Дозалау режимі
Бұл препаратты әрдайым дәрігеріңіздің нұсқауларына қатаң сәйкестікте қабылдаңыз. Қандай да бір күмән болған жағдайда, дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Дәрігер дозаны түзетуге көмектеседі.
Босап шығуы ұзаққа созылатын МИРАПЕКС ПВ таблеткаларын тәулігіне бір рет қана қабылдайды, бұл ретте таблетканы күн сайын шамамен бір уақытта қабылдау қажет.
МИРАПЕКС ПВ препаратын тамақ ішуге тәуелсіз қабылдай аласыз. Таблеткаларды сумен бүтіндей жұту қажет.
Босап шығуы ұзаққа созылатын таблеткаларды шайнауға, сындыруға немесе ұсақтауға болмайды. Бұлай жасамаған жағдайда, препарат ағзаға тым жылдам түсуі мүмкін болғандықтан артық дозалану қаупі пайда болады.
Босап шығуы ұзаққа созылатын МИРАПЕКС ПВ таблеткалары күніне бір рет пероральді қабылданатын прамипексол препараты болып табылады.
Бірінші апта бойы препараттың стандартты тәуліктік дозасы 0,375 мг тең. Дозаны симптомдар жойылғанша (демеуші доза), дәрігердің нұсқауларын орындай отырып, әрбір 5-7 күн сайын біртіндеп арттыру қажет.
Босап шығуы ұзаққа созылатын МИРАПЕКС ПВ препаратының дозасын арттыру схемасы
Апта — Тәуліктік доза (мг) — Таблеткалар саны
1 — 0,375 — Босап шығуы ұзаққа созылатын дозасы 0,375 мг МИРАПЕКС ПВ бір таблеткасы
2 — 0,75 — Босап шығуы ұзаққа созылатын дозасы 0,75 мг МИРАПЕКС ПВ бір таблеткасы НЕМЕСЕ Босап шығуы ұзаққа созылатын дозасы 0,375 мг МИРАПЕКС ПВ екі таблеткасы
3 — 1,5 — Босап шығуы ұзаққа созылатын дозасы 1,5 мг МИРАПЕКС ПВ бір таблеткасы НЕМЕСЕ Босап шығуы ұзаққа созылатын дозасы 0,75 мг МИРАПЕКС ПВ екі таблеткасы НЕМЕСЕ Босап шығуы ұзаққа созылатын дозасы 0,375 мг МИРАПЕКС ПВ төрт таблеткасы
Препараттың стандартты демеуші дозасы тәулігіне 1,5 мг тең. Алайда сізге жоғарырақ доза тағайындалуы да мүмкін. Қажет болған жағдайда, дәрігеріңіз препараттың дозасын тәулігіне 4,5 мг дейін арттыруы мүмкін. Сонымен қатар босап шығуы ұзаққа созылатын МИРАПЕКС ПВ препаратының тәулігіне 0,375 мг дозадағы бір таблеткасын құрайтын төменірек демеуші дозасын тағайындауы да мүмкін.
Бүйрек ауруларымен ауыратын пациенттер
Егер бүйрек ауруымен ауыратын болсаңыз, емдеуші дәрігеріңіз бірінші аптада босап шығуы ұзаққа созылатын таблеткалардың 0,375 мг стандартты бастапқы дозасын қабылдауды ұсынуы мүмкін, оны тек күнара қабылдау керек. Осыдан кейін емдеуші дәрігеріңіз препаратты қабылдау жиілігін күнделікті қабылдауға дейін арттыруы мүмкін және сіз босап шығуы ұзаққа созылатын препараттың дозасы 0,375 мг бір таблеткасын күн сайын қабылдайтын боласыз. Дозаны қосымша арттыру қажеттілігі туындаса, емдеуші дәрігер оны 0,375 мг-дық адыммен өзгерте алады.
Егер сізде бүйрекпен байланысты ауыр проблемалар болса, дәрігеріңіз сізді құрамында прамипексол бар басқа препаратқа ауыстыруға мәжбүр болуы мүмкін. Емдеу кезінде бүйрек проблемалары күшейе түскен жағдайда, мүмкіндігінше тезірек дәрігеріңізге хабарласыңыз.
Дереу босап шығатын прамипексол таблеткаларын ауыстыру кезінде
Емдеуші дәрігеріңіз босап шығуы ұзаққа созылатын МИРАПЕКС ПВ таблеткаларының дозасын сіз қабылдап жүрген дереу босап шығатын прамипексол таблеткаларының дозасы негізінде анықтайды. Ауыстырудан бір күн бұрын дереу босап шығатын прамипексол таблеткаларын әдеттегі мөлшерде қабылдаңыз. Келесі күні таңертең босап шығуы ұзаққа созылатын МИРАПЕКС ПВ таблеткаларын қабылдай бастаңыз және бұдан әрі дереу босап шығатын прамипексол таблеткаларын қабылдамаңыз.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды езбей, сындырмай және шайнамай сумен бүтіндей жұту қажет. Таблеткаларды тамақпен бірге немесе онсыз қабылдауға болады («Дозалану режимін» қараңыз).
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Жоғарыдағы «Дозалану режимін» қараңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажет болатын шаралар
Егер сіз МИРАПЕКС ПВ препаратының дозасын өткізіп алып, бұл туралы стандартты қабылдау уақытынан кейін 12 сағат ішінде есіңізге түссе, бірден таблетканы қабылдаңыз, ал келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдаңыз.
Таблетканы қабылдауды өткізіп алғаннан кейін 12 сағаттан астам уақыт өткен жағдайда, жай ғана әдеттегі уақытта келесі дозаны (тек бір дозаны) қабылдаңыз. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі еселік дозаны қабылдамаңыз.
Қолдануды тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Дәрігеріңізбен алдын ала кеңеспестен, МИРАПЕКС ПВ қабылдауды тоқтатпаңыз. Осы препаратты қабылдауды тоқтату қажет болса, дәрігеріңіз дозаны біртіндеп азайтады. Бұл симптомдардың үдеу қаупін төмендетеді.
Паркинсон ауруымен ауыратын болсаңыз, сіз МИРАПЕКС ПВ препаратын қолдануды күрт тоқтатпауыңыз қажет. Препаратты қабылдауды күрт тоқтату «қатерлі нейролептикалық синдром» деп аталатын өмірге қауіпті жағдайдың дамуына әкелуі мүмкін, оның симптомдары мынадай:
• акинезия (бұлшықет қозғалғыштығын жоғалту)
• бұлшықет сіреспелілігі
• қалтырау
• тұрақсыз артериялық қысым
• тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі)
• сананың шатасуы
• сананың өшуі (яғни кома)
МИРАПЕКС ПВ препаратын қабылдауды тоқтатсаңыз немесе дозасын азайтсаңыз, сізде дофамин агонистін тоқтату синдромы деп аталатын ауру дамуы мүмкін. Симптомдары депрессияны, апатияны, мазасыздықты, шаршауды, тершеңдікті немесе ауыру сезімін қамтиды. Егер сізде осы симптомдар байқалса, дәрігерге хабарласу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсініп алу үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Кез келген дәрілік затты қолданар алдында өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Дәрігеріңізбен алдын ала кеңеспестен, МИРАПЕКС ПВ қабылдауды тоқтатпаңыз.
Осы дәрілік препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтар туындаса, дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарласыңыз.