400 мг моксифлоксацинді ішке қолданғанда немесе сатылы емдеу (вена ішіне/ішке) аясында жиілігі бойынша орналастырылған жағымсыз реакциялар төменде берілген.
Жүректің айнуы мен диареядан басқа, барлық жағымсыз реакциялар 3%-дан төмен жиілікте байқалды.
Әрбір жиілік тобының аясында жағымсыз реакциялар ауырлығының төмендеу ретімен орналастырылған.
Жиі
- бактериялар мен зеңдердің резистенттілігі салдарынан суперинфекциялар, мысалы, оральді немесе қынаптық кандидоз
- бас ауыру, бас айналу*
- гипокалиемиясы бар пациенттерде QT аралығының ұзаруы**
- жүректің айнуы, құсу, асқазан-ішек жолының және іштің ауыруы, диарея
- қанда трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
Жиі емес
- анемия, лейкопения, нейтpопения, тромбоцитопения, тpомбоцитоз, эозинофилия, пpотpомбин уақытының созылуы және халықаралық қаыптасқан қатынастың артуы
- аллергиялық реакциялар
- гиперлипидемия
- үрейлену, психомоторлы белсенділіктің жоғарылауы, қозу*
- парестезиялар/дизестезиялар, дәмнің бұзылуы, соның ішінде агевзия (өте сирек жағдайларда дәм сезімінің жоғалуы), сананың шатасуы және бағдардан адасу, ұйқының бұзылуы «көбіне ұйқысыздық), тремор, бас айналу, ұйқышылдық*
- көруің бұзылулары, соның ішінде диплопия және көздің анық көрмеуі әсіресе ОЖЖ тарапынан реакциялармен біріккен)*
- QT аралығының ұзаруы, жүректің қағуы, тахикаpдия, жүрекшелердің фибрилляциясы, стенокардия**
- вазодилатация **
- ентігу, соның ішінде демікпелік жағдай
- тәбеттің және тамақ ішудің нашарлауы, іш қату, диспепсия, метеоризм, гастрит, қанда амилаза деңгейінің жоғарылауы
- бауыр функциясының бұзылулары, соның ішінде лактатдегидрогеназа деңгейлерінің жоғарылауы, билирубин, гамма-глутамилтрансфераза және сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы
- қышыну, бөртпе, есекжем, терінің құрғауы
- артралгия, миалгиялар*
- дегидратация
- өзін нашар сезіну (негізінен, астения және жалпы дімкәстік), ауырумен қабаттасатын жағдайлар соның ішінде арқаның, кеуде қуысының, жамбас аймағының және аяқ-қолдардың), тершеңдік*
Сирек
- анафилаксиялық реакциялар, соның ішінде өте сирек – өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық шок, аллергиялық/ангионевроздық ісіну, соның ішінде көмейдің ісінуі (өмірге потенциалды қауіп төндіретін)
- гипергликемия, гиперурикемия
- эмоциональды құбылмалылық, депрессия (өте сирек жағдайларда суицидтің бастамалар/ойлар немесе суицид әрекеті сияқты өзіне зиян келтіруге беталыс көрініс беруі мүмкін), елестеулер*, сандырақ
- гипостезия, иіс сезудің бұзылуы (аносмияны қоса), патологиялық түстер көру, үйлесімнің бұзылуы (жүріс-тұрыс мәнерінің бұзылуларын қоса, әсіресе бас айналу немесе вертиго салдарынан), құрысулар (үлкен құрысу ұстамаларын қоса), зейіннің бұзылулары, сөйлеу бұзылыстары, амнезия, шеткері нейропатия және полинейропатия*
- жарық сәуледен қорқу*
- құлақтың шуылдауы, естудің нашарлауы, соның ішінде кереңдік (әдеттегідей, қайтымды) *
- қарыншалық тахиаритмиялар, естен танулар (соның ішінде сананың жедел және қысқа уақыттық жоғалуы)**
- гипертензия, гипотензия**
- дисфагия, стоматит, анитибиотик-астасқан колит (соның ішінде өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін асқынулармен астасқан жалған жарғақшалы колит)
- сарғаю, гепатит (көбіне холестаздық)
- тендинит, сіңірдің үзілуі, бұлшықет тонусының жоғарылауы және бұлшықет құрысулары, бұлшықеттердің әлсіздігі*
- бүйрек функциясының бұзылуы (соның ішінде қанда мочевина және креатинин деңгейлерінің жоғарылауы), бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
- ісінулер*
Өте сирек
- пpотpомбин деңгейінің жоғарылауы және халықаралық қалыптасқан қатынастың азаюы, агранулоцитоз
- панцитопения
- гипогликемия, гипогликемиялық кома
- диурезге қарсы гормон секрециясының адекватты емес синдромы (SIADH)
- өзін өзі танымау, психоздық реакциялар (өте сирек жағдайларда суицидтік бастамалар/ойлар немесе суицид әрекетес сияқты өзінің мүшелеріне зиян келтірудің ықтимал күшеюі) *
- гиперестезия*
- көрудің транзиторлы жоғалуы, әсіресе ОЖЖ тарапынан болатын реакциялармен біріккен, увеит және көздік нұрлы қабығының екі жақты жедел трансиллюминациясы*
- дәлелденбеген аpитмиялар, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардия, жүректің тоқтап қалуы**
- васкулит**
- өмірге қауіп төндіретін бауыр функциясының жеткіліксіздігіне, соның ішінде өліммен аяқталуға потенциалды түрде әкелетін шұғыл дамитын гепатит
- Буллезді тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермолиз (өмірге потенциалды қауіп төндіретін)
- сіңірлердің үзілуі, артрит, бұлшықеттердің сіресуі, гравис миастения симптомдарының өршуі*
Белгісіз
- жайылған жедел экзантематозды пустулез (AGEP)
- қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы
- кең таралған бөртпе, дене температурасының жоғарылауы, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, қандағы өзгерістер (эозинофилия), лимфа түйіндерінің ұлғаюы және басқа ағзалардың зақымдануы (эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция - DRESS синдромы атауымен белгілі немесе дәрілік препаратқа аса жоғары сезімталдық синдромы деп те аталады).
- терінің күн сәулесіне немесе ультракүлгін сәулеленуге сезімталдығының жоғарылауы («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз)
- моксифлоксацинді енгізгеннен кейін бірнеше сағат ішінде пайда болатын және қабынудан кейін қалдық гиперпигментациямен жазылатын күлдіреуіктері бар немесе онсыз айқын белгіленген эритематозды дақтар; ол әдетте моксифлоксацинге қайта ұшырағаннан кейін терінің немесе шырышты қабықтың сол аймағында қайталанады.
* Хинолондарды және фторхинолондарды қабылдаумен өзара байланысты, кейбір жағдайларда бұрыннан бар қауіп факторларына қарамай, әртүрлі, кейде организмнің бірнеше жүйелерін қозғайтын, ұзаққа созылатын (айлар немесе жылдар бойы) мүгедектіктің және потенциалды қайтымсыз күрделі дәрілік реакциялардың (тендинит, сіңірлердің үзілуі, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, жүріс-тұрыс мәнерінің бұзылуы, парестезиямен, депрессиямен, шаршаумен, жадының бұзылуымен, ұйқының бұзылуымен және естудің, көрудің, дәмнің және иіс сезудің бұзылуымен байланысты невропатиялар сияқты реакцияларды қоса) өте сирек жағдайлары туралы мәлімделді.
**Фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде кейде жыртылумен асқынған (соның ішінде өліммен аяқталған) аортаның аневризмасы мен қатпарлануы, сондай-ақ жүрек клапандарының кез келгенінің регургитациясы / жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген.
Өте сирек жағдайларда басқа фторхинолондармен емдеу аясында моксифлоксацинмен емдеу аясында болуы мүмкін бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (қатерсіз бассүйекішілік гипертензияны қоса), гипернатриемия, гиперкальциемия, гемолиздік анемия, рабдомиолиз сияқты жағымсыз әсерлер білінді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz