Дозалау режимі
Препарат тек ересек пациенттерде қолданылады.
Трихомонадалық вагинит
Метронидазолдың пероральді түрімен бірге 10 күн ішінде күніне 1 рет 1 суппозиторий.
Спецификалық емес вагинит
1 суппозиторийден 7 күн ішінде күніне 1 рет, қажет болған жағдайда пероральді емдеумен бірге.
Аурудың клиникалық белгілері бар-жоғына қарамастан, жыныстық жұптасын да бір мезгілде емдеу өте қажет шарт болып табылады
Енгізу әдісі және жолы
Қынаптық. Суппозиторийді (пішінді қаптамадан алдын ала шығарылған) шалқасынан
жатқан қалыпта, кешке ұйықтар алдында, қынапқа терең енгізу керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің ең жоғары ұзақтығы 10 күннен аспауы керек және жылына 2-3 реттен жиі қайталанбауы керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жиі емес
• бас ауыруы, бас айналу, сананың шатасуы
• ас қорытудың елеусіз бұзылыстары (эпигастрийдегі ауырсыну, жүрек айну, құсу,
диарея), ауыздың құрғауы сезілетін глоссит, стоматит, дәм сезудің бұзылуы,
анорексия
• метронидазол метаболизмі нәтижесінде пайда болатын суда еритін пигменттердің болуына байланысты несеп қызыл-қоңыр түске боялуы мүмкін
Сирек
• шеткері сенсорлық нейропатия, құрысулар
• беттің қызаруы, қышыну, терідегі бөртулер, кейде дене температурасының жоғарылауымен бірге жүреді, есекжем, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок
Белгісіз
• энцефалопатия, ол МРТ өзгерістерімен қатар жүруі мүмкін және әдетте қайтымды сипатта болады. Өлім жағдайлары өте сирек хабарланды. Жеделге жуық мишық синдромы (атаксия, дизартрия, жүрістің бұзылуы, нистагм, тремор), асептикалық менингит
• бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (АСТ, АЛТ, сілтілі фосфатаза), жедел холестаздық жағдайлар немесе аралас гепатит және кейде сарғаюдың пайда болуымен болатын бауырдың гепатоцеллюлярлық зақымдануы өте сирек хабарланды. Бауыр трансплантациясы қажет болуы мүмкін гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздіктің бірлі-жарым жағдайлары туралы хабарланды. Коккейн синдромы бар пациенттерде ауыр қайтымсыз гепатоуыттылық/бауырдың жедел жеткіліксіздігі, соның ішінде метронидазолды жүйелі қолдану басталғаннан кейін өте тез дамыған өліммен аяқталатын жағдайлар тіркелді
• жедел жайылған экзантематозды пустулез
• нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения
• елестеулер, паранойямен және/немесе делириймен психоздық реакциялар, олар кейбір жағдайларда суицидтік сипаттағы ойлармен немесе суицидтік әрекеттермен қатар жүруі мүмкін, депрессия
• бұлыңғыр көру, диплопия, миопия, көру жітілігінің төмендеуі, түстерді қабылдаудың өзгеруі, көру жүйкесінің нейропатиясы/неврит сияқты көру функциясының өтпелі бұзылулары
• QT аралығының ұзару жағдайлары, атап айтқанда, метронидазолды QT аралығын ұзарта алатын дәрілік препараттармен қолдану кезінде хабарланды
• емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды панкреатит, түсінің өзгеруі немесе тілдің сыртқы түрінің өзгеруі (микоз)
• уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, орныққан пигментті эритема.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz