Моксифлоксацинді 400 мг ішке немесе сатылап емдеу шеңберінде (вена ішіне/ішке) қолдану кезінде байқалған, жиілігі бойынша жіктелген жағымсыз реакциялар төменде тізбеленген.
Жүрек айну мен диареядан тыс, барлық жағымсыз реакциялар 3 %-дан төмен жиілікте байқалды.
Жиіліктің әр тобы шеңберінде жағымсыз әсерлер ауырлықты төмендету тәртібімен бөлінеді.
Жиі (>1/100-ден <1/10-ға дейін)
- резистентті бактериялар немесе зеңдер туғызған суперинфекциялар, мысалы, оральді немесе қынаптық кандидоз
- бас ауыруы, бас айналу*
- гипокалиемиясы бар пациенттерде ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы**
- жүрек айнуы, құсу, асқазан-ішек жолындағы және іштің ауырсынуы, диарея
- қанда трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес (>1/1000-нан <1/100-ге дейін)
- анемия, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, тромбоцитоз, эозинофилия, протромбин уақытының ұзаруы және халықаралық қалыптасқан қатынастың артуы
- аллергиялық реакциялар
- гиперлипидемия
- үрейлену, психомоторлық белсенділікті жоғарылауы/қозу *
- парестезия/дизестезия, дәм сезу бұзылыстары, оның ішінде агевзия (өте сирек жағдайларда дәм сезу сезімталдығын жоғалту), сананың шатасуы және бағдардан жаңылу, ұйқы бұзылулары (көбінесе ұйқысыздық), тремор, бас айналу, ұйқышылдық*
- көру қабілетінің бұзылулары, оның ішінде диплопия және анық көрмеу (әсіресе ОЖЖ тарапынан реакциялармен қосылған)*
- QT аралығының ұзаруы, жүрек қағу, тахикардия, жүрекшелер фибрилляциясы, стенокардия**
- вазодилатация
- ентігу, оның ішінде демікпе статусы
- тәбеттің және ас ішудің төмендеуі, іш қату, диспепсия, метеоризм, гастрит, қанда амилаза деңгейінің жоғарылауы
- бауыр функциясының бұзылулары, оның ішінде лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, билирубин деңгейінің жоғарылауы, гаммаглутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы, сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы
- қышыну, бөртпе, есекжем, терінің құрғауы
- артралгия, миалгия*
- дегидратация
- нашар хал-ахуал (негізінен, астения және жалпы дімкәстану), ауырсынумен қатар жүретін жай-күйлер (оның ішінде арқаның, кеуде қуысының, жамбас аумағының және аяқ-қолдың ауырсынуы), тершеңдік*
Сирек (>1/10000-нан <1/1000-ға дейін)
- анафилаксиялық реакциялар, оның ішінде өте сирек – өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық шок, аллергиялық/ангионевроздық ісіну, оның ішінде көмейдің ісінуі (өмірге қауіп төндіруі мүмкін)
- гипергликемия, гиперурикемия
- эмоциялық құбылу, депрессия (өте сирек жағдайларда суицидтік идеялар/ойлар немесе суицид әрекеттері сияқты өзіне-өзі зақым келтіру үрдісімен көрініс беруі мүмкін), елестеулер, делирий*
- гипостезия, иіс сезудің бұзылуы (аносмияны қоса), патологиялық түстер көру, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы (жүріс-тұрыстың, әсіресе, бас айналуы немесе вертиго салдарынан бұзылуларын қоса), құрысулар (ауқымды құрысу ұстамаларын қоса), зейін қою бұзылулары, сөйлеу бұзылыстары, амнезия, шеткері нейропатия және полинейропатия*
- көздің қарығуы*
- құлақтың шуылдауы, естудің нашарлауы, оның ішінде кереңдік (әдетте, қайтымды)*
- қарыншалық тахиаритмиялар, естен танулар (оның ішінде жедел және қысқа мерзімді санадан айрылу)**
- гипертензия, гипотензия
- дисфагия, стоматит, антибиотикпен астасқан колит (оның ішінде өте сирек жағдайларда өмірге қатерлі асқынулармен астасқан жалған жарғақшалы колит)
- сарғаю, гепатит (көбінесе холестаздық)
- тендинит, бұлшықет құрысулары, бұлшықеттер тартылуы, бұлшықет әлсіздігі*
- бүйрек функциясының бұзылуы (оның ішінде қанда мочевина және креатинин деңгейінің жоғарылауы), бүйрек жеткіліксіздігі
- ісінулер*
Өте сирек (<1/10000)
- протромбин деңгейінің жоғарылауы және халықаралық қалыптасқан қатынастың төмендеуі, агранулоцитоз, панцитопения
- антидиуретикалық гормонның талапқа сай емес секреция синдромы
- гипогликемия, гипогликемиялық кома
- өзін-өзі танымау, психоздық реакциялар (өте сирек жағдайларда суицидтік идеялар/ойлар немесе суицид әрекеттері сияқты дене мүшелеріне зақым келтіруге дейін күшею мүмкіндігімен)*
- гиперестезия*
- өткінші көрмей қалу, әсіресе, ОЖЖ тарапынан реакциялармен біріккен, увеит және нұрлы қабықтың екі жақты жедел трансиллюминациясы*
- нақты анықталмаған аpитмиялар, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуы**
- васкулит
- өмірге қатерлі, оның ішінде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі ықтималды шұғыл дамитын гепатит
- буллездік тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз (өмірге зор қатерлі)
- сіңірлердің үзілуі, артрит, бұлшықеттердің сіресуі, миастения гравис симптомдарының өршуі*.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- емдеудің басында тері астындағы бұдырлар және күлдіреуіктер, температураның жоғарылауымен қатар жүретін, қызыл, қабыршақты, жайылған бөртпе (жедел жайылған экзантематозды пустулез)
- жайылған бөртпе, температурасының жоғарылауы, қан талдауларында анықталған бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (эозинофилия), лимфа түйіндерінің ұлғаюы және басқа ағзалардың зақымдануы (эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция, ол сондай-ақ DRESS немесе дәріге жоғары сезімталдық синдромы ретінде белгілі)
- қаңқа бұлшықетінің жедел некрозы
- терінің күн сәулесіне немесе ультракүлгін сәулеге жоғары сезімталдығы («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз)
- моксифлоксацинді енгізгеннен кейін бірнеше сағат ішінде пайда болатын және қабынудан кейін қалдық гиперпигментациямен сауығатын бүршіктері бар немесе оларсыз кенеттен анықталған эритематозды дақтар; ол әдетте моксифлоксациннің кейінгі әсері кезінде терінің немесе шырышты қабығының сол бөлігінде қайталанады.
*Организмнің әртүрлі, кейде бірнеше жүйелеріне әсер ететін ұзақ мерзімді (айлар немесе жылдар бойы), мүгедектікке әкелетін және ықтимал қайтымсыз ауыр дәрілік реакциялардың (соның ішінде тендинит, сіңірдің жыртылуы, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, жүрістің бұзылуы, парестезиямен, депрессиямен, шаршаумен, есте сақтаудың бұзылумен, ұйқының бұзылуымен және есту қабілетінің, көру қабілетінің, дәм және иіс сезудің бұзылуымен байланысты невропатиялар сияқты реакцияларды қоса) хинолондар мен фторхинолондарды қабылдаумен өзара байланыста, кейбір жағдайларда бұрыннан бар қауіп факторларына қарамастан, өте сирек жағдайлары хабарланды.
**Фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде кейде үзіліспен асқынған (соның ішінде өліммен аяқталған), сондай-ақ жүрек клапандарының кез келгенінің регургитациясы/жеткіліксіздігі аневризмасы мен аорта қатпарлануы жағдайлары тіркелген.
Бұдан басқа, басқа хинолондық антибиотиктермен емдеуден кейін өте сирек жағдайларда келесі жанама әсерлер туралы хабарланды және олар Моксимерамен емдеу кезінде де пайда болуы мүмкін: бассүйекі ішілік қысымның жоғарылауы (симптомдарға бас ауруы, көру проблемалары, соның ішінде бұлыңғыр көру, «соқыр дақтар» жатады, қосарланған көру, көру қабілетінің жоғалуы), қандағы натрий деңгейінің жоғарылауы, қандағы кальций деңгейінің жоғарылауы, эритроциттер санының төмендігінің ерекше түрі (гемолитикалық анемия), рабдомиолиз
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz