Наком® препаратын қолданғанда туындайтын жағымсыз реакциялар дофаминнің орталықтық нейрофармакологиялық әсеріне байланысты. Әдетте бұл реакциялар дозаны төмендету жолымен азайтылуы мүмкін. Кеңірек таралған жағымсыз әсерлер арасында дискинезия, хорея тәріздіні қоса, дистониялық және басқа да еріксіз қозғалыс, сондай-ақ жүрек айнуы анықталады. Негізге алынып доза төмендету туралы шешім қабылданатын ерте белгілері бұлшықет тартылуы және блефароспазм болып табылады.
Жағымсыз реакциялар төмендегідей жағдайлар жиілігіне сәйкес жіктелген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 – < 1/10 дейін) , жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігі анықталмайтын).
Өте жиі
- дистония, хореяны қоса, дискинезия
- несеп жолдарының инфекциялары
Жиі
- брадикиния көріністері («on-off» - синдромы), бас айналу/вертиго, парестезия, өте сирек болатын күндізгі сомноленцияны және кенет ұйықтап кету ұстамаларын қоса, ұйқышылдық
- ұйқының бұзылуы, елестеулер, суицидті тенденциямен немесе онсыз депрессия, сананың шатасуы
- жүрек қағуы, артериялық гипотензия көріністерін қоса, ортостаздық әсерлері
- диспноэ
- диарея, құсу
- анорексия
- кеуденің ауыруы
Жиі емес
- естен тану
- қозу
- есекжем
- бұлшықет құрысулары
Сирек
- деменция, құрысулар
- психоздық жай-күй көріністері (сандырақтауды және параноидтық ойлануларды қоса)
- патологиялық құмарлық, либидо жоғарылауы, аса жоғары сексуалдылық, әсіресе препаратты жоғары дозаларда қолданғанда (бұл көріністер дозаны төмендеткенде немесе препаратпен емді тоқтатқанда жойылып отырған)
- жүрек функциясының бұзылуы, артериялық гипертензия, флебиттер
- асқазан-ішектен қан кету, он екі елі ішек ойық жарасының дамуы, сілекейдің күңгірттенуі
- терінің қышынуы, Шенлейн-Генох ауруы, алопеция, бөртпе, тері бездері секретінің күңгірттенуі
- несептің күңгірттенуі
- агранулоцитоз, лейкопения, анемия (гемолиздік және гемолиздік емес), тромбоцитопения
- ангионевроздық ісіну
Жиілігі белгісіз
- атаксия, қол треморының күшеюі, экстрапирамидалық және қозғалыс бұзылуы, бас ауыруы, ойлау белсенділігінің төмендеуі, бүркемелі Бернар-Горнер синдромының күшейтілуі, ұю, естен тану, құлау, жүріс бұзылуы, окулогирлік криздер (көз алмасының сыртқы бұлшықеттерінің тонустық құрысулары), тітіркену сезімі, тризм
- үрейлену сезімі, бағдар жоғалту, эйфория, ұйқысыздық, бруксизм, дофаминді дисрегуляция синдромы
- бет терісіне қан "тебу", гиперемия
- қарлығу, тыныс алудың бұзылуы
- ауыздың құрғауы, сілекей ағу, дисфагия, іштің ауыруы және жайсыздық сезімі, іш қатуы, метеоризм, диспепсия, тіл күюін сезіну, ауызда ащы дәм сезіну, кекіру, жүрек айнуы
- қатты терлеу
- бұлшықет тартылуы
- несепті ұстай алмауы, несеп шығару іркілісі
- дене салмағының азаюы немесе артуы, ісінулер
- приапизм
- қатерлі меланома
- астения, ісіну, қажу, дімкәстану, қатерлі нейролептикалық синдром, әлсіздік
- сілтілік фосфатаза АСТ, АЛТ, лактатдегидрогеназа белсенділігінің жоғарылауы, плазмадағы билирубин, мочевина, несеп қышқылының тұздары, мочевина азотының мөлшерінің жоғарылауы, сарысулық креатинин құрамының артуы, Кумбс оң сынамасы, гемоглобин және гематокриттің төмендеуі, гипергликемия, лейкоцитоз, бактериурия, эритроцитурия.
Құрамында карбидопа мен леводопа бар препараттар, егер кетонурияны анықтау үшін тест-жолақтар пайдаланылса, несепте кетонды денелерге жалған оң реакция туғызуы мүмкін. Бұл реакциялар несеп сынамаларын қайнатқаннан кейін өзгермейді. Глюкозурияны анықтаудың глюкозооксидазалық әдісті пайдаланған кезде жалған теріс нәтижелер алынуы мүмкін.
Дофаминді дисрегуляция синдромы (ДДС) Наком® препаратын қабылдаған кейбір пациенттерде байқалатын тәуелділік дерті болып табылады. Осыған ұқсас синдромы бар пациенттерде кейбір жағдайларда ауыр дискинезияға әкелуі мүмкін моторлық бұзылуларды бақылау үшін допаминергиялық препаратпен адекватты дозалардан жоғары пайдаланып зиян келтірудің компульсивтік көрінісі бақыланады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz