Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для приема внутрь
Дозасы
1г/10 мл
Саудалық атауы
Метакартин
Әсер етуші зат
Левокарнитин
Мақсаты
Бастапқы және салдарлы карнитин тапшылығында
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір құтының ішінде
белсенді зат – левокарнитин 1.0 г немесе 2.0 г
қосымша заттар: натрий бензоаты, алма қышқылы, апельсин хош иістендіргіші, натрий сахарині, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе ақшыл-сары түсті ерітінді.
- бастапқы және салдарлы карнитин тапшылығында.
Карнитин өзі энергия өндірілуі мен тасымалдануында маңызды рөл атқаратын жасушалардың табиғи компоненті болып табылады. Карнитин іс жүзінде, ұзынтізбекті май қышқылдарының митохондрияға өтуі және олардың β-тотығуға қатысуы үшін жалғыз алмастырылмайтын фактор; бұдан өзге, карнитин митохондриялар өндіретін энергияның цитоплазмаға, аденин-нуклеотид-транслоказа ферментінің модуляциясы жолымен тасымалдануын бақылауда ұстайды.
Карнитиннің анағұрлым жоғары концентрациялары қаңқа бұлшықеттері мен миокардта байқалады. Миокард, энергия алу үшін түрлі субстраттарды пайдалануға қабілеттілігіне қарамастан, әдетте, май қышқылдарын пайдаланады. Сондықтан, карнитин жүректік метаболизмде маңызды рөл атқарады, өйткені май қышқылдарының тотығуы қатаң түрде, аталған заттың жеткілікті мөлшерінің болуына тәуелді. Эксперименттік зерттеулер, түрлі стресс, жедел ишемия жағдайларында, күл миокардиті кезінде миокард тіндерінде карнитин деңгейінің төмендеуі байқалуы мүмкін екенін көрсетті. Жануарларда түрлі модельдерді пайдаланып жүргізілген зерттеулер, жүрек функциясының жасанды жолмен туындаған түрлі өзгерістер: жедел және созылмалы ишемия, жүрек жеткіліксіздігі жағдайлары, күл миокардиті аясындағы жүрек жеткіліксіздігі, дәрі-дәрмектік кардиоуыттылық (пропранолол, адриамицин) кезінде карнитиннің оң әсер беретіндігін растады.
Левокарнитин келесі патологиялар кезінде терапиялық тиімділігін көрсетті:
- липидтер жинақталуымен жүретін миопатия, Рей синдромы типті бауыр энцефалопатиясы және/немесе үдемелі дилатациялық кардиомиопатия сияқты фенотиптерімен сипатталатын бастапқы карнитин тапшылығы.
- шығу тегі генетикалық органикалық ацидуриялары (пропиондық ацидемия, метилмалондық ацидурия, изовалериандық ацидемия) бар пациенттердегі және β-тотығудың генетикалық ақаулары бар пациенттердегі салдарлы карнитин тапшылығы. Мұндай жағдайларда салдарлы тапшылығы май қышқылдары эфирлерінің жинақталуымен көрініс береді. Іс жүзінде, эндогендік левокарнитин метаболизденбейтін түрлі май қышқылдарына қатысты «буфер» ретінде әсер етеді.
- интермиттирлейтін гемодиализге ұшыраған пациенттердегі салдарлы карнитин тапшылығы. Бұлшықеттерде левокарнитиннің азаюы оның диализдейтін сұйықтықпен шығарылуымен өзара оң байланыста.
Әдетте мұндай пациенттерде гемодиализ сеансынан кейін байқалатын бұлшықет симптомдары, левокарнитинмен емдеу кезінде жақсарады.
Дозалану режимі
Генетикалық аурулар аясындағы бастапқы және салдарлы карнитин тапшылығын
Тәуліктік пероральді дозасы жас шамасы мен дене салмағына тәуелді: туылған сәттен бастап 2 жасқа дейінгілерге – кг дене салмағына 150 мг; 2 жастан 6 жасқа дейінгілерге – кг дене салмағына 100 мг; 6 жастан 12 жасқа дейінгілерге – кг дене салмағына 75 мг; 12 жастан асқандар мен ересектерде – аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты және дәрігердің кеңесіне байланысты – 2-4 г.
Гемодиализ аясындағы салдарлы карнитин тапшылығы
Тәуліктік пероральді дозасы 2-4 г құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Уытты болуы ықтимал метаболиттері триметиламин (TMA) мен триметил-N-тотығының (TMAТ) жинақталуы қаупіне байланысты, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер левокарнитиннің жоғары дозаларымен ұзақ пероральді ем қабылдамауы тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде айрықша сақтық шаралары және Метакартин препаратының дозасын өзгерту қажет емес. Клиникалық зерттеулерде байқалған қауіпсіздік бейіні егде жастағы және жас адамдарда салыстырымды.
Диабеті бар пациенттер
Диабеті бар, инсулинді немесе глюкозаның утилизациясын жақсартатын пероральді гипогликемиялық дәрілерді қабылдап жүрген пациенттерде левокарнитинді қолдану гипогликемияға алып келуі мүмкін, сондықтан ондай пациентерде, гипогликемиялық емді дер кезінде түзету үшін гликемия деңгейін жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Қолдану тәсілі мен енгізу жолы
Ішуге арналған Метакартин ерітіндісін тек сұйылтқаннан кейін қабылдайды. Ерітіндінің бір реттік дозаға арналған мөлшерін бір стақан суда сұйылту керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған кезде дәрігерден кеңес алу керек.
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері келесі ретпен анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Жиі
- құсу, жүрек айнуы, диарея, іш ауыруы;
Жиі емес
- бас ауыруы;
- гипертензия, гипотензия.
- дисгевзия, диспепсия, ауыздың құрғауы.
- терідегі аномальді иіс 2;
- бұлшықеттердің түйілулері;
- кеуденің ауыруы, аномальді сезінулер, пирексия.
- артериялық қысымның жоғарылауы;
Өте сирек
- халықаралық қалыптастырылған қатынастың (ХҚҚ) артуы 4.
Жиілігі белгісіз
- құрысулар1, бас айналуы.
- пальпитация.
- диспноэ.
- қышыну, бөртпе.
- миастения3, бұлшықет ширығуы.
1 Құрысу белсенділігімен немесе онсыз, пероральді немесе венаішілік левокарнитинді қабылдаған пациенттердегі құрысулар жағдайлары туралы хабарланды. Левокарнитинді қолдану құрысу ұстамасының жиілігін және/немесе ауырлық дәрежесін артыруы мүмкін. Бейімділік факторлары бар пациенттерде левокарнитинмен емдеу құрысуларды тудыруы мүмкін.
2 Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар немесе диализдегі пациенттерде левокарнитинді ұзақ уақыт пероральді қолдану триметиламин (TMA) мен триметил-N-тотығының (TMAТ) қанда жинақталуына алып келуі және, соның салдары ретінде, пациенттерде несебінде, шығарған демінде және тер бөліністерінде өткір «балық иісінің» болуымен сипатталатын патологиялық жай-күй триметиламинурияны – тудыруы мүмкін (5.2 бөлімін қараңыз).
3 Уремиясы бар пациенттерде миастенияның жеңіл симптомдары сипатталды.
4 Кумарин препараттарымен қатарлас ем қабылдаған пациенттерде халықаралық қалыптастырылған қатынастың (ХҚҚ) артуының өте сирек жағдайлары тіркелді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Левокарнитиннің артық дозалануы мен ұзақ уақыт қолданылуы диареямен қатар жүрген. Левокарнитин қаннан диализ арқылы оңай шығарылады.
Арнайы ескертулер
Диабеті бар, инсулинді немесе глюкозаның утилизациясын жақсартатын пероральді гипогликемиялық дәрілерді қабылдап жүрген пациенттерде левокарнитинді қолдану гипогликемияға алып келуі мүмкін, сондықтан ондай пациентерде, гипогликемиялық емді дер кезінде түзету үшін гликемия деңгейін жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Су-электролиттік теңгерімді бақылап отыру қажет.
Анамнезінде құрысу белсенділігі болған пациенттерде левокарнитинді қолдану құрысу ұстамаларының жиілігін және/немесе ауырлық дәрежесін арттыруы мүмкін. Бейімділік факторлары бар пациенттерде левокарнитинмен емдеу құрысуларды тудыруы мүмкін.
Бүйрек функциясының бұзылыстары бар пациенттерде пероральді қолдануға арналған левокарнитиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі көрсетілмеді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар, диализдегі пациенттерде левокарнитиннің жоғары дозаларын ұзақ уақыт пероральді қолдану, уытты болуы ықтимал метаболиттері триметиламин (TMA) мен триметил-N-тотығының (TMAТ) жинақталуына алып келуі мүмкін, өйткені бұл метаболиттері, әдетте, несеппен шығарылады. Мұндай жағдай левокарнитинді вена ішіне енгізген кезде байқалмайды.
Левокарнитин физиологиялық зат болып табылады және үйренісу немесе тәуелділіктің дамуы қаупіне әкеп соқтырмайды.
Кумарин препараттарымен қатарлас ем қабылдаған пациенттерде халықаралық қалыптастырылған қатынастың (ХҚҚ) артуының өте сирек жағдайлары тіркелді. Антикоагулянттармен және Метакартин препаратымен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде, ХҚҚ немесе коагуляцияның тиісінше басқа көрсеткіштерінің артуын, мәндері тұрақтанғанға дейін апта сайын, содан соң – ай сайын бақылау керек.
Қосымша заттар:
Препараттың құрамында натрий сахарині бар. Мұны қант диабеті бар науқастарды емдеу кезінде, тұқым қуалайтын сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі, фруктоза жақпаушылығы синдромы бар пациенттер немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер ескеруі керек.
1 г/10 мл Метакартиннің бір құтысында 0,048 г натрий бензоаты бар. 2 г/10 мл Метакартиннің бір құтысында 0,096 г натрий бензоаты бар. Натрий бензоаты жаңа туған нәрестелерде сарғаюды (тері мен көздің сарғаюы) күшейтуі (4 аптаға дейін) мүмкін.
Метакартиннің 1 г/10 мл бір құтысында 0,009 мг натрий, Метакартиннің 2 г/10 мл бір құтысында 0,018 мг натрий бар, яғни іс жүзінде «натрийсіз».
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Метакартинді жүктілік кезінде тек, анасы үшін емнің күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қаупінен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.
Лактация
Левокарнитин емшек сүтінің табиғи компоненті болып табылады. Левокарнитиннің бала емізіп жүрген әйелдерде қолданылуы зерттелмеді.
Метакартинді лактация кезінде тек, егер анасы үшін емнің күтілетін пайдасы бала үшін карнитиннің шамадан тыс экспозициясынан туындайтын ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.
Левокарнитин мен кумарин препараттары арасындағы өзара әрекеттесуді жоққа шығару мүмкін емес. Кумарин препараттарымен қатарлас ем қабылдаған пациенттерде халықаралық қалыптастырылған қатынастың (ХҚҚ) артуының өте сирек жағдайлары тіркелді. Антикоагулянттармен және Метакартин препаратымен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерде, халықаралық қалыптастырылған қатынастың (ХҚҚ) немесе коагуляцияның тиісінше басқа көрсеткіштерінің артуын, мәндері тұрақтанғанға дейін апта сайын, содан соң – ай сайын бақылау керек.
Левокарнитинді гипокарнитинемияны индукциялайтын препараттармен бір мезгілде қолдану, карнитиннің бүйрек арқылы шығарылуының артуы салдарынан (вальпрой қышқылы, құрамында пиваль қышқылы бар ізашар дәрілер, цефалоспориндер, цисплатин, карбоплатин және ифосфамид), левокарнитиннің қолжетімділігін төмендетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.