Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
1 %
Саудалық атауы
Морфин гидрохлориді
Әсер етуші зат
Морфин
Мақсаты
Қарқындылығы күшті ауыру синдромында (ауыр жарақаттарда, миокард инфарктісінде, қатерлі жаңа түзілімдерде, операциядан кейінгі кезеңде)
Өндіруші
Общество с ограниченной ответственностью «Харьковское фармацевтическое предприятие «Здоровье народу»
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 100% затқа шаққанда 8,6 мг морфин гидрохлориді
қосымша заттар: 0,1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш немесе қоңырқай сұйықтық.
- қарқындылығы күшті ауыру синдромында (ауыр жарақаттарда, миокард инфарктісінде, қатерлі жаңа түзілімдерде, операциядан кейінгі кезеңде);
- операция алдындағы премедикация.
Фармакодинамикалық әсерлері
Апиынды анальгетик. Айқын анальгетикалық әсер береді. Әсер ету механизмі орталық жүйке жүйесінің апиындық рецепторларының әр түр тармақтарының (дельта-, мю- және каппа-) стимуляциясымен жүзеге асады. Дельта-рецепторлардың қозуы анальгезияны; мю-рецепторлар – супраспинальді анальгезияны, эйфорияны, физикалық тәуелділікті, тыныстың тарылуын, кезеген жүйке орталығының қозуын; каппа-рецепторлар – жұлын анальгезиясын, тыныштандыратын әсерді, миозды жүзеге асырады.
Афференттік жолдың орталық бөлігінде ауыру импульстарының нейронаралық берілуін басады, ауырудың эмоционалдық білінісін төмендетеді, тәуелділіктің (физикалық және психикалық) пайда болуына мүмкіндік беретін эйфорияны тудырады. Ауыру орталықтарының қозғыштығын төмендете отырып, шокқа қарсы әсер етеді. Жоғары дозаларда тыныштандырғыш белсенділік танытады, ұйықтататын әсер береді. Шартты рефлекстерді тежейді, орталық жүйке жүйесінің жинақталыс қабілетін төмендетеді, депримирлеуші дәрілердің әсерін потенциялайды. Термореттеу орталығының қозғыштығын азайтады, вазопрессиннің бөлініп шығуын стимуляциялайды. Қантамыр тонусына ықпалын тигізбейді. Тыныс алу орталығын басады, жөтелу орталығының қозғыштығын төмендетеді, кезеген жүйке орталығын қоздырып, брадикардияның пайда болуын туындатады, көзді қимылдататын жүйке нейрондарын стимуляциялайды, қарашықты тарылтады (миоз). Сопақша мидың триггерлі аймағының хеморецепторларын стимуляциялауы және жүректің айнуы мен құсуды индукциялауы мүмкін. Құсу орталығын басады, сондықтан морфин гидрохлоридінің дозасын қайталап қолдану және морфин гидрохлоридінен кейін енгізілетін құстыратын дәрілер құсуды болдырмайды. Ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің: Одди сфинктерінің, қуықтың, асқазанның антральді бөлігінің, ішектің, өт шығару жолдарының, бронхтардың тонусын арттырады. Ішектің перистальтикасын әлсіретеді, ас жентегінің қозғалуын баяулатады, іш қатудың пайда болуына мүмкіндік береді.
Анальгетикалық әсері тері астына және бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін 5-15 минуттан соң пайда болады; 4-5 сағатқа созылады.
Үйреніп кетуді және дәрілік (апиынды) тәуелділікті (морфинизм) тудырады.
Дозалау режимі
Дозалау режимі әр адамда жекеше. Әдетте, ересектерге тері астына және бұлшықет ішіне 1 мл-ден (10 мг морфин гидрохлориді), вена ішіне баяу – 0,5-1 мл-ден (5-10 мг морфин гидрохлориді) енгізіледі.
Дозаны егде жастағы және психикалық жай-күйі бұзылған пациенттерге; бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға төмендету керек. Морфин-онкологиялық аурулар кезінде таңдаулы апиын болып табылады. Тиісті дозаны ауырсыну күшіне байланысты әр 12-24 сағат сайын тағайындайды.
Тері астына енгізген кезде ересектер үшін ең жоғары дозалар: бір реттік – 2 мл (20 мг морфин гидрохлориді), тәуліктік – 5 мл (50 мг морфин гидрохлориді).
Емдеу мақсаттары және емдеуді тоқтату
Морфинмен емдеуді бастамас бұрын пациенттермен бірге емдеу ұзақтығы мен емдеу мақсаттарын, сондай-ақ ауырсынуды басқару нұсқауларына сәйкес емдеуді аяқтау жоспарын қамтитын емдеу стратегиясын келісу керек. Емдеу кезінде дәрігер мен пациент арасында емдеуді жалғастыру қажеттілігін бағалау, тоқтатуды қарастыру және қажет болған жағдайда дозаларды түзету үшін жиі байланыс болуы керек. Пациентке морфин емі қажет болмаған кезде, тоқтату симптомдарын болдырмау үшін дозаны біртіндеп төмендеткен дұрыс. Талапқа сай ауырғанды баса алмаған жағдайда гипералгезия, жағымдылығы мен негізгі аурудың үдеу мүмкіндігін ескерген жөн («Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).
Емдеу ұзақтығы
Морфинді қажет болғаннан артық ұзақ қолдануға болмайды.
2 жастан асқан балаларға препаратты жасына байланысты келесі дозаларда тері астына енгізеді:
екі жастағы балалар үшін бір реттік доза 0,1 мл (1 мг морфин гидрохлориді), тәуліктік доза – 0,2 мл (2 мг морфин гидрохлориді) құрайды;
3-4 жас - бір реттік доза 0,15 мл (1,5 мг), тәуліктік 0,3 мл (3 мг);
5-6 жас - бір реттік доза 0,25 мл (2,5 мг), тәуліктік 0,75 мл (7,5 мг);
7-9 жас - бір реттік доза 0,3 мл (3 мг), тәуліктік 1 мл (10 мг);
10-14 жас - бір реттік доза 0,3-0,5 мл (3-5 мг), тәуліктік 1-1,5 мл (10-15 мг).
Енгізу әдісі мен жолы
Енгізу жолдары: тері астына, бұлшықет ішіне, вена ішіне баяу.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- тыныс алу орталығының бәсеңдеуі салдарынан тыныс алудың бұзылуы;
- бронх түйілуіне бейімділік;
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі;
- бассүйек-ми жарақаты;
- бассүйекішілік гипертензия;
- инсульт;
- кахексия;
- эпилепсиялық статус;
- жалпы қатты жүдеу;
- этиологиясы белгісіз іштің ауыруы;
- алкогольдік жедел уыттану;
- делирий;
- 2 жасқа дейінгі балалар;
- моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде емдеу;
- қызба;
- морфин гидрохлоридіне жекелей жоғары сезімталдық;
- жүктілік;
- бала емізу кезеңі.
Өте жиі:
- құсу (әсіресе емнің басында);
- жүрек айнуы;
- іштің қатуы;
- артериялық қысымның төмендеуі;
- тахикардия;
- бас айналуы;
- ұйқышылдық;
- айқын білінетін қалжырау;
- жалпы әлсіздік;
- ысқырып тыныс алу;
- беттің гиперемиясы;
- бет терісіндегі бөртпе;
- қатты терлеу;
- дисфония.
Жиі:
- ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы;
- анорексия;
- өт шығару жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілуі;
- гастралгия;
- брадикардия;
- тыныстың тарылуы (әсіресе жасы кіші балаларда);
- бронх түйілуі;
- бас ауыруы;
- тремор;
- бұлшықеттің еріксіз жыбырлауы;
- бұлшықеттер қозғалысы үйлесімінің бұзылуы;
- парестезиялар;
- күйгелектік;
- депрессия;
- сананың шатасуы;
- кейіннен ми қан айналымының бұзылу ықтималдығымен бассүйекішілік қысымның жоғарылауы;
- ұйқысыздық;
- диурездің төмендеуі;
- несепағардың түйілуі (несеп шығару кезіндегі қиындықтар мен ауырсыну, несеп шығаруға жиі қысылу);
- либидо және/немесе потенцияның төмендеуі;
- тері бөртпесі;
- есекжем;
- қышыну;
- беттің ісінуі;
- көмейдің ісінуі;
- ларингоспазм;
- қалтырау;
- гиперемия, ісіну, инъекция орнының ашуы;
- көру арқылы қабылдау айқындығының бұзылуы;
- миоз;
- нистагм;
- эйфория немесе жайсыздық сезімі.
Сирек:
- холестаз белгілері бар гепатоуыттылық;
- атония;
- салданған илеус;
- уытты мегаколон (ішектің ауыр қабыну ауруларында);
- артериялық қысымның жоғарылауы;
- мазасыз ұйқы;
- ОЖЖ бәсеңдеуі;
- үлкен дозаларды енгізгенде – бұлшықеттердің сіресуі, парадоксальді қозу, мазасыздық.
Өте сирек (жиілігі белгісіз):
- құрысулар;
- түнгі қорқынышты түстер;
- елестеулер;
- тыныштандыратын немесе қоздыратын әсер (әсіресе егде жастағы пациенттерде);
- делирий;
- зейін қою қабілетінің төмендеуі;
- қуық сфинктерінің түйілуі;
- несеп ағынының бұзылуы немесе қуықасты безінің гиперплазиясында және несеп жолының стенозында осы симптомның ушығуы;
- құлақтың шыңылдауы;
- толеранттылық;
- анафилактоидты реакциялар;
- жедел жайылған экзантематозды пустулез;
- аллодиния, гипералгезия;
- гипергидроз;
- ауыздың құрғауы;
- панкреатит;
- Одди сфинктерінің түйілуі;
-ұйқыдағы орталық апноэ синдромы;
- дисфориялық көңіл-күй, мазасыздық;
- тәуелділік;
-есірткіге тәуелділік синдромы және тоқтату синдромы (қалыс қалу).
Есірткіге тәуелділік
Апиынды анальгетиктерді, емдік дозаның өзінде қайталап пайдалану физикалық және/немесе психологиялық тәуелділіктің немесе толеранттылықтың дамуымен байланысты болуы мүмкін. Есірткіге тәуелділіктің даму қаупі пациенттің жеке қауіп факторларына, апиындармен емдеудің дозасы мен ұзақтығына байланысты өзгеруі мүмкін («Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Абстинентті синдром апиынды қабылдауды кенеттен тоқтату немесе апиынды антагонистерді енгізу арқылы туындауы мүмкін немесе кейде дозалар арасында болуы мүмкін.
Абстиненцияның физиологиялық симптомдарына мыналар жатады: бүкіл дененің ауыруы, тремор, мазасыз аяқ синдромы, диарея, іш қуысындағы шаншу, жүрек айну, тұмауға ұқсас симптомдар, тахикардия және мидриаз.
Психологиялық симптомдарға дисфориялық көңіл-күй, мазасыздық және ашушаңдық жатады. Есірткіге тәуелділікке «есірткіге деген құштарлық» жиі қатысты.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ерте және қауіпті біліну – тыныс алу орталығының бәсеңдеуі. Өлім тыныс алу жеткіліксіздігінен туындауы мүмкін. Аспирациялық пневмония.
Емі: жалпы реанимациялық іс-шаралар, апиын рецепторларының антагонистері мен агонист-антагонистерін тағайындау (налоксон, налорфин). Налоксон морфин гидрохлоридімен уланған кездегі спецификалық антидот болып табылады (0,01 мг/кг вена ішіне, қажет болған жағдайда – әрбір 20-30 минут сайын, содан кейін тыныс алу қалпына келгенге дейін үзіліспен бұлшықет ішіне 2 сағат). Трансфузиялық ем, оксигенотерапия, перитонеальді диализ жүргізіледі. Науқас есін жоғалтпаса, белсендірілген көмірді пероральді қолдануға болады. Аналептиктерді қолдануға болмайды.
Босану кезінде ауыруды басу үшін қолданбайды, өйткені морфин гидрохлориді плацентарлы бөгет арқылы өтеді және жаңа туған нәрестеде тыныстың тарылуын туындатуы мүмкін.
Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы, гипотиреоз, бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі, простата гипертрофиясы, шок, миастения, асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары кезінде, сондай-ақ 60 жастан асқан пациенттерге сақтықпен қолданады.
Морфин гидрохлориді айқын эйфорияны тудырады. Морфин гидрохлоридін қайта қолданған кезде психикалық және физикалық тәуелділік тез дамиды (емдеу басталғаннан 2-14 күн өткен соң). Тоқтату синдромы ұзақ емдеу курсын тоқтатқаннан кейін бірнеше сағаттан кейін пайда болуы мүмкін және ең жоғары шегіне 36-72 сағаттан соң жетуі мүмкін.
Артық дозалану жағдайында дамитын тыныс алу жеткіліксіздігі респираторлық демеуді және апиындық антагонист – налоксонды енгізуді қажет етеді, бірақ оны есірткіге тәуелді адамдарға қолдану тоқтату синдромының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Демеуші ем сондай-ақ пациентті шок жағдайынан налоксонды енгізу арқылы шығаруға бағытталған. Енгізілген препараттың мөлшері тыныс алу қызметінің жеткіліксіздігі дәрежесіне және коматозды жағдайдың дәрежесіне байланысты.
Препараттың жоғары дозаларын, әсіресе егде жастағы пациенттерде пайдалану, циркуляторлы жеткіліксіздіктің және коматозды жағдайдың пайда болуымен тыныс алу депрессиясына және гипотензияға әкеп соғуы мүмкін. Жағымсыз реакциялардың пайда болуы апиындық рецепторларға жекелей сезімталдыққа байланысты. 2 жастан асқан балаларда құрысулар болуы мүмкін, үлкен дозаларда қолданғанда бүйрек функциясының жеткіліксіздігі үдеуі мүмкін. Конвульсиялар балаларда жиі байқалады. Морфин гидрохлоридінің уыттылығы морфинге жекелей сезімталдыққа және енгізілген препараттың мөлшеріне байланысты.
Коматозды жағдай қарашықтың тарылуымен, тыныс алу депрессиясымен білінеді, ол артық дозаланудың болғанын айғақтауы мүмкін. Қарашықтың кеңеюі гипоксияның пайда болғанын дәлелдейді. Артық дозаланудан кейін өкпенің ісінуі өліммен аяқталудың жалпы себебі болып табылады. Респираторлы депрессия препаратты жұлын ішіне енгізген кезде жиі білінуі мүмкін.
P2Y12 тежегіштерімен пероральді антитромбоцитарлық терапия (мысалы, прасугрел, клопидогрел, тикагрелор)
P2Y12 тежегіштерімен және морфинмен қатар емдеудің алғашқы тәулігінде P2Y12 тежегіштерімен емдеу тиімділігінің төмендеуі байқалды («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Ұйқымен байланысты тыныс алу бұзылыстары
Апиын ұйқымен байланысты тыныс алу бұзылыстарын, соның ішінде ұйқыда орталық апноэ және ұйқымен байланысты гипоксемияны тудыруы мүмкін. Апиынды қолдану дозаға байланысты ұйқыда орталық апноэның даму қаупін арттырады. Ұйқыда орталықтық апноэсы бар пациенттерде апиынның жалпы дозасын азайтуды қарастырыңыз.
Орақ тәрізді жасушалы анемиясы (ОЖА) бар пациенттерде жедел кеуде қуысы синдромы (ЖКС)
Вазоокклюзиялық дағдарыс кезінде морфин қабылдаған ОЖА бар пациенттерде ЖКС пен морфинді пайдалану арасындағы ықтимал байланысқа байланысты ОЖА симптомдарын мұқият мониторингілеу ақталған болып табылады.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары
Өмірге қауіп төндіретін немесе өліммен аяқталуы мүмкін жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП) морфинмен емдеуге байланысты хабарланған. Бұл реакциялардың көпшілігі емдеудің алғашқы 10 күнінде орын алды. Пациенттерге ЖЖЭП белгілері мен симптомдары туралы хабарлау керек және егер оларда осындай симптомдар пайда болса, медициналық көмекке жүгінуге кеңес беру керек. Егер осы тері реакцияларын көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болса, морфинді тоқтатып, балама емдеуді қарастырған жөн.
Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
Апиынды анальгетиктер бақылауды және глюкокортикоидтармен орын басу емін қажет ететін, қайтымды бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін. Бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің симптомдары мыналарды қамтуы мүмкін: жүрек айну, құсу, тәбеттің жоғалуы, шаршау, әлсіздік, бас айналу немесе артериялық қысымның төмендеуі.
Жыныстық гормондардың төмендеуі және пролактиннің жоғарылауы
Апиындық анальгетиктерді ұзақ уақыт қолдану жыныс гормондарының төмендеуіне және қандағы пролактин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Симптомдарға либидо төмендеуі, импотенция немесе аменорея кіруі мүмкін.
Гепатобилиарлық жүйенің бұзылуы
Морфин Одди сфинктерінің дисфункциясы мен түйілуін тудыруы мүмкін, осылайша ішкі билиарлық қысымды арттырады және өт шығару жолдарының симптомдары мен панкреатиттің даму қаупін арттырады.
Морфин дозасын одан әрі арттыруға резистентті гипералгезия препараттың жоғары дозаларын пайдаланғанда пайда болуы мүмкін. Морфин дозасын төмендету немесе апиынды ауыстыру қажет болуы мүмкін.
Бензодиазепиндер немесе тектес препараттар сияқты тыныштандырғыш препараттарды қатар қолдану қаупі:
Морфин гидрохлориді және бензодиазепиндер немесе тектес препараттар сияқты тыныштандырғыш препараттарды бір мезгілде қабылдау шамадан тыс седацияға, тыныс алудың тежелуіне, комаға және өлімге әкелуі мүмкін. Осы қауіптерді ескере отырып, тыныштандырғыш препараттармен бір мезгілде тағайындау емдеудің балама нұсқалары мүмкін емес пациенттер үшін ғана сақталуы тиіс. Егер Морфин гидрохлоридін тыныштандырғыш препараттармен бір мезгілде тағайындау туралы шешім қабылданса, ең төмен тиімді дозаны пайдалану керек, емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс.
Пациенттер тыныс алудың тарылуы мен седация белгілерін және симптомдарын мұқият қадағалауы керек. Осыған байланысты пациенттер мен күтімді қамтамасыз ететін адамдарды осы симптомдар туралы хабардар ету ұсынылады («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Апиын қолданумен байланысты бұзылыстар (шамадан тыс пайдалану, тәуелділік және тоқтату синдромы (абстиненция))
Морфин сияқты апиындарды қайталап қолданғанда дағдылану және физикалық және/немесе психологиялық тәуелділік дамуы мүмкін; морфинді қайталап қолдану апиынды қолданумен байланысты бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Жоғарырақ дозасы және апиындармен емдеудің ұзаққа созылуы бұзылыстардың даму қаупін арттыруы мүмкін. Морфинді шамадан тыс пайдалану немесе қасақана теріс пайдалану артық дозалануға және/немесе өлімге әкелуі мүмкін. Бұл бұзылулардың даму қаупі жеке немесе отбасылық анамнезінде (ата-аналары мен аға-апалары) психикалық белсенді заттар қолдану (соның ішінде алкогольді тұтынумен байланысты бұзылыстар) бар пациенттерде, қазіргі кезде темекі тұтынушыларда немесе анамнезінде басқа психикалық бұзылыстар (мысалы, ауыр депрессия, үрейлену және жеке тұлғалық бұзылыстар) болған пациенттерде артады.
Морфиннің басқа күшті апиын агонистеріне ұқсас шамадан тыс пайдалану әлеуеті бар және оны анамнезінде алкогольдік немесе есірткіге тәуелділігі бар пациенттерде өте сақтықпен қолдану керек.
Морфинмен емдеуді бастамас бұрын және емдеу кезінде пациентпен емдеу мақсаттары мен қолдануды тоқтату жоспары келісілуі керек («Қолдану бойынша ұсыныстар» бөлімін қараңыз). Сондай-ақ, емдеуге дейін және емдеу кезінде пациент апиындарды қолданумен байланысты бұзылыстардың қаупі мен белгілері туралы да хабардар болуы керек. Егер бұл белгілер пайда болса, пациенттерге емдеуші дәрігермен байланысуға кеңес беріледі.
Симптомдарды дозаны түзету және/немесе морфинді қабылдаудан біртіндеп бас тарту арқылы барынша азайтуға болады.
Пациенттерді есірткіге тәуелді мінез-құлық белгілеріне (мысалы, жаңа дозаны қабылдау туралы тым ерте сұрау) бақылау керек. Бұған психикалық белсенді препараттармен (мысалы, бензодиазепиндер) апиындарды бір мезгілде қатар қолдануды тексеру кіреді. Апиындарды қолдану бұзылысының белгілері мен симптомдары бар пациенттерге есірткіге тәуелділік жөніндегі маманмен кеңесуді қарастыру керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны азайту керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны азайту керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны азайту керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Морфин гидрохлоридімен емделу кезеңінде автокөлікті басқаруға және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін, басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Фертильділік
Деректер жоқ.
Орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) депрессиялық әсер ететін препараттар:
Орталық жүйке жүйесін бәсеңдету күшеюі мүмкін.
Бета-адреноблокаторлар:
Морфин гидрохлоридінің ОЖЖ-ға бәсеңдететін әсерінің күшеюі.
Бутадион:
Морфин гидрохлоридінің жинақталуы мүмкін.
Допамин:
Морфин гидрохлоридінің ауыруды басатын әсерінің азаюы.
Циметидин:
Морфин гидрохлоридімен тыныс тарылуының күшеюі.
Фенотиазин туындылары және барбитураттар:
Гипотензивті әсердің күшеюі және морфин гидрохлоридімен тыныс алудың бәсеңдеуі. Барбитураттарды (әсіресе фенобарбиталды) немесе есірткілік анальгетиктерді ұзақ уақыт қолдану айқаспалы төзімділікті дамытады. Хлорпромазин морфин гидрохлоридінің анальгетикалық, сондай-ақ миотикалық және тыныштандыратын әсерін күшейтеді.
Налоксон есірткі анальгетиктерінен туындаған тыныс алудың тарылуы мен анальгезияны жояды. Налорфин есірткілік анальгетиктердің тыныштандырғыш әсерін сақтай отырып, олардан туындаған тыныс алу депрессиясын жояды.
Бензодиазепиндер немесе тектес препараттар, габапентин немесе прегабалин сияқты седативті препараттар:
Апиындарды бензодиазепиндер немесе олармен байланысты препараттар, габапентин немесе прегабалин сияқты седативті препараттармен бір мезгілде қолдану седация, тыныс алу депрессиясы, кома және ОЖЖ аддитивті әсеріне байланысты өлім қаупін арттырады. Препараттарды қолданудың дозалары мен ұзақтығын түзету керек.
Морфин алған жедел коронарлық синдромы бар пациенттерде P2Y12 тежегіштерімен (мысалы, прасугрел, клопидогрел, тикагрелор) пероральді антитромбоцитарлық ем әсерінің кідіруі және азаюы байқалды. Бұл өзара әрекеттесу асқазан-ішек жолдарының қозғалғыштығының төмендеуіне байланысты және басқа апиындарға қатысты болуы мүмкін. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы белгісіз, бірақ деректер оларды морфинмен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде P2Y12 тежегіштері тиімділігінің төмендеуі мүмкін екенін көрсетеді («Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз). Морфинді тоқтату мүмкін емес және P2Y12 жылдам тежеу қауіпті болып саналатын, жедел коронарлық синдромы бар пациенттерде P2Y12 парентеральді тежегішін қолдануға болады.
Дәрілік препараттың әсеріне ықпал етуі мүмкін өзара әрекеттесу түрлері (алкогольмен, темекімен, тамақпен)
Емдеу кезеңінде алкоголь қабылдауға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.