Келесі жағымсыз реакциялар пайда болу жиілігіне сәйкес тізбеленген:
Өте жиі ( 1/10), жиі ( 1/100 - <1/10), жиі емес ( 1/1000 - <1/100), сирек ( 1/10 000 - <1/1000), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)
Өте жиі:
• стоматит, диспепсия, жүрек айнуы, тәбеттің жоғалуы, іш ауыруы
• бауыр ферменттері деңгейінің (АлАТ, АсАТ, сілтілік фосфатаза) және билирубиннің деңгейінің жоғарылауы
Жиі:
• лейкопения, анемия, тромбоцитопения
• бас ауыру, қатты қажу, ұйқышылдық
• пневмония, интерстициальді альвеолит/көбіне эозинофилиямен қатар жүретін пневмонит. Өкпенің потенциалды ауыр зақымдануын (интерстициальді пневмонит) көрсететін симптомдарға қақырықсыз құрғақ жөтел, ентігу және қызба жатады
• ауыз қуысындағы ойық жаралар, диарея
• экзантема, эритема, тері қышынуы
Жиі емес:
• фарингит
• панцитопения
• қант диабетінің дамуы
• депрессия, сананың шатасуы
• бас айналу
• асқазан-ішек жолының ойық жаралары және қан кетулер, энтерит, құсу, панкреатит
• цирроз, фиброз және бауырдың майлы дистрофиясы, сарысу альбуминінің төмендеуі
• фотосенсибилизация, шаштың түсуі, ревматизмдік түйіндердің ұлғаюы, терінің ойық жаралары, белдемелі теміреткі, васкулит, терідегі герпес тәрізді бөртпелер, есекжем
• артралгия, миалгия, остеопороз
• қуықтың қабынуы мен ойық жаралар пайда болуы, бүйрек функциясының бұзылуы, несеп шығару бұзылулары
• қынаптың қабынуы мен ойық жаралар пайда болуы
Сирек:
• инфекция (латентті созылмалы инфекцияның қайта белсенділенуін қоса), сепсис, конъюнктивит
• аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок, гипогаммаглобулинемия
• көңіл күй өзгеруі
• көру бұзылыстары
• перикардит, перикардиальді жалқық, жүрек тампонадасы
• артериялық гипотензия, тромбоэмболиялық асқынулар
• өкпе фиброзы, Pneumocystis jirovecii туындатқан пневмония, ентігу және бронх демікпесі, плевралық жалқық
• гингивит
• жедел гепатит
• пигментацияның ұлғаюы, акне, петехиялар, экхимоздар, аллергиялық васкулит
• стресстік сынулар
• бүйрек жеткіліксіздігі, олигурия, анурия, электролиттік бұзылулар
• қызба, жараның нашар жазылуы
Өте сирек:
• лимфома
• агранулоцитоз, сүйек кемігінің ауыр бәсеңдеуі, лимфопролиферациялық аурулар
• ауыру, бұлшықет әлсіздігі немесе парестезия/гипестезия, дәм сезудің бұзылуы (темір тату), құрысулар, менингизм, жедел асептикалық менингит, салдану
• көрудің нашарлауы, ретинопатия
• гематемезис, мелена, уытты мегаколон
• бауыр жеткіліксіздігі
• Стивен-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), тырнақ пигментациясының өзгеруінің артуы, жедел паронихиялар, фурункулез, телеангиэктазиялар
• либидо төмендеуі, импотенция, гинекомастия, олигоспермия, етеккір оралымының бұзылуы, қынаптық бөлінулер
• бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізу кезінде инъекция орнының оқшау зақымдануы (стерильді абсцестің пайда болуы, липодистрофия) (алдын ала толтырылған шприцтегі Методжектке қана қатысты)
Белгісіз:
• эозинофилия
• энцефалопатия/лейкоэнцефалопатия
• мұрыннан қан кету, өкпенің альвеолярлық қан кетулері
• терінің қабыршықтануы/ эксфолиативті дерматит
• жақ сүйектің остеонекрозы (лимфопролиферациялық аурулар аясында салдарлы)
• протеинурия
• астения, инъекция орнының некрозы, ісіну
Жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығы препараттың дозасы мен енгізу жиілігіне байланысты. Алайда ауыр жағымсыз реакциялар метотрексатты төмен дозаларда қолданған кезде де туындауы мүмкін, сондықтан метотрексат қолданып жүрген пациенттер жүйелі медициналық бақылауда болуы керек.
Метотрексаттың тері астына енгізгендегі жергілікті жағымдылығы жақсы. Тек қана жеңіл жергілікті тері реакциялары байқалған (мысалы, енгізген жердегі ашытып күйдіру сезімі, эритема, домбығу, түстің өзгеруі, қышыну, қатты қышыну, ауыру), олар емдеу барысында азайған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтиткалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz