Жиі
- ерекше жағдайларда анемияны туындатуы мүмкін қыжыл, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, диарея, іш қатуы және аздаған асқазан-ішектен қан кету секілді асқазан-ішек жолы тарапынан болатын шағымдар.
Жиі емес
- есекжем, бөртпе, қышыну секілді аса жоғары сезімталдық реакциялары (пациентке осы симптомдар пайда болған кезде дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу керектігі туралы нұсқау беру керек)
- қан кету мен перфорацияның даму ықтималдығы бар асқазан-ішек жолының ойық жаралары, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон ауруы, гастрит
- бас ауруы, бас айналу, ұйқысыздық, қозу, ашушаңдық немесе шаршау секілді орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
- көру қабілетінің бұзылуы
- тері бөртпесі
Сирек
- құлақтың шуылдауы
- қандағы несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауымен бүйрек тінінің зақымдануы (бүйрек бүртігінің некрозы) (бүйрек функциясын үнемі бақылау ұсынылады)
- гемоглобин мөлшерінің төмендеуі
Өте сирек
- қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдануға байланысты инфекциялық шығу тегі қабыну процестерінің өршуі (мысалы, некротизациялайтын фасцииттің дамуы); MИГ® 400 препаратымен емдеу кезінде инфекцияның белгілері пайда болғанда немесе олардың өсуі кезінде дереу дәрігерге қаралу ұсынылады
- әсіресе аутоиммундық бұзылулары (ЖҚЖ, дәнекер тіннің аралас аурулары) бар пациенттерде бастың желке бұлшық етінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі немесе сананың көмескіленуі секілді асептикалық менингит симптомдары
- қан түзудің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз) алғашқы белгілері қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысының эрозиясы, тұмауға ұқсас симптомдар, айқын әлсіздік, мұрыннан қан кету және теріге қан құйылу болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді терапия кезінде қан формуласын үнемі анықтау қажет
- тыныс алу жолдарының тарылуымен беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, респираторлық дистресс- синдромы, жүректің жиі соғуы және артериялық қысымының шокқа дейін төмендеуі, демікпе ағымының нашарлауы түрінде көрінуі мүмкін анафилаксия және ангионевроздық ісіну секілді аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары; тіпті препаратты бірінші қолданған кезде де пайда болуы мүмкін осы симптомдардың кез келгені туындаған жағдайда шұғыл медициналық көмек қажет.
- психоздық реакциялар, депрессия
- жүрек соғуы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі
- артериялық гипертония, васкулит
- эзофагит, панкреатит, диафрагмаға ұқсас ішек стриктурасының түзілуі;
пациентке іштің үстіңгі жағы қатты ауырған кезде, мелена (қара нәжіс) және қанды құсу пайда болғанда дәрілік препарат қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек екенін нұсқау керек.
- бауыр функциясының бұзылуы, әсіресе ұзақ емдеген кездегі бауырдың зақымдануы, бауыр жеткіліксіздігі, жедел гепатит
- ауыр тері жағымсыз реакциялар (AТЖР), оның ішінде мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальды некролиз), шаш түсуі (алопеция).
- ісінудің пайда болуы, әсіресе артериялық гипертониясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде; нефроздық синдром, жедел бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүруі мүмкін интерстициальді нефрит
- демікпенің асқынуы
Белгісіз
- Коунис синдромы (аллергиялық жедел коронарлық синдромы)
- ибупрофенді, әсіресе жоғары дозаларда (тәулігіне 2400 мг) қолдану артериялық тромбоздардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) даму қаупі біраз артуымен қатар жүруі мүмкін
- эозинофилия мен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакциялар (DRESS синдромы), жедел генерализацияланған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП), фотосезімталдық реакциялары.
Желшешек кезінде ерекше жағдайларда терінің ауыр инфекциялары және жұмсақ тіндер тарапынан болатын асқынулар дамуы мүмкін
- респираторлық реакциялар (демікпе, бронх түйілуі немесе ентігу)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша деректер