Құрамында хинолон немесе фторхинолон бар препараттарды алдында қабылдағанда елеулі жағымсыз реакцияларды бастан өткерген пациенттерде моксифлоксацинді пайдаланудан аулақ болу керек. Ондай пациенттерді моксифлоксацинмен емдеуді баламалы емдеу болмаған кезде және пайдасы / қаупі арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана бастау керек.
Моксифлоксацинмен, әсіресе, ауырлық дәрежесі төмен инфекциялар кезінде емдеудің артықшылықтарын бағалау, «арнайы сақтандыру шаралары» бөліміндегі ақпаратпен салыстырымды болуы тиіс.
QT аралығының ұзаруы және QT аралығының ұзаруымен байланысты болуы ықтимал клиникалық жағдайлар
Моксифлоксацинді қолданғанда кейбір пациенттерде QT аралығының ұзарғаны байқалуы мүмкін. ЭКГ талдағанда моксифлоксацин аясында QT аралығының ұзаруы 6 мсек ± 26 мсек құраған, бұл бастапқы көрсеткішінен 1,4%-ға артық. Ерлердегіге қарағанда, әйелдерде QT аралығының ұзару үрдісі күштірек екендігі ескерсек, олар QT аралығын ұзартатын препараттарға сезімталырақ болуы мүмкін. Ондай препараттарға егде жастағы пациенттер де сезімталырақ болуы мүмкін.
Моксифлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде қандағы калий деңгейін төмендетуі мүмкін препараттарды сақтықпен пайдалану керек.
Моксифлоксацинді миокардтың жедел ишемиясы немесе QT аралығының ұзаруы сияқты, ағымдағы, аритмияға ізашар жағдайлары бар пациенттерде (әсіресе, әйелдер мен егде жастағы пациенттерде) сақтықпен қолдану керек, өйткені бұл қарыншалық аритмиялардың (қарыншаның «пируэт» типті полиморфты тахикардиясын қоса) және жүректің тоқтап қалуының туындау қаупінің жоғарылауына алып келуі мүмкін.
QT аралығының ұзару дәрежесі препараттың концентрациясы жоғарылаған сайын арта түсуі мүмкін, сондықтан, ұсынылған дозасын арттырмау керек.
Жүрек аритмиясының белгілері пайда болған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтату және электрокардиографиялық зерттеу жүргізу керек.
Аса жоғары сезімталдық/аллергиялық реакциялар
Аса жоғары сезімталдық пен аллергиялық реакциялар фторхинолондарды алғаш қабылдағаннан кейін-ақ дамуы мүмкін. Анафилаксиялық реакциялар, тіпті препаратты алғаш қабылдағаннан кейін де, өмірге қауіп төндіретін анафилаксиялық шокқа дейін үдеуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларының клиникалық көріністері туындаған жағдайда моксифлоксацинді тоқтату және сәйкесінше емді (мысалы, шокты емдеуді) бастау керек.
Бауыр функциясының ауыр бұзылулары
Моксифлоксацинді қолданғанда, бауыр функциясының өмірге қауіп төндіретін, соның ішінде, өлімге соқтыратын жеткіліксіздігіне алып келуі ықтимал фульминантты гепатит дамыған жағдайлар туралы хабарланды. Сарғаюмен, несептің қараюымен, қан кетулерге бейімділікпен немесе бауыр энцефалопатиясымен бірге жылдам өрбитін астения сияқты, бауыр функциясының жеткіліксіздігі белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда, пациенттерге емделуді жалғастырар алдында тез арада дәрігермен кеңесуі керек.
Бауыр дисфункциясының белгілері пайда болған жағдайда бауыр функциясы көрсеткіштеріне зерттеу жүргізу қажет.
Терінің ауыр реакциялары
Уытты эпидермалық некролизді (TEN: сондай-ақ Лайелл синдромы ретінде белгілі), Стивенс Джонсон синдромын (SJS), жедел жайылған экзантематозды пустулезді (AGEP) және эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) байқалатын дәрілік реакцияны қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (тыртықтар) моксифлоксацинді қолданғанда өмірге қауіпті болуы немесе өлімге соқтыруы мүмкін жағдайлар туралы хабарланды. Препаратты тағайындаған кезде пациенттер терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар болып, көз жазбайтын бақылауда болуы керек. Осы реакциялардың бар екенін көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болса, моксифлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Егер пациент моксифлоксацинді қолдану аясында SJS, TEN, AGE немесе DRESS сияқты ауыр реакция дамыса, бұл пациентте моксифлоксацинмен емдеуді ешбір жағдайда қайта бастауға болмайды.
Құрысуларға бейім пациенттер
Хинолондар қатарының препараттарын қолдану құрысулардың даму қаупімен астасады. Моксифлоксацинді ОЖЖ тарапынан аурулары бар пациенттерде немесе құрысулардың туындауына бейімдейтін немесе құрысу шегін төмендететін басқа қауіп факторлары болған жағдайда сақтықпен қолдану керек. Құрысулар дамыған жағдайда, моксифлоксацинмен емдеуді тоқтату және тиісінше емдеу іс-шараларын жүргізу керек.
Дәрілік заттарға ұзаққа созылатын, мүгедектікке шалдықтыратын және қайтымсыз болуы ықтимал ауыр жағымсыз реакциялар
Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде жасына және бұрыннан бар қауіп факторларына қарамастан организмнің әртүрлі, кейде көптеген жүйесіне (тірек-қимыл жүйесі, жүйке, психика және түйсік) әсер ететін ұзаққа созылған (бірнеше ай немесе жылдар бойы жалғасатын), мүгедектік қылатын және әлеуетті қайтымсыз күрделі жағымсыз реакциялардың өте сирек жағдайлары тіркелді. Моксифлоксацинді қабылдау кез келген күрделі жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Шеткері нейропатия
Хинолондарды, соның ішінде моксифлоксацинді қолданғанда парестезияға, гипестезияға, дизестезияға немесе әлсіздікке алып келетін сенсорлық немесе сенсомоторлық полинейропатия жағдайлары туралы хабарланған. Моксифлоксацинмен емделіп жүрген пациенттерде ауыру, ашыту, шаншу, ұю немесе әлсіздік сияқты нейропатия симптомдары дамыса, қайтымсыз жағдайлар дамуының алдын алу үшін емдеуді жалғастырар алдында тез арада дәрігермен кеңесу керек.
Психикалық реакциялар
Психикалық реакциялар, тіпті, моксифлоксацинді қоса, фторхинолондар қатарының препараттарын алғаш қабылдағаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Аса сирек жағдайларда депрессия немесе психоздық реакциялар суицидтік ойларға немесе суицид әрекеті сияқты, пациенттің өз-өзіне зақым келтіруіне дейін үдеген.
Пациентте ондай реакциялар дамыған жағдайда моксифлоксацинмен емдеуді тоқтату және тиісінше шараларды қолдану қажет. Препаратты анамнезінде психозы бар немесе психикалық ауруы бар пациенттерде пайдаланғанда сақтық таныту ұсынылады.
Антибиотикпен астасқан диарея, соның ішінде, жалғанжарғақшалы колит
Моксифлоксацинді қоса, бактерияға қарсы әсер ету ауқымы кең препараттарды қолдану антибиотикпен астасқан диарея (ААД) мен антибиотикпен астасқан колит (ААК), соның ішінде жалғанжарғақшалы колит пен Clostridium difficile тудырған диареяның даму қаупімен байланыстырылады, және ауырлығы жағынан жеңіл диареядан өлімге соқтыратын колитке дейін ауытқып отыруы мүмкін. Сондықтан, моксифлоксацинді қолданғанда немесе қолданғаннан кейін ауыр диарея дамыған пациенттерде аталған диагнозды ескеру маңызды.
ААД немесе ААК күдіктенген немесе диагнозы расталған жағдайда моксифлоксацинді қоса, бактерияға қарсы препараттармен емдеуді тоқтату және дереу сәйкесінше емдеу шараларын бастау қажет. Бұдан өзге, инфекцияның таралу қаупін азайту үшін инфекциямен күресуде сәйкесінше шараларды қабылдау қажет. Ауыр диареясы бар пациенттерге ішек перистальтикасын бәсеңдететін препараттарды қолдануға болмайды.
Миастения гравис бар пациенттер
Моксифлокс препаратын миастения гравис бар науқастарда сақтықпен пайдалану керек, өйткені препарат аталған аурудың симптомдарын өршітуі мүмкін.
Сіңірдің қабынуы/үзілуі
Фторхинолондармен, соның ішінде моксифлоксацинмен емдеу аясында тендинит және сіңірдің (әсіресе, ахилл сіңірінің), кейде екіжақты үзілуі, тіпті, емдеу басталғаннан кейін 48 ішінде де, сондай-ақ, емдеу аяқталғаннан кейінгі бірнеше ай ішінде де дамуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, ішкі ағзалардың трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде және кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттерде тендиниттің және сіңір үзілуінің даму қаупі жоғары. Тендинопатия белгілері кезінде кортикостероидтарды қолдануға болмайды. Ауырудың немесе қабынудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, баламалы емді қарастыру, зақымданған аяқ-қол(дар)ға күш түсірмеу және зақымданған сіңірді сәйкесінше емдеуді (мысалы, иммобилизациялауды) бастау үшін кідірмей дәрігерге жүгіну керек.
Қолқа аневризмасы және қатпарлануы, сондай-ақ жүрек қақпақшаларының регургитациясы/жеткіліксіздігі
Әсіресе егде пациенттерде аорта аневризмасының және қатпарлануының, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аорта және митральды қақпақша регургитациясының жоғары қаупі туралы хабарланды. Фторхинолондарды қабылдау кезінде кейде жыртылуымен (оның ішінде өліммен аяқталатын) асқынған аорта аневризмасының және қатпарлануының, сондай-ақ жүрек қақпақшаларының кез келгенінің регургитациясы/жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген. Сәйкесінше, аневризмаға және/немесе жүрек қақпақшалырының туа біткен ақауына қатысты отбасылық анамнезі ауыр пациенттерде, анамнезінде аневризма және / немесе қолқаның қатпарлануы, не болмаса жүрек қақпақшалырының жеткіліксіздігі болған пациенттерде, фторхинолондарды тек, пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият бағалағаннан және емдеудің басқа мүмкіндіктерін қарастырғаннан кейін ғана пайдалану керек:
• аневризма және қолқа қатпарлануы кезінде екі жағдайда да, сондай-ақ, жүрек қақпақшаларының регургитациясы/жеткіліксіздігі (мысалы, дәнекер тін тарапынан Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидтық артрит сияқты бұзылулар) кезінде, сондай-ақ,:
• аневризма және қолқа қатпарлануы кезінде (мысалы, Такаясу артерииті немесе алыпжасушалы артериит, немесе белгілі атеросклероз, немесе Шегрен синдромы сияқты қантамырлардың аурулары)
• жүрек қақпақшаларының регургитациясы/жеткіліксіздігі (мысалы, инфекциялық эндокардит) кезінде.
Аневризма және қолқа қатпарлануының, сондай-ақ, үзілуінің қаупі жүйелі кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттерде де жоғары болуы мүмкін.
Кенеттен іш, кеуде немесе арқа ауырған жағдайда пациенттер дереу жедел жәрдем бөлімінің дәрігеріне жүгінуі керек.
Пациенттер қатты ентігу, жүрек соғуының жиілеуі алғаш туындаған, сондай-ақ, құрсақ қуысының немесе аяқтардың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық жәрдемге жүгінуі керек.
Арнайы сақтандырулар
Пациенттердің ерекше топтары
Фторхинолондық антибиотиктерді, әсіресе, егде жастағы адамдарда, бүйрек аурулары бар пациенттерде; жүйелі кортикостероидтармен емделіп жүрген пациенттерде; ағзалардың трансплантациясынан кейінгі пациенттерде ерекше сақтықпен пайдалану керек. Ондай науқастарда сіңірлердің зақымдану қаупі жоғары, ол фторхинолондық және хинолондық антибиотиктермен емдеудің нәтижесінде туындауы мүмкін.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Егер бүйрек функциясының бұзылуы бар, егде жастағы пациенттер сұйықтықтың талапқа сай тұтынылуын сақтауға қабілетсіз болса, оларда моксифлоксацинді сақтықпен пайдалану керек, өйткені сусыздану бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің даму қаупін арттырады.
Көру тарапынан бұзылулар
Көру нашарлаған немесе көз тарапынан қандай-да бір басқа бұзылулар болған жағдайда, дереу офтальмологқа қаралу керек.
Қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы
Басқа да фторхинолондар сияқты, моксифлоксацинді қабылдау гипогликемияны да, гипергликемияны да қоса алғанда, қандағы қант деңгейінің ауытқуларын туғызуы мүмкін. Моксифлоксацинмен емдегенде, негізінен, қант диабеті бар, оральді гипогликемиялық препараттармен (мысалы, сульфонилмочевина препараттарымен) немесе инсулинмен емдеу аясында егде жастағы пациенттерде туындайды.
Қант диабеті бар пациенттерге қандағы қант деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Фотосезімталдық реакцияларының профилактикасы
Хинолондар пациенттерде фотосезімталдық реакцияларын туындататыны дәлелденді. Алайда, зерттеулер көрсеткендей, моксифлоксацин фотосезімталдықтың даму қаупін азайтады. Дегенмен, пациенттерге моксифлоксацинмен емдегенде ультракүлгін сәулеленудің немесе қарқынды және/немесе жарық күн сәулесінің әсерінен сақтану ұсынылады.
Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер
Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар, немесе бұл ауру отбасылық анамнезінде бар пациенттер хинолондармен емдеген кезде гемолиздік реакцияларға бейім келеді. Сондықтан, мұндай пациенттерде моксифлоксацинді сақтықпен пацдалану керек.
Кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруы бар пациенттер
Кіші жамбас ағзаларының асқынған қабыну ауруы (мысалы, тубоовариальді немесе жамбастың абсцесімен байланысты) бар, венаішілік ем жүргізу қажет пациенттерге, Моксифлокс 400 мг препаратының ішке қабылдауға арналған үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қабылдау ұсынылмайды.
Кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруын фторхинолон-резистентті Neisseria gonorrhoeae тудыруы мүмкін. Сондықтан, егер Neisseria gonorrhoeae моксифлоксацинге резистенттілігін жоққа шығару мүмкін болмаса, Моксифлокс препаратымен эмпирикалық емге қосымша, сәйкесінше антибиотикті (мысалы, цефалоспоринді) тағайындау керек.
Егер 3 күн емдеуден соң клиникалық жақсаруға қол жеткізілмесе, емдеуді қайта қарастыру керек.
Тері мен теріасты шелмайының асқынған инфекциялары бар пациенттер
Күйіктен болған ауыр инфекцияларды, фасцииттерді және остеомиелитпен жүретін, инфекция түскен диабеттік табанды емдегенде вена ішіне енгізуге арналған моксифлоксациннің клиникалық тиімділігі анықталған жоқ.
Биологиялық тестілерге ықпалы
Моксифлоксацинмен емдеу микобактериялардың өсуін басу салдарынан туындаған Mycobacterium spp. анықтауға кедергі келтіруі мүмкін моксифлоксацин қабылдайтын пациенттерден алынған үлгілерде жалған теріс нәтиже көрсетуі мүмкін.
Метициллин-резистентті алтын түстес стафилококтан (МРАС) туындаған инфекциялары бар пациенттер
Моксифлоксацин МРАС тудырған инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды. Аталған инфекцияға күдіктенген немесе расталған жағдайда емдеуді бактерияға қарсы сәйкесінше препаратты қолданудан бастау керек.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Галактозаның сирек тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге Моксифлокс препаратын қабылдауға болмайды.
Натрий
Моксифлокс препаратының құрамында үлбірлі қабықпен қапталған бір таблеткасына 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде натрийсіз.
Педиатрияда қолданылуы
Моксифлоксацин 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қарсы көрсетілімді. Моксифлоксациннің балалар мен жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Моксифлоксациннің автокөлік басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне тигізетін ықпалына зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, моксифлоксацинді қоса фторхинолондар ОЖЖ тарапынан реакциялардың (мысалы, бас айналуы, жедел және өтпелі көрмей қалу) немесе жедел және қысқамерзімді естен тану (талып қалу) салдарынан автомобиль немесе механизмдерді басқару қабілетінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Пациенттерге автомобиль немесе механизмдерді басқарудың алдында өзінің моксифлоксацинмен емдеуге реакциясын қадағалауға кеңес беру керек.