Жиі
• бас ауыруы
• құсу, жүрек айнуы, іштің ауырсынуы, диарея, метеоризм
• бөртпе (есекжем, эритематозды бөртпені қоса)
Сирек
• бас айналуы
• миокардит*, перикардит*
• жедел панкреатит*
• амилаза деңгейі жоғарылауы (қанда және/немесе несепте)
• жарыққа сезімталдық **
Өте сирек
• қан көрсеткіштерінің өзгеруі (анемия, аплазиялық анемия, агранулоцитоз, нейтропения, лейкопения, оның ішінде гранулоцитопения), панцитопения, тромбоцитопения және эозинофилия (аллергиялық реакцияның бөлігі ретінде) сияқты қан аурулары
• аса жоғары сезімталдық реакциясы, анафилаксиялық реакция, эозинофилиясы және жүйелік көріністері болатын дәрілік реакция (DRESS)
• шеткері нейропатия
• перикардтық жалқық
• өкпенің аллергиялық және фиброздық реакциялары (оның ішінде ентігу, жөтел, бронх түйілуі, альвеолит, өкпе эозинофилиясы, өкпе инфильтрациясы, пневмония), интерстициялық пневмония, эозинофильді пневмония
• панколит
• трансаминаза деңгейі жоғарылауы және холестаздық параметрлер жоғарылауы (мысалы, сілтілік фосфотаза, гамма-глутамилтрансфераза және билирубин) және гепатоуыттылық белгілері (гепатит*, холестаздық гепатит, бауыр циррозы, бауыр жеткіліксіздігі)
• қайтымды алопеция, аллергиялық дерматит, мультиформалы эритема, ангионевроздық ісіну
• артралгия, миалгия, жүйелі қызыл жегі синдромына ұқсас синдром даму жағдайы (жүйелі қызыл жегі)
• бүйрек жеткіліксіздігі (оның ішінде жедел және созылмалы интерстициялық нефрит*, нефроздық синдром), жедел/ созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, несеп түсінің өзгеруі
• олигоспермия (қайтымды)
• дәрілік қызба
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкіндігі жоқ)
• Стивенс — Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН), эозинофилиясы және жүйелік көріністері болатын дәрілік реакциялар (DRESS) ***
• нефролитиаз
• идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия
* Месалазинмен индукцияланған миокардит пен перикардит, панкреатит, нефрит және гепатиттің механизмі белгісіз, бірақ шығу тегі аллергиялық болуы мүмкін. Нефролитиаз туралы қосымша ақпарат алу үшін «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз.
** Жарыққа сезімталдық
Атопиялық дерматит және атопиялық экзема сияқты бұрын болған тері аурулары бар пациенттерде тым ауыр реакциялар туралы хабарланды.
*** Месалазинмен емдеуге байланысты эозинофилиясы және жүйелік көріністері болатын дәрілік реакцияларды (DRESS), Стивенс — Джонсон (SJS) синдромын және уытты эпидермалық некролизді (TEN) қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) туралы хабарламалар бар. Егер сіз келесі симптомдардың қайсы бірін байқасаңыз, месалазин қабылдауды тоқтатыңыз және дереу дәрігерге хабарласыңыз: денедегі көбіне ортасында күлдіреуіктері болатын, дүмпиіп көтерілмеген қызғыш, нысана түріндегі немесе дөңгелек дақтар, терінің қабыршақтануы, ауыз қуысының, тамақтың, мұрынның, гениталийдегі және көздің ойық жаралары, бөртпелермен ауқымды зақымдану, қызба және лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ауыр тері бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар болуы мүмкін.
Балалар мен жасөспірімдер
Жасөспірімдерде бассүйекішілік қатерсіз гипертензия (мидағы қатерсіз қан қысымы жоғарылауы) туралы өте аз мәліметтер болды. Симптомдары бас ауыруы, жүрек айну, құсу және/немесе көру немесе есту қабілетінің бұзылуы болып табылады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz