Айқаспалы реактивтілік
Гепариндер мен ТМГ арасында айқаспалы реактивтіліктің көптеген жағдайлары тіркелген. Фракцияланбаған гепариндерге (ФБГ) және ТМГ-ге айқаспалы реактивтілігі бар пациенттерде баяу типті аллергиялық реакциялар байқалады.
ТМГ тағайындар алдында пациент анамнезінде фракцияланбаған гепариндерге аллергиялық реакция жағдайларын мұқият зерттеу қажет.
Әртүрлі ТМГ препараттарының концентрациясы анти-Ха факторлық белсенділіктің халықаралық бірліктерінде көрсетілгеніне қарамастан, олардың тиімділігі анти-Ха факторлық белсенділікпен шектелмейді. Сондықтан бір ТМГ қолдану схемасын басқа ТМГ немесе басқа синтетикалық полисахаридпен ауыстыру қауіпті, өйткені әрқайсысы арнайы клиникалық сынақтармен расталған. Сондықтан әрбір дәрілік препаратты қолдану бойынша ерекше сақтық пен нақты нұсқауларды сақтау қажет.
Қан кету қаупі
Ұсынылған емдік режимдерді (дозалану мен емдеу ұзақтығы) сақтау қажет. Керісінше жағдайда қан кету пайда болуы мүмкін, әсіресе қауіп тобына жататын пациенттерде (егде жастағы пациенттер, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер және т. б.).
Ауыр қан кету, атап айтқанда:
- егде жастағы пациенттерде, әсіресе бүйрек функциясының жасқа байланысты төмендеуіне байланысты;
- бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде;
- дене салмағы 40 кг-дан кем пациенттерде;
- емдеу ұзақтығы ұсынылған орташа ұзақтықтан асқан жағдайда (10 күн);
- емдеудің ұсынылған шарттары сақталмаған жағдайда (емдеу ұзақтығын және емдік қолдану кезінде дене салмағын ескере отырып, дозаларды түзетуді қоса алғанда);
- қан кету қаупін арттыратын препараттармен біріктірген кезде («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз) байқалды.
Барлық жағдайларда егде жастағы пациенттердің және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жай-күйін, сондай-ақ препаратты қолдану ұзақтығы 10 күннен асқан кезде ерекше бақылау қажет.
Кейбір жағдайларда препараттың жинақталуын анықтау үшін факторға қарсы белсенділікті өлшеу пайдалы болуы мүмкін («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары: зертханалық мониторинг» бөлімін қараңыз).
Гепарин индукцияланған тромбоцитопения (ГИТ) қаупі
Емдеу кезінде гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияның (ГИТ) даму қаупіне байланысты пациенттің қанындағы тромбоциттер деңгейін үнемі бағалау қажет.
ГИТ сирек кездесетін жағдайлары белгілі, оның ішінде ауыр түрінде, олар артериялық немесе веноздық тромбозды туындатуы мүмкін.
Гепарин-индукцияланған тромбоцитопения диагнозын келесі жағдайларда болжау керек:
– тромбоцитопения;
- қандағы тромбоциттер деңгейінің едәуір төмендеуі (бастапқы мәнге қатысты 30-50% - ға және/немесе < 150 000/мм3 (150*109/л) деңгейіне дейін);
- емдеу аясында тромбоздың дамуы (флебит, өкпе артериясының эмболиясы, аяқ-қолдың жедел ишемиясы, миокард инфарктісі, ишемиялық инсульт);
- емдеу барысында тромбоздың теріс динамикасы;
- ДҚҰ-синдромның дамуы.
Мұндай жағдайларда ГИТ даму мүмкіндігін ескеру және тромбоциттер деңгейін жедел анықтау қажет («Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары: зертханалық мониторинг» бөлімді қараңыз).
Мұндай жағдайларда надропаринді қолдануды тоқтату керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Надропарин көбінесе бүйрекпен шығарылады, осыған байланысты бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қандағы надропарин концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Сондықтан мұндай пациенттерде қан кетудің даму қаупі артады және препаратты сақтықпен қолдану керек.
Креатинин клиренсі 30-50 мл/мин кезінде тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупімен салыстырғанда қан кетудің жеке қаупін бағалау негізінде Кальций надропарині дозасын төмендету мүмкіндігі қарастырылуы тиіс («Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімін қараңыз).
ТМГ емдеуді бастамас бұрын, әсіресе 75 жастан асқан егде пациенттерде бүйрек функциясын бағалау қажет. Креатинин клиренсі (КК) пациенттің дене салмағын ескере отырып, Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеледі:
ерлерде КК = (140 - жасы) × дене салмағы / (0.814 × қан плазмасындағы креатинин), жылдар, дене салмағы кг-да, ал қан плазмасындағы креатинин мкмоль/л беріледі.
Әйелдерде бұл формула нәтижені 0.85-ке көбейту арқылы түзетіледі. Егер креатинин мг/мл-де көрсетілсе, нәтиже 8.8-ге көбейтіледі.
Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігін анықтау (КК < 30 мл/мин) ТМГ емдік мақсаттарда қолдануға қарсы көрсетілім болып табылады («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Зертханалық мониторинг
• ТМГ қолданатын пациенттердегі тромбоциттер деңгейін және гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияның (ІІ типті ГИТ) даму қаупін бақылау
ГИТ-ті анағұрлым тиімді анықтау үшін пациенттердің жағдайына келесідей мониторинг жүргізу қажет.
Жақында болған хирургиялық араласымнан немесе жарақаттардан кейін (3 ай ішінде) хирургиялық және травматологиялық практикада ГИТ жиілігі > 0.1% немесе тіпті > 1% құрайтынын ескере отырып, барлық пациенттерде емдеу – профилактикалық немесе емдік түріне қарамастан – зертханалық көрсеткіштердің жүйелі мониторингі қажет. Тромбоциттер деңгейін анықтауды:
- ТМГ емдеу басталғанға дейін немесе емдеу басталғаннан кейінгі алғашқы 24 сағатта;
- содан кейін - емдеудің бірінші айы ішінде аптасына екі рет (ең жоғары қауіп кезеңі);
- содан кейін ұзақ ем жағдайында ем аяқталғанға дейін аптасына 1 рет.
Хирургиялық араласым немесе жарақат болмаған кезде (3 ай ішінде) келесідей жағдайларда хирургиялық араласымдар мен жарақаттарға (жоғарыдан қараңыз) қатысты нұсқаулықтарды сақтай отырып, барлық пациенттерде емдеу түріне қарамастан – профилактикалық немесе емдік – зертханалық көрсеткіштердің жүйелі мониторингі қажет:
- анамнезінде ГИТ аурушаңдық жиілігі > 0.1% немесе тіпті > 1% құрайтынын ескере отырып, соңғы 6 ай ішінде ТФГ немесе ТМГ емі болған кезде;
- қатар жүретін аурулар болған кезде - мұндай пациенттерде ГИТ пайда болуының әлеуетті қаупіне байланысты.
Басқа жағдайларда, ГИТ ауруының төмен болуына байланысты (<0.1%) тромбоциттер деңгейін бақылауды мынадай түрде жүргізуге болады:
- ТМГ емдеу басталғанға дейін немесе емдеу басталғаннан кейінгі алғашқы 24 сағатта;
- ГИТ спецификалық клиникалық белгілері пайда болғанда (кез келген жаңа артериялық және/немесе веноздық тромбоэмболиялық асқынулар, инъекция орнындағы терінің кез келген ауыр зақымдануы, емдеу кезіндегі аллергия және анафилаксия белгілері). Пациенттерге осындай симптомдардың пайда болу мүмкіндігі және олар пайда болған жағдайда дәрігерге көріну қажеттігі туралы хабарлау керек;
- бастапқы мәнімен салыстырғанда тромбоциттер құрамы < 150 000/мм3 (немесе 150*109/л) деңгейіне дейін және/немесе 30-50% төмендеген кезде ГИТ даму мүмкіндігін қарастыру керек;
- жеңіл дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі ≥ 50 мл/мин) дозаны төмендету талап етілмейді («Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімін қараңыз).
Иммуноаллергиялық сипатқа ие ГИТ белгілері, әдетте, емдеу басталғаннан кейін 5-21 күн аралығында байқалады (әдетте шамамен 10 күн). Алайда, бұл пациенттің анамнезінде гепаринмен емдеуге байланысты тромбоцитопения болған кезде әлдеқайда ертерек пайда болуы мүмкін, ал бірлі-жарым жағдайларда – 21 күннен кейін.
Анамнезде гепарин (ФБГ немесе ТМГ) енгізуден туындаған тромбоцитопения (ІІ типті ГИТ қоспағанда, «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімді қараңыз) болған кезде, қажет болған жағдайда надропаринмен емдеу тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдайда мұқият клиникалық мониторинг және кем дегенде, тромбоциттер деңгейін күнделікті анықтау қажет. Тромбоцитопения дамыған кезде надропарин қабылдауды дереу тоқтату керек.
Гепариндерді (оның ішінде ТМГ) енгізу аясында тромбоцитопения дамыған жағдайда басқа топтардың антикоагулянттарын тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Егер басқа антикоагулянттар болмаса, гепаринмен емдеу қажет болған жағдайда басқа ТМГ тағайындауға жол беріледі. Бұл ретте тромбоциттер деңгейін күн сайын бақылау керек. Емнің жаңа түрін мүмкіндігінше ертерек тоқтату керек, өйткені бұрын препаратты ауыстырғаннан кейін тромбоцитопения белгілерінің сақталу жағдайлары туралы хабарланған («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Емді бастар алдында анамнезінде гепариндерді енгізген кезде тромбоцитопенияның болуын анықтау қажет.
Кез келген жағдайда ГИТ белгілерінің пайда болуы шұғыл жағдай болып табылады және пациентке мамандандырылған көмек көрсетуді талап етеді.
Тромбоциттер санының кез келген елеулі төмендеуі (бастапқы мәннен 30-50% - ға) деңгей шекті мәндерге жеткенге дейін шұғыл назар аударуды талап етеді. Тромбоциттер саны азайған жағдайда, төмендегілерді жүргізу қажет:
1) тромбоцитопения динамикасын дереу бағалау;
2) егер тромбоцитопенияның басқа айқын себептері болмаған кезде тромбоциттер деңгейінің жалғасқан төмендеуі расталса, гепаринді қолдануды тоқтату керек.
Тромбоциттердің in vitro агрегациясын зерттеу және иммунологиялық талдауды орындау үшін қан алуды цитратты пробирканы пайдалана отырып, орындау керек. Алайда, мұндай жағдайларда шұғыл шаралар тромбоциттердің in vitro агрегациясын зерттеу нәтижелеріне немесе иммунологиялық талдауға байланысты емес, өйткені бұл сынақтарды мамандандырылған зертханалар жүргізеді және ең жақсы жағдайда нәтижелерді бірнеше сағаттан кейін алуға болады. Осыған қарамастан, асқынуды дәл диагностикалау үшін талдауларды жүргізу керек, гепаринді емді жалғастырған кезде тромбоз қаупі өте жоғары болады;
3) ГИТ тромбоздық асқынуының профилактикасын немесе емдеуді жүзеге асыру.
Егер антикоагулянттармен емдеуді жалғастыру қажет болса, гепаринді басқа кластағы антикоагулянтпен алмастыру керек: жағдайға байланысты профилактикалық немесе емдік дозаларда тағайындалған натрий данапароидімен немесе лепирудинмен.
К дәруменінің антагонистерімен (КДА) ауыстыруды КДА көрсететін тромбоздық әсердің күшеюіне байланысты тромбоциттер деңгейі қалыпқа келгеннен кейін ғана жүргізуге болады.
• Гепаринді К дәруменінің антагонисімен ауыстыру
КДА әсерін бақылау үшін клиникалық және зертханалық көрсеткіштерді (ХҚҚ түрінде көрсетілген протромбиндік уақыт) мұқият бақылауды қамтамасыз ету керек.
КДА-ның толық әрекеті бірден білінбейтіндіктен, гепаринді осы көрсеткіш кезінде екі жүйелі талдауда рұқсат етілген ХҚҚ деңгейін ұстап тұру үшін қажет болғанша баламалы дозада енгізуді жалғастыру керек.
• Анти-Ха факторлық белсенділікті бақылау
ТМГ тиімділігін көрсеткен клиникалық зерттеулердің көпшілігі пациенттің дене салмағын ескере отырып және арнайы зертханалық мониторингсіз белгіленген дозаларда жүргізілгендіктен, зерттеудің осы түрінің ТМГ тиімділігін бағалау үшін қолданылуы анықталған жоқ. Алайда, анти-Ха факторлық белсенділікті анықтау арқылы зертханалық бақылау көбінесе артық дозалану қаупімен байланысты кейбір клиникалық жағдайларда қан кету қаупі кезінде пайдалы болуы мүмкін. Бұл жағдайлар, негізінен, қолданылған дозаларға байланысты және келесі жағдайларда ТМГ емдік қолдану үшін көрсетілімдерге қатысты:
- жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі кезінде (Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептелген креатинин клиренсі, 30-60 мл/мин деңгейінде): фракцияланбаған гепариннен айырмашылығы, ТМГ негізінен бүйрекпен шығарылады және бүйрек функциясының төмендеуі салыстырмалы артық дозалануға әкелуі мүмкін. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігіне келетін болсақ, ол емдік мақсатта ТМГ қолдануға қарсы көрсетілім болып табылады («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз);
- дене салмағының шектен тыс мәндерінде (дене салмағының төмендеуі, кахексия, семіздік);
- түсініксіз қан кету кезінде.
Бұл ретте, егер емдеу ұсынымдарға (әсіресе ұзақтығына қатысты) сәйкес келсе және гемодиализ кезінде ТМГ профилактикалық дозаларын қолдану кезінде зертханалық мониторинг ұсынылмайды.
Бірнеше енгізуден кейін мүмкін болатын жинақталуды анықтау үшін дәрілік препараттың ең жоғары белсенділігі кезінде (қолда бар деректерге сәйкес) қан үлгілерін алу ұсынылады, атап айтқанда:
- егер препарат тәулігіне 2 рет т/а енгізілсе, үшінші енгізуден кейін шамамен 4 сағаттан кейін;
- егер препарат тәулігіне 1 рет т/а енгізілсе, екінші енгізуден кейін шамамен 4 сағаттан кейін.
Қанда гепарин концентрациясын өлшеу үшін анти-Ха факторлық белсенділікті қайта анықтауды, мысалы, әрбір 2 немесе 3 күн сайын) алдыңғы талдау нәтижелеріне және ТМГ дозасының болжамды өзгеруіне байланысты әрбір жеке жағдайда қарау керек.
Әрбір ТМГ үшін және әрбір емдік режим үшін тудырылған анти-Ха факторлық белсенділік әртүрлі.
Қолда бар деректерге сәйкес надропарин дозада енгізілгеннен кейін 4 сағаттан кейін байқалатын орташа анти-Ха факторлық белсенділік (± стандартты ауытқу):
- тәулігіне 2 рет бір инъекцияға 83 ХБ/кг, 1.01 ± 0.18 ХБ құрады;
- тәулігіне 1 рет бір инъекцияға 166 ХБ/кг, 1.34 ± 0.15 ХБ құрады.
Бұл орташа мәндер хромогендік (амидолитикалық) әдісті қолдана отырып жүргізілген анти-Ха факторлық белсенділікті анықтау бойынша клиникалық сынақтар барысында байқалды.
• Ішінара белсендірілген тромблопластин уақыты (ІБТУ)
Кейбір ТМГ ІБТУ-ды біршама ұзартады. Белгіленген клиникалық маңыздылығы болмаған кезде осы деректер негізінде емдеудің кез келген мониторингі орынды болып табылмайды.
ТМГ профилактикалық қолдану жағдайында спинальді/эпидуральді анестезия жүргізу
ТМГ, сондай-ақ басқа антикоагулянттарды қолданғанда, спинальді немесе эпидуральді анестезияны жүргізу кезінде ұзақ немесе тұрақты салдануға әкелетін интраспинальді гематоманың сирек жағдайлары байқалды.
Эпидуральді катетерді ұзақ уақыт қолданғанда, сондай-ақ гемостазға әсер ететін препараттарды бірге қолданғанда, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), антиагреганттар және басқа антикоагулянттар кезінде интраспинальді гематоманың пайда болу қаупі жоғары. Сонымен қатар, люмбальді пункцияны қайталап немесе сәтсіз жүргізген кезде қауіп артады.
Сондықтан спинальді/эпидуральді анестезия мен антикоагулянттарды біріктіріп қолдану туралы мәселе мынадай жағдайларда пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін жеке шешілуі тиіс:
- антикоагулянттар алатын пациенттерде жұлын немесе эпидуральді анестезияның қажеттілігі негізделуі тиіс;
- спинальді немесе эпидуральді анестезияны қолданумен элективті хирургиялық араласым жоспарланған пациенттерде антикоагулянттарды енгізу қажеттілігі негізделуі тиіс.
Егер ТМГ операция алдындағы емдеу қажет болса (ұзақ иммобилизация немесе жарақат жағдайында) және спинальді немесе эпидуральді анестезияның не люмбальді пункцияның артықшылықтары қатермен байланысты болса, нақты препарат пен нақты пациенттің ерекшеліктерін ескере отырып, надропариннің соңғы инъекциясы мен анестезияны қолдану немесе катетерді енгізу немесе шығару арасындағы аралықты кемінде 12 сағат (профилактикалық дозалар үшін) немесе 24 сағат (емдік дозалар үшін) сақтау керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін бұл аралықты арттыру қажет.
Барлық дерлік жағдайларда ТМГ-ны профилактикалық дозаларда қолдану спинальді/эпидуральді анестезияны қолданғаннан немесе неврологиялық статусты бақылауды жүзеге асырған жағдайда катетерді алып тастағаннан кейін 6-8 сағат өткен соң басталуы мүмкін.
Надропаринді қайта енгізуді хирургиялық араласым аяқталғанға дейін кейінге қалдыру керек.
Бұдан әрі неврологиялық бұзылулардың белгілері мен симптомдарын, мысалы, арқаның ауыруын, сезімталдықтың бұзылуын немесе қозғалыс бұзылыстарын (аяқтың ұюы мен әлсіздігі), ішектің және/немесе қуықтың жұмысындағы бұзылуларды уақтылы анықтау мақсатында пациенттің жай-күйін мұқият бақылауды жүзеге асыру қажет. Неврологиялық бұзылулар анықталған кезде пациентке шұғыл көмек көрсету қажет.
Медициналық персонал аталған белгілер мен симптомдарды анықтауға оқып-үйренуден өтуі тиіс. Пациенттерді неврологиялық бұзылулардың көрсетілген белгілері немесе симптомдары туындағаны туралы емдеуші дәрігерге дереу хабарлау қажеттігі туралы хабардар ету керек.
Интраспинальді гематомаға күдік туған жағдайда дереу диагностика жүргізіп, емді бастау керек, соның ішінде жұлынға қысымды төмендету бойынша шаралар қабылдау керек.
Катетерді орнату кезінде анықталған айқын немесе елеулі қан кету пайда болған кезде гепаринмен емді бастаудың немесе қайта бастаудың алдында пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет.
Гемостазға әсер ететін басқа препараттармен (атап айтқанда, ҚҚСП немесе аспирин) біріктірілген жағдайда ерекше күтім қажет.
Қауіп ететін жағдайлар
Қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты келесі жағдайларда надропаринді қолдану кезінде пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет:
- бауыр жеткіліксіздігі кезінде;
- ауыр артериялық гипертензияда;
- анамнезінде асқазан-ішек жолының ойық жаралары немесе қан кету ықтималдығын тудыратын өзге де органикалық зақымданулар болған кезде;
- көздің торқабығы мен тамырлық қабығында қанайналым бұзылуы кезінде;
- ми мен жұлынға немесе көзге операция жасағаннан кейінгі операциядан кейінгі кезеңде;
- гиперкалиемия кезінде;
- люмбальді пункциясын орындау мүмкіндігін интраспинальді қан кету қаупін ескере отырып талқылау керек, бұл емшараны жүргізуді, егер мүмкін болса, кейінге қалдыру керек.
Гепариндер альдостерон секрециясын бәсеңдетіп, гиперкалиемияға әкелуі мүмкін, әсіресе қандағы калий деңгейі жоғары пациенттерде және гиперкалиемияның қауіп факторлары бар пациенттерде (қант диабеті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, метаболизмдік ацидоз немесе АӨФ тежегіштері (ангиотензин-өзгертетін фермент) және ҚҚСП сияқты гиперкалиемияны тудыруы мүмкін препараттарды қабылдайтын пациенттер). Гиперкалиемия қаупі ұзақ емдеумен жоғарылайды, бірақ әдетте қайтымды. Ұзақ емделу жағдайында, қауіп тобындағы пациенттерде қандағы калий деңгейін бақылау керек.
Салицилаттарды, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды және антиагреганттарды қолдану
Веноздық тромбоэмболияның профилактикасы немесе емдеу кезінде, сондай-ақ гемодиализ кезінде қан ұюының профилактикасы кезінде аспиринді, басқа салицилаттарды, ҚҚСП немесе антиагреганттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Бұл біріктірілімді болдырмау мүмкін болмаған кезде пациенттің жай-күйіне мұқият клиникалық және зертханалық мониторинг жүргізу қажет.
Q тісшесінің өзгерісінсіз тұрақты емес стенокардияны және миокард инфарктісін емдеу кезінде надропарин аспиринмен бірге тәулігіне 325 мг аспайтын дозада тағайындалды («Қолдану жөніндегі ұсынымдар» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулер» бөлімдерін қараңыз).
Тері некрозы
Надропаринді қолданған кезде тері некрозының өте сирек жағдайлары байқалды, ал бұл реакциялардың алдында қатарлас жалпы симптомдарымен немесе онсыз инфильтрацияланған немесе ауырсынатын эритематозды түйіндақтар немесе пурпура жүрді. Мұндай жағдайларда кальций надропаринімен емдеуді дереу тоқтату керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Деректердің болмауына байланысты балаларда ТМГ қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Надропариннің көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.