Вена ішіне енгізу кезінде ықтимал жағымсыз реакциялар
Митомицинді вена ішіне енгізу кезіндегі едәуір таралған жағымсыз реакциялар жүрек айнуы мен құсу сияқты асқазан-ішек бұзылыстары және лейкопениямен және әдетте басым тромбоцитопениямен миелосупрессия болып табылады. Тыныс алу кезінде ентігу, құрғақ жөтел және ысқырықты сырылдар (интерстициялық пневмония), сондай-ақ бүйрек функциясының ауыр бұзылуы сияқты ауыр өкпе ауруы пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялар төменде жүйелік-ағзалық класс пен жиілігі бойынша атап көрсетілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000 - нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10 000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10 000) және белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес). Жағымсыз реакциялар әр топ шеңберінде күрделілік дәрежесінің төмендеу тәртібімен ұсынылған.
Өте жиі
• миелосупрессия, лейкопения, тромбоцитопения
• жүрек айнуы, құсу
Жиі
• интерстициялық пневмония, ентігу, жөтел, тыныс алудың қиындауы
• экзантема, аллергиялық тері бөртпесі, жанаспалы дерматит, алақан-табан эритемасы
• бүйрек жеткіліксіздігі, сарысулық креатининнің жоғарылауы, гломерулопатия, нефроуыттылық
• целлюлит, экстравазациядан кейінгі тіндердің некрозы
Жиі емес
• мукозит, стоматит, диарея, анорексия
• алопеция
• қызба
Сирек
• гемолиздік анемия, тромбоздық микроангиопатия (ТМА), оның ішінде тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП)
• өмірге қауіп төндіретін инфекциялар, сепсис
• антрациклиндермен алдыңғы емдеуден кейінгі жүрек жеткіліксіздігі
• өкпе гипертензиясы, өкпе вена окклюзиялық ауруы (ӨВОА)
• бауыр жеткіліксіздігі, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, сарғаю, бауырдың вена окклюзиялық ауруы (БВОА)
• жайылған экзантема
• гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС) (жиі өліммен аяқталатын), микроангиопатиялық гемолиздік анемия (MAГA-синдром)
Өте сирек
• ауыр аллергиялық реакциялар
Белгісіз
• анемия
• инфекциялар
Қуықішілік енгізуден кейінгі ықтимал жағымсыз реакциялар
Жағымсыз реакциялар дәрілік препаратты қуық ішіне енгізу нәтижесінде де, трансуретральды резекция (негізгі ауруға байланысты хирургиялық араласу) жүргізу нәтижесінде де пайда болуы мүмкін.
Митомицинді қуықішілік енгізу кезінде едәуір таралған жағымсыз реакциялар жергілікті экзантема түріндегі терінің аллергиялық реакциялары (мысалы, жанаспалы дерматит, сондай-ақ алақан-табан эритемасы) және цистит болып табылады.
Жиі
• қышыну, аллергиялық тері бөртпесі, жанаспалы дерматит, алақан-табан эритемасы
• цистит (мүмкін геморрагиялық), дизурия, ноктурия, поллакиурия, гематурия, қуық қабырғасының жергілікті тітіркенуі
Сирек
• жайылған экзантема
Өте сирек
• некроздаушы цистит, аллергиялық (эозинофильді) цистит, несеп шығару жолдарының стенозы, қуық сыйымдылығының төмендеуі, қуық қабырғаларының кальцификациясы және фиброзы, қуықтың тесілуі
Белгісіз
• экстравазация жағдайында қуықтың тесілуі, қоршаған (майлы) тіндердің некрозы, везикальды жыланкөз, абсцесстер.
Қуық ішіне енгізгеннен кейін митомициннің елеусіз мөлшері ғана жүйелік қанға түседі. Алайда, өте сирек жағдайларда келесі жүйелік жағымсыз реакциялар туралы хабарланды:
• лейкоцитопения, тромбоцитопения
• өкпенің интерстициялық аурулары
• жүрек айнуы, құсу, диарея
• трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
• алопеция
• бүйрек жеткіліксіздігі
• қызба
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz