбоцитопения, эозинофилия, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия
• гипокалиемия
• ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок
• парестезиялар
• жалған жарғақшалы колит
• гипербилирубинемия
• бауырдың дәрілік зақымдануы (DILI), ол гепатитті және бауыр жеткіліксіздігін қамтиды
• есекжем, көп формалы (экссудативті) эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
• қандағы мочевинаның және креатининнің жоғарылауы
• тромбофлебит, инъекция орнының ауыруы
Сирек
• сандырақ
• құрысулар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• эозинофилиясы және жүйелі симптомдары бар дәрілік реакция (DRESS-синдром), жедел генерализацияланған экзантематозды пустулез
Балалар
3 айдан асқан балаларға меропенемді қолдануға рұқсат етілген. Қолда бар шектеулі деректерді негізге алсақ, балаларда дәрілік препараттарға қандай да бір жағымсыз реакциялардың жоғары қаупі туралы дәлелдер жоқ. Алынған барлық мәліметтер ересек тұрғындарда байқалған жағдайларға сәйкес келді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер дозасы жоғарыда сипатталғандай түзетілмесе, салыстырмалы артық дозалану бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде байқалуы мүмкін.
Симптомдары: артық дозаланудан кейінгі жағымсыз реакциялары «Жағымсыз реакциялар сипаттамасы» бөлімінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келеді, әдетте ауырлығының жеңіл дәрежесімен ерекшеленеді және препаратты тоқтатқан соң немесе дозаны азайтқаннан кейін басылады.
Емі: симптоматикалық.
Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде препараттың бүйрекпен шығарылуы жылдам жүреді.
Меропенем және оның метаболиті гемодиализбен шығарылады.
Меропенемді әр нақты пациентті емдеу үшін тағайындағанда карбапенемдерді инфекцияның ауырлығына, бактерияға қарсы басқа препаратарға резистенттіліктің болуына байланысты пайдаланудың мақсатқа сай болатындығына көңіл бөлу қажет.
Enterobacteriaceae, Pseudomonas aeruginosa және Acinetobacter spp. резистенттілік
Enterobacteriaceae, Pseudomonas aeruginosa және Acinetobacter spp. меропенемге резистенттілік географиялық тұрғыдан өзгеріп тұруы мүмкін. Бактерияға қарсы емді тағайындағанда жергілікті ресми нұсқаулықтарды ескеру керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Меропенемді де, басқа бета-лактамды антибиотиктерді де қолданған кездегі аса жоғары сезімталдық реакциялары жағдайлары (соның ішінде, өлімге әкеліп соққан) туралы сирек хабарламалар бар.
Анамнезінде карбапенемдерге, пенициллиндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер меропенемге аса жоғары сезімталдық танытуы мүмкін. Меропенеммен емдеуді бастар алдында, анамнезіндегі бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакцияларына ерекше көңіл бөле отырып, пациенттен мұқият сұрақ-жауап алу қажет.
Егер меропенемге аллергиялық реакция пайда болса, онда препаратты енгізуді тоқтату және тиісті шаралар қабылдау қажет.
Терінің ауыр реакциялары
Меропенеммен ем алған пациенттерде Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН), эозинофилиямен және жүйелі симптомдарымен дәрілік реакция (DRESS-синдром), мультиформалы эритема (EM) және жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) сияқты терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) байқалды («Жағымсыз реакциялар сипаттамасы» бөлімін қараңыз). Егер көрсетілген реакциялардың дамуын көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болса, меропенеммен емді дереу тоқтату және баламалы емдеуді қарастыру керек.
Коунис синдромы
Басқа бета-лактамды антибиотиктерді қолдану кезінде Коунис синдромына (жедел аллергиялық коронарлық артерия түйілуі, ол миокард инфарктіне әкелуі мүмкін) дейін үдеген аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланды.
Жалған жарғақшалы колит
Меропенемді қолданған кезде, іс жүзінде барлық антибиотиктерді қолданған кездегідей, жалған жарғақшалы колиттің дамуы байқалады, ол ауырлығы бойынша жеңілден өмірге қауіп төндіретін түрге дейін өзгеруі мүмкін. Меропенемді қолдану аясында диарея дамыған жағдайда жалған жарғақшалы колиттің туындау ықтималдығын ескеру маңызды. Меропенеммен емдеуді тоқтатуды қарастыру және Clostridium difficle спецификалық емін бастау қажет. Перистальтиканы тежейтін препараттарды қабылдамаған дұрыс.
Құрысулар
Карбапенемдермен, соның ішінде, меропенеммен емдеу кезінде құрысулардың дамығаны туралы хабарлануы жиі емес.
Бауырдың дәрілік зақымдануы (DILI)
Меропенеммен емдеу кезінде DILI даму қаупіне байланысты бауыр функциясын мұқият қадағалау керек. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр дәрежесі (DILI) туындаған кезде емдеуді тоқтатуды клиникалық тұрғыда орынды деп қарастыру керек. Бұл емдеу үшін қажет болған жағдайда ғана меропенемді қайтадан тағайындау керек.
Бауыр аурулары бар пациенттерді емдеу «бауыр» трансаминазаларының белсенділігі мен билирубин концентрациясын мұқият бақылай отырып жүргізілуі тиіс. Дозаны түзету қажет емес.
Кумбс сынамасы
Меропенеммен емдеу кезінде тікелей немесе тікелей емес Кумбс сынамалары оң болуы мүмкін.
Вальпрой қышқылымен/ натрий вальпроатымен/вальпромидпен бір мезгілде қолдану
Меропенемді және вальпрой қышқылын/ натрий вальпроатын/вальпромидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Арнайы сақтандырулар
Натрий
0.5 г Меропенемнің құрамында 2,08 ммоль (немесе 47,74 мг) натрий бар, 1.0 г Меропенемнің құрамында 4,16 ммоль (немесе 95,47 мг) натрий бар. Натрийдің түсуін шектейтін диетада жүрген пациенттер ескеруі қажет
Педиатрияда қолдану
3 айлыққа дейінгі балаларда препараттың тиімділігі мен жағымдылығына баға берілген жоқ, осыған байланысты меропенемді осы жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, меропенемді қолданған кезде бас ауыруы, құрысулар мен парестезияның дамуы мүмкіндігін ескеру керек.
Меропенемді жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Меропенемнің басқа препараттармен (пробенецидті қоспағанда) өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Пробенецид түтікшелік секрецияны белсенді ету үшін, бүйректік экскрецияны тежей және меропенемнің плазмадағы концентрациялары мен жартылай шығарылу кезеңін арттыра отырып, меропенеммен бәсекелеседі. Меропенемді пробенецидпен бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту қажет.
Меропенемнің басқа препараттардың ақуыздармен байланысуына немесе метаболизміне ықтимал әсері зерттелген жоқ. Меропенемнің ақуыздармен байланысуы төмен, сондықтан плазма ақуыздары байланысынан ығыстырып шығаруға негізделген басқа препараттармен өзара әрекеттесуі болмауы тиіс деп болжам жасалады.
Карбапенемдер мен вальпрой қышқылы препараттарын бірге қолдану 2 күн емдеуден кейін қан плазмасындағы вальпрой қышқылы концентрациясының 60–100%-ға төмендеуіне алып келген. Вальпрой қышқылы концентрациясының жылдам және елеулі төмендеуіне байланысты, меропенем мен вальпрой қышқылы препараттарын бірге қабылдау ұсынылмайды.
Пероральді антикоагулянттар
Тікелей емес антикоагулянттар (мысалы, варфарин) мен бактерияға қарсы препараттарды бірге қабылдағанда антикоагулянттық әсерінің күшейгені туралы бірнеше рет хабарланды. Антикоагулянттық әсерінің күшею қаупі инфекцияның сипатына, пациенттің жас шамасы мен жалпы жағдайына тәуелді болуы мүмкін, сондықтан бактерияға қарсы препараттың халықаралық қалыптастырылған қатынастың (ХҚҚ) артуына әсерін бағалау қиын. Бактерияға қарсы препарат пен тікелей емес антикоагулянтты бірге қабылдау кезінде және оны тоқтатқаннан кейін біраз уақыт бойы ХҚҚ жиі мониторингтеу ұсынылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.