Әсер ету механизмі
Телмисартан пероральді қабылдағанда тиімді және ангиотензин II рецепторларының (AT1 типі) спецификалық (селективті) блокаторы болып табылады. Телмисартан ангиотензин II белгілі әсеріне жауап беретін AT1 субтипінің рецепторларына жоғары афинділікпен ангиотензин II ығыстырады. Телмисартан AT1 рецепторына қатысты ішінара агонистік әсер көрсетпейді. Телмисартан AT1-рецепторларымен селективті байланысады. Байланысуы ұзақ сипатта болады. Телмисартан басқа рецепторларға, соның ішінде AT2 рецепторға және басқа аз зерттелген AT рецепторларға аффинділік танытпайды.Бұл рецепторлардың функционалдық мәні, сондай-ақ телмисартанды тағайындаған кезде концентрациясы артатын ангиотензин II шамадан тыс көтермелену мүмкіндігінің әсері зерттелмеген. Телмисартан плазмадағы альдостерон деңгейін төмендетеді, адам плазмасындағы ренинді және ион өзектерін бөгемейді. Телмисартан брадикининді ыдырататын ангиотензин-өзгертуші ферментті (киназа II) тежемейді. Сондықтан брадикинин әсеріне байланысты жағымсыз әсерлер күшеймейді.
Адамда телмисартанның 80 мг дозасы ангиотензин II туындаған артериялық қысымның (АҚ) жоғарылауын толығымен дерлік тежейді. Тежегіштік әсері 24 сағат бойы ұсталып тұрады және 48 сағатқа дейін анықталады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Гипертониялық ауруды емдеу
Телмисартанның бірінші дозасын қабылдағаннан кейін гипотензиялық белсенділік 3 сағат ішінде пайда болады. АҚ максималды төмендеуге ем басталғаннан кейін 4-8 аптадан соң біртіндеп жетеді және бүкіл емдеу кезеңінде сақталады.
Гипотензиялық әсері АҚ амбулаторлық өзгерістер, сондай-ақ плацебо-бақыланатын клиникалық сынақтарда Микардис препаратының 40 және 80 мг қабылдағаннан кейін препараттың ең төменгі және ең жоғарғы концентрацияларының тұрақты (80 % жоғары) арқатынасы растайтын келесі дозаны қабылдау алдындағы 4 сағатты қоса, препаратты қабылдағаннан кейін 24 сағат бойы жалғасады.
Дозаның бастапқы систолалық артериялық қысымды (САҚ) қалпына келтіру уақытына тәуелділігінің айқын тенденциясы бар. Осыған байланысты диастолалық артериялық қысым (ДАҚ) туралы деректер қайшы келеді.
Гипертензиясы бар пациенттерде телмисартан жүрек жиырылуы жиілігінің өзгеруінсіз систолалық, сондай-ақ диастолалық қысымды төмендетеді. Оның гипотензиялық белсенділігіне дәрілік заттың несеп айдайтын және натрийурездік әсерінің үлесін әлі анықтау керек. Телмисартанның гипертензияға қарсы әсері амлодипин, атенолол, эналаприл, гидрохлоротиазид, лизиноприл секілді гипотензиялық препараттардың басқа класс өкілдерімен салыстырылды.
Телмисартан препаратын қабылдауды күрт тоқтатқан жағдайда АҚ артериялық гипертензияның жылдам қалпына келу белгілерінсіз бірнеше күн бойы емдеуге дейін мәндеріне біртіндеп оралады («рикошет» синдромы жоқ).
Көп орталықты халықаралық клиникалық зерттеулерде телмисартан қабылдаған пациенттерде құрғақ жөтел жағдайлары ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерін (АӨФт) қабылдаған пациенттерге қарағанда едәуір аз болғаны дәлелденді.
Жүрек-қантамыр құбылыстарының профилактикасы
ONTARGET (ONgoing Telmisartan Alone and in Combination with Ramipril Global Endpoint Trial) зерттеуінде ишемиялық жүрек ауруы, инсульт, транзиторлық ишемиялық шабуыл, шеткері артериялар ауруы немесе жүрек-қантамыр құбылыстары қаупі бар популяция болып табылатын анамнезінде нысана-ағзалардың зақымдануымен (мысалы, ретинопатия, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, макро- немесе микроальбуминурия) қатар жүретін 2-типті қант диабеті бар 55 жастағы және одан үлкен жастағы пациенттерде жүрек-қантамыр құбылыстарына қатысты телмисартанның, рамиприлдің әсерлері және телмисартан мен рамиприл біріктірілімі салыстырылды.
Пациенттер келесі үш емдеу тобының біріне рандомизацияланды: телмисартан 80 мг (n = 8542), рамиприл 10 мг (n = 8576) немесе телмисартан 80 мг плюс рамиприл 10 мг (n = 8502) және орташа бақылау кезеңінде -4,5 жыл бақыланды.
Телмисартан бастапқы біріктірілген соңғы нүктенің төмендеуіне қатысты рамиприлге ұқсас әсерді көрсетті: жүрек-қантамырдан болатын өлім, фатальді емес инфаркт, фатальді емес инсульт немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі себебінен ауруханаға жатқызылу. Бастапқы соңғы нүктенің жиілігі телмисартан (16.7 %) және рамиприл (16.5%) топтарында ұқсас болды. Рамиприлмен салыстырғанда телмисартан үшін қауіп коэффициенті 1,01 құрады (97,5% СА 0,93–1,10, p (тиімділігі төмен емес) 1,13 маржа кезінде = 0,0019). Барлық себептен болатын өлім жиілігі телмисартан және рамиприл қабылдаған пациенттер арасында тиісінше 11,6% және 11,8% құрады.
Ертерек берілген қайталама соңғы нүктеге: жүрек-қантамырдан болатын өлімге, фатальді емес инфарктке және фатальді емес инсультке [0,99 (97,5% СА 0,90-1,08), p (тиімділігі төмен емес) = 0,0004], қатысты плацебомен салыстырғанда рамиприлдің әсері зерттелген HOPE (кардиологиялық құбылыстардың профилактикасын бағалау бойынша зерттеу) эталондық зерттеуінде негізгі соңғы көрсетімге телмисартан мен рамиприлдің ұқсас тиімділігі анықталған.
TRANSCEND зерттеуінде стандартты емге қосымша 80 мг телмисартан (n = 2954) немесе плацебо (n = 2972) алған топтарға ONTARGET зерттеуіне баламалы өзге қосу критерийлері бар пациенттерде ACE-I көтере алмайтын пациенттер рандомизацияланған. Келесі қадағалаудың орташа ұзақтығы 4 жыл 8 айды құрады. Бастапқы біріктірілген соңғы нүктенің (жүрек-қантамырдан болатын өлім, фатальді емес инфаркт, фатальді емес инсульт немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігі себебінен ауруханаға жатқызылу) жиілігінде статистикалық тұрғыдан елеулі айырмашылықтар анықталмады. [Телмисартан тобында 15,7 % және плацебо тобында 17,0% ақуіп коэффициенті 0,92 (95% СА 0,81–1,05, p = 0,22)]. Плацебомен салыстырғанда ертерек берілген қайталама соңғы нүктеге (жүрек-қантамырдан болатын өлім, фатальді емес миокард инфаркті және фатальді емес инсульт) телмисартанның оң ықпалының дәлелдері алынған. [0,87 (95% СА 0,76–1,00, р = 0,048)]). Жүрек-қантамыр құбылыстарынан болатын өлім көрсетіміне оң ықпалдың дәлелдері жоқ. (қауіптілік коэффициенті 1,03, 95% СА 0,85-1,24).
Жөтел және Квинке ісінуі рамиприл қабылдаған пациенттерге қарағанда телмисартан қабылдаған пациенттерде аз жиілікте тіркелсе, гипотензия телмисартан қабылдау кезінде жиі жиілікте тіркелді.
Телмисартанды рамиприлмен біріктірілімде қолдану рамиприлді немесе телмисартанды жеке-жеке қолдануға қарағанда қосымша жағымды әсерді қамтамасыз етпейді. Жүрек-қантамыр құбылыстарынан және барлық себептерден болатын өлім көрсетімі біріктірілген ем кезінде сан жағынан жоғары болды. Одан басқа, біріктірілген ем алған топта гиперкалиемия, бүйрек жеткіліксіздігі, гипотензия және естен танудың едәуір жоғары жиілігі байқалды. Сондықтан телмисартан мен рамиприл біріктірілімін қолдану бұл пациенттер тобында ұсынылмайды.
PRoFESS (Қайталама инсультті тиімді профилактикалау сызбасы) зерттеуінде жуырда инсультті бастан өткерген 50 жас және одан жоғары жастағы пациенттерде плацебомен салыстырғанда телмисартан тобында сепсистің жоғары жиілігі белгіленген - 0,49% салыстырғанда [RR 1,43 (95% сенімділік интервалы 1,00–2,06)] 0,70%; өліммен аяқталған сепсис жағдайларының жиілігі плацебо (0,16%) қабылдаған пациенттермен салыстырғанда телмисартан (0,33%) қабылдаған пациенттерде жоғары болды. (0,16%) [RR 2,07 (95% сенімділік интервалы 1,14–3,76).Телмисартан пайдаланумен астасқан сепсистің байқалған жоғары жиілігі кездейсоқ құбылыс болуы мүмкін немесе қазіргі уақытта белгісіз механизммен байланысты болуы мүмкін.
Екі ірі рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерде (ONTARGET және VA NEPHRON-D (ардагерлер ісі жөніндегі комитетпен жүргізілген қант диабеті кезіндегі нефропатияны зерттеу)) АӨФ тежегішінің ангиотензин II рецепторларының блокаторымен бірге қолданылуы зерттелді.
ONTARGET зерттеуі жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық аурулары немесе анамнезінде нысана-ағзалардың зақымдану белгілерімен қатар жүретін 2-типті қант диабеті бар пациенттердің қатысуымен жүргізілді. Толығырақ ақпаратты «Жүрек-қантамыр құбылыстарының профилактикасы» тақырыпшасынан қараңыз.
VA NEPHRON-D зерттеуі 2-типті қант диабеті және диабеттік нефропатиясы бар пациенттердің қатысуымен орындалды.
Осы зерттеулер монотерапиямен салыстырғанда гиперкалиемияның, жедел бүйрек жеткіліксіздігінің және/немесе гипотензияның жоғарғы қаупі байқалған кезде бүйрек және/немесе жүрек-қантамыр құбылыстарына және өлімге елеулі жағымсыз әсердің жоқтығын көрсетті. Олардың ұқсас фармакодинамикалық қасиеттерін ескере отырып, бұл нәтижелер басқа АӨФ тежегіштері және ангиотензин II рецепторларының блокаторлары үшін де маңызды.
Сондықтан АӨФ тежегіштері мен ангиотензин II рецепторларының блокаторларын диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде бір уақытта пайдалануға болмайды.
ALTITUDE (жүрек-қантамыр ауруларына және бүйрек ауруларына қатысы бар соңғы көрсетімдерді пайдаланумен 2-типті қант диабеті кезінде алискиренді зерттеу) зерттеуінің мақсаты 2-типті қант диабеті мен созылмалы бүйрек ауруы және/немесе жүрек-қантамыр ауруы бар пациенттерде АӨФ тежегіштерін немесе ангиотензин II рецепторларының блокаторларын пайдаланумен стандартты емге алискиренді қосудың басымдығын анықтау болды. Зерттеу жағымсыз аяқталудың жоғарғы қаупіне байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды. Жүрек-қантамыр құбылыстарынан және инсульттен болған өлім жиілігі плацебо тобымен салыстырғанда алискирен тобында сан жағынан басым болды және зерттеліп отырған жағымсыз және күрделі жағымсыз құбылыстар (гиперкалиемия, гипотензия және бүйрек дисфункциясы) плацебо тобына қарағанда алискирен тобында жиі тіркелді.
Балалар
Микардис препаратының балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмады.
Телмисартанның екі дозасы ықпалымен артериялық қысымның төмендеуі төрт апталық емдеу кезеңінде телмисартанның (n = 31) 1 мг/кг (n = 29) немесе 2 мг/кг қабылдаудан кейін гипертензиясы және 6 жастан < 18 жасқа дейінгі артық салмағы (дене салмағы ≥ 20 кг және ≤ 120 кг, орташа 74,6 кг) бар 76 пациентте бағаланды. Зерттеуге қосу кезінде салдарлы гипертензияның болуы зерттелмеді. Кейбір пациенттерде қолданылатын дозалар ересектердегі гипертензияны емдеу кезінде ұсынылған дозалардан жоғары болды және ересектерде зерттелген 160 мг-мен салыстырылмалы тәуліктік дозаға жетті. Жасқа байланысты әсерлерді түзетуден кейін бастапқы деңгеймен (негізгі мақсат) салыстырғанда САҚ орташа өзгеруі – 2 мг/кг телмисартан тобында 14,5 (1,7) мм с.б., 1 мг/кг телмисартан тобында –9,7 (1,7) мм с.б. және плацебо тобында 6,0 (2,4) мм с.б. құрады. Диастолалық АҚ түзетілген өзгерістері бастапқы деңгеймен салыстырғанда тиісінше –8,4 (1,5) мм с.б., –4,5 (1,6) мм с.б. және 3,5 (2,1) мм с.б. құрады. АҚ өзгеруі препарат дозасына байланысты болды. Осы зерттеуде 6 жастан 18 жасқа дейінгі пациенттерден алынған қауіпсіздік туралы деректер, әдетте, ересектерден алынған деректерге ұқсас болды. Телмисартанды балалар мен жасөспірімдерде қолданумен ұзақ мерзімді емдеу қауіпсіздігі бағаланбады.
Осы пациенттер тобында тіркелген эозинофилдер мөлшерінің ұлғаюы ересектерде байқалмады. Оның клиникалық мәні мен маңызы белгісіз.
Бұл клиникалық деректер гипертензиясы бар балаларда телмисартанның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.