Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы
Метотрексатты қолдану кезіндегі ең күрделі жағымсыз реакцияларға сүйек кемігінің бәсеңдеуі, өкпе уыттылығы, гепатоуыттылық, нефроуыттылық, нейроуыттылық, тромбоэмболиялық құбылыстар, анафилаксиялық шок және Стивенс-Джонсон синдромы кіреді.
Метотрексатты енгізгендегі ең кең тараған (өте жиі) байқалатын жағымсыз реакциялар асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылыстар, мысалы, стоматит, диспепсия, іштің ауыруы, жүрек айнуы, тәбет болмауы және бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқуы, атап айтқанда, АЛТ, АСТ, билирубин, сілтілік фосфатаза көрсеткіштерінің артуы болып табылады. Басқа да тараған (жиі) жағымсыз реакцияларға лейкопения, анемия, тромбопения, бас ауыруы, шаршау, ұйқышылдық, пневмония, интерстициялық альвеолит/пневмонит, жиі эозинофилиямен үйлескен, ауыз қуысының ойық жарасы, диарея, экзантема, эритема және қышыну кіреді.
Ең елеулі жағымсыз әсерлерге қан түзу жүйесінің бәсеңдеуі және асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар жатады.
Өте жиі:
• стоматит, диспепсия, жүрек айну, тәбеттің болмауы, іштің ауыруы
• бауыр функциясы көрсеткіштерінің ауытқуы (алт, аст және сілтілік фосфатаза белсенділігінің және билирубин концентрациясының жоғарылауы)
Жиі:
• лейкопения, анемия, тромбоцитопения
• бас ауыруы, шаршау, ұйқышылдық
• пневмония, эозинофилиямен жиі қатар жүретін интерстициялық альвеолит/пневмония. Өкпенің ықтимал ауыр зақымдануын (интерстициялық пневмонит) көрсететін белгілерге мыналар жатады: құрғақ, қақырықсыз жөтел, ентігу және қызба
• ауыз қуысындағы ойық жаралар, диарея
• экзантема, эритема, қышыну
Жиі емес:
• фарингит
• панцитопения
• қант диабетінің дамуы
• депрессия, сананың шатасуы
• бас айналуы
• асқазан-ішек жолындағы ойық жаралар және қан кетулер, энтерит, құсу, панкреатит
• цирроз, фиброз және бауыр жасушаларында майдың шамадан тыс жиналуы, сарысулық альбуминнің төмендеуі
• фотосенсибилизация, шаштың түсуі, ревматизмдік түйіндердің ұлғаюы, терінің ойық жаралары, белдемелі теміреткі (herpes zoster), васкулит, терідегі герпес түріндегі бөртпелер, есекжем
• артралгия, миалгия, остеопороз
• қуықтың қабынуы және ойық жаралануы, бүйрек функциясының бұзылуы, несеп шығарудың бұзылуы
• қынаптың қабынуы және ойық жаралары
Сирек:
• инфекция (белсенді емес созылмалы инфекцияның қайта белсенділенуін қоса), сепсис, конъюнктивит
• аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық шок, гипогаммаглобулинемия
• көңіл-күйдің өзгеруі
• көрудің бұзылуы
• перикардит, перикардиальді жалқық, жүрек тампонадасы
• гипотензия, тромбоэмболиялық құбылыстар
• өкпе фиброзы, pneumocystis jirovecii тудырған пневмония, ентігу және бронх демікпесі, плевралық жалқық
• гингивит
• жедел гепатит
• пигментацияның ұлғаюы, акне, петехиялар, экхимоз, аллергиялық васкулит
• компрессиялық сыну
• бүйрек жеткіліксіздігі, олигурия, анурия, электролиттік бұзылулар
• қызба, жараның жазылуының бұзылуы
Өте сирек:
• лимфома
• агранулоцитоз, сүйек кемігі функциясының ауыр бәсеңдеуі, лимфопролиферациялық бұзылулар
• ауыру, бұлшықет астениясы немесе парестезия/гипестезия, дәм сезудің өзгеруі (металл дәмі), құрысулар, менингизм, жедел асептикалық менингит, салдану
• көрудің бұзылуы, ретинопатия
• қан құсу, қан кету, уытты мегаколон
• бауыр жеткіліксіздігі
• Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), тырнақ пигментациясының ұлғаюы, жедел паронихия, фурункулез, телеангиэктазиялар
• либидо болмауы, импотенция, гинекомастия, олигоспермия, етекірдің бұзылуы, қынаптық бөліністер
Жиілігі белгісіз:
• эозинофилия
• энцефалопатия/лейкоэнцефалопатия
• мұрыннан қан кету, өкпенің альвеолярлық қан кетулері
• терінің қабыршақтануы/эксфолиативті дерматит
• жақсүйектің остеонекрозы (лимфопролиферативті бұзылуларға қатысты салдарлы)
• протеинурия
• астения, инъекция орнының некрозы, ісіну
Жағымсыз әсерлердің жиілігі мен ауырлығы дозасы мен қолдану жиілігіне тәуелді. Алайда ауыр жағымсыз әсерлері метотрексатты төмен дозаларда қолданған кезде де туындауы мүмкін, сондықтан метотрексат қолданып жүрген пациенттер жүйелі түрде және қысқа уақыт аралығы сайын дәрігерлік тексеруден өтуі қажет.
Лимфома/лимфопролиферациялық бұзылулар: бірқатар жағдайларда метотрексатпен емді тоқтатқаннан кейін қайтып кететін лимфомалар пайда болуының және басқа лимфопролиферациялық бұзылудың жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.
Метотрексаттың тері астына енгізгендегі жергілікті жағымдылығы жақсы. Тек қана жеңіл жергілікті тері реакциялары байқалған (мысалы, енгізген жердегі ашытып күйдіру сезімі, эритема, домбығу, түсінің өзгеруі, қышыну, қатты қышыну, ауыру), олар емдеу барысында азайған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz