Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Суппозитории вагинальные
Саудалық атауы
Метромикон Форте
Әсер етуші зат
Имидазола производных комбинации
Мақсаты
Қынаптық кандидоз, трихомонадалық вульвовагинит, бактериялық вагиноз, аралас инфекциялардан туындаған вагинит
Өндіруші
ФАРМАПРИМ
Ел
Республика Молдова
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: 750 мг метронидазол және 200 мг миконазол нитраты,
қосымша зат - суппозиторийлердің негізі: қатты май
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндрлі конус пішінді, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті суппозиторийлер. Кесіндісінде ауа және кеуекті өзегі және шүңгіме тәрізді ойықтың болуына жол беріледі.
ATX коды G01AF20.
Метромикон Форте - протозойға қарсы, зеңге қарсы және бактерияға қарсы әсері бар біріктірілген препарат. Құрамында метронидазол және миконазол нитраты бар.
5-нитроимидазол туындысы метронидазол, анаэробты бактериялар мен Trichomonas vaginalis, Gardnerella vaginalis сияқты қарапайымдардан және анаэробты бактериялардан, соның ішінде анаэробты стрептококтардан туындаған инфекцияларға қатысты тиімді, протозойға қарсы және бактерияға қарсы агент болып табылады. Миконазол мен метронидазолды біріктіргенде олардың синергиялық немесе антагонистік әсері болмайды.
Имидазолдың синтетикалық туындысы болып табылатын миконазол зеңге қарсы белсенділікке ие және әсер ету ауқымы кең. Әсіресе, Candida albicans қоса, патогендік зеңдерге қатысты тиімді. Бұдан өзге, миконазол грамоң бактерияларға қатысты тиімді. Миконазолдың әсеріне цитоплазма жарғақшасындағы эргостерол синтезі негіз болады. Миконазол Candida spp. микоз жасушасының өткізгіштігін өзгертеді және глюкозаның in vitro тұтынылуын тежейді.
Дозалану режимі
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.
7 күн бойы, тура ұйықтар алдында тәулігіне 1 рет бір суппозиторийден. Емнің басқа түрлеріне резистентті, қайталанатын вагиниттер немесе вагиниттер кезінде 14 күн бойы тәулігіне 1 рет, ұйықтар алдында бір суппозиторийден тағайындайды.
Пациенттердің ерекше топтары
65 жастан асқан егде жастағы пациент әйелдер үшін дозалау режимін түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Қынаптық қолдануға арналған. Суппозиторийлер жатқан қалыпта қынапқа терең енгізіледі.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жүйелі жағымсыз әсерлер өте сирек туындайды, өйткені қынапқа сіңуі кезінде қан плазмасындағы метронидазол деңгейі өте төмен (пероральді қабылдағанда анықталған деңгейінің 2–12 %-ы). Имидазол туындылары негізіндегі зеңге қарсы кез келген басқа препаратты қынапқа қолдану сияқты, миконазол нитраты қынаптың тітіркенуін (ашытуын, қышынуын) тудыруы мүмкін (2–6 %). Вагиниттер кезінде қынаптың шырышты қабығы қабынуы мүмкін, демек, бірінші суппозиторийді енгізген кезде қынаптың ашытуы мен қышынуы байқалуы мүмкін. Ол симптомдар емдеуді жалғастырғанда жылдам жоғалады. Қатты тітіркенген жағдайда, емдеуді тоқтату керек.
Препараттың белсенді компоненттерін жүйелі (атап айтқанда, пероральді) қолданумен байланысты жағымсыз әсерлерге келесілер жатқызылады:
Өте жиі
• қынаптан бөліністер
Жиі
• вагинит, вульвовагинит, жамбас аймағындағы жайсыздық
• бас ауыруы, бас айналуы
Жиі емес
• шөлдеу
• депрессия
Сирек
• қынаптың тітіркенуі, ашытуы және қышынуы
• іш ауыруы, тері бөртпесі
Өте сирек
• психоэмоционалдық бұзылу
Белгісіз ( қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
• аса жоғары сезімталдық реакциялары, аллергиялық реакциялар (ауыр жағдайларда анафилаксия)
• қажу, әлсіздік, атаксия, құрысулар, шеткері нейропатия (препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда және артық дозаланған кезде)
• дәм сезудің өзгеруі, ауыздың темір татуы, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, іш қатулар, диарея, іштің ауыруы мен түйілулері
• жергілікті тітіркену, жоғары сезімталдық, жанаспалы дерматит
• лейкопения
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• препараттың компоненттеріне, нитроимидазолдың басқа туындыларына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• эпилепсия
• порфирия
• бауыр функциясының ауыр бұзылулары
• жүктіліктің I триместрі, лактация кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балаларға
• пәк қыздарға
• емделу кезінде немесе емдеу аяқталғаннан кейінгі 3 күн ішінде алкоголь пайдаланып жүрген пациент әйелдерде
• емделу кезінде немесе емдеу аяқталғаннан кейінгі 2 апта ішінде дисульфирамды пайдаланып жүрген пациент әйелдерде
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Қынапқа қолданған кезде артық дозалануына қатысты деректер жоқ. Байқаусызда 12 г метронидазол қолданылғанда артық дозалануы мүмкін.
Ықтимал симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, ауыздың темір татуы, атаксия, бас ауыруы, бас айналуы, парестезиялар, құрысулар, лейкопения, несептің қараюы (метронидазолдың артық дозалануы түрткі болған), жүрек айнуы, құсу, анорексия, диарея (миконазол нитратының артық дозалануы түрткі болған).
Емі: симптоматикалық ем, байқаусызда ішке қабылданғанда – асқазанды шаю. Арнайы антидоты жоқ.
Қан түзілуінің бұзылулары, шеткері және орталық жүйке жүйесінің аурулары, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды.
Анамнезінде шеткері қан құрамындағы өзгерістер болғаны көрсетілген жағдайда, шеткері қан көрінісін бақылау қажет (лейкопения қаупі бар).
Метромикон Форте препаратын ұзақ уақыт қолдану және көп дозаларын қолдану ұсынылмайды, өйткені ол шеткері нейропатия мен құрысу синдромының дамуы қаупімен қатар жүруі мүмкін. Науқастың неврологиялық статусының кез келген нашарлауы емдеуді тоқтатуды талап етеді.
Метронидазол трепонемаларды иммобилизациялауы мүмкін, ол TPI тестісінің (Нельсонның трепонеманы анықтауға арналған тестісі) жалған оң нәтижесіне алып келуі мүмкін.
Препаратты қолданғанда жыныстық қатынастардан бас тарту керек. Инфекцияның қайталануының алдын алу мақсатында, жыныстық серіктесін бір мезгілде, трихомонадалық вагинит жағдайында метронидазол препаратын ішке қабылдаумен біріктіріп емдеу қажет.
Метромикон Фортені етеккір кезінде қолдану ұсынылмайды, өйткені препараттың тиімділігі азаяды немесе оны пайдалануда қиындықтар туындайды.
Суппозиторийлердің негізімен өзара әрекеттесуі мүмкін болғандықтан, суппозиторийлерді контрацепциялық диафрагмалармен және мүшеқаптармен бір мезгілде пайдаланбаған дұрыс.
Емдеу кезінде басқа қынаптық құралдарды (тампондар, бүркіп шаю, спермицидтік дәрілерді) қолданбау керек.
Дисульфирам тәрізді реакциялар болуы мүмкіндігіне байланысты, емделу кезінде, және курс аяқталғаннан кейін кемінде 3 күн бойы алкоголь қабылдамау қажет.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Қолданбайды.
Бүйрек функциясының бұзылуы кезінде
Бүйрек функциясы төмендеген кезде препараттың жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді, сондықтан дозасын төмендету қажет емес. Бірақ бүйрек функциясының елеулі бұзылуы кезінде, гемодиализ жүргізу қажет жағдайда, дозасы түзетілуі тиіс.
Бауыр функциясының бұзылуы кезінде
Бауыр функциясының елеулі бұзылулары кезінде метронидазолдың клиренсі төмендеуі мүмкін. Метронидазол плазмадағы деңгейлерінің жоғарылығына байланысты энцефалопатия симптомдарын күшейтуі мүмкін және сондықтан да бауыр энцефалопатиясы бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Дәрігер ондай пациенттер үшін пайдасы/қаупі арақатынасын бағалауы және егер аса қажеттілігі болмаса, препаратты тағайындамауы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда, автокөлік басқарудан және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек.
Жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды, жүктіліктің II және III триместрінде тек, егер анасы үшін ықтимал пайдасы шарана үшін болуы мүмкін қаупінен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.
Препаратты лактация кезеңінде тағайындау қажет болған жағдайда бала емізу тоқтатылуы тиіс. Бала емізуді емдеу аяқталғаннан кейін 24–48 сағаттан соң қайта бастауға болады.
Төменде атап келтірілген дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда метронидазолдың сіңірілуі нәтижесінде дәрілермен өзара әрекеттесуінің келесі түрлері байқалуы мүмкін:
Алкоголь: алкоголь жақпаушылығы (дисульфирам тәрізді реакциялар).
Амиодарон: кардиоуыттылық қаупі артады (ЭКГ-да Q–T аралығының ұзаруы, «torsades de pointes» типті полиморфты қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуы).
Астемизол және терфенадин: метронидазол аталған қосылыстардың метаболизмін тежейді және олардың қан плазмасындағы концентрациясын жоғарылатады.
Карбамазепин: қан плазмасындағы карбамазепин концентрациясы жоғарылайды.
Циметидин: қан плазмасындағы метронидазол концентрациясы жоғарылайды, соның салдарынан – орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің даму қаупі бар.
Циклоспорин: циклоспориннің уытты әсері жоғарылайды.
Дисульфирам: орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (мысалы, психоздық реакциялар) болуы мүмкін.
Литий: литийдің уытты әсерінің күшеюі қаупі бар.
Фенитоин: фенитоин концентрациясы жоғарылайды және метронидазолдың концентрациясы төмендейді.
Фенобарбитал: метронидазолдың концентрациясы төмендейді.
Фторурацил: қан плазмасындағы фторурацил концентрациясы және оның уытты әсері жоғарылайды.
Пероральді антикоагулянттар: антикоагулянттық әсері күшейеді (қан кетулердің даму қаупі жоғары).
Қандағы бауыр ферменттерінің, глюкозаның (оны гексокиназалық әдіспен анықтағанда), теофиллин мен прокаинамид деңгейлеріне әсері байқалады.
Миконазол нитратының сіңуі салдарынан өзара дәрілік әрекеттесулер болуы мүмкін.
Аценокумарол, анизиндион, дикумарол, фенитоин, фенпрокумон, варфарин: қан кетулер қаупі жоғарылайды.
Астемизол, цизаприд, терфенадин: миконазол аталған препараттардың метаболизмін тежейді және олардың қан плазмасындағы концентрациясын жоғарылатады.
Карбамазепин: карбамазепин клиренсі төмендейді.
Циклоспорин: уытты әсері күшейеді (бүйрек функциясының бұзылуы, холестаз, парестезиялар).
Фентанил: апиындық препараттардың әсер етуі ұзарады (ОЖЖ бәсеңдеуі, тыныс тарылуы).
Фенитоин және фосфенитоин: уытты әсерлерінің қаупі бар (атаксия, гиперлексия, нистагм, тремор).
Глимепирид: гипогликемиялық әсері артады.
Оксибутинин: оксибутининнің клиренсі төмендейді, соның салдарынан оның плазмадағы концентрациясы жоғарылайды.
Оксикодон: оксикодонның қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылайды, оның клиренсі төмендейді.
Пимозид: кардиоуытты әсерлері (ЭКГ-да Q–T аралығы ұзарады, «torsades de pointes» типті полиморфты қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуы).
Толтеродин: P450 цитохромы 2D6 изоферментінің белсенділігі төмендеген пациенттерде толтеродиннің биожетімділігі жоғарылайды.
Триметрексат: уытты әсері жоғарылайды (сүйек кемігінің бәсеңдеуі, бүйрек пен бауыр функциясының төмендеуі, АІЖ ойық жаралы зақымдануы).
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғау үшін пішінді ұяшықты қаптаманы сыртқы қаптамасында,
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.