Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки жевательные
Дозасы
100 мг
Саудалық атауы
С дәрумені қосылған Мукалтин
Әсер етуші зат
Отхаркивающие препараты
Мақсаты
Тұтқырлығы жоғары бөлініп шығуы қиын қақырық түзілуімен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларының кешенді емдеудің құрамында (бронхиттер, пневмониялар…
Өндіруші
АО Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар - 100.0 мг мукалтин құрғақ экстрактісі
(Дәрілік жалбызтікен шөбінің экстрактісі)
100.0 мг аскорбин қышқылы
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, маннитол, аспартам, магний стеараты, таңқурай хош иістендіргіші.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Күңгірт теңбілдерімен ақ сары түс түстен қоңыр түске дейінгі, жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар. Таблетканың бір жағында ойығы және сызығы бар, басқа жағында ойығы және крест түріндегі фирмалық логотипі бар.
Тұтқырлығы жоғары бөлініп шығуы қиын қақырық түзілуімен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларының кешенді емдеудің құрамында (бронхиттер, пневмониялар, бронхоэктаздық ауруы, бронх демікпесі).
Әсер ету механизмі
С дәрумені қосылған Мукалтин– әсері секретолитикалық және бронхолитикалық қасиеттермен шартталған қақырық түсіретін дәрі. Препарат орташа жөтелге қарсы әсер етеді, жөтел ұстамасының көлемін және қарқындылығын азайтады, қақырықтың мөлшері көбейеді және оның тұтқырлығын азайтады. Жұмсартатын, қабынуға қарсы және бүркеп алатын әсерге иеленген. Өзгерген бронхөкпе секрециясын қалыптастырады, қақырықтың бөлінуін жақсартады.
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) тотығу-қалпына келу реакцияларына, көмірсудың, тирозиннің, темірдің метаболизміне, фолий қышқылының фолиний қышқылына айналуына, қанның ұюына, стероидты гормондардың, коллагеннің және проколлагеннің түзілуіне, тіндердің регенерациясына, капиллярлардың өткізгіштігін реттеуге, липидтер мен ақуыздың синтезіне, жасушалық тыныс алуға қатысады.
С дәрумені организмнің инфекцияларға және қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне қарсыласуын арттыруға көмектеседі.
Дозалану режимі
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 1 таблеткадан күніне 4 рет ас ішуге дейін тағайындайды.
6-дан 12 жасқа дейінгі жастағы балаларға арналған доза 1 таблетка тәулігіне 3 рет.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке
Таблеткаларды олардын толық сорылу дейін шайнау керек.
Емдеу ұзақтығы
Әдетте емдеу курсы 5-7 күнді құрайды. Егер тағайындаған емдеу курсынан кейін симптомдар жоғалмаса, емдеудің мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы дәрігерге жүгіну керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• тромбоз, тромбофлебит
• бүйректің ауыр аурулары
• 6 жасқа дейінгі балаларға
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• қан түйіршіктерінің глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның жеткіліксіздігі бар науқастарда эритроциттердің гемолизін туындатуын мүмкін
• бөртпені, есекжемді, қышынуды, анафилаксиялық шокты, Квинке ісінуін қоса аллергиялық реакциялар
• бас ауыруы
• қыжылды, диареяны, жүйрек айнуын, құсуды қоса, диспепсиялық бұзылыстар
• ыстықты сезіну.
Жағымсыз реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған емдік дозаларды қолдану кезінде артық дозалануы мүмкін емес.
Кездейсоқ артық дозалану кезінде жүрек айнуы, құсу, қыжыл, диарея, бас айналуы, жоғары қозу, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы, С дәруменінің гипервитаминозы, бүйректің гломерулалық аппаратының зақымдануы, кристаллурия, уратты және оксалатты конкременттердің түзілуі пайда болуы мүмкін; ұйқы безінің инсулярлық аппаратының функциясын бәсеңдетуі мүмкін, қантты диабеті пайда болғанға дейін гликоген синтезінің бұзылуы, артериялық гипертензия, миокардтың дистрофиясы, тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритроцитопения, нейтрофильді лейкоцитоз, мырыш және мыс алмасуының бұзылуы.
Емі: асқазанды шаю және дәрігерге жүгіну. Терапия – симптоматикалық.
Препарат түрлі зертханалық тесттердің (қанның құрамындағы глюкоза, билирубин, трансаминазалар белсенділігі, лактатдегидрогеназа) нәтижелерін бұрмалауы мүмкін. С дәруменінің сіңірілуі ішек дискинезиясында, энтериттерінде, ахилиясы кезінде бұзылуы мүмкін.
Препараттың ұсынылған дозадан елеулі артатын үлкен дозалары препараттың құрамында С дәруменінің бар болуына байланысты қан ұйығыштығы жоғары болған кезде, анамнезде бүйрек аурулары, гемохроматоз, талассемия, полицитемия, несептас ауруы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
Егер емдеу кезінде ентігу, температураның жоғарылауы дамыған болса немесе іріңді қақырық пайда болса, дереу дәрігерге жүгіну керек.
Кейде өкпенің созылмалы қабыну аурулары бар С дәрумені қосылған Мукалтин препаратымен емдеу басталғанда қақырықтың бөлінуі, бронх тармағында жинақталған және құрамында детриттің, ақуыздың және қабыну элементтерінің үлкен мөлшерде болуы есебінен қақырықтың тұтқырлығын артуы мүмкін. Сондықтан бронхтың диффузиялық зақымдануы, қақырықтың физика-химиялық қасиеттерінің елеулі өзгерістері және мукоцилиарлы тасымалдануының төмендеген кезде, С дәрумені қосылған Мукалтин препаратымен емдеуді муколитикалық препараттарды тағайындаумен біріктіру қажет.
С дәрумені қосылған Мукалтиннің қосымша заттарының құрамында аспартам бар, оның құрамында фенилаланин бар, оны фенилкетонуриямен ауыратын пациенттерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Жүктілік кезінде препаратты қолдану туралы деректер жоқ.
Лактация кезінде препаратты қолдану туралы деректер жоқ.
Жөтелді басатын препараттармен (кодеин) бір уақытта тағайындауға болмайды.
Құрамында аскорбин қышқылының болуына байланысты препарат сульфаниламидті препараттардың уыттылығын азайтады, гепариннің және жанама антикоагулянттардың әсерін төмендетеді, темірдің сіңірілуіне көмектеседі, пенициллиннің және тетрациклиннің сіңірілуін арттырады, салицилаттардың жағымсыз әсерін күшейтеді (оның қаупі пайда болу).
Пероральді контрацептивтерді, шырындарды және сілтілі ішімдікті қолдану организмдегі С дәруменінің деңгейін төмендетеді.
С дәруменінің дефероксаминмен біріктірілімі темірдің тіндердің уыттылығын, әсіресе жүрек бұлшықетінде, арттырады, бұл қанайналым жүйесінің декомпенсациясыны әкелуі мүмкін. Сондықтан С дәрумені қосылған Мукалтин препаратын дефероксаминнің инъекциясынан кейін 2 сағаттан кейін ғана қабылдауға болады.
С дәрумені этил спиртінің жалпы клиренсін арттырады.
Ұсынылған дозаларды елеулі арттырған кезде С дәрумені қосылған Мукалтин трициклды антидепресанттардың, нейролептиктердің – фенотиазиннің туындыларының, амфетаминнің түтікшесінің реабсорбциясының тиімділігін төмендетуі, мексилетиннің бүйрек арқылы шығарылуын бұзуы, дисульфираммен емделетін тұлғаларда дисульфам-алкоголь реакциясын тежеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.