Антацидті немесе секрецияға қарсы препараттарды Мотидом ODT препаратымен бір мезгілде қабылдамаған жөн, өйткені олар домперидонның пероральді биожетімділігін төмендетеді. Бірге қолданған кезде домперидонды тамақтанар алдында қабылдау керек, алантацидті немесе секрецияға қарсы препараттарды - тамақтан кейін.
Леводопамен бірге қолдану
Леводопа дозасын түзету қажет деп саналмаса да, препаратты домперидонмен бір мезгілде қабылдаған кезде леводопаның плазмалық концентрациясының жоғарылауы (ең көбі 30-40 %) байқалды.
Антихолинергиялық препараттар домперидонның әсерін бейтараптандыруы мүмкін.
Фармакодинамикалық және/немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесу салдарынан QT аралығының ұзару қаупінің жоғарылауы.
Келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:
QT аралығын ұзартатын:
• аритмияға қарсы ІА класы (дизопирамид, гидрохинидин, хинидин);
• аритмияға қарсы III класс (мысалы, амиодарон, дофетилид, дронедарон, ибутилид, соталол);
• кейбір нейролептиктер (мысалы, галоперидол, пимозид, сертиндол);
• кейбір антидепрессанттар (мысалы, циталопрам, эсцеталопрам);
• кейбір антибиотиктер (мысалы, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин спирамицин);
• кейбір зеңге қарсы (мысалы, пентамидин);
• кейбір безгекке қарсы (атап айтқанда галофантрин, люмефантрин);
• кейбір асқазан-ішек препараттары (мысалы, цизаприд, доласетрон, прукалоприд);
• кейбір антигистаминді (мысалы, меквитазин, мизоластин);
• обырды емдеу үшін қолданылатын кейбір препараттар (мысалы, торемифен, вандетаниб, винкамин);
• кейбір басқа препараттар (мысалы, бепридил, дифеманил, метадон);
• апоморфин, егер апоморфинді тағайындаудан пайда қауіптен жоғары болмаса және барлық сақтық шаралары толығымен орындалса ғана.
CYP3A4 күшті тежегіштерімен (олардың QT аралығын ұзарту қабілетіне қарамастан):
• протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир, саквинавир, телапревир);
• жүйелі әсер ететін азольды зеңге қарсы препараттармен (итраконазол, кетоконазол, позаконазол, вориконазол);
• кейбір макролидтер (эритромицин, кларитромицин, телитромицин).
CYP3A4 орташа тежегіштерімен, мысалы, дилтиаземмен, верапамилмен және кейбір макролидтермен бір уақытта қабылдау ұсынылмайды.
Брадикардия мен гипокалиемияны туындататын дәрілік заттарды, сондай-ақ QT аралығын ұзартатын макролидтерді бір мезгілде қолданғанда сақ болу қажет: азитромицин және рокситромицин (кларитромицинді қолдануға болмайды, өйткені ол CYP3A4 күшті тежегіші).
Жоғарыда көрсетілген заттар тізімі өкілдік болып табылады және түбегейлі болып табылмайды.
Домперидонның метаболизмдік түрленуінің негізгі жолы Р450 цитохромы жүйесінің CYP3A4 изоферментінің қатысуымен өтеді, сондықтан домперидон мен осы изоферментті елеулі тежейтін дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы домперидон деңгейінің жоғарылауы мүмкін.
Дені сау субъектілерде пероральді кетоконазолмен немесе пероральді эритромицинмен in vivo фармакокинетикалық/фармакодинамикалық өзара әрекеттесуінің жекелеген зерттеулері осы препараттармен бірінші өту метаболизмінің CYP3A4 домперидон арқылы айқын тежелуін растады.