Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные
Дозасы
0.5 %
Саудалық атауы
Мидакс
Әсер етуші зат
Тропикамид
Мақсаты
Диагностикалық мақсаттағы фундоскопия және циклоплегиялық рефракция үшін
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында0.5% ерітінді1.0% ерітінді
белсенді зат - тропикамид5 мг10 мг
қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, динатрий эдетаты, хлорсутек қышқылы (рН реттеу үшін), инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық
- диагностикалық мақсаттағы фундоскопия және циклоплегиялық рефракция үшін;
- мидриатиктер қолдану қажет болғанда операция алдындағы және одан кейінгі жағдайларда.
Тропикамид – антихолинергиялық дәрі, нұрлы қабық сфинктері бұлшықеті мен цилиарлық бұлшықеттің көз қарашығын кеңейте (мидриаз) отырып, холинергиялық стимуляциясына жауап реакцияларын бөгейді. Тропикамид 1% концентрациясында аккомодация салдануын туындатады. Әсері жылдам және салыстырмалы түрде қысқа болады.
Дозалау режимі
Ересектер, егде жастағы пациенттер және балалар
Фундоскопия: тексеруге дейін 15-20 минут бұрын 0,5% ерітіндінің 1-2 тамшысын конъюнктивальді қалтаға тамызады.
Циклоплегиялық рефракция: 1% ерітіндінің 1-2 тамшысын 5 минут аралықпен конъюнктивальді қалтаға тамызады. Әсерін ұзарту қажет болғанда 20-30 минуттан соң препараттың тағы бір тамшысын қосымша тамызады.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін.
Балаларға қолдану
Тропикамид балаларда жеткіліксіз циклоплегиялық әсер етуі мүмкін, осыған байланысты атропин сияқты күшті циклоплегиялық дәрі қажет болуы мүмкін.
Балаларға, оның ішінде емшек сүтімен қоректенетін балаларға, тропикамид тек 0,5% ерітінді түрінде қолданылады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгіну керек.
• тропикамидке немесе препараттың басқа компоненттіне жоғары сезімталдық
• глаукома немесе глаукомаға бейімділік (мысалы, көздің алдыңғы камерасының тар бұрышы)
• 8 жасқа дейінгі балалар
Жиілігі белгісіз
- бас айналуы, бас ауыруы
- көрудің бұлыңғырлануы, көздің қарығуы, көздің ауыруы, көздің тітіркенуі, көз гиперемиясы.
- гипотензия, естен тану
- жүрек айнуы
- бөртпе
- препараттың ұзаққа созылатын әсері (мидриаз)
Циклоплегиялық дәрілер көзішілік қысымды арттыруы және бейім пациенттерде жабық бұрышты глаукоманың дамуын тудыруы мүмкін.
Антихолинергиялық препараттарды қолдану кезінде, әсіресе балаларда психоздық реакциялардың, мінез-құлық бұзылуы және жүрек-өкпе коллапсының дамуы туралы хабарланған.
Балаларда жүрек айнуы, бас айналуы, орнықсыз жүріс, бөртпе болуы ықтимал Нәрестелерде іштің кебуі мүмкін.
Антихолинергиялық препараттардың басқа да уытты көріністеріне терінің қызаруы мен құрғауы, ауыздың құрғауы, шырышты қабықтың құрғауы, кейіннен жүрек қағуы болатын тахикардиямен және аритмиямен брадикардия, тер бездері секрециясының төмендеуі, асқазан-ішек жолы моторикасының төмендеуі және іш қату, құсу, кіші дәретке қысылу, тәлтіректеп жүру, мұрынның, бронхиальді және жас секрециясының төмендеуі жатады.
Жергілікті офтальмологиялық қолдану кезінде көзішілік қысымның жоғарылауы, өтпелі күйдіру және қарашықтың кеңеюіне қатысты салдарлы жарыққа сезімталдық байқалады. Ұзақ қолдану жергілікті тітіркенуге, гиперемияға, ісінуге және конъюнктивитке әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: терінің қызаруы және құрғауы, (балаларда бөртпе болуы мүмкін), көру қабілетінің бұзылуы, тамырдың жылдам және жүйесіз соғуы, нәрестелерде іштің кебуі, құрысулар, елестеулер мен жүйке-бұлшықет үйлесімдігін жоғалту.
Емі: симптоматикалық және демеуші.
Жергілікті артық дозаланғанда көзді көп мөлшерде жылы сумен жуу керек. Ішке кездейсоқ қабылдап қойғанда құстырту немесе асқазанды шаю керек.
Кейбір пациенттерде, әсіресе егде жаста, диагностикаланбаған глаукома болуы мүмкін. Мидакс көзге тамызатын дәрісін қолданар алдында осындай пациенттерде глаукомаға қатысты (көзішілік қысымды өлшеу, алдыңғы камераның бұрыш тереңдігін бағалау) диагностика жасалуы қажет, өйткені тропикамид көзішілік қысымның жоғарылауын тудыруы мүмкін.
Антихолинергиялық препараттарға сезімталдығы жоғары пациенттерде тропикамидпен индукцияланған психоздық реакциялар және мінез-құлық бұзылыстары туындауы мүмкін.
Белладонна алкалоидтеріне сезімталдығы жоғары балалар мен пациенттерді емдеуде Мидаксты сақтықпен қолдану керек, себебі жүйелі уыттылық қаупі артады.
Көздің қабыну аурулары кезінде Мидаксты сақтықпен қолдану керек, себебі гиперемия кезінде конъюнктива арқылы препараттың жүйелі сіңірілу жылдамдығы артады. Жүйелі сіңірілуін азайту үшін препаратты тамызғаннан кейін 2 минут бойы көз жасы қалтасы аумағын саусақпен аздап басу ұсынылады.
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіруі мүмкін, сондықтан препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастау және тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минут өткенен кейін ғана салу қажет.
Бірнеше офтальмологиялық препараттарды бір мезгілде қолданған кезде оларды енгізу арасында кемінде 5 минут аралықты сақтау қажет, көз жақпамайларын соңғы кезекте қолданған жөн.
Тамшылатқыштың ұшын кез келген бетке тигізбеу керек, себебі бұл ішіндегісінің ластануына әкелуі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Тропикамид сәбилер мен балаларда қауіп төндіретін сипаттағы орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылуларды тудыруы мүмкін.
Жүйелі уыттылық қаупінің жоғары болуына байланысты препаратты шала туған немесе дамуында артта қалған балаларда, сондай-ақ Даун синдромы, спазмдық салдану және мидың зақымдануы бар балаларда аса сақтықпен қолдану керек.
Препаратты ішке қабылдаған жағдайда оның ықтимал уытты әсері туралы ата-аналарды хабардар ету және препаратты әрбір тамызудан кейін өз қолын және баланың қолын жуып отыру қажет.
Жүктілік кезінде препараттың қауіпсіздігі туралы жеткілікті ақпарат жоқ. Жүктілік кезінде препаратты тағайындаудың мақсатқа сай болуын дәрігер анықтайды.
Тропикамидтің емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз. Дәрілік заттардың көпшілігі емшек сүтіне бөлінетіндіктен, емшек сүтімен қоректенетін бала үшін қауіпті жоққа шағыруға болмайды. Бала емізуді тоқтату немесе тропикамидпен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде емшекпен қоректендірудің балаға пайдасын және емнің анаға пайдасын ескерген жөн.
Балаларға қолдану
Мидакс препаратының құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, тамшы дәрілік түрін қолдану 8 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданғаннан кейін ұйқышылдық, көрудің бұлыңғырлануы және жарыққа жоғары сезімталдық пайда болуы мүмкін. Пациенттерге көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару көру қабілеті толық қалпына келгенше ұсынылмайды. Тропикамид көзге тамызатын дәрінің әсерінен толық қалпына келтіру 6 сағатқа созылуы мүмкін.
Мидакс препараты үшін дәрілік өзара әрекеттесу бойынша нақты зерттеулер жүргізілген жоқ.
Тропикамидтің әсерлері мускаринге қарсы сипаттамалары бар басқа препараттарды, мысалы, амантадинді, кейбір антигистаминді дәрілерді, фенотиазинді психозға қарсы дәрілерді және трициклді антидепрессанттарды бірге қолданғанда күшеюі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құты ашылғаннан кейін препаратты 4 апта ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.