- метронидазолға немесе басқа 5-нитроимидазол туындыларына жоғары сезімталдық
- гранулоцитопения
- қан және қан түзу ағзаларының аурулары
- орталық және шеткері жүйке жүйесінің органикалық зақымданулары (соның ішінде эпилепсия)
- бауырдың ауыр бұзылулары
- дисульфираммен, этанолмен біріктіріп қабылдау
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде амоксициллинмен біріктіріп қабылдау
Арнайы сақтандырулар
Жоғары сезімталдық / тері мен оның қосымшалары:
Аллергиялық реакциялар, соның ішінде өмірге қауіпті анафилаксиялық шок болуы мүмкін. Бұл жағдайда метронидазолды тоқтатып, тиісті медициналық емді бастау керек.
Пустулалармен байланысты қызбалық жайылған эритеманың пайда болуы емнің басында жедел жайылған экзантематозды пустулезге күдік туғызуы тиіс; бұл емдеуді тоқтатуды талап етеді және метронидазолды жеке немесе біріктірілімде одан әрі қолдануға болмайтындығын көрсетеді.
Терінің ауыр реакциялары, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез (PEAG) метронидазолды қабылдау кезінде тіркелді. Пациенттер белгілері мен симптомдары туралы хабардар болуы тиіс және теріге мұқият мониторинг жүргізу керек.
Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы (мысалы, күлбіреуіктермен немесе шырышты қабықтың зақымдануларымен жиі жүретін үдемелі бөртпе) немесе AGEP (пустулалармен байланысты жайылған фебрильді эритема) белгілерінің немесе симптомдарының пайда болуы емдеуді тоқтатуды талап етеді және метронидазолды жеке немесе біріктірілімде одан әрі қолдануға болмайтындығын көрсетеді.
Орталық жүйке жүйесінің ауруы:
Егер энцефалопатияны немесе мишықтық синдромды көрсететін симптомдар (мысалы, атаксия, дизартрия, жүрістің бұзылуы, нистагм, Тремор, бас айналу, сананың шатасуы, құрысу, перифериялық сенсорлық нейропатия, бас аурулары), пайда болса, пациентті емдеуді дереу қайта қарап, метронидазолмен емдеуді тоқтату керек.
Энцефалопатия жағдайлары осы дәрілік заттың маркетингтен кейінгі мониторингі кезінде тіркелген. Сондай-ақ энцефалопатиямен байланысты МРТ өзгеру жағдайлары байқалды. Байқалған зақымданулар көбінесе мишықта (әсіресе тісті ядрода) және сүйелді дененің буылтығында орналасады. Энцефалопатия және МРТ өзгеруінің көптеген жағдайлары емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды. Өлім-жітімнің ерекше жағдайлары туралы хабарланды.
Орталық неврологиялық ауруы бар пациенттерде энцефалопатия белгілерінің пайда болуын немесе өршуін бақылау қажет.
Метронидазолды қабылдау кезінде асептикалық менингит жағдайында қайта енгізу ұсынылмайды немесе ауыр инфекция жағдайында пайда мен қауіптің арақатынасы бағалануы тиіс.
Шеткері жүйке жүйесінің ауруы:
Шеткері невропатия тудыратын белгілердің пайда болуын, әсіресе ұзақ емдегенде немесе ауыр, созылмалы немесе үдемелі шеткері неврологиялық жағдайдағы емделушілерді бақылау қажет.
Психикалық бұзылулар:
Пациент үшін қауіпті мінез-құлықты психоздық реакциялар алғашқы емдеуден бастап пайда болуы мүмкін, әсіресе психиатриялық тарих жағдайында. Содан кейін метронидазол қабылдауды тоқтату, дәрігерге хабарлау және дереу қажетті емдік шаралар қабылдау керек.
Қан жүйесінің аурулары:
Анамнезінде гематологиялық бұзылулар, жоғары дозалармен емдеу және / немесе ұзақ емдеу болған жағдайда жүйелі қан талдауларын, әсіресе лейкоциттер формуласына бақылау жүргізу ұсынылады.
Лейкопения кезінде емдеуді жалғастырудың орындылығы инфекцияның ауырлығына байланысты.
Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі
Метронидазол мен алкогольді бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Метронидазол мен бусульфанды бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Метронидазол мен дисульфирамды бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Лабораториялық зерттеулер:
Метронидазол трепонеманы иммобилизациялауы мүмкін, сондықтан Нельсонның жалған-оң тестіне әкелуі мүмкін.
Метронидазол қан талдауының кейбір түрлеріне әсер етуі мүмкін (аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, лактатдегидрогеназа, триглицеридтер, глюкоза), бұл жалған теріс немесе қалыптан тыс төмен нәтижеге әкелуі мүмкін. Бұл аналитикалық әдістер гидратталған никотинамидадениндинуклеотидінің никотинамидадениндинуклеотидке дейін тотығуы кезінде пайда болатын ультракүлгін сіңірудің төмендеуіне негізделген. Бұл интерференция рН 7 болған кезде никотинамидадениндинуклеотид (340 Нм) пен метронидазолдың (322 Нм) сіңу шегінің ұқсастығына байланысты.
Коккейн синдромы бар пациенттер
Жүйелі қолдануға арналған құрамында метронидазол бар препараттармен емдеу басталғаннан кейін бірден ауыр гепатоуыттылық / жедел бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары, оның ішінде Коккейн синдромы бар пациенттерде өлім жағдайлары тіркелген. Сондықтан осы популяцияда метронидазолды пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және егер баламалы ем болмаса ғана пайдаланған жөн. Бауыр функциясын зерттеуді емдеудің басында, емдеу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін бауыр функциясы қалыпты шекте болғанға дейін немесе базалық мәндерге жеткенге дейін жүргізген жөн. Егер емдеу кезінде бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпты жағдайдан едәуір асып кетсе, препарат қабылдауды тоқтату қажет.
Коккейн синдромы бар пациенттер бауырдың ықтимал зақымдануының кез келген белгілері туралы дереу дәрігерге хабарлау керек.
Жүктілік
Препараттың адамдарға тератогендік әсері күтілмейді.
Метронидазолдың спецификалық даму ақаулары немесе фетоуытты әсерлері анықталған жоқ. Тиісінше, қажет болған жағдайда, метронидазолды жүктілік кезінде тағайындауға болады.
Лактация
Метронидазол емшек сүтіне енетіндіктен, лактация кезінде осы препаратты қабылдаудан аулақ болыңыз.
Қосымша заттар.
Натрий қабылдау мүмкіндігі шектеулі пациенттер:
Препараттың 100 мл ерітіндісінің құрамында 0,340 г натрий бар, оны натрийді шектеумен қабылдайтын диетадағы пациенттерге қолданғанда ескеру қажет.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Енгізу шарттары көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқарумен үйлеспейтініне қарамастан, пациенттерге бас айналудың, сананың шатасуының, елестеулердің, құрысулардың немесе көрудің бұзылуының әлеуетті қаупі туралы ескерту керек және мұндай бұзылулар туындаған жағдайда көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды.