Мүмкін болатын жағымсыз әсерлер
Барлық дәрілер сияқты, бұл дәрі жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін, олар барлық адамда бірдей адамда бола бермейді. Егер сізде қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болса, дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. Бұл осы нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген ықтимал жағымсыз әсерлерге қатысты.
Төмендегі жағымсыз әсерлер болуы мүмкін:
Ауыр жағымсыз әсерлері
Ауыр жағымсыз әсерлері мыналарды қамтиды:
• аллергиялық реакциялар. Қышитын қызыл дақтар сияқты терінің ауыр бөртпесі, күлдіреуіктер немесе зақымданулар.
• жүрек-қантамырлары аурулары. Кеудедегі ауырсыну, тыныс алудың қиындауы, сананың шатасуы немесе жүректің жүйесіз соғуы. Бұл жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін.
Басқа ауыр жағымсыз әсерлер мыналарды қамтиды:
• ауыр немесе өлімге әкелетін уытты немесе сепсистік шок жағдайлары. Бұлшықет ауруымен бірге қызба, жүрек соғысының жиілеуі, бас айналу, диарея, құсу немесе әлсіздік сезімі. Бұл жағымсыз әсерлер, егер сіз жүктілікті медициналық түрде тоқтату үшін бұл дәріні пероральді қабылдамасаңыз немесе соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап 49 күннен кейін кешірек қабылдасаңыз, пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлер олардың пайда болуының мынадай жиілігімен топтар бойынша бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10), жиі емес (≥1/1 000 <1/100), сирек (≥1/10 000 <1/1 000), өте сирек (≥1/10 000 < 1/1 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
- жүрек айнуы, құсу, диарея (простагландиндерді қолданумен байланысты осы асқазан-ішек бұзылулары туралы жиі хабарланады)
- мизопростолды қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде жатырдың жиі жиырылуы немесе түйілуі (10-нан 45% - ға дейін)
Жиі
- іштің төменгі бөлігіндегі елеусіз ауырсыну
- жеңіл немесе орташа түйілулер
- түсік түсіруден кейінгі инфекция. Күмәнді немесе расталған инфекциялар
(эндометрит, кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары) әйелдердің 5%-дан азында тіркелген.
- жатырдан қатты қан кету шамамен 5% жағдайда болады және 1,4% жағдайда гемостатикалық кюретажды қажет етуі мүмкін
- шарананың даму ақаулары
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық: тері бөртпелері (0,2%)
Сирек
- бас айналу, бас ауыруы, әлсіздік
- дене температурасының жоғарылауы
- тері гиперемиясы
- есекжем, эритродермия, түйінді эритема, уытты эпидермальді некролиздің жекелеген жағдайлары
- дімкәстік
- кезбе жүйке симптомдары (ысынулар, бас айналу, қалтырау), қызба.
- сирек, бірақ ауыр жүрек-қантамыр бұзылулары (жүректің тоқтап қалуы, миокард инфарктісі және / немесе коронарлық артериялардың түйілуі және артериялық ауыр гипотензия) негізінен мизопростол таблеткаларын санкцияланбаған қынаптық енгізу кезінде хабарланды
- жатырдың жартылуы
- шарананың өлімі
Өте сирек
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
- қағанақ суымен эмболия, жатырдың қалыптан тыс жиырылуы, толық емес түсік түсіру, мерзімінен бұрын босану, плацентаның бөлінуінің кідіруі, жатырдың жыртылуы, жатырдың тесілуі
- қынаптық қан кетулер (оның ішінде постменопаузадан кейінгі қан кетулер), менструальді қан кетулер, етеккір оралымының бұзылуы, жатыр түйілулері
- меноррагиялар, дисменорея, жатырдан қан кету
- қалтырау, қызбалық жай-күйі
- ауыр немесе өлімге әкелетін уытты және сепсистік шок жағдайлары
(Clostridium sordellii немесе perfringens, Klebsiella pneumoniae, Escherichia coli, A Streptococcus тобы туындаған) қызбамен немесе онсыз немесе инфекциялық аурудың басқа айқын симптомдармен жүруі мүмкін, мизопростол таблеткаларын санкцияланбаған қынаптық немесе буккальді енгізу туралы хабарланды.
- ангионевроздық ісіну
Белгісіз
- арқадағы ауырсыну
- анафилаксия, аса жоғары сезімталдық
Анафилаксиялық шок сияқты жағымсыз реакция тіркеуден кейінгі кезеңде кездескен, бірақ осы ЖР жиілігі анықталмаған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz