Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Суппозитории вагинальные
Дозасы
100 мг
Саудалық атауы
Миконазол
Әсер етуші зат
Миконазол
Мақсаты
Қынаптық және вульвақынаптық кандидоздарда, грамоң микроорганизмдерден туындаған салдарлы инфекцияларда
Өндіруші
ФАРМАПРИМ
Ел
Республика Молдова
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - миконазол нитраты 100 мг,
қосымша зат - қатты май.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндрлі конус пішінді, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті суппозиторийлер.
Әсер ету механизмі
Миконазол зеңдердегі эргостерин биосинтезін тежейді және жарғақшадағы липидті компоненттердің құрамын өзгертіп, зең жасушаларының өлуіне әкеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
Миконазол зеңдік инфекциялармен көбінесе қатар жүретін симптом қышынуды азайтады.
Микробиология
Миконазолдың дерматофиттерге және ашытқылық зеңдерге қатысты зеңге қарсы әсері бар, сондай-ақ кейбір грамоң бактерияларға қатысты бактерияға қарсы әсері бар.
Дозалау режимі
Ересектер
Күніне бір суппозиторийден, кешке ұйықтар алдында 7-14 күн бойы немесе бір суппозиторийден таңертең және кешке 7 күн бойы.
Егер тіпті симптомдар (мысалы, қышыну және ақ бөліністер) азайса да немесе етеккір басталса да, емдеудің ұзақтығын сақтау ұсынылады.
Енгізу әдісі және жолы
Қынап ішіне. Суппозиторийді (пішінді қаптамадан алдын ала шығарып алып) шалқадан жатқан күйде қынап ішіне терең енгізу керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жиі
– бас ауыруы*
– іштің ауыруы*, жүрек айнуы*
– дисменорея*, қынаптан қанды бөліністер*, қынаптық бөліністер*
– несеп шығару жолдарының инфекциясы*
– тері бөртпесі
• дизурия*
Жиі емес
– розацеа*, беттің ісінуі*, есекжем*;
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)
– аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық және анафилактоидты реакцияларды қоса,
ангионевроздық ісіну.
• қышыну
• вульвақынаптық тітіркену, жамбас аймағындағы түйілулер.
* аталған реакциялар 1200 мг миконазолды бір реттік қолданумен клиникалық зерттеулер аясында кездескен.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• миконазол нитратына, басқа да имидазол туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препараттың сіңірілуінің төмендігіне байланысты қынаптық қолдану кезінде артық дозалану ықтималдығы аз.
Симптомдары: абайсызда жұтып қойған кезде құсу және диарея болуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық және демеуші ем.
Миконазолдың жергілікті түрлерімен емдеген кезде анафилаксияны және ангионевроздық ісінуді қоса алғанда, аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары туралы хабарланды. Егер аса жоғары сезімталдық реакциясы немесе тітіркену пайда болса, емдеуді тоқтату керек.
Жыныстық серіктесінде инфекция бар болған жағдайда тиісті ем тағайындау керек.
Латекс мүшеқаптарды немесе қынаптық суппозиторийлер түріндегі зеңге қарсы препараттары бар диафрагмаларды бір мезгілде пайдалану латексті ұрықтануға қарсы дәрілердің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан Миконазол суппозиторийлерін латекс мүшеқаптармен немесе латексті диафрагмалармен бір мезгілде қолданбау керек.
Арнайы сақтандырулар
Балалар мен жасөспірімдер
Балалар мен жасөспірімдерде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелген жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталмаған.
Қынаптық қолданудан кейін, миконазолдың аздаған мөлшері ғана жүйелі қан ағымына сіңеді. Миконазол жануарлар үшін эмбриоуытты немесе тератогенді болып табылатынына ешқандай дәлелдер болмаса да, препаратты жүктілік кезінде, егер дәрігердің пікірі бойынша ана үшін әлеуетті пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптерінен асып түсетін жағдайда ғана қолдану керек.
Миконазол нитратының емшек сүтіне өтетіні туралы белгісіз. Препаратты лактация кезінде қолданғанда сақ болған жөн. Жаңа туған нәрестелер үшін қаупі жоққа шығарылмайды. Емшек емізудің бала үшін пайдасы мен емнің әйел үшін пайдасына көңіл бөле отырып, емшек емізуді тоқтату немесе Миконазолмен емді тоқтату туралы шешім қабылдау қажет.
Ерлердегі және әйелдердегі фертильділікке әсері туралы клиникалық деректер жоқ.
Жүйелі түрде енгізілетін миконазолдың CYP3A4/2C9 тежейтіні белгілі. Қынапқа қолданғаннан кейін шектеулі жүйелі қолжетімділікке байланысты клиникалық маңызды
өзара әрекеттесулер болуы екіталай. Варфарин сияқты пероральді антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерге сақ болу және антикоагулянттық әсерді бақылау керек. CYP2C9 (мысалы, пероральді гипогликемиялық препараттар мен фенитоин), сондай-ақ CYP3A4 (мысалы, симвастатин және ловастатин сияқты ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері және дигидропиридиндер мен верапамил сияқты кальций өзекшелерінің блокаторлары) метаболизденетін препараттардың емдік әсерлері мен жағымсыз әсерлері миконазолмен бірге қолданғанда күшеюі мүмкін, осыған байланысты бірге қолданған кезде сақ болу керек.
Құрамында латекс бар ұрықтануға қарсы диафрагмалар немесе мүшеқаптар және Миконазол қынаптық суппозиторийлерінің арасындағы жанасуды болдырмау керек, латекстің жыртылып кету қаупі бар (4.4 бөлімін қараңыз).
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.