Жағымсыз әсерлерінің даму жиілігін анықтауға арналған заманауи клиникалық деректер жоқ. Олардың жиілігі дозасына және препараттың монотерапия түрінде немесе басқа препараттармен біріктіріліп тағайындалуына байланысты ауытқып отыруы мүмкін.
Дәрілік препаратқа білінетін жағымсыз реакцияларға тиесілі, төменде келтірілген жиілік санаттары бағалауға арналған болып табылады: реакциялардың көпшілігі бойынша жиілігін есептеу үшін жарамды деректер жоқ. Тіркеуден кейінгі қадағалау кезінде анықталған, дәрілік препаратқа жағымсыз реакциялар сирек немесе өте сирек деп танылған әрі негізінен елеусіз сипатта болады. Жиілігінің жоғарырақ болуы бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылулары бар кезде байқалады.
Жиі
- тері бөртпесі
- тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейінің жоғарылауы 9
Сирек
- Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз 6
- несептас ауруы
- гепатит (бауыр некрозын және гранулематозды гепатитті қоса)5
Өте сирек
- фурункулез
- агранулоцитоз1, аплазиялық анемия1, тромбоцитопения1, гранулоцитоз, лейкопения, лейкоцитоз, эозинофилия және шынайы эритроциттік аплазия
- ангиоиммунобласттық Т-жасушалық лимфома3, анафилаксиялық реакция
- қант диабеті, гиперлипидемия
- депрессия
- кома, салдану, атаксия, шеткері нейропатия, парестезия, ұйқышылдық, бас ауыруы, дәм сезудің бұрмалануы
- катаракта, көрудің бұзылуы, макулопатия
- теңселу сезімімен бас айналуы (вертиго)
- стенокардия, брадикардия
-артериялық гипертензия
- қан құсу, стеаторея , стоматит, дефекация ырғағының өзгеруі
- ангионевроздық ісіну7, дәрі-дәрмектік бөртпе, шаштың түсуі, шаш түсінің өзгеруі
- бұлшықет ауыруы
- гематурия, азотемия
- ерлердегі белсіздік, эректильді дисфункция, гинекомастия
- ісінулер, жалпы дімкәстану сезімі, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы 8
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық 2
- құсу4, жүрек айну4, диарея
- бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқулары 5
Белгісіз
- іштің ауыруы
- асептикалық менингит
- лихеноидты дәрілік реакция
1Өте сирек, әсіресе бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы бар тұлғаларда тромбоцитопения, агранулоцитоз және аплазиялық анемия туралы хабарлар түсті, ол осы топтағы пациенттерде ерекше сақ болу керектігін білдіреді.
2 Кейіннен болатын мультиорганды аса жоғары сезімталдықта (дәрілерге аса жоғары сезімталдық синдромы /DRESS/ ретінде белгілі) әртүрлі біріктірілімде келесі симптомдар дамуы мүмкін: қызба, тері бөртпесі, васкулит, лимфаденопатия, жалған лимфома, артралгия, лейкопения, эозинофилия, гепато-спленомегалия, бауырдың функционалдық тестілері нәтижесінің өзгеруі, жоғалып кететін өт арналарының синдромы (бауырішілік өт арналарының ыдырауы немесе жоғалуы). Басқа ағзалар тарапынан (мысалы, бауыр, өкпе, бүйрек, ұйқы безі, миокард және жуан ішек) бұзылыстар болуы мүмкін. Осындай реакциялар дамыған жағдайда емнің кез келген кезеңінде, аллопуринол препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек және ешқашан қайта бастауға болмайды. Милурит препаратын аса жоғары сезімталдық синдромы және СДС/УЭН бар пациенттерге қайта тағайындауға болмайды. Кортикостероидтар аса жоғары сезімталдық реакциясында тері реакциясын емдеу үшін қолданылуы мүмкін.
Аса жоғары сезімталдықтың жайылған реакциялары бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, әсіресе өліммен аяқталған жағдайларда дамыған.
3Ангиоиммунобласттық Т-жасушалық лимфома жайылған лимфаденопатияға қатысты лимфа түйіндері биопсиясынан кейін өте сирек диагностикаланды. Ангиоиммунобласттық лимфаденопатия қайтымды сипатқа ие және аллопуринолмен емді тоқтатқаннан кейін басылады.
4Бұрын жүргізілген клиникалық зерттеулерде жүрек айнуы мен құсу байқалды, әйтсе де кейінгі бақылаулар осы реакциялардың клиникалық мәні жоғын және оларды Милурит препаратын астан кейін тағайындаумен сақтануға болатынын растады.
5Бауыр функциясының бұзылулары жайылған аса жоғары сезімталдықтың айқын белгілерінсіз дамуы мүмкін
6Аллопуринолды қабылдайтын пациенттерде тері тарапынан жағымсыз реакциялар кеңірек таралған. Препаратпен емдеу аясында осы реакциялар кез келген уақытта дамуы мүмкін. Тері реакциялары қышынумен, макулопапулалық және қабыршақты бөртумен білінуі мүмкін. Кейбір жағдайларда пурпура дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда терінің эксфолиативті зақымдануы (СДС/УЭН) байқалады. Емдеудің алғашқы бірнеше аптасы ішінде СДС және УЭН немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа ауыр реакциялары дамуының қаупі көбірек болады. Осындай реакциялар дамығанда аллопуринолмен емді дереу тоқтату қажет. Егер тері тарапынан реакциялар жеңіл сипатта болса, онда осы өзгерістер жоғалғаннан кейін аллопуринолды төмен дозада қабылдауды (мысалы, тәулігіне 50 мг) жаңғыртуға болады. Кейіннен дозасын біртіндеп жоғарылатуға болады.
HLA-B*5801 аллелінің аллопуринолға тәуелді аса жоғары сезімталдық синдромы және СДС/УЭН дамуы қаупімен байланысты екені көрсетілді. Егер тері тарапынан реакция қайтадан туындаса, аса жоғары сезімталдықтың күрделірек дамуы мүмкіндігін ескере отырып, аллопуринолды қолдануды дереу және біржола тоқтату керек. Егер СДС/УЭН немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа күрделі реакцияларының болуы жоққа шығарылмаса, ауыр немесе тіпті, өлімге соқтыратын реакция дамуы мүмкіндігі салдарынан, аллопуринолды қолдануды қайта БАСТАМАУ КЕРЕК. Шешім қабылдауға СДС/УЭН клиникалық диагнозының болуы негіз болады. Егер ондай реакциялар емдеу барысында кез келген сәтте дамыса, аллопуринолды қолдануды дереу және біржола тоқтату қажет.
7 Аса жоғары сезімталдықтың анағұрлым жайылған реакциясы белгілерімен және симптомдарымен бірлескен, сондай-ақ, оларсыз ангионевроздық ісіну дамығаны сипатталған.
8 Аса жоғары сезімталдықтың анағұрлым жайылған реакциясы белгілерімен және симптомдарымен бірлескен, сондай-ақ, оларсыз қызба дамығаны сипатталған.
9 Тиісті зерттеулерде байқалған ТТГ деңгейінің жоғарылауы Т4 деңгейіне әсер еткен жоқ және субклиникалық гипотиреоздың пайда болуын көрсеткен жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz