Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем для наружного применения
Дозасы
0.25%
Саудалық атауы
Мускомед
Әсер етуші зат
Тиоколхикозид
Мақсаты
Мускомед кремі ауырсынатын бұлшықет түйілулерін симптоматикалық емдеуге арналған
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г кремнің құрамында
белсенді зат – тиоколхикозид 2.5 мг,
қосымша заттар: гидрогенделген ланолин 127.5 мг, стеарин қышқылы, цетил спирті 70.0 мг, полисорбат 80, цетилэфирлі балауыз, натрий лаурилсульфаты, натрий альгинаты, жөке эссенциясы, метилпарагидроксибензоат 1.4 мг, этилпарагидроксибензоат 0.35 мг, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық сары түсті біртекті крем.
Мускомед кремі ауырсынатын бұлшықет түйілулерін симптоматикалық емдеуге арналған.
АТХ M03BX05
Тиоколхикозид құрамында күкірт бар, жартылай синтетикалық табиғи колхикозид гликозидінің туындысы болып табылады.
Тиоколхикозидтің миорелаксантты әсері (бұлшықеттерді босаңсытады) бар. Ол орталықтан туындаған бұлшықет түйілулерін жояды немесе олардың айқындылығын төмендетеді. Оның миорелаксантты әсері висцеральді бұлшықеттерге де таралады.
Тиоколхикозидтің кураре тәрізді әсері жоқ. Ол орталық жүйке жүйесіне әсер етеді және қозғалтқыш жүйке-бұлшықет синапстарында сигнал берілісін бұзбайды.
Көптеген зерттеулердің деректері тиоколхикозидтің антагонистік әсер беретін гамма-аминмай қышқылы (ГАМҚ) рецепторларына және глицинергиялық агонистің қасиеттеріне селективті тектестігін көрсетеді. Глициномиметикалық қасиеттері тиоколхикозидтің жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейлеріндегі әсерін анықтайды, бұл ревматизм немесе жарақат кезінде пайда болатын рефлекторлық түйілулерде де, орталық генездің түйілулерінде де оның тиімділігін түсіндіреді.
Тиоколхикозид салдану тудырмайды және тыныс алу қызметін тежемейді. Сондай-ақ, препарат жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етпейді.
Дозалау режимі
Мускомед кремін теріге күніне 2-3 рет жағу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Мускомед кремін 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің саны жеткіліксіз.
Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің саны жеткіліксіз.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• бұлшықет гипотониясы және сылбыр салдану
• жүктілік және бала емізу кезеңі
Иммундық жүйе тарапынан: қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну сияқты анафилаксиялық реакциялар.
Жүйке жүйесі тарапынан: ұйқышылдық.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: диарея, асқазанның ауыруы, жүрек айнуы, құсу.
Тері және тері асты тіндері тарапынан: аллергиялық тері реакциялары (тері реакциялары тиоколхикозидті қолдану нәтижесінде пайда болуы мүмкін).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Тиоколхикозидпен емдеу кезінде пациенттерде артық дозаланудың ешқандай спецификалық симптомдары байқалған жоқ.
Емі
Артық дозаланған жағдайда пациентті медициналық бақылаумен қамтамасыз ету және симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады.
Препаратты ұзақ уақыт пайдаланудан аса жоғары сезімталдық реакциясы пайда болған жағдайда емді тоқтату керек.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты жергілікті қолданғанда, әсіресе оны ұзақ пайдаланған жағдайда, аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін; мұндай жағдайларда емдеуді тоқтату керек.
Мускомед кремін дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек.
Қолданған кезде сақтық танытып, көзбен және шырышты қабықтармен жанасудан аулақ болу керек.
Тиоколхикозид эпилепсиясы бар пациенттерде немесе эпилепсиялық ұстамалар қаупі бар пациенттерде құрысуды тудыруы мүмкін.
Қосымша заттар
Мускомед кремінде гидрогенделген ланолин мен цетил спирті бар, олардың әрқайсысы терінің жергілікті реакциясын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін.
Мускомед кремінің құрамында метилпарагидроксибензоат және этилпарагидроксибензоат бар, олардың әрқайсысы баяу аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
Мускомед кремінің құрамында натрий лаурилсульфаты бар, ол терінің жергілікті реакциясын тудыруы мүмкін (мысалы, қышыну немесе күйдіру сезімі) немесе терінің сол беткейіне қолданылатын басқа заттардан туындаған тері реакцияларын күшейтеді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері тиоколхикозидтің психомоторлық реакцияларға әсер етпейтінін көрсетеді, алайда ұйқышылдық пайда болу жағдайлары сирек байқалған, сондықтан препаратты емдеу кезінде автокөлік пен механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.
Жүктілік кезінде әйелдерде тиоколхикозидті қолдануға болмайды.
Тиоколхикозид емшек сүтіне өтетіндіктен, препаратты лактация кезеңінде әйелдерде қолдануға болмайды.
Препараттың дәрілік өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар жоқ.
Пациенттердің ерекше топтары
Пациенттердің ерекше топтарында дәрілік өзара әрекеттесулерге зерттеу жүргізілген жоқ.
Балалар
Балалардағы дәрілік өзара әрекеттесулерге зерттеу жүргізілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.