Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для наружного применения
Дозасы
0.05%
Саудалық атауы
Мираксидин-DF®
Әсер етуші зат
Хлоргексидин
Мақсаты
Оториноларингология және стоматологияда жара беткейлерін операциядан кейін өңдеу
Өндіруші
ТОО "DOSFARM"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – хлоргексидин диглюконаты 20% ерітіндісі – 0,0025 мл;
қосымша зат – тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз мөлдір немесе иіссіз сәл бозаңданатын сұйықтық.
• оториноларингология және стоматологияда жара беткейлерін операциядан кейін өңдеу;
• стоматологияда (гингивит, стоматит, афта, пародонтит, альвеолит), хирургияда, урологияда, акушерлікте және гинекологияда іріңді жараны, күйік беттерін өңдеуге, терінің және шырышты қабықтардың бактериялық және зеңдік ауруларында;
• инфекция жұқтырған терінің сыдыруларын және сызаттарын өңдеу үшін;
• қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін.
Хлоргексидин диглюконаты – бұл антисептикалық және зарарсыздандыратын дәрі, құрамында дихлор бар бигуанид туындысы бола тұра, жасушалық ақуыздардың амин тобын тежейді. Бактериялық жасушалардың жасушаішілік жарғақшасына өтеді, цитоплазмада шөгеді және оттегінің қолданылуына кедергі келтіре отырып, жарғақшалық функцияға енеді, бұл жасушалық АТФ деңгейінің төмендеуіне және жасушаның қырылуына әкеледі. ДНҚ ыдыратады және микроорганизмдерде ДНҚ синтезін бұзады.
+22оС температурада және 1 минут бойы әсер еткенде бактерицидтік әсер етеді. +22оС температурада және 10 минут бойы әсер еткенде фунгицидтік және вирулицидтік әсер етеді.
Препарат грампоң және грамотеріс бактериялардың вегетативті түрлеріне, антибиотиктерге политөзімділігі бар госпитальді штаммдарды қоса, монокультура және микробты ассоциация ретінде аэробты және анаэробты бактерияларға қатысты белсенді. Венерологиялық аурулардың қоздырғыштары: трепанема, гонококктарға, трихомонадаға, хламидийға, герпеске қатысты тиімді:Бактериялардың спораларына тек қана жоғары температурада әсер етеді. Бактериялардың қышқылға төзімді түрлеріне әсер етпейді.
Аскомицеттерге, ашытқы зеңдерге, дерматофиттерге зеңге қарсы әсер етеді.
Қан, ірің, түрлі сөлініс және органикалық заттар бар болса белсенділігін (аздап төмен болса да) сақтайды.
Дозалау режимі
0,05 Мираксидин-DF® ерітіндісін ересектерге және 3 жастан асқан балаларға сыртқа және жергілікті бүрку, шаю және жапсыру түрінде профилактикалық және емдік дәрілер ретінде қолданылады (терінің немесе шырышты қабықтың зақымданған жеріне 5-10 мл жағады):
• ЛОР және стоматология бөлімдерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде Мираксидин-DF® препаратын тәулігіне 2-3 рет шаю түрінде қолдануға тағайындайды.
• уретриттердің және уретропростатиттердің кешенді емінде Мираксидин- DF® уретраға күніне 1-2 рет 2-3 мл-ден бүркеді, емдеу курсы – 10 күн, емшараны күнара тағайындайды.
• жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу үшін Мираксидин- DF® жыныстық қатынастан кейін 2 сағаттан кешіктірмей қолдану қажет. Препаратты қолданар алдында қуықты босатып алу қажет және гениталий аумағын сабынсыз жылы сумен өңдеу керек. Құтының ішіндегі затты қондырманың жәрдемімен еркектің (2-3 мл), әйелдердің (1-2 мл) несеп шығару өзекшесіне және қынапқа (5-10 мл) 2-3 минутқа енгізу керек. Санның, қасағаның, жыныс мүшелерінің ішкі бетінің терісін де өңдеу қажет. Емшарадан кейін 2 сағат бойы дәрет сындырмау керек.
Әйелдерде қынаптық бүркіп-шаюға арналған 50 мл Мираксидин- DF® жиынтықтағы арнайы қондырмасы бар гофрланған құтыда шығарылады. Қолданар алдында ішінде дайын ерітіндісі бар құтының қақпағын арнайы қондырмаға алмастырып салып, қынапқа енгізеді және құтының түбін басу арқылы 5-10 мл ерітіндіні 2-3 минут бойы бүркеді.
3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге:
• стоматит, гингивит, афта, парадонтит, альвеолитті емдеген кезде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығына препаратқа малынған тампонмен тек апликация жасау қажет;
• тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдегенде Мираксидин-DF® спрейін зақымданған аумаққа олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе онымен тампонды дымқылдайды және жараға немесе ойық жараға басады;
• қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін Мираксидин-DF® спрейін қолдың және аяқтың таза және құрғақ бетіне олардың дымқылдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады немесе тампонды дымқылдап, сүртеді.
Емдеу ұзақтығы ауру сипатымен, оның айқындылығымен байланысты және оны дәрігер белгілейді
Ауыз қуысының ауруларын емдеген кезде препаратты тамақ ішіп болғаннан кейін қолдану қажет.
Мираксидин - DF® препаратын конъюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын жуып-шаю, тереңдегі жараларды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсыныстары
Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән пайда болған жағдайда дәрігермен кеңесіңіз.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар өршісе немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.
Препаратты тек нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге сәйкес қолданыңыз.
• аллергиялық реакцияларға бейімділік;
• дерматиттер;
• хлоргексидиннің жекелей жақпаушылығы;
• 3 жасқа дейінгі балалар.
Жиі:
• 3-5 мин бойы қол терісінің жабысқақ болуы
Сирек:
• терінің құрғауы және қышуы
• дерматит
• тістердің боялуы
• тіс тастарының жиналып қалуы
• дәмнің бұзылуы (гингивиттерді емдеген кезде)
Өте сирек:
• аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)
• фотосенсибилизация
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша ақпарат
Симптомдары: препаратпен артық дозалану туралы деректер жоқ.
Емі: кездейсоқ ішке түскен кезде 20% Хлоргексидин диглюконаты сіңірілмейді, мұндай жағдайда симптоматикалық ем жүргізу қажет.
Препаратты тыныс алу жолына түсіріп алмай, абайлап қолдану керек!
Препараттың миға, ми қабықтарына және дабыл қуысына түсіп кету қаупіне байланысты, препаратты ашық бассүйек-ми жарақаты, жұлынның зақымдары бар, дабыл жарғақшасы тесілген пациенттерге қолданбау керек.
Мираксидин-DF® препаратын басқа дәрілік препараттармен араластырмаған жөн.
Препаратты сыртқа қолданған кезде таза құрғақ теріге сабын қалдығын мұқият жуып тастағаннан кейін жағу ұсынылады.
Мираксидин-DF® препаратын конъюктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын жуып-шаю, тереңдегі жараларды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.
Препарат тиіп кеткен киімнің, онда қоңыр дақтардың пайда болуы мүмкін болғандықтан, гипохлориттердің және белсенді хлор бөліп шығаратын басқа қосылыстардың әсеріне ұшырауына жол бермеу керек.
Көздің шырышты қабығына тиіп кеткен жағдайда көзді сумен жылдам және мұқият шайған жөн.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Инвазивті емшараларды бастамас бұрын, хлоргексидинге малынған барлық материалдарды алып тастау керек: бинттер, жаймалар, сүрткілер, халаттар және т.б. Ерітіндінің шамадан тыс мөлшерін пайдаланбаңыз. Пациенттің денесінің астындағы тері қатпарларында баланың терісімен тікелей байланыста болатын материалдарда ерітіндінің жиналуына жол бермеңіз. Егер бұрын хлоргексидинге ұшыраған теріге ауа өткізбейтін таңғыш (окклюзиялық таңғыш) салу қажет болса, оны қолданар алдында теріде хлоргексидиннің артық ерітіндісі жоқтығына көз жеткізіңіз.
3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге Мираксидин-DF® спрейін тек тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдеген кезде ғана суландыру түрінде қолдану керек. Ауыз қуысының ауруларын тампондардың жәрдемімен қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Бала емізетін әйелдерге және жүкті әйелдерге, аллергиялық реакциялардың қаупі бар болғандықтан, сақтықпен қолдану керек!
Сабынмен, сілтілермен және басқа да анионды қосылыстармен (коллоидтар, гуммиарабик, карбоксиметилцеллюлоза) фармацевтикалық үйлеспейді.
Құрамында катион тобы бар препараттармен үйлесімді (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді). Бактериялардың хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспориндерге сезімталдығын арттырады.
Этанол препараттың тиімділігін күшейтеді.
Жоғарыда аталған немесе басқа да дәрілік препараттарды (оның ішінде рецептісіз) қолдансаңыз, Мираксидин-DF® препаратын қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.