Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь
Саудалық атауы
Момейд
Әсер етуші зат
Мометазон
Мақсаты
Псориаздың (кең таралған түйіндақты псориазды қоспағанда) қабынумен және қышынумен жүретін көріністерін емдеуге
Өндіруші
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г жақпамай құрамында
белсенді зат - мометазон фуроаты 1.00 мг,
қосымша заттар: ақ жұмсақ парафин, араның ақ балауызы, пропиленгликоль моностеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті жақпамай.
-псориаздың (кең таралған түйіндақты псориазды қоспағанда) қабынумен және қышынумен жүретін көріністерін емдеуге
-атопиялық дерматитті емдеуге арналған
Фармакодинамикалық әсерлері
Мометазон - құрамында галогені бар моноэфир, қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және эксудатқа қарсы әсері бар синтетикалық кортикостероид болып табылады. Глюкокортикостероид А2 фосфолипазаны тежейтін және липокортиндер деген жалпы атаумен белгілі ақуыздардың бөлініп шығуын индукциялайды, олар простагландиндер және лейкотриендер сияқты қабыну медиаторларының биосинтезін олардың жалпы ізішарын, арахидон қышқылының босап шығуын тежеу арқылы бақылайды.
Кортикостероидтар зақымданған жерге жиналып қалуды және жасушалардың әрі қарай ауысуын басады, сондай-ақ зақымданған жерде қантамырлардың кеңеюін және жоғары өткізгіштігін болдырмайды, бұл тіндердің зақымданған жеріне жасушалардың жетуін төмендетеді.
Бұған қосымша, кортикостероидтар сондай-ақ сенсибилизацияланған Т-лимфоциттердің және макрофагтардың тері жасушаларына кіруіне жол бермейді. Антипролиферативтік әсері псориазда жасушалардың гиперплазиясын төмендетеді.
Дозалау режимі
Ересектерге, егде жастағы пациенттер мен балаларды қоса алғанда
Жақпамайды терінің зақымданған аймақтарына жұқа қабатпен күніне бір рет жағу керек.
Балалар
Момейд жақпамайы 2 жастан кіші балаларда қолдануға ұсынылмайды. Препаратты балаларда қолданғанда емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Бет аймағында Момейд жақпамайын қолданған кезде емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- беттегі розацеа
- кәдімгі безеулер
- тері атрофиясы
- периоральді дерматит
- жаялық дерматиті
- перианальді, генитальді қышыну
- бактериялық (импетиго, пиодерма), вирустық (Herpes simpleх, Herpes zoster және желшешек, кәдімгі сүйелдер, үшкір кондиломалар, контагиозды моллюска), паразиттік немесе зеңдік (Candida немесе дерматофития) тері инфекциясы
- туберкулез
- мерез
- вакцинадан кейінгі реакциялар
- тері жабыны бүтіндігінің бұзылуы
- 2 жасқа дейінгі балалар
Момейд препаратын қолданғанда сирек немесе өте сирек келесі жергілікті жағымсыз реакциялар хабарланды: күйдіру/шаншу, қышыну, тері атрофиясы белгілері, күйдіру, фолликулит, акне тәрізді реакция, папула, пустула және телеангиэктазиялар.
Келесі жағымсыз әсерлердің жиілігі белгісіз: (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес): инфекция, фурункул, парестезия, жанаспалы дерматит, гипопигментация, гипертрихоз, тері стриялары, безеу дерматиті, препаратты қолдану орнындағы ауырсыну және жергілікті реакциялар.
Жергілікті дерматологиялық глюкокортикоидтарды қолдану кезінде сирек хабарланған жергілікті жағымсыз реакцияларға мыналар жатады: терінің құрғауы, тітіркену, дерматит, периоральды дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, терінің мацерациясы, екіншілік инфекция, баздану.
Ұзақ уақыт бойы терінің үлкен беткейіне жақпамайды жаққанда, әсіресе окклюзиялық таңғышты пайдаланған кезде жүйелі жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).
Жүйелі әсер ететін глюкокортикостероидтарды тағайындау кезінде тіркелген барлық жағымсыз құбылыстар, оның ішінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі жергілікті глюкокортикостероидтарды, әсіресе нәрестелер мен балаларды тағайындау кезінде дамуы мүмкін («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).
Жергілікті кортикостероидтарды қолданған кезде жүйелі жағымсыз реакциялардың («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз), мысалы, анық көрмеудің даму мүмкіндігі (жиілігі белгісіз) туралы хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс, ұзақ қолдану бүйрекүсті безінің салдарлы жеткіліксіздігіне әкелетін гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі функциясын бәсеңдетуі мүмкін, бұл әдетте қайтымды болады.
Егер ГГББ осінің бәсеңдеуі байқалса, препаратты тоқтату немесе қолдану жиілігін азайту немесе әлсіз стероидпен алмастыру керек.
Момейд жақпамайын көзге тигізіп алмаған жөн.
Терінің ауқымды аймақтарына ұзақ уақыт бойы жаққан жағдайда, әсіресе, окклюзиялық таңғыштар қолданылған кезде, мометазонның жүйелі әсері дамуы мүмкін. Осыны ескере отырып, науқастар гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бәсеңдеуі және Кушинг синдромының дамуы белгілеріне қатысты қадағалануы тиіс.
Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль жаққан жерде тітіркендіру туғызуы мүмкін, мұндай жағдайларда Момейд жақпамайын қолдануды тоқтатқан және тиісті ем тағайындаған жөн.
Арнайы ескертулер
ГКС жүйелік әсерінің дамуы мүмкіндігін ескере отырып, Момейд препаратын окклюзиялық таңғыш астына қолдануға, терінің ауқымды аймақтарына, бет терісіне және тері қатпарларына ұзақ уақыт қолдануға тыйым салынады.
Бет терісі зақымданған науқастарда емдеу курсы 5 күннен аспауы керек.
Жасына қарамастан барлық пациенттерді ұзақ уақыт үздіксіз емдеуден аулақ болу керек.
Балаларда жергілікті кортикостероидтарды қолдану препараттың ең аз тиімді мөлшерімен шектелуі тиіс.
Псориазды емдеу кезінде жергілікті глюкокортикостероидтарды қолдану төзімділіктің дамуына және соның салдарынан процестің қайталануына, терінің бөгеттік функциясының төмендеуіне байланысты жайылған пустулезді псориаздың және жергілікті немесе жүйелік жағымсыз әсерлердің даму қаупін тудыруы мүмкін. Пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет.
Емдеуді кенеттен тоқтатудан аулақ болу керек. Ұзақ уақытқа созылған глюкокортикостероидты (ГКС) ем кезінде емді кенеттен тоқтату терінің қарқынды қызаруы және ашытуы сезілетін дерматит түрінде көрінетін рикошет синдромының дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан ұзақ емдеу курсынан кейін препаратты қабылдауды біртіндеп, мысалы, оны қабылдауды толық тоқтатпас бұрын, алма-кезек емдеу әдісіне ауысып тоқтату керек.
Екіншілік инфекция түскен кезде микробқа қарсы ем тағайындалуы керек. Әсері болмаған жағдайда препарат қабылдауды тоқтатады.
Препаратты көзге және шырышты қабыққа тигізбеу керек.
Момейд препараты ашық бұрышты глаукоманың немесе субкапсулалық катарактаның даму қаупіне байланысты офтальмологияда қолдануға арналмаған.
ГКС кейбір тері ауруларының көріністерін өзгерте алатындығын есте ұстаған жөн, бұл диагноз қоюды қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, ГКС қолдану жараларды емдеудің кешеуілдеуіне себеп болуы мүмкін.
Жүйелік және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды қолданған кезде (интраназальді, ингаляциялық және көзішілік енгізуді қосқанда) көру қабілеті бұзылуы мүмкін. Егер бұлыңғыр көру немесе көру тарапынан басқа бұзылулар сияқты симптомдар пайда болса, пациент глюкокортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда бірқатар жағдайларда байқалған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек ауруды қамтитын көру бұзылыстарының ықтимал себептерін анықтау үшін офтальмологтан тексеруден өтуі керек.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға 3 аптадан артық қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Қауіпсіздік пен тиімділік жөніндегі деректердің болмауының салдарынан Момейд жақпамайын 2 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды.
Құрамында күшті глюкокортикостероидтары бар барлық препараттар сияқты, Момейд препаратын окклюзиялық таңғыштар астына, ұзақ уақыт бойы, терінің ауқымды аймақтарына, бетке, тері қатпарларына (қолтық асты мен шап аймағына, жөргек немесе су өткізбейтін шолақ дамбалы астындағы тері аймағына) қолданудан аулақ болу керек. Бет терісі зақымданған балаларда емдеу курсы 5 күннен аспауы керек.
Балаларда дене беті мен дене салмағы арақатынасының шамасы ересектерге қарағанда үлкен болғандықтан, кез келген жергілікті әсер ететін ГСК қолдану кезінде гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің (ГГБЖ) функциясының басылу қаупіне және Иценко-Кушинг синдромының даму қаупіне көбірек ұшырайды. Глюкокортикостероидтармен ұзақ уақыт емделу өсу мен дамудың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты, балаларда жергілікті глюкокортикостероидтарды пайдалану препараттың ең аз тиімді мөлшерімен және қолданудың ең аз кезеңімен шектелуі тиіс.
Момейд препаратының құрамында пропиленгликоль бар, ол терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін (мысалы, экзема).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталған жоқ.
Жүктілік кезде Момейд жақпамайымен емдеу тек дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізілуі тиіс. Жақпамайды дене бетінің ауқымды аймақтарына және ұзақ уақыт бойы қолданудан аулақ болу керек.
Мометазон фуроатының жүкті әйелдерге әсері туралы бақыланатын зерттеулер жеткіліксіз, сондықтан адам шаранасына жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі белгісіз. Алайда, жергілікті қолданылатын барлық глюкокортикоидтар сияқты, глюкокортикоидтардың плаценталық бөгет арқылы өтуі шарананың өсуіне әсер етуі мүмкін екенін ескеру қажет. Сондықтан адам шаранасының өсуін кешіктірудің аз қаупі болуы мүмкін. Жергілікті қолданылатын глюкокортикоидтар сияқты, Момейд жақпамайын жүкті әйелдерге ықтимал пайдасы ана немесе шарана үшін ықтимал қауіпті ақтаған жағдайда ғана қолдану мүмкін.
Лактация
Кортикостероидтарды жергілікті қолдану препаратты емшек сүтінде анықтау үшін жеткілікті жүйелі сіңірілуіне әкелу мүмкіндігі белгісіз. Момейд жақпамайын бала емізетін аналарға пайда/қауіп арақатынасын мұқият зерттегеннен кейін ғана тағайындау керек. Егер үлкен дозалармен емдеу немесе ұзақ қолдану көрсетілсе, емшек емізуді тоқтату керек.
Момейд жақпамайының басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілген жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.