Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
300 мг
Саудалық атауы
Муцитус®
Әсер етуші зат
Эрдостеин
Мақсаты
Жедел және созылмалы тыныс алу жолдарының аурулары кезінде сұйылтатын, муколитикалық дәрі
Өндіруші
Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсула құрамында
белсенді зат - 150 мг немесе 300 мг эрдостеин,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (PH-302), натрий крахмал гликоляты, магний стеараты, повидон К-30,
№2 капсуланың құрамы
қақпақшасы: бриллиантты көк (Е 133), кармоизин (Е122), хинолинді сары (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су, натрий лаурил сульфаты, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, желатин
корпусы: бриллиантты көк (Е 133), кармоизин (Е 122), хинолинді сары (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су, натрий лаурил сульфаты, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, желатин
№0 капсуланың құрамы
қақпақшасы: бриллиантты көк (Е 133), титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су, натрий лаурил сульфаты, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, желатин
корпусы: титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су, натрий лаурил сульфаты, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Көкшіл түсті корпусы мен қоңыр түсті қақпақшасы бар, №2 өлшемді, қатты желатинді капсулалар (150 мг доза үшін).
Ақшыл түсті корпусы мен көгілдір түсті қақпақшасы бар, №0 өлшемді, қатты желатинді капсулалар (300 мг доза үшін).
Капсула ішіндегісі – ақ немесе ақшыл түсті ұнтақ.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
6 капсуладан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.
2 немесе 5 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Жедел және созылмалы тыныс алу жолдарының аурулары кезінде сұйылтатын, муколитикалық дәрі
Әсер ету механизмі/фармакодинамикалық әсерлері
Эрдостеин муколитикалық дәрі болып табылады, бронх шырышына сұйылтқыш агенті ретінде фармакологиялық әсер етеді.
Эрдостеиннің барлық белсенді метаболиттері гликопротеин талшықтарын байланыстыратын дисульфидті көпірлердің үзілуін туындатады, бұл қақырықтың созылғыштығын және тұтқырлығын азайтады. Тыныс алу жолдарынан сөлдің бөлінуін жеңілдету және жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарынан шырышты және шырышты-іріңді бөліністердің шығарылуын қамтамасыз ететін мукоцилиарлы жүйенің тиімділігін жоғарылату нәтижесі болып табылады.
Эрдостеин тыныс алу жолдары эпителийіне грамоң және грамтеріс бактериялардың адгезиялық қабілетін де төмендетеді. Іn vitro жағдайында дәлелденген бактерияға қарсы антиадгезивті әсер бактериялық колониялар түзілуін азайтуға және бактериялық суперинфекциялардың туындау қаупін төмендетуге қабілетті.
Эрдостеин оттегінің бос радикалдарына жергілікті антагонистік әсер етеді, олардың "in loco" түзілуіне жол бермейді, 8-изопростан мөлшерін, липидтердің асқын тотықты тотығу маркерін едәуір төмендетеді. Эрдостеиннің in vitro және in vivo жағдайларында қабынуға қарсы әсері де кейбір қабынуға қарсы цитокиндер (IL-6, IL-8) түзілуін азайту жолымен көрсетілген.
Эрдостеин шылымқорларда альфа-1-антитрипсиннің басылуына кедергі жасайды, осылайша созылмалы шылымқорда темекі түтінінің зақымдағыш әсерін төмендетеді.
Эрдостеин тыныс алу жолдарының созылмалы обструкциялық аурулары бар науқастарда, тыныс алу жолдарының шырышты қабығында А иммуноглобулин концентрациясын арттырады, сондай-ақ темекі түтінінің гранулоциттер функциясына басым әсерін төмендетеді. Бірге қолданған кезде эрдостеин бронх сөлінде амоксициллин концентрациясын арттырады, сондықтан оларды бірге қолдану амоксициллин монотерапиясымен салыстырғанда емдеуге жауапты жылдам алуға мүмкіндік береді.
Тыныс алу жолдарының созылмалы обструкциялық аурулары бар пациенттерде эрдостеинмен 8 ай емдегеннен кейін асқыну санының азаюы және өмір сапасының жақсаруы байқалады.
Препаратпен емдеу әсері 3-4 тәулік емдегеннен кейін дамиды. Эрдостеинде соншалықты бос SН-топтары жоқ, сондықтан препарат асқазан-ішек жолын зақымдайтын әсер көрсетпейді және ас қорыту жүйесі тарапынан болатын жағымсыз әсерлерінің плацебо әсерлерінен айырмашылығы жоқ.
Дозалау режимі
Ұсынылатын доза: 1 капсуладан - тәулігіне 2-3 рет.
Бауырдың созылмалы ауруы бар пациенттерге дозаны түзету қажет. Бұл жағдайда ұсынылатын доза 150 мг тәулігіне 2-3 рет.
Енгізу әдісі және жолы
Тамақтануға дейін және тамақтану кезінде жеткілікті мөлшердегі сумен бірге ішке қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Бұл препаратты дәрігердің нұсқауына сай нақтылай қолдану керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алғанда қажетті шаралар
Препарат қабылдауын өткізіп алған кезде дозаны екі еселеп қабылдаудың қажеті жоқ.
• әсер етуші затқа немесе препарат құрамына кіретін қандай да бір қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
• белсенді пептикалық ойық жара
• метионин метаболизміне өнімнің ықпал етуіне байланысты, Муцитус® бауыр циррозынан және цистатион-синтетаза ферментінің тапшылығынан зардап шегетін пациенттерге қолдануға болмайды
• креатинин клиренсі <25 мл/мин бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер жайында деректер болмағандықтан, эрдостеинді бұл пациенттерге пайдалануға болмайды
• балалар және 18 жасқа дейінгі жасөсірімдер
Өте сирек
- бас ауыруы
- диспноэ, бронхиалды обструкция
- жүрек айнуы, құсу, диарея, эпигастрия тұсындағы ауыру
- дисгевзия (дәм сезудің өзгеруі)
- есекжем, эритема, қышыну, экзема
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған (күніне 1200 мг) дозадан арттырған кезде тершеңдік, бас айналуы және қан тебулер байқалған.
Муцитус® препаратын кездейсоқ қажет мөлшерден артық қабылдаған болсаңыз, дереу дәрігерге хабарлауыңыз немесе жақын ауруханаға баруыңыз керек. Емі симптоматикалық.
Эрдостеинді жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды, себебі бронхта сұйық сөл жиналуы және суперинфекция немесе бронхтың түйілуінің даму қауіпі артуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде метаболиттер жинақталуы мүмкін. Бауыр функциясының бұзылуы айқын болған кезде жартылай шығарылу уақыты артуы мүмкін. Егер 5 күн ішінде оң динамика болмаған кезде немесе жағдай нашарласа, емдеуші дәрігерге жүгіну қажет.
Қосымша заттар
Қапсула қабығының құрамына бриллиантты көк (Е133), кармоизин (Е122), хинолинді сары (Е104) бояғыштары кіретіндігі ескере отырып, препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге тағайындалмайды.
Бұл препараттың құрамында бір дозада 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Муцитус® көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді
Жүктілік немесе емшек емізу, жүктілікті болжамдау немесе жоспарлау жағдайында бұл дәрілік препаратты пайдаланар алдында дәрігеріңізден немесе фармацевтен кеңес алу керек. Жүктілік және бала емізу кезеңінде эрдостеин қауіпсіздігі анықталмады, сондықтан оны қолдану ұсынылмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара байланысу жөнінде хабарлар болған жоқ, сондықтан препаратты антибиотиктермен және бронходилататорлармен (теофиллин немесе бета2-миметиктер, жөтелге қарсы препараттар және т.б.) бірге қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.