Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутримышечных инъекций
Саудалық атауы
Мильгамма®
Әсер етуші зат
Витамин В1 в комбинации с витамином В6 и/или витамином В12
Мақсаты
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы расталған, тамақ өнімдерімен толықтыру мүмкін емес айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу
Өндіруші
Солюфарм Фармацайтише Эрцойгниссе ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампула препараттың (2 мл) құрамында
белсенді заттар: тиамин гидрохлориді 100 мг, пиридоксин гидрохлориді 100 мг, цианокобаламин 1 мг,
қосымша заттар: лидокаин гидрохлориді 20 мг, бензил спирті 40 мг, натрий полифосфаты 20 мг, калий гексацианоферраты (III) 0.20 мг, натрий гидроксиді 12 мг, инъекцияларға арналған су 2 мл-дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызыл түсті мөлдір ерітінді.
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы расталған, тамақ өнімдерімен толықтыру мүмкін емес айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу
Фармакотерапялық тобы.
Дәрумендер. В1 дәрумені, қарапайымдары және В6 және В12 дәрумендерімен біріктірілімдері. В6 дәруменімен және / немесе В12 дәруменімен біріктірілген В1 дәрумені.
АТХ коды А11DB
5.1.1. Әсер ету механизмі:
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы клиникалық маңызды неврологиялық бұзылуларға әкелуі мүмкін, оларды емдеу үшін дәрумендердің орнын толтыру қажет. Бұл дәрумендердің тапшылығы неврологиялық бұзылулармен, оның ішінде нейропатиямен байланысты және өте жиі бір мезгілде, әсіресе қауіп топтарында байқалады. Жүйке жүйесінің функциясын басқаруда В1, В6 және В12 дәрумендері үйлесімді рөл атқарады, осы дәрумендердің физиологиялық функциясы жүйке, нейробұлшықет және жүрек-қантамыр жүйелеріне оң әсер ететін бір-бірінің әсерін күшейту болып табылады.
Сондықтан осы дәрумендерді біріктіріп қолдануды тағайындайды, ол үшін оларды бірлесіп қолданудың ғылыми негізі бар. Сонымен қатар, В тобының нейротропды дәрумендер жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті ауруларына қолайлы әсер етеді, жүйке жүйесінің қан ағымын күшейтуге ықпал етеді.
Қоректік заттардың тапшылығы тамақ рационында олардың жеткіліксіз санына байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ сіңірілуін, тасымалдауды немесе метаболизмді төмендететін ауруларға байланысты болуы мүмкін.
B1 дәрумені жүйкеге қарсы дәрумен ретінде де тағайындалады. Кокарбоксилаза ретінде фосфорланған түрінде, ол көмірсулардың ыдырауын реттейді және ацидоздық метаболиялық бұзылыстарға қарсы қолданылады, кейіннен ТПФ (тиамин пирофосфат) және АТФ қатыса және синтездей отырып, Кребс циклінің жұмысында негізгі рөл атқарады.
B6 дәрумені ақуыз, майлар және көмірсулардың ыдырауын реттейді. Оның нейротропиялық әсері, мысалы, невриттерді профилактикалау үшін изоникотин қышқылымен гидразидті емде қолданылады. Оның ми діңіне әсері экстрапирамидальді симптомдарды әлсіретеді.
B12 дәрумені жасушалық метаболизм, қалыпты қан түзілу және жүйке жүйесінің жұмыс істеуі үшін маңызды. Ол нуклеин қышқылының биологиялық синтезін катализдейді, және, демек, жасушалардың жаңа ядроларының құрылымын қалыптастыру. В12 дәрумені үлкен дозада ауырсынуды басатын, аллергияға қарсы және қан айналымына ықпал ететін қасиеттерді көрсетеді. Цианокобаламин миелин қабығының синтезіне қатысады, гемопоэзді ынталандырады, шеткергі жүйке жүйесінің зақымдануымен байланысты ауырсыну сезімдерін азайтады.
В1, В6 және В12 дәрумендерінің кешені олардың тапшылығын жою үшін ғана емес, жоғары дозаларда фармакологиялық қасиеттері де бар, бұл Мильгамма препаратын қолданудың арқасында қол жеткізілетін ауырсынуды басатын және аллергияға қарсы әсерлерге ие.
5.1.2. Фармакодинамикалық әсерлері. ( 5.1.1. бөлімін қараңыз)
5.1.3. Клиникалық әсері және қауіпсіздігі. (5.1.1. бөлімін қараңыз)
5.1.4. Балалар
Мильгамма құрамында тиамин гидрохлориді, пиридоксин гидрохлориді, цианокобаламин бар дәрілік препараты балалардың бір немесе бірнеше шағын тобында зерттелмеген.
Дозалау режимі
Ересектер
Қандағы препараттың жоғары деңгейіне жылдам қол жету үшін айқын және жедел ауырсыну синдромы жағдайында емді тәулігіне бір бұлшықетішілік инъекциядан (2 мл) бастайды, күн сайын 5-10 күн бойы. Ауыру синдромын жойғаннан кейін және аурудың жеңіл түрінде сирек инъекцияға (2-3 апта бойы аптасына 2-3 рет) ауысады.
Кейіннен инъекция арасындағы үзілістерде және жеңіл түрінде тәулігіне 3 рет 1 таблетка Мильгамма тағайындалады.
Апта сайын дәрігерлік тексеруден өту ұсынылады.
Ішке қабылдауға арналған дәрілік түрмен емге ауысуды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асыру ұсынылады.
Ең жоғарғы бір реттік доза: 2,0 мл инъекция,
Ең жоғарғы тәуліктік доза: 2,0 мл инъекция,
Енгізу жиілігі: тәулігіне бір рет.
Енгізу әдісі және жолы
Инъекцияға арналған ерітінді (2 мл) бұлшықетке терең енгізіледі. Препаратты вена ішіне енгізуге болмайды (в/і), өйткені препараттағы лидокаин құрамы жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Емді тәулігіне 1-ші инъекциядан (2 мл) бастайды, күн сайын, 5-10 күн бойы жалғасады.
Емдеу ұзақтығы
Ауыру синдромын жойғаннан кейін және аурудың жеңіл түрінде одан әрі қарай ішке қабылдауға арналған дәрілік түрмен емге ауысады, болмаса тым сирек инъекцияларға (2-3 апта бойына аптасына 2-3 рет) көшу керек, әрі қарай емдеуді ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен мүмкіндігінше жалғастыру керек.
Апта сайын дәрігерлік тексеруден өту ұсынылады.
Ішке қабылдауға арналған дәрілік түрмен емге ауысуды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асыру ұсынылады.
• Егде жастағылар
• Қолда бар деректер негізінде егде жастағы пациенттерде ұсынылатын дозада препаратты қолдану бойынша қандай да бір шектеулер жоқ.
• Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
• Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препарат әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін.
• Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
• Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препарат әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Қажет болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
• әсер етуші заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
• қалпына келмейтін жедел жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы
• жүктілік және емшек емізу кезеңі
• 12 жасқа дейінгі балалар
Сирек:
• бензил спиртіне аса жоғары сезімталдық реакциялары
Өте сирек:
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, тері бөртпесі, экзантема, тыныс алудың қиындауы, шок, ангионевроздық ісіну)
• тахикардия
• тершеңдік ұстамалары, акне, қышымамен және есекжеммен айқындалған тері реакциялары
Өте сирек / жекелеген жағдайларда:
• енгізу орнындағы бұзылулар: жылдам енгізу кезіндегі (кездейсоқ венаішілік инъекция, қарқынды қанмен қамтамасыз ететін тіндерге инъекция) немесе артық дозалау кезіндегі жүйелі реакциялар. Бұл жағдайда бас айналу, құсу, брадикардия, аритмия, сананың шатасуы және құрысулар болуы мүмкін
Енгізілген орында ашытып-күйдіру сезімі
Күтілген дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Симптомдары: бас айналуы, аритмия, құрысулар.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Симптомдар пайда болған кезде ем тағайындау үшін дәрігерге бару керек.
Мильгамма® препараты тек бұлшықет ішіне ғана енгізіледі (б/і), ешқандай жағдайда да вена ішіне (в/і) қан ағымына енгізілмейді, себебі препараттағы лидокаин мөлшері жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін. Кездейсоқ венаға түскен кезде пациентті дәрігер бақылауы тиіс немесе симптомдардың ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызылуы тиіс.
Препарат алты айдан астам ұзақ қолданғанда нейропатияны тудыруы мүмкін.
Доза бірлігіне арналған препарат (2 мл) құрамында 1 ммольден кем (23 мг) натрий бар.
Арнайы ескертулер
Ампула ашылғаннан кейін микробиологиялық тұрғыдан препарат дереу енгізілуге жатады. Мильгамма® тек бұлшықет ішіне ғана енгізіледі (б/і).
Алты айдан астам ұзақ қолдану нейропатияны тудыруы мүмкін.
Мильгамма® доза бірлігіне (2 мл) құрамында 1 ммольден кем натрий (23 мг) бар.
• Педиатрияда қолдану. Қатысы жоқ.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мильгамма® көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді. Ерекше сақтық шаралары қажет емес.
Жүктілік кезінде В1 дәруменін қолданудың ұсынылатын тәуліктік дозасы екінші триместрде 1,2 мг, үшінші триместрде 1,3 мг; төртінші айдан бастап В6 дәрумені - 1,9 мг; В12 дәрумені – 2,6 мкг құрайды. Жүктілік кезінде көрсетілген дозалардың артуы B1 және B6 дәрумендерінің ауыр тапшылығы расталған жағдайда ғана мүмкін.
B1, В6 және В12 дәрумендері емшек сүтіне өтеді.
В6 дәруменінің жоғары дозалары сүт өндіруді тежеуі мүмкін.
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде препаратты қолдану туралы шешімді В1, В6 және В12 дәрумендерінің ауыр тапшылығы жағдайында емдеуші дәрігер ғана және пайдасы мен қаупі мұқият бағалағаннан кейін қабылдайды.
В1 дәрумені. Тиамин құрамында сульфит бар ерітіндіде толығымен бұзылады. В1 дәруменінің ыдырау өнімдері бар жерде басқа витаминдердің белсенділігі жойылады (темір иондарының төмен концентрациясы осындай белсенділігі жойылуын болдырмауы мүмкін).
Тиамин тотықтырушы заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, темір сульфатымен, танин қышқылымен, темір аммоний-цитратымен, сондай-ақ натрий фенобарбитонымен алымен, рибофлавинмен, бензилпенициллинмен, глюкозамен және метабисульфитпен үйлесімсіз. Мыс тиаминнің ыдырауын жеделдетеді; одан басқа рН (3 көп) мәні артқан кезде тиамин өзінің әсерін жоғалтады.
В6 дәрумені. В6 дәруменінің емдік дозалары леводопаның тиімділігін әлсіретуі мүмкін, сол сияқты леводопа В6 дәруменінің емдік дозаларының әсерін төмендетеді. Өзара әрекеттесулер изониазидпен, D-пеницилламинмен және циклосеринмен, Д-пеницилламинмен, адреналинмен, норадреналинмен, сульфонамидтермен байқалады, ол пиридоксин әсерін төмендетеді.
В12. дәрумені. Цианокобаламин тотықтырғыш заттармен және ауыр металл тұздарымен үйлесімсіз, тиаминнен туындаған аллергиялық реакцияларды күшейтуі мүмкін. Рибофлавин, әсіресе жарықтың әсерінен деструктивтік әсер етуі мүмкін. Никотинамид фотолизисті күшейтеді, ал сол уақытта антиоксиданттар бұл үдерісті тежейді.
Лидокаинді парентеральді енгізгенде эпинефринді немесе норэпинефринді бір мезгілде қабылдау жүрекке жағымсыз әсерді күшейтуі мүмкін.
Сондай-ақ, сульфонамидтермен өзара әрекеттесу байқалады.
Жергілікті анестетиктермен артық дозаланғанда эпинефринді немесе норэпинефринді қосымша енгізуден аулақ болу керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Тоңазытқышта (2 - 8°С), жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.