Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли глазные
Дозасы
5 мл
Саудалық атауы
Мидримакс
Әсер етуші зат
Тропикамид в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Мидриаздық дәрі ретінде пайдаланылады: диагностикалық офтальмологиялық емшаралар кезінде, хирургиялық және лазерлік операциялар алдында
Өндіруші
СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 50 мг фенилэфрин гидрохлориді,
8 мг тропикамид,
қосымша заттар: натрий метабисульфиті, бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, гипромеллоза, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, иньекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден ақшыл қоңырлау-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Мидриаздық дәрі ретінде пайдаланылады:
- диагностикалық офтальмологиялық емшаралар кезінде
- хирургиялық және лазерлік операциялар алдында
- аккомодация түйілуін басу және алыстан көрмеудің өршуін емдеу үшін (кешенді ем құрамында)
Әсер ету механизмі
Фенилэфрин – симпатомиметик, айқын альфа-адренергиялық белсенділікке ие. Офтальмологияда жергілікті қолданылғанда қарашықтың кеңеюін туғызады, көзішілік сұйықтықтың ағып шығуын жақсартады және конъюнктива тамырларын тарылтады. Фенилэфриннің постсинапстық альфа-адренорецепторларға айқын стимуляциялайтын әсері бар, бета1-адренорецепторларға әсер етуі өте әлсіз. Норэпинефриннің (норадреналиннің) әсеріне ұқсас вазоконстрикторлық әсері бар, сонымен қатар жүрекке хронотроптық және инотроптық әсері мүлдем жоқ деуге болады. Фенилэфриннің вазопрессорлық әсері норадреналинге қарағанда әлсіздеу, бірақ ұзағырақ болып табылады. Инстилляциядан кейін фенилэфрин қарашық дилататорын және конъюнктива артериолаларының тегіс бұлшықеттерін жиырады, сол арқылы қарашықтың кеңеюін туғызады. Мидриаз бір рет тамызғаннан кейін 10–60 минут ішінде басталады және 4–6 сағат бойы сақталады. Фенилэфрин тудырған мидриаз, циклоплегиямен қатар жүрмейді. Фенилэфрин аккомодация үдерісіне әсер ете отырып, аккомодацияны «алыстағыға» стимуляциялайды. Сонымен қатар анық көрудің алыс нүктесі жоғалады, ал жақындағының қалпы өзгермейді. Фенилэфрин тропикамидтің әсерін толықтырады, өйткені олардың әсер ету механизмдері өзгеше. Тропикамидпен бірге фенилэфринді енгізу тропикамидтің көзішілік қысымды жоғарылату қабілетін төмендетеді немесе қайтарады.
Тропикамид - М-холиноблокатор, қарашық сфинктері мен цилиарлық бұлшықеттің м-холинорецепторларын бөгей отырып, қысқа мерзімді мидриаз бен аккомодация салдануын туғызады. Көзішілік қысымды елеусіз жоғарылатады. Тропикамидті қолдану аясындағы мидриаз 5-10 минуттан соң дамиды және ең жоғарғы деңгейіне 20-45 минутта жетеді. Қарашықтың ең жоғары кеңеюі 1 сағат бойы сақталады және 6 сағаттан соң қалпына түседі.
Дозалау режимі
Диагностикалық офтальмологиялық және операциялық араласулар кезінде қарашықты кеңейту үшін емшараға немесе операцияға дейін 15-30 минут бұрын конъюнктива қуысына 1-2 тамшыдан тамызады.
Аккомодация бұзылуларын түзету үшін – 2-4 апта бойы түнге қарай күніне бір рет түнге қарай әр көзге 1 тамшыдан тамызу керек.
Балалар
8 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Көзге тамызатын дәрі, жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған препарат.
Тамшыларды төменгі конъюнктивалық қапшыққа тамызу керек. Жүйелі жағымсыз әсердің даму қаупін азайту үшін тамызғаннан кейін 1-2 минут ішінде көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қалталарының проекция аймағына саусақпен жеңіл басу ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге хабарласыңыз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тар бұрышты және жабық бұрышты глаукома
- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (соның ішінде, коронаросклероз, стенокардия, аритмия, гипертониялық криз)
- тиреотоксикоз
- моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қабылдау (сондай-ақ, оларды тоқтатқаннан кейінгі 3 апта)
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 8 жасқа дейінгі балаларға
Өте сирек: көзішілік қысымның жоғарылауы, систолалық және диастолалық артериялық қысымның транзиторлы жоғарылауы, тремор, бозару, тершеңдік, тахикардия, жүрек қағуы, коллапс, ауыздың құрғауы, шөлдеу, асқазан-ішек жолдары мен несеп шығару жолдарының тонусы мен моторикасының төмендеуі, бас ауруы, конъюнктиваның тітіркенуі және аллергиялық реакциялар.
Балаларда және егде жастағы адамдарда психоздық реакциялар, мінез-құлық бұзылыстары, жүрек-тамыр коллапсы болуы мүмкін.
- тыныс алу, кеуде қуысы және көкірек ортасы мүшелерінің аурулары (балаларда)
Жиілігі белгісіз
- өкпенің ісінуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты кездейсоқ жұтып қойғанда немесе жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда уытты әсер туғызуы мүмкін – тері мен шырышты қабықтардың құрғауы, гипертермия, тахикардия, мидриаз, қозу, құрысулар, кома, тыныс алудың салдануы.
Емі: препаратты қолдануды дереу тоқтатып және ем тағайындау керек - асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қабылдау, антидот ретінде – физостигмин салицилаты (вена ішіне баяу 0,03 мг/кг), бензодиазепиндер, гипертермияны басу үшін – салқын компрестер. Фенилэфриннің жүйелі әсерін басу үшін – α-адреноблокаторлар (вена ішіне 5-10 мг фентоламин, қажет болса инъекцияны қайталайды).
Шығу симптомдарының қаупінің көрсеткіші
Шығару симптомдарының қаупі жоқ.
Аса жоғары сезімталдық реакциясы жағдайында емдеуді тоқтата тұру және қажетті ем жүргізу қажет.
Глаукома ұстамаларын болдырмау үшін емдеу басталғанға дейін иридокорнеальді бұрыштың жай-күйін бағалау үшін мұқият тексеру жүргізу қажет.
Артериялық қан қысымы қалыпты және фармакологиялық бақыланатын артериялық гипертензиясы бар ересек пациенттерде фенилэфрин кейде систолалық және диастолалық артериялық қысымның клиникалық мәнді жоғарылауын туындатуы мүмкін. Сондықтан препаратты қолданғаннан кейін жүрек-қан тамырлары әсерлеріне сақ болып және мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Препаратты жүрек ауруларынан, артериялық гипертензиядан, қант диабетінен, гипертиреоздан зардап шегіп жүрген пациенттерде аса сақтықпен қолдану керек.
Сондай-ақ, глаукоманың жедел ұстамалары жиі болатын егде пациенттерге ерекше сақ болу керек.
Қолданғаннан кейін пациенттер көздерін ашық жарықтан қорғауы керек.
Бензалконий хлориді
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, сондықтан ирит болуы мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзаларға қол тигізбеу керек, жанаспалы линзаларды қолданар алдында алып тастау және препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күту қажет. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіреді.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды, өйткені құрамында фенилэфрин мен тропикамид бар офтальмологиялық өнімдерді қабылдау кезінде, әсіресе педиатриялық популяцияда айқын артериялық гипертензиясы бар жүрек-қантамырлық декомпенсация, жүрек ырғағының өзгеруі, жүрек және өкпенің ісінуі сияқты күрделі жүйелік жағымсыз реакциялар тіркелген.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың машинаны жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері үлкен. Пациенттерге көру қабілетінің бұзылуын, бас айналуын, ұйқышылдықты және зейін қоюдың бұзылуын туындатуы мүмкін мидриаздық және циклоплегиялық әсеріне байланысты қаупі туралы ескерту керек.
Препаратты қолданғаннан кейін аккомодация мен қарашық ауқымының өзгеруі салдарынан көру жітілігі төмендеуі мүмкін, сондықтан көлік құралдарын жүргізуде және жоғары зейінділік пен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен шұғылданғанда препаратты пайдалану ұсынылмайды.
Жүктілерде фенилэфрин мен тропикамидті қолдану туралы талапқа сай клиникалық деректер жоқ. Жүктілікке, эмбриондық / құрсақішілік дамуға, босануға және босанғаннан кейінгі дамуға қатысты деректер жеткіліксіз.
Белсенді заттардың аздаған жүйелі сіңуі күтілетініне қарамастан, жүйелік әсері төмен болуының мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды, сондықтан препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Фенилэфриннің немесе тропикамидтің емшек сүтіне өтуі туралы деректер жоқ. Алайда фенилэфрин пероральді қабылдаған кезде нашар сіңеді, бұл нәрестеге сіңуі елеусіз болатынын білдіреді. Екінші жағынан, нәрестелер күтілетін шамалы жүйелік әсерге қарамастан, холинолитиктерге өте сезімтал болуы мүмкін, сондықтан препаратты емшек емізу кезінде қолдануға болмайды.
Бета-адренорецепторлардың блокаторларын тағайындағанда, олардың вазодилятацияны бәсеңдетуінің есебінен фенилэфриннің тамырды тарылтатын әсері күшеюі мүмкін.
Жедел гипертензияның туындау қаупіне байланысты, фенилэфрин мен гуанетидинді, сондай-ақ кез келген басқа адренергиялық нейрондар блокаторын немесе кері нейрональді қармау тежегішін бірге пайдалану ұсынылмайды.
Моноаминоксидаза тежегіштерімен үйлестіріп пайдалану және оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі үш апта бойы жүйелі адренергиялық әсерлерінің қаупі артады.
Адренергиялық дәрілік заттардың вазопрессорлық әсері үшциклді антидепрессанттармен, пропранололмен, гуанетидинмен, метилдопамен және м-холиноблокаторлармен бірге қолданғанда да күшеюі мүмкін.
Жергілікті анестетиктердің алдын ала инстилляциялануы жүйелік сіңірілуін арттыруы және мидриазды ұзартуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 1 ай.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып-қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.