Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь
Саудалық атауы
Момейд-С
Әсер етуші зат
Мометазон в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Орташадан ауыр дәрежеге дейінгі түйіндақты псориаздың бастапқы емі үшін
Өндіруші
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г препараттың құрамында
белсенді заттар: микрондалған мометазон фуроаты, 1.0 мг,
салицил қышқылы, 50.0 мг,
қосымша заттар: ақ вазелин, араның ақ балауызы, пропиленгликоль моностеараты (пропиленгликоль монопальмитостеараты), гексиленгликоль.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті біртекті жақпамай.
Орташадан ауыр дәрежеге дейінгі түйіндақты псориаздың бастапқы емі үшін
Фармакодинамикалық әсерлері
Әсер ету механизмі
Мометазон фуроаты III класты глюкокортикостероид болып табылады. жергілікті қолданылатын басқа глюкокортикостероидтар сияқты, мометазон фуроаты қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және тамырды тарылтатын қасиеттерге ие. Глюкокортикостероид фосфолипаза А2 мен жалпы атауы ретінде белгілі липокортиндерді тежейтін ақуздардың бөлініп шығуын индукциялайды. Ол ақуыздар простагландиндер және лейкотриендер сияқты қабыну медиаторларының ортақ ізашары арахидон қышқылынан босап шығуын тежеу арқылы, олардың биосинтезін бақылауда ұстайды. Арахидон қышқылы фосфолипаза A2 әсерінен жарғақшалық фосфолипидтерден бөлінеді.
Салицил қышқылы терінің мүйізгекті қабатының түлеуін туғызады және, сонымен қатар, тіршілікке қабілетті эпидермис құрылымының сапалық немесе сандық өзгерістеріне алып келмейді. Мұндай әсер ету механизмі жасушааралық байланыстырғыш заттың еруімен түсіндіріледі. Салицил қышқылы кератолитикалық әсер береді.
Салицил қышқылы мометазон фуроатының тері қабаттары арқылы өтуін күшейтеді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға
Терінің зақымданған бөліктеріне күніне бір немесе екі рет жұқа қабаттап жағу керек. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 15 г құрайды, дене беткейінің 30 %-ынан асырмай жағылады.
Балалар
Момейд-С жақпамайының 12 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Балаларда жақпамай жағылатын бөліктің ауданы тері беткейінің жалпы ауданының 10 %-ынан аспауы тиіс.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған
Емдеу ұзақтығы
3 аптадан аспайды. Емдеу барысында жақпамайды жағу мөлшерін біртіндеп азайту ұсынылады.
- әсер етуші затына (заттарына) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бактериялық инфекция (мысалы, пиодермия, мерез, туберкулез)
- вирустық инфекция (мысалы, жай герпес, желшешек, белдемелік теміреткі, кәдімгі сүйел, үшкір кондиломалар, контагиоздық моллюск)
- зең инфекциясы (дерматофиттер, зеңдер)
- бір мезгілде этиотропты ем жүргізілмейтін жағдайдағы паразиттік инфекция
- вакцинадан кейінгі реакциялар
- периоральді дерматит
- розацеа
- кәдімгі безеу
- тері атрофиясы
- жүктіліктің III триместрі
Жиі
- қышыну, терінің оқшау атрофиясы
- қолданған аймақтағы ашыту сезімі
Жиі емес
- инфекция
- тері стриялары, розацеа тәрізді дерматит, экхимоз, фолликулит
Сирек
- аса жоғары сезімталдық
- бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі
- гипертрихоз, терінің гипопигментациясы
Белгісіз
- анық көрмеу
- терінің тітіркенуі, тері мацерациясы, терінің құрғауы, акне тәрізді дерматит, дерматит, жанаспалы дерматит, терінің түлеуі, телеангиэктазия, тербөртпе
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс, ұзақ уақыт пайдалану гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл бүйрекүсті бездерінің салдарлы жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін, ол әдетте қайтымды.
Егер ГГБ осінің бәсеңдегені білінсе, препаратты тоқтату, немесе қолдану жиілігін азайту немесе күші аздау стероидқа алмастыру керек.
Теріге арналған барлық глюкокортикоидтық препараттармен жағдайдағы сияқты, дененің ауқымды беткейлеріне жаққан кезде сақтық шараларын қадағалау керек.
Момейд-С жақпамайы окклюзиялық таңғыш үшін ұсынылмайды, бетке, шап аймағына, жыныс мүшелерінде пайдалануға арналмаған. Момейд-С жақпамайы офтальмологияда пайдалануға арналмаған. Момейд-С жақпамайын пайдаланған кезде көзге, шырышты қабықтарға және ашық жараларға тиіп кетпеуі үшін сақтық таныту қажет. Момейд-С жақпамайы ойық жараларға, жараларға немесе терінің созылған жерлеріне жағылмауы тиіс.
Момейд-С жақпамайы пустулалық немесе тамшы тәзірді псориаз кезінде пайдалану үшін ұсынылмайды.
Момейд-С жақпамайымен емдеу кезінде туындаған шамадан тыс құрғауды қоса, тітіркену жағдайында, қолдануды тоқтату және тиісінше ем тағайындау керек.
Салицил қышқылы күннен қорғайтын агент ретінде әсер беруі мүмкін. Момейд-С жақпамайымен емдеуді УК-қорғағыш құралдарды қолданумен біріктірген пациенттер, фотоқорғағыштық әсерін азайту және айналасындағы өңделмеген аймақтың күйік шалу қаупін төмендету үшін, қалған жақпамайды кетіріп тастап, УК-емін бастар алдында өңделген аумақты жақпамайдан тазартуы керек.
Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль, жаққан жерде тітіркену туғызуы мүмкін, ондай жағдайларда Момейд-С жақпамайын қолдануды тоқтату және тиісінше ем тағайындау керек.
Арнайы ескертулер
Глюкокортикоидтар тері инфекциясын бүркемелеуі, белсендіруі немесе күшейтуі мүмкін. Егер терінің қатарлас инфекциясы дамыса, сәйкесінше зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы агентті пайдалану керек. Оң динамикасы болмаған жағдайда, Момейд-С жақпамайын пайдалануды, инфекция талапқа сай бақылауға алынғанға дейін тоқтату керек.
Кортикостероидтарды жүйелі пайдаланудан кейін хабарланған, адренальді супрессияны қоса алғандағы жағымсыз әсерлердің кез келгені, топикалық кортикостероидтарды қолданғанда, әсіресе, балаларда байқалуы мүмкін.
Терінің ауқымды бөліктеріне ұзақ уақыт бойы жаққан кезде, әсіресе, окклюзиялық таңғыштар қолданылғанда, мометазонның жүйелі әсері дамуы мүмкін. Осыны ескере отырып, науқастар гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі мен Кушинг синдромының дамуы белгілеріне қатысты қадағалануы тиіс.
Момейд-С жақпамайымен ұзақ уақыт емдеген кезде емдеудің күрт тоқтатылуы терінің қатты қызаруымен және ашыту сезімімен жүретін дерматит түрінде көрініс беретін рикошет синдромының дамуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, ұзақ емдеу курсынан кейін препаратты тоқтатуды біртіндеп, мысалы, оны толықтай тоқтатардың алдында интермиттирлейтін емдеу кестесіне көше отырып жүзеге асыру керек.
Көрудің бұзылуы
Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда көру бұзылғаны туралы хабарланған. Егер пациентте анық көрмеу сияқты симптомдар немесе көрудің бас бұзылулары байқалса, катарактаны, глаукоманы немесе орталықтық сероздық хориоретинопатия сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін ықтимал себептерін бағалауы үшін, оны офтальмологқа жолдау керек.
Педиатрияда қолданылуы
Тек дәрігердің тағайындауымен қолданылады.
Ересектердегіге қарағанда, балаларда тері беткейінің ауданы мен дене салмағы арақатынасының шамасы көбірек екендігіне байланысты, балалар жергілікті әсері бар глюкокортикостероидтардың кез келгенін қолданғанда гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі мен Кушинг синдромының дамуы қаупіне көбірек ұшырайды. Балаларда жақпамай жағылатын бөліктің ауданы тері беткейінің жалпы ауданының 10 %-ынан аспауы тиіс.
12 жасқа дейінгі балаларда Момейд-С жақпамайын қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталмаған.
Мометазон фуроатының жүктілік кезінде пайдаланылуы туралы клиникалық деректер жоқ. Момейд-С жақпамайының жануарларға пайдаланылуын зерттеулер тератогендік әсерін көрсетті. Препарат жергілікті қолданылатындықтан, адам шаранасына тератогендік әсер беруі қаупі төмен деп есептеуге болады. Басқа глюкокортикостероидтар сияқты, мометазон фуроатын жүкті әйелдерге тек, егер ықтимал пайдасы анасы мен шарана үшін ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолдану керек.
Жүктіліктің үшінші триместрінде салицил қышқылын қоса, простагландин-синтетаза тежегіштерінің барлығы, шаранада жүрек-өкпеге және бүйрекке уыттылығын туғызуы мүмкін. Жүктіліктің соңында анасында да, балада да ұзаққа созылған қан кету орын алуы мүмкін. Сондықтан Момейд-С жақпамайын жүктіліктің соңғы триместрі кезінде қолдануға болмайды.
Лактация
Кортикостероидтарды жергілікті қолдану олардың емшек сүтіндегі мөлшерін анықтау үшін жеткілікті жүйелі сіңірілуіне алып келу-келмеуі мүмкіндігі белгісіз. Момейд-С жақпамайын бала емізетін аналарға тек, пайдасы/қаупі арақатынасын мұқият зерттегеннен кейін ғана тағайындау керек.
Фертильділік
Мометазон фуроатының фертильділікке ықпалы туралы клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер фертильділікке ықпалын емес, репродуктивтік уыттылығын көрсетті. Салицил қышқылының фертильділікке ықпалы туралы деректер жоқ.
Момейд-С жақпамайының басқа препараттармен өзара дәрілік әрекеттесулерін зерттеулер жүргізілген жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.