Антацидтік немесе секрецияға қарсы препараттарды домперидонның пероральді препараттарымен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені олар домперидонның пероральді биожетімділігін төмендетеді. Домперидонды тамақтанғанға дейін қабылдау керек, ал антацидтерді немесе секрецияға қарсы препараттарды – тамақтан соң.
Антихолинергиялық препараттарды бір мезгілде қабылдау домперидонның антидиспепсиялық әсеріне қарсы әсер етуі мүмкін.
Домперидонның негізгі метаболизмдік жолы CYP3A4 арқылы өтеді. Іn vitro деректер осы ферментті айтарлықтай тежейтін препараттарды бір мезгілде қабылдау плазмада домперидон деңгейінің жоғарылауына әкелетінін болжауға мүмкіндік береді.
Фармакодинамикалық және/немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесу салдарынан QT аралығының ұзару қаупі жоғары.
Келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:
QT аралығын ұзартатын препараттармен:
-ІА класты аритмияға қарсы препараттар (мысалы, дизопирамид, гидрохинидин, хинидин);
-ІІІ класты аритмияға қарсы препараттар (мысалы, амиодарон, дофетилид, дронедарон, ибутилид, соталол);
-кейбір нейролептикалық препараттар (мысалы, галоперидол, пимозид, сертиндол);
-кейбір антидепрессанттар (мысалы, циталопрам, эсциталопрам);
-кейбір антибиотиктер (мысалы, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин, спирамицин);
-кейбір зеңге қарсы препараттар (мысалы, пентамидин);
-кейбір безгекке қарсы препараттар (мысалы, галофантрин, люмефантрин);
-кейбір асқазан-ішек препараттары (мысалы, цизаприд, доласетрон, прукалоприд);
-кейбір антигистаминді препараттар (мысалы, меквитазин, мизоластин);
-онкологиялық аурулар кезінде қолданылатын кейбір препараттар (мысалы, торемифен, вандетаниб, винкамин);
-кейбір басқа препараттар (мысалы, бепридил, дифеманил, метадон);
-апоморфин, егер бірге қолданудың пайдасы қауіптен асып кетсе және бірлесіп қолдану жөнінде ұсынылған шараларды қатаң сақтаған жағдайда ғана.
CYP3A4 күшті тежегіштері (QT аралығын ұзарту әсеріне қарамастан):
-протеаза тежегіштері;
-жүйелі әсер ететін зеңге қарсы азольді препараттар;
-кейбір макролидтер (эритромицин, кларитромицин, телитромицин) ("Қолдануға болмайтын жағдайлар"бөлімін қараңыз).
Келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
CYP3A4 орташа тежегіштерімен (мысалы, дилтиазем, верапамил, кейбір макролидтер ("Қолдануға болмайтын жағдайлар"бөлімін қараңыз).
Бір мезгілде қолдану сақтықты талап етеді:
Брадикардия мен гипокалиемияның дамуын индукциялайтын препараттармен, сондай-ақ QT аралығын ұзартатын макролидтермен (азитромицин, рокситромицин) бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет. Кларитромицинді CYP3A4 күшті тежегіші ретінде қолдануға болмайды.
Леводопа: плазмадағы леводопа деңгейінің жоғарылауы (ең көбі 30-40%).
Жоғарыда келтірілген тізім репрезентатитвтік болып табылады, бірақ толық емес.
Домперидонның негізгі метаболизмдік жолы CYP3A4 қатысуымен өтеді.
In vitro зерттеулері нәтижелері осы ферментті едәуір тежейтін препараттарды бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы домперидон деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді.
Дені сау еріктілерде пероральді кетоконазолмен немесе пероральді эритромицинмен in vivo фармакокинетикалық / фармакодинамикалық өзара әрекеттесуінің жекелеген зерттеулері осы препараттармен домперидон арқылы байланысқан CYP3A4 алғашқы өту метаболизмінің елеулі тежелуін растады.
Домперидонды күніне төрт рет 10 мг және кетоконазолды күніне екі рет 200 мг пероральді енгізу біріктірілімі кезінде бақылау кезеңі ішінде уақыттың жекелеген сәттерінде 1,2-ден 17,5 мсек дейінгі диапазонда өзгерістермен QT 9,8 мсек орташа ұлғаюы байқалды. Домперидонды күніне төрт рет 10 мг және пероральді эритромицинді күніне үш рет 500 мг біріктіргенде бақылау кезеңінде 1,6-дан 14,3 мсек-қа дейінгі диапазонда уақыттың жекелеген сәттерінде өзгерістермен QT орташа мәні 9,9 мсек-қа ұзартылды. Тұрақты күйдегі домперидонның Cmax және AUC екеуі де осы өзара әрекеттесу зерттеулерінің әрқайсысында шамамен үш есе өсті. Осы зерттеулерде домперидонмен монотерапия күніне төрт рет пероральді 10 мг дозада орташа QT 1,6 мсек (кетоконазолды зерттеу) және 2,5 мсек (эритромицинді зерттеу) ұлғаюына алып келді, ал кетоконазолмен монотерапия (күніне екі рет 200 мг) бақылау кезеңінде тиісінше QT 3,8 және 4,9 мсек артуына алып келді.