Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный дозированный
Дозасы
0.05 %
Саудалық атауы
Назостер
Әсер етуші зат
Мометазон
Мақсаты
Ересектерде және 3 жастан асқан балаларда маусымдық немесе жыл бойы болатын аллергиялық ринитті емдеу
Өндіруші
Санта Фарма Илач Сан. А.Ш.
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 грамм спрейдің құрамында
белсенді зат - мометазон фуроат моногидраты 0.5175 мг
(0.5000 мг мометазон фуроатына баламалы),
қосымша заттар: дисперстік целлюлоза 65 cps, глицерин, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты дигидраты, полисорбат 80, фенилэтилді спирт, бензалконий хлориді (100%), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті, сілкігенде біртекті сулы суспензия.
- ересектерде және 3 жастан асқан балаларда маусымдық немесе жыл бойы болатын аллергиялық ринитті емдеу
- 18 жастан асқан пациенттерде мұрын полиптерін емдеу
Әсер ету механизмі
Мометазон фуроаты жүйелі әсерлері туындамайтын дозаларында қабынуға қарсы әсері бар жергілікті глюкокортикостероид болып табылады.
Мометазон фуроатының аллергияға қарсы және қабынуға қарсы әсері оның аллергиялық реакциялар медиаторларының босап шығуын бәсеңдету қабілетімен байланысты. Мометазон фуроаты аллергиялық аурулары бар пациенттердің лейкоциттерінен лейкотриендердің босап шығуын айтарлықтай тежейді.
Жасушалар өсіріндісінде мометазон фуроаты IL-1, IL-5, IL-6 және TNFα синтезі мен босап шығуының тежелуінде жоғары тиімділік көрсетті; мометазон фуроаты, сондай-ақ, лейкотриендер өнімінің белсенді тежегіші болып табылады. Бұдан басқа, Th2-цитокиндер, адамның CD4+ T-жасушалардың IL-4 және IL-5 өнімінің белсенді тежегіші болып табылады.
Маусымдық аллергиялық риниті бар пациенттерде Назостердің клиникалық әсері алғашқы дозаны қолданғаннан кейін 12 сағаттан соң туындайды.
Дозалау режимі
Маусымдық немесе жыл бойы болатын аллергиялық ринит
Ересектерге (егде жастағы пациенттерді қоса) және 12 жастан асқан балаларға препараттың ұсынылатын дозасы әр танауға тәулігіне 1 рет 2 мәрте бүркуді (әрқайсысы 50 мкг-ден) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 200 мкг). Емдік әсерге жеткеннен кейін демеуші ем үшін дозаны әр танауға тәулігіне 1 рет 1 мәрте бүркуге дейін азайтқан дұрыс (жалпы тәуліктік доза - 100 мкг). Егер препаратты ұсынылған дозада қолданумен ауру симптомдарының айқындығы азаймаса, тәуліктік дозаны ең жоғарғысына дейін арттыруға болады: әр танауға тәулігіне 1 рет 4 мәрте бүрку (жалпы тәуліктік доза - 400 мкг). Ауру симптомдарының айқындылығы азайғаннан кейін дозаны азайту ұсынылады.
3-тен 11 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын дозасы әр танауға тәулігіне 1 рет 1 мәрте бүркуді (50 мкг) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 100 мкг).
Маусымдық аллергиялық риниті бар кейбір пациенттерде клиникалық әсері емдеуді бастағаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта-ақ байқалуы ықтимал, бірақ толық әсеріне тек 48 сағаттан соң ғана қол жеткізілуі мүмкін. Сондықтан толық клиникалық әсерге қол жеткізу үшін препаратты үнемі пайдаланып отыру маңызды.
Анамнезде орташа және ауыр дәрежедегі маусымдық аллергиялық ринит симптомдары бар пациенттерге Назостер препаратымен емдеуді гүлдеу маусымы басталады деген уақыттан бірнеше күн бұрын бастау қажет.
Мұрын полипозы
Ересектерге (егде жастағы пациенттерді қоса) және 18 жастан асқан балаларға препараттың ұсынылатын дозасы әр танауға тәулігіне 1 рет 2 мәрте бүркуді (50 мкг-ден) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 200 мкг). Егер препаратты ұсынылған дозада 5-6 апта бойы қолданумен ауру симптомдарының айқындығын азайтуға қол жеткізе алмаса, тәуліктік дозаны әр танауға тәулігіне 2 рет 2 мәрте бүркуге дейін арттыруға болады (жалпы тәуліктік доза - 400 мкг). Дозаны ауру симптомдары тиімді бақыланатын ең төменгі дозаға дейін түзету керек. Егер тәулігіне 2 рет қабылдағанда 5-6 аптадан кейін симптомдардың айқындығының азаюы байқалмаса, емдеудің баламалы әдістерін қарастыру қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты алғаш рет қолданар алдында құтыны жақсылап сілку және дозалағыш қондырманы шамамен 10 рет басу қажет (біртекті спрей алынғанға дейін), бұл кезде препараттың берілуі анықталады, әр басқан сайын құрамында 50 мкг мометазон (бір доза) бар шамамен 100 мг суспензия ағып шығады. Егер дозалағыш қондырма 14 күн немесе одан да көп уақыт бойы пайдаланылмаса, дозалағыш қондырманы біртекті спрей алынғанға дейін екі рет басып, қайтадан дайындау қажет. Әрбір пайдалану алдында құтыны жақсылап сілку керек. Заттаңбада көрсетілген дозалар саны пайдаланылғаннан кейін, немесе алғашқы пайдаланудан 2 ай өткен соң құтыны тастау керек.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препаратты қолдану дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
- белсенді затқа, қосымша компоненттерге аса жоғары сезімталдық
- мұрынның шырышты қабығымен байланысты емделмеген жергілікті инфекциялардың болуы
- жақында өткерген хирургиялық операциялар немесе мұрын қуысының жарақаттары (кортикостероидтар жараның жазылуын баяулатады)
- мұрын полипозын емдеген кезде 18 жасқа дейінгі балалар.
өте жиі
- мұрыннан қан кету (мұрын полипозында препаратты тәулігіне 2 рет қолданған кезде)
жиі
- фарингит
- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы
- бас ауыруы
- мұрыннан қан кету
- мұрынның күйдіріп ашуы
- мұрынның шырышты қабығының тітіркенуі және ойық жаралануы
- жұтқыншақ тітіркенуі (мұрын полипозында препаратты тәулігіне 2 рет қолданған кезде)
белгісіз
- анафилаксиялық реакцияларды, ангионевроздық ісінуді, бронх түйілуін және ентігуді қоса, аса жоғары сезімталдық
- глаукома, көзішілік қысымның жоғарылауы, катаракта, көрудің бұлыңғырлауы
- мұрын қалқасының тесілуі
- дәм сезу мен иіс сезудің бұзылуы
Балалар
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар: мұрыннан қан кету (6 %), мұрынның шырышты қабығының тітіркенуі (2 %), түшкіру (2 %).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: Кортикостероидтарды жоғары дозаларда ингаляциялау немесе ішке қабылдау гипоталамус-гипофиздік-бүйрекүсті безінің жүйесін басуға әкелуі мүмкін. Мометазон фуроатының шағын (≤0.1%) жүйелі биожетімділігі салдарынан Назостердің артық дозалану ықтималдығы аз (анықтау әдісінің сезімталдығы 0.25 пг/мл болғанда), пациентті бақылап, әрі қарай препаратты ұсынылған дозада қолданудан басқа қандай да бір шараларды қажет етпейді.
Емі: симптоматикалық ем.
Назостер препаратын респираторлық жолдың белсенді немесе жасырын туберкулез инфекциясы, емделмеген зеңдік, бактериялық инфекциясы немесе жүйелі вирустық инфекциясы бар пациенттерге немесе көз зақымдануы бар қарапайым герпес инфекциясында сақтықпен қолдану керек немесе мүлде қолданбаған дұрыс.
Кортикостероидтарды қолданып жүрген пациенттердің иммундық реактивтілігі әлеуетті төмен болуы мүмкін және кейбір инфекциялық ауруларға шалдыққан (мысалы, желшешек, қызылша) науқастармен қарым-қатынас жасаған жағдайда, ауру жұқтыру қаупі жоғары екендігін, сондай-ақ, егер мұндай қарым-қатынас болған болса, дәрігермен кеңесуі қажет екенін ескерту керек.
Мометазон фуроатпен 12 ай емдеуден кейін мұрынның шырышты қабығының атрофия белгілері дамымаған; бұдан бөлек мометазон фуроаты мұрынның шырышты қабығының гистологиялық көрінісінің қалыпқа келуіне ықпал етті. Кез келген ұзақ емдеудегі сияқты, Назостерді бірнеше ай бойы және одан да ұзақ қолданатын пациенттер мұрын шырышты қабығының ықтимал өзгерістерін анықтау тұрғысынан мезгіл-мезгіл тексеруден өтіп тұруы тиіс. Мұрынның немесе жұтқыншақтың жергілікті зеңдік инфекциялары дамыған жағдайда, Назостермен емдеуді тоқтату немесе арнайы ем жүргізу қажет. Мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығының ұзақ уақыт сақталатын тітіркенуі де Назостермен емдеуді тоқтатуға себеп бола алады.
Препарат мұрын қалқасы тесілуі жағдайында ұсынылмайды.
Мометазон фуроатының клиникалық зерттеулерінде плацебомен салыстырғанда мұрыннан қан кету жиілігі жоғары болды. Мұрыннан қан кету, әдетте, жеңіл болды және өздігінен жойылды.
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, ол мұрын шырышты қабығының тітіркенуін туындатуы мүмкін.
Мұрын кортикостероидтарының жүйелі әсерлері, атап айтқанда ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған жоғары дозаларды қолданған кезде туындауы мүмкін. Бұл көріністер пероральді кортикостероидтарды қолдануға қарағанда едәуір сирек туындайды, олар әртүрлі пациенттерде және әртүрлі кортикостероидтарды қабылдағанда әртүрлі болуы мүмкін. Кортикостероидтардың жүйелі әсері Кушинг синдромы, кушингноидтік симптомдар, бүйрекүсті безі функциясын басу, балалар мен жасөспірімдердегі бой өсудің тежелуі, катаракта, глаукома және сирек психомоторлық аса жоғары реактивтілікті, ұйқының бұзылуын, мазасыздықты, депрессияны немесе озбырлықты қоса (әсіресе балаларда) психологиялық немесе мінез-құлық өзгерістері түрінде білінеді.
Мұрынішілік кортикостероидтарды пайдаланғаннан кейін көзішілік қысым жоғарылауы туралы жекелеген хабарлар бар.
Жүйелі және жергілікті әсері бар кортикостероидтарды қолданғанда (мұрын ішіне, ингаляциялық және көз ішіне енгізуді қоса) көрудің бұзылуы туындауы мүмкін. Егер айқын көрмеу немесе көру тарапынан басқа бұзылулар сияқты симптомдар туындаса, катаракта, глаукома немесе ол туралы жүйелі және жергілікті әсер ететін кортикостероидтар қолданғаннан кейін хабарланған орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек ауруларды қамтитын көру бұзылуының ықтимал себептерін анықтау үшін, пациенттер офтальмолог тексеруінен өтуі тиіс.
Жүйелі әсері бар кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеуден соң Назостермен емдеуге өтетін пациенттерді дәрігер мұқият бақылауы қажет.
Жүйелі әсері бар кортикостероидтар қабылдауды тоқтату мұндай пациенттерде бірнеше айдың ішінде бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігіне алып келуі мүмкін, бұл жүйелі кортикостероидтармен емдеуді жаңғыртуды және басқа тиісті ем қолдануды талап етуі мүмкін. Жүйелі әсері бар кортикостероидтармен емдеуден Назостер препаратымен емделуге өту кезінде кейбір пациенттерде мұрын симптомдары жеңілдеумен бірге кортикостероидтарды тоқтату симптомдары (мысалы, буындардағы және/немесе бұлшықеттердегі ауырулар, шаршау сезімі және депрессия) туындауы мүмкін. Емдеуді өзгерту сондай-ақ бұрын дамыған және жүйелі әсері бар кортикостероидтармен емдеумен бүркемеленген аллергиялық ауруларды (аллергиялық конъюнктивит, экзема т.б. сияқты) да анықтауы мүмкін.
Ұсынылғаннан жоғары дозалармен емдеу бүйрекүсті безі функциясының клиникалық айқын басылуына әкелуі мүмкін. Одан жоғары дозаларды қолдану үшін көрсетілімдер болғанда, әсіресе стресс кезеңдерінде немесе жоспарлы хирургиялық араласу кезінде басқа жүйелі кортикостероидтармен біріктіру мүмкіндігін қарастыру керек.
Біржақты полиптерді, кисталық фиброзбен байланысты полиптерді немесе мұрын қуысын толық жабатын полиптерді емдегенде мометазон фуроатының қауіпсіздігі мен тиімділігі жеткілікті түрде зерттелмеген.
Әсіресе ойық жаралану немесе қан кету болғанда әдеттен тыс немесе сыртқы түрі өзгерген біржақты полиптер бар болса, қосымша диагностика әдістерін жүргізу керек.
Препаратты кішкентай балаларда қолдану тек ересектердің бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс.
Мұрынға арналған кортикостероидтармен ұзақ уақыт ем қабылдаған балалардың өсуін ұдайы өлшеп отыру ұсынылады. Өсуі баяулағаны байқалған жағдайда мұрынға арналған кортикостероидтардың дозасын симптомдары тиімді бақыланатын ең төменгі дозаға дейін төмендету мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұдан бөлек, пациентті педиатрдан кеңес алуға жіберу керек.
Назостер препаратымен емдеу көптеген пациенттерде мұрын симптомдарын бақылауды қамтамасыз етеді, алайда, аурудың офтальмологиялық симптомдарын жеңілдету үшін қосымша емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.
Қосымша зат
1 г Назостер препаратының құрамында 0.2 мг-ге баламалы бензалконий хлориді бар. Бұл мөлшер бронх түйілуін тудырмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Жүкті әйелдерде препаратты қолдану жөніндегі зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, мұрын ішіне қолдануға арналған басқа да кортикостероидтар сияқты Назостер, егер оны қолданудан күтілетін пайдасы анасы, шарана немесе бала үшін ықтимал қауіптен асатын болса ғана жүкті әйелдерде қолданылады. Жүктілік кезінде анасы кортикостероидтар қабылдаған сәбилердің бүйрекүсті безінің ықтимал гипофункциясына тексеру керек.
Мометазон фуроаты емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз. Пайда мен қауіп арақатынасын ескеріп, бала емізуді тоқтату немесе емдеуді тоқтату қажет.
Мометазон фуроатын лоратадинмен бір мезгілде қолданғанда лоратадиннің немесе оның негізгі метаболитінің қан плазмасындағы концентрациясына ықпалы байқалған жоқ, ал анықтау әдісінің сезімталдығы 50 пг/мл болғанда мометазон фуроаты қан плазмасында анықталған жоқ. Біріктірілген емді пациенттер жақсы көтерді.
Құрамында кобицистат бар препараттарды қоса, CYP3A4 күшті тежегіштерімен мометазон фуроатын бір мезгілде қолдану кортикостероидтар экспозициясының ұлғаюына, демек, кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлері қаупінің әлеуетті артуына әкелуі мүмкін. Препараттарды бір мезгілде қолданудың артықшылығы мен кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлері дамуының әлеуетті қаупі туралы мәселені қарастыру керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.