Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные
Дозасы
1 %
Саудалық атауы
Мидакс-ВМ
Әсер етуші зат
Тропикамид
Мақсаты
Мидакс-ВМ – мидриатик және циклоплегик ретінде пайдаланылатын қысқа әсер ететін антихолинергиялық препарат
Өндіруші
Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - тропикамид 10 мг,
қосымша заттар: натрий хлориді, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
Мидакс-ВМ – мидриатик және циклоплегик ретінде пайдаланылатын қысқа әсер ететін антихолинергиялық препарат.
Мидакс-ВМ жергілікті қолдануға арналған:
- диагностикалық мақсатта циклоплегиялық рефракция үшін;
- қысқа әсер ететін мидриатиктерді қолдану қажет болғанда операция алдындағы және одан кейінгі жағдайларда.
Тропикамид – антихолинергиялық дәрі, көз қарашығын кеңейте (мидриаз) отырып, нұрлы қабық сфинктері бұлшықеті мен цилиарлық бұлшықеттің холинергиялық стимуляциясына жауап реакцияларын бөгейді. Тропикамид 1% концентрациясында аккомодация салдануын туындатады. Әсері жылдам және салыстырмалы түрде қысқа болады.
Дозалау режимі
Ересектер, егде жастағы пациенттер және балалар
Циклоплегиялық рефракция: 1 % ерітіндінің 1-2 тамшысын 5 минут аралықпен конъюнктивальді қалтаға тамызады. Егер әсерді ұзарту қажет болса, 20-30 минуттан кейін препараттың тағы бір тамшысын қосымша тамызады.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін.
Балаларда қолдану
Тропикамид балаларда жеткіліксіз циклоплегиялық әсер көрсетуі мүмкін, осыған байланысты атропин сияқты күштірек циклоплегиялық дәрі қажет болуы мүмкін.
• тропикамидке немесе препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық
• глаукома немесе глаукомаға бейімділік (мысалы, көздің алдыңғы камерасының тар бұрышы)
• 8 жасқа дейінгі балалар
Жиілігі белгісіз
- бас айналуы, бас ауыруы
- көрудің бұлғырлануы, көз қарығуы, көз ауыруы, көз тітіркенуі, көз гиперемиясы
- гипотензия, естен тану
- жүрек айнуы
- бөртпе
- препараттың ұзартылған әсері (мидриаз)
Циклоплегиялық дәрілер көзішілік қысымды арттыруы және бейім пациенттерде жабық бұрышты глаукоманың дамуын тудыруы мүмкін.
Антихолинергиялық препараттарды қолдану кезінде, әсіресе балаларда психоздық реакциялардың, мінез-құлық бұзылуы және жүрек-өкпе коллапсының дамуы туралы хабарланды.
Балаларда жүрек айнуы, бас айналу, нық басып жүрмеу, бөртпе байқалуы мүмкін.
Антихолинергиялық препараттардың басқа уытты көріністеріне терінің қызаруы мен құрғауы, ауыздың құрғауы, шырышты қабықтың құрғауы, брадикардия, кейіннен жүрек соғысымен болатын тахикардия және аритмия, тер бездері секрециясының төмендеуі, асқазан-ішек жолы моторикасының төмендеуі және іш қату, құсу, несеп шығаруға қысылу, шатқаяқтап жүру, мұрынның, бронх және көз жасы секрециясының азаюы жатады.
Жергілікті офтальмологиялық қолдану кезінде көзішілік қысымның жоғарылауы, өтпелі ашытып күйдіру және қарашықтың кеңеюіне қатысты салдарлы жарыққа сезімталдық байқалады. Ұзақ қолдану жергілікті тітіркенуге, гиперемияға, ісінуге және конъюнктивитке әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: терінің қызаруы және құрғауы, (балаларда бөртпе болуы мүмкін), көрудің бұзылуы, жедел және жүйесіз тамыр соғысы, гипертермия, құрысулар, елестеулер және жүйке-бұлшықет үйлесімділігінің жоғалуы болып табылады.
Емі: симптоматикалық және демеуші.
Жергілікті артық дозалануда көзді көп мөлшердегі жылы сумен жуу керек. Кездейсоқ ішке қабылдап қойған кезде құстырту немесе асқазанды шаю керек.
Кейбір, әсіресе егде жастағы пациенттерде, диагностика жасалмаған глаукома бар болуы мүмкін. Мидакс-ВМ препаратын қолданар алдында мына пациенттерде глаукомаға қатысты (көзішілік қысымды өлшеу, алдыңғы камера бұрышының тереңдігін бағалау) диагностика жасалуы қажет, өйткені тропикамид көзішілік қысымның жоғарылауын тудыруы мүмкін.
Антихолинергиялық препараттарға сезімталдығы жоғары пациенттерде тропикамидпен индукцияланған психоздық реакциялар мен мінез-құлық бұзылыстары болуы мүмкін.
Мидакс-ВМ препаратын белладонна алкалоидтеріне жоғары сезімталдығы бар балалар мен пациенттерді емдеуде сақтықпен қолдану керек, себебі жүйелі уыттылық қаупі артады.
Мидакс-ВМ препаратын көздің қабыну аурулары кезінде сақтықпен қолдану керек, өйткені гиперемия кезінде конъюнктива арқылы препараттың жүйелі сіңірілу жылдамдығы артады. Жүйелі сіңірілуді азайту үшін препаратты тамызғаннан кейін 2 минут бойы көз жасы қалтасы аумағын саусақпен аздап басу ұсынылады.
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіруі мүмкін, сондықтан препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды шешіп алу және тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минут өткенен кейін ғана кию қажет.
Бірнеше офтальмологиялық препараттарды бір мезгілде қолданған кезде оларды енгізу арасында кемінде 5 минут аралықты сақтау қажет, көзге арналған жақпамайды соңғы кезекте қолданған жөн.
Тамшылатқыш ұшын кез келген беткейге тигізбеу керек, себебі бұл ішіндегінің ластануына әкелуі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Тропикамид сәбилер мен балаларда қауіп төндіретін сипатта болуы мүмкін орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылуды тудыруы мүмкін.
Жүйелі уыттылық қаупінің жоғары болуына байланысты препаратты шала туған немесе даму жағынан артта қалған сәбилерде, сондай-ақ Даун синдромы, спазмдық салдану және мидың зақымдануы бар балаларда аса сақтықпен қолдану керек.
Препаратты ішке қабылдаған жағдайда оның ықтимал уытты әсері туралы ата-аналарды хабардар ету және препаратты әрбір тамызудан кейін өзінің және баланың қолын жуу ұсынылады.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданғаннан кейін ұйқышылдық, көрудің бұлыңғырлануы және жарыққа жоғары сезімталдық пайда болуы мүмкін. Пациенттерге көру толық қалпына келгенше көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды. Тропикамид көзге тамызатын дәрінің әсерінен толық қалпына келу 6 сағатқа созылуы мүмкін.
Жүктілік кезеңінде препараттың қауіпсіздігі туралы жеткілікті ақпарат жоқ. Жүктілік кезінде препаратты тағайындаудың мақсатқа сай болуын дәрігер анықтайды.
Тропикамидтің емшек сүтіне бөлінетін-бөлінбейтіні белгісіз. Дәрілік заттардың көпшілігі емшек сүтіне бөлінетіндіктен, емшек сүтімен қоректенетін бала үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала емізуді тоқтата тұру немесе тропикамидпен емді тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде емшек емізудің балаға пайдасын және емнің ана үшін пайдасын ескерген жөн.
Балаларда қолдану
Мидакс-ВМ препаратының құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, тамшы дәрілік түрін 8 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Мидакс-ВМ препараты үшін дәрілік өзара әрекеттесуге спецификалық зерттеулер жүргізілмеген.
Тропикамидтің әсерлері антимускариндік сипаттамалары бар басқа препараттарды, мысалы, амантадинді, кейбір антигистаминді дәрілерді, фенотиазинді психозға қарсы дәрілерді және трициклді антидепрессанттарды бірге қолданғанда күшеюі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 28 күн ішінде.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.